Қаулысымен бекітілген «Салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттiк тiркеу»



жүктеу 61.52 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі61.52 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттiк қызметтi Министрліктің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнi ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Кемелерді мемлекеттік тіркеу үшiн алымдар «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады. Алым мөлшерлемесі 60 АЕК-ті құрайды.

Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма арылығында, сағат 12.30-ден 13.30-ға дейiнгі түскі асқа үзіліспен сағат 8.30-дан 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттiк тiркеу үшін еркін нысандағы өтініш, онда:

кеменi жасау орны;

кеме жасайтын ұйымның атауы;

жасау нөмiрi;

кеменiң типі;

киль ұзындығы және кеме туралы басқа да негiзгi техникалық деректер (кеменiң енi, борт биiктiгi);

қозғалтқыштардың саны мен қуаты (қолданылатын болса);

корпустың негiзгi материалы көрсетіледі;

2) кеменi жасауға арналған шарт;

3) кеме жасау ұйымының киль салу немесе тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргiзудi растайтын сарапшының қорытындысы туралы жазбаша растауы;

4) тiркелім алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде заңдастыруға жатады.

Егер ұсынылатын құжаттар шет тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды расталған аудармасы қоса берiледi;

3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;

4) құжаттарда тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертiлмеген түзетулері болмауы тиіс, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар;

5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа, екіншісі көшірме болуы тиіс, не нотариалды куәландырылған көшірмелер ұсынылады. Тіркеуден кейін түпнұсқа құқық иеленішуге қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді почталық жөнелтумен немесе жеке өзі келген кезде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және/немесе сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілімен ұсынылады) ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жүзеге асырады.

10. Мыналар егер:

1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес тұлға жүгінсе;

2) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген талаптар сақталмаса;

3) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес болмаса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша, электронды почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (8-7172) 24-13-12 немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына («Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында («Су көлігі департаменті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.



______________________________
Каталог: images -> npa
npa -> Ќазаќстан Республикасы
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет