Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және сертификат беру қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 158.4 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі158.4 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2017 жылғы « __» _________

№____бұйрығымен

бекітілген

Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және

сертификат беру қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттық талаптар «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтардың лауазымды тұлғаларына және/немесе өкілдеріне және/немесе өтінім берушіге сертификаттық тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандарға немесе консультанттарға немесе тәуелсіз сарапшыларға қолданылады.

3. Авиациялық медициналық орталықтардың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Қағидалармен реттеледі.

4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі - сарапшы) - медициналық куәландыруды өткізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын, авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар жеке тұлға;

2) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі - АМО) – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты (бұдан әрі – сертификат) - авиациялық медициналық орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

4) сертификаттық тексеру (сертификаттау) - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім берушінің авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне жүзеге асыратын тексеру;

5) авиациялық персонал – әуе кемелерінің ұшуларын орындау және қамтамасыз ету, әуе тасымалы және авиациялық жұмыстар, әуе кемелеріне техниалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару қызметін жүзеге асыратын, арнайы және (немесе) кәсіптік дайындығы бар жеке тұлғалар;

6) өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) - АМО сертификатын алу, оның қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім берген заңды тұлға;

7) дәрігер-консультант - авиациялық медицина саласында жоғары медициналық білімі және дайындығы, негізгі мамандығы бойынша біліктілік санаты бар және азаматтық авиацияда медициналық куәландыруды өткізуге қатысатын медициналық маман;

8) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында қарап тексеру, өтінім берушінің психикалық және физикалық жай-күйінің азаматтық авиацияда медициналық куәландыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында медициналық тексерулер кешені;

9) авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) – өтінім берушінің сәйкестігін анықтау мақсатында оған қойылатын талаптар;

10) жеңіл және аса жеңіл авиация (бұдан әрі – ЖжАЖА) - сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация, сондай-ақ сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;

11) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

5. АМО медициналық куәландыруды сертификат негізінде жүзеге асырады.

6. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан АМО-ға беріледі.

7. Сертификат үш жылға беріледі.

Бұл ретте сертификаттың қолданылу мерзімі үш жылға дейінгі мерзімге ұзартылады.

8. Сертификатты басқа тұлғаға беруге болмайды.

АМО-ның сертификаттың қолданылу саласында көзделмеген қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

9. АМО бағалау нәтижелерін шығару шынайылығына, медициналық куәландыруды өткізуді ұйымдастыру және оның сапасына, есептер мен медициналық сертификаттарды ресімдеуге жауапты.


  1. Сертифкаттау, сертификат беру және мерзімін ұзарту, сондай-ақ оның қолданысын қалпына келтіру тәртібі

10. Сертификаттаудың жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды, оған мынадай кезектегі кезеңдер кіреді:

1) өтінішті тіркеу;

2) ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеру;

3) ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, өтінім берушіні сертификаттық тексеру бойынша комисссия құру туралы уәкілетті органның шешімін дайындау немесе ұсынылған құжаттар сертификаттық талаптарға және осы Қағидалардың 8-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай беруден, ұзартудан дәлелді бас тарту;

4) өтінім берушіге сертификаттық тексеру жүргізу;

5) өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) кейін тиісті сертификат берумен уәкілетті органның сертификат беру, сертификаттың мерзімін ұзарту туралы шешімін дайындау;

11. Сертификаттау рәсімдерінен өту және сертификат алу және/немесе сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) уәкілетті органға:


  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  2. АМО жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  3. медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  4. АМО-ның медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылу табелінің көшірмесін;

  5. медициналық жабдықтар мен техниканың метрологиялық тексеруден өткені туралы қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  6. сарапшылардың нотариалды куәландырылған сертификаттары мен оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелерін;

  7. осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық авиацияда медициналық куәландыруды өткізуге қатысатын медициналық консультанттардың даярлығы туралы деректерді және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;

  8. АМО-ның штаттық құрылымын;

  9. медициналық куәландыруды қамтамасыз етуге қатысты басқа медициналық ұйымдармен, кәсіпорындармен және шет ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелерін (бар болған жағдайда) ұсынуға тиіс.

Сертификаттың мерзімін ұзартқысы кеген жағдайда, осы Қағидалардың 7), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды АМО-ның өз мөрімен (нотариалды куәландырудың қажеті жоқ) куәландыруға болады.

Бұл ретте сертификаттың мерзімін ұзарту осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш бойынша жүзеге асырылады. Өтініш осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда өткізілген медициналық куәландырулар саны туралы ақпаратты ұсына отырып, сертификаттың негізгі қолданылу мерзімі аяқталғанға үш ай қалғанда беріледі.

12. Сертификат беру, оның мерзімін ұзартуды уәкілетті орган заңды тұлғаға сертификат беру туралы, заңды тұлға сертификатының мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім қабылдау жолымен жүргізіледі.

