Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру!!! «ШҚо бородулиха ауданының ветеринария бөлімі»



жүктеу 21.39 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі21.39 Kb.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру!!!
«ШҚО Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жолдарын түсіндіреді, бірінші кезекте ауылдық округтің ветеринариялық дәрігеріне жүгініп, жазбаша түрде өтініш жазу керек. Сіздің өтінішіңізден кейін ветеринариялық дәрігер жеке нөмір қойып, құлаққа ілетін аспалы сырға тағады. Одан кейін аталған жануардың жеке нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша компьютерлік базаға енгізіледі, содан кейін ауылдық округтің ветеринариялық дәрігерімен ауыл шаруашылығы жануарына жеке нөмір берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, иесіне ветеринариялық паспорт беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдйлендірудің аталған қағидасы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітіліп, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 38) тармақшасына, сонымен қатар «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 1-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленген. Аталған қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілдер арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:



      бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; құлындар – төрт айлық жасынан бастап; асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіліп-бағылатын торайлар – үш айлық жасынан бастап;

Егер де жануар бірдейлендірілмесе, иесі жоғарыда көрсетілген мерзімде жануардың төлі туралы айтпаса, бұл ветеринариялық заңнаманы бұзу болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарламау: 1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені; 2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданбау – жеке тұлғаларға – бес (5 АЕК) көлемінде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес (25 АЕК) көлемінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу (50 АЕК), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз (100 АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 10 – бап 1) тармақша. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – отыз (30 АЕК) көлемінде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу (50 АЕК) көлемінде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз (100 АЕК), ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз (200 АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет