Ауызша тапсырма 10-сынып (Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады) Батыс типті мемлекет белгісі



жүктеу 49.67 Kb.
Дата30.09.2017
өлшемі49.67 Kb.



АУЫЗША ТАПСЫРМА

10-сынып

(Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)
1. Батыс типті мемлекет белгісі:

1) шенеуніктік аппарат жоқ

2) тоқыраулық сипаты бар

3) абсолюттік монархтың болмауы

4) билік көзі – жерге меншіктің болуы

5) жерге қоғамдық меншіктің болуы.


2. Әлеуметтік ұйым, егеменді биліктің жалғыз сақтаушысы:

1) мемлекет

2) халықаралық ұйым

3) қоғамдық ұйым

4) бүтіндей қоғам

5) еңбек ұжымы.


3. Мемлекеттің негізгі принциптері қандай:

1) жалпыға міндетті ережелердің және билік пен басқарудың, салық жинаудың арнайы аппаратының көмегімен белгілі бір аумаққа таралатын мемлекеттік суверенитет (егемендік)

2) билік

3) ұлттық валюта

4) полиция, армия

5) салт, халық.


4. Мемлекеттік егемендік (суверенитет) - бұл:

1) түрлі партиялар

2) ашық-саяси ұйымдардың болуы

3) қоғамдық бірлестіктердің болуы

4) мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешудегі дербестігі мен тәуелсіздігі

5) оппозициялар.


5. Мемлекеттік орган басқару формасы бойынша алқалы:

1) министрлік

2) департамент

3) агенттік

4) парламент

5) басқару.


6. Құқық принциптерінің қайсысы салалық?

1) әділдік

2) келісушілік тәртіпті қамтамасыз ету

3) сендіру мен мәжбүрлеудің; үйлесімі

4) теңдік, адамгершілік

5) заңдылық.


7. Басқа әлеуметтік нормалардан бірін-бірі ерекшелендіретін құқықтық нормалардың ерекшеліктері:

1) дінмен ұқсастық

2) жалпыміндеттілік, нормативтілік

3) қоғамдық пікірмен қамтамасыз етушілік

4) регулятивтілі;

5) моральмен ұқсастық.


8. Әлеуметтік нормалар:

1) адамдар арасындағы қатынастарды реттейді

2) адамдардың табиғатқа деген қатынастарын сипаттайды

3) бұл техникалық нормалар

4) ақыл-ойға негізделген мінез-құлықты реттейді

5) техникалық нұсқаулықтар.


9. Әлеуметтік нормаларды кім белгілейді:

1) парламент

2) құдай

3) қоғам


4) сот

5) президент.


10. Зорлық-зомбылық теориясы бойынша мемлекеттің пайда болуының басты себептері қандай?

1) бір тайпалардың екінші тайпаларды жаулап алуы және бір тайпаның екінші тайпаға үстемдік орнатуы

2) таптардың пайда болуы және олардың арасындағы бітпес күрес

3) ақшаның қалалар мен қолөнердің пайда болуы

4) климаттың өзгеруі және өндіріс құралдарының дамуы

5) мемлекетті құру үшін адамдар арасында ерікті келісімдердің жасалуы.


11. Мемлекеттің пайда болуының патриархальды теориясының басты идеясы қандай?

1) мемлекет отбасының көбею жолымен отбасынан пайда болады

2) мемлекет бір тайпалардың екінші тайпаларды зорлықпен жаулап алу жолымен пайда болады

3) мемлекет теңсіздік, жеке меншік, таптар мен олар арасында күрес пайда болған кезде пайда болады

4) мемлекет әрқашан болған, адамдармен бірге пайда болған; ерекшелік себептері бойынша пайда болған

5) мемлекет бағыну, күштіге тәуелді болу сияқты адам психологиясындағы ерекшеліктердің себептерінен пайда болады.


12. Мемлекеттің шығыс (азиялық) типінің негізгі белгісін атап көрсетіңіз:

1) бұл мемлекеттер жерге мемлекеттік және қоғамдық меншікке негізделген

2) бұл мемлекеттер жерге жеке меншікке негізделген

3) бұл мемлекеттерде билік көзі меншік болып табылады

4) қуатты шенеуніктік аппарат жоқ

5) бұл мемлекеттер қалалар-республикалар ретінде пайда болған және бар.


13. Мемлекеттің пайда болу процесін біршама объективті көрсететін теория:

1) теологиялық

2) органикалық

3) тарихи-материалдық

4) келісімдік

5) патриархальдық.


14. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептері:

1) еңбектің қоғамдық бөлінуі

2) еңбек өнімділігінің артуы

3) рулардың ыдырауы және жанұялар мен тайпалардың пайда болуы

4) жеке меншіктің пайда болуы

5) қалалардың пайда болуы.


15. Құқықтың пайда болуының алғашқы қайнар көздері:

1) мораль

2) салт

3) дін


4) тыйымдар, салт, мораль, дін

5) тыйым.


16. Құқықтың салттан айырмашылығы:

1) құқықты не тікелей мемлекет қалыптастырады немесе басқа әлеуметтік ұйымдардың (қоғамдық, корпоративтік) қатысуымен және оның бақылауымен қалыптасады

2) құқық қоғам мүшелерінің қоғамдық корпоративтік және жеке мүдделерінің еркі мен балансын білдіру болып табылады

3) құқық нормативтік актілер түріндегі жазбаша формада көрінеді

4) құқық – мемлекеттің мәжбүрлеу аппаратымен арнайы құрылған

5) құқық – қоғамдық бірлестікпен арнайы құрылған.


17.Құқықтың пайда болуының алғашқы қайнар көздері:

1) деспотия

2) тирания

3) монархия

4) анархия

5) республика.


18. Мемлекеттің негізгі белгісін атаңыз:

1) ту, елтаңба, әнұран

2) билік, салт

3) ұлттық валюта

4) мемлекеттік суверенитет

5) саяси партиялардың болуы.



19. Мемлекеті басқа саяси ұйымдардан бөліп тұратын белгіні:

1) құқықтық актілердің шығуы

2) меншікті иеленуі

3) конституциялық актінің болуы

4) ғарышты игеруге монополия

5) халықаралық ұйымдармен байланыс.


20. Мемлекеттің қандай белгісі мемлекет билігінің үстемдігін айқындайды:

1) әрекеттілік

2) құқық субъектілік

3) мемлекеттік суверенитет

4) құқық қабілеттілік

5) құқық шығармашылық.


21. Құқық нормаларының өзара байланысы мен келісушілігін көрсететін құқық белгісі:

1) регулятивтілік

2) мемлекеттің кепілдігі

3) жүйелілік

4) құқықтың еріктік сипаты

5) формалды анықтық.


22. Аталғандардың қайсысы құқық белгісіне жатады:

1) жалпыміндеттілік, нормативтілік

2) діншілдік

3) салттармен байланыс

4) қоғамдық пікірмен қамтамасыз етілушілік

5) моральмен байланыс.


23. Адамның мінез-құлқына ықпал етудің қандай тәсілдері құқық нормаларында бекітілген:

1) декларациялар, үндеулер

2) моральдық сентенциялар

3) саяси үндеулер және бағдарламалар

4) тыйымдар, құқық күші

5) адамгершілік жағынан әсер ету.


24. Құқық - бұл:

1) діни идеялар, адами бағыттар

2) моральдық принциптер

3) дұрыс мінез-құлыққа бағыт беруде қоғамға кеңес беру

4) мемлекет; белгілеген мінез-құлықтың жалпыға міндетті ережесі

5) бағыт-бағдар және әдеттер.


25. Құқық принциптері - бұл:

1) мемлекет еркі

2) құқықтық презумпциялар

3) құқық белгілерінің жиынтығы



4) құқықтың негізгі және басшылық ету бастамасы

5) құқықтың пайда болуының түрлі теориялары.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет