Туған кезде баcқа адамдар асырап алып, әртүрлі патронаттық отбасыларда өскен сингапурлық достар кенеттен өздерінің туыс екенін білді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Asiaone басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: asiaone.com

Тханга Кох пен Фатима Мохидин бір-біріне жақын ауылда тұрып, балалық шағында жақын дос болған. Үнді-индус жұбайлардың қолында тәрбиеленген Кох 12 жасында өзінің қытайлық екенін біледі. Малай-мұсылман отбасында өскен Мохидин: "Мен Тханганың асырап алған отбасынан айырмашылығы бар екенін байқайтынмын. Себебі оның терісі ашық түсті болатын. Бірақ одан бұл туралы сұрап көрмеппін", — деді.

Кох өзінің биологиялық отбасы туралы ересек адам ретінде білуге ​​шешім қабылдаған. Ол асырап алған әке-шешесімен сөйлесіп, кейін оның көп бауырлары бар екенін білді. Олардың арасында Мохидин де болды. Кох көріпкелдің болжамымен туған анасы оны тастап кеткенін білген. Көріпкел жаңа туған нәресте отбасына бақытсыздық әкелетінін, сондықтан оны асырап алушыларға беру керектігін айтқан. 

"Фатиманың бас бармағы оның басқа саусақтарынан кішірек болды. Бұл олар үшін жаман белгі болғандықтан, қызды асырауға берген", — деді Кох.

Қытай балаларын Сингапурда малай немесе үнді отбасыларының асырап алу тәжірибесі 1930 жылдардан басталды. Себебі ата-ананың қаржылық жағдайының төмендігі, анасының денсаулығының болмауы немесе жаңа туған нәресте бақытсыздық әкеледі деген ескі ырым болды. Бұл мәселе 1972 жылы Сингапурдың бала асырап алу туралы заңына сәйкес шешілді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.