Уәкілетті орган қабылдаған шешімнің негізінде өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда тиісті сертификат беріледі, оларды беру және мерзімін ұзарту осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысандағы Авиациялық медициналық орталықтардың сертификаттарын беру, мерзімін ұзарту журналында тіркеледі.

13. Сертификатты беруге, мерзімін ұзартуға және/немесе қолданысын қалпына келтіруге мына жағдайларда жол берілмейді:


  1. өтінім берушінің қызметтерді және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін ұсынған құжаттары дұрыс болмаса;

  2. өтінім беруші және (немесе) сертификат беру үшін ұсынылған қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

  3. өтінім берушіге қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

  4. оның негізінде өтінім беруші мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған өтінім берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса.

14. Сертификат беруден, мерзімін ұзартудан бас тарту үшін негіз болған себеп жойылмаған жағдайда, өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) осы тарауда көзделген тәртіпте өтінішті қайта бере алады.

15. АМО-ға қойылатын сертификаттық талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, уәкілетті орган мынадай тәртіпте іс-қимыл жасайды:

1) сертификат иесінен Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдары жоспарын ұсынуын және оны орындауын талап етеді;

2) түзету іс-қимылдары жоспарында белгіленген мерзімдерде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, мұндай сертификаттың қолданылу саласын (немесе сертификатта көрсетілген, рұқсат етілген қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің) толықтай немесе ішінара тоқтатады;

3) сертификаттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, сертификатты қайтарып алады.

Қайтарып алынған сертификат оны қайтарып алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

16. Сертификаттың қолданысын өтінім берушінің өтініші бойынша да толықтай немесе ішінара шектеуге болады.

Сертификаттың қолданысын толықтай немесе ішінара шектеу мақсатында, оның иесі мұндай өтініш берудің нақты себебін көрсете отырып, уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді.

17. Сертификаттың қолданысын толықтай немесе ішінара шектеу уәкілетті органның тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

18. АМО атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына және сертификаттық талаптарға толық сәйкес келген жағдайда, өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органға АМО сертификатын ауыстыруға өтініш береді.

Бұл ретте сертификаттық тексеру жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат он жұмыс күні ішінде беріледі.

Бұрын берілген АМО сертификаты уәкілетті органға қайтарылуға және жою тәсілін көрсете отырып, еркін нысандағы жою актісіне сәйкес жойылуға тиіс.

19. Қайтарып алынғаннан кейін сертификат беру осы Қағидаларда белгіленген жалпы негіздерде жүргізіледі.

3. Сертификаттық тексеру

20. Сертификаттық тексеру нұсқаулық материалына сәйкес бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

21. Сертификаттық тексеру АМО-ның осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ сертификаттық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

22. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады.

Комиссия құрамына құзыретіне сертификат беру мәселелерін қарау жататын уәкілетті органның лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мамандар немесе консультанттар немесе тәуелсіз сарапшылар кіреді.

23. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға үш жұмыс күні қалғанда уәкілетті орган өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) оның басталу күні туралы ақпарат қамтылған еркін нысандағы ресми хабарлама жібереді.

24. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) бес жұмыс күні ішінде сертификат беруден, оның мерзімін ұзартудан дәлелді бас тартуды жазбаша ұсынады.

25. Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды.



26. Акт қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіліп, екі данада жасалады.

27. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қойып, бір данасы өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) тапсырылады.

28. Сертификаттық тексеру жүргізу барысында сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) актіні алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдары жоспарын бекітуге ұсынады.

Бұл жағдайда сертификат түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген сәйкессіздіктер осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдер шеңберінде толық жойылғаннан кейін беріледі.

Сәйкессіздіктер түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мезімдерде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге еркін нысанда ресми хабарлама – дәлелді бас тарту жібереді.

29. Сертификаттық тексеру мемлекеттік авиациялық инспекторлар үшін уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулық материалын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.

30. Қабылдау актісін жасап, қол қойғаннан кейін он екі жұмыс күні ішінде уәкілетті орган АМО сертификаттық талаптарға сәйкес келген жағдайда сертификат беру, мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

31. Уәкілетті органның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.

________________

Авиациялық персоналдың

медициналық куәландыруын жүзеге асыратын

авиациялық медициналық орталығын

сертификаттау және сертификат

беру қағидаларына

1- қосымша

Уәкілетті орган төрағасына


  ___________________________
___________________________
___________________________
Авиациялық медициналық орталық сертификатын

алуға (мерзімін ұзартуға)

ӨТІНІМ

1. Атауы: _______________________________________________

2. Орналасқан жері: ___________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________
 ________________________________________________________________

3. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия____________


_________________________________________________________________

4. Денсаулық сақтау ұйымының аккредитация өту туралы лицензиясы/сертификаты


_________________________________________________________________

5. Бұл өтінім: ________________________________________________

________________________________________________________________ АМО сертификатын алуға/әрекет ету мерзімін ұзартуға ұсынылады.

6. Өтінім берушінің ұйымдастыру қызметінің сипаты ________________

7. АМО штаттық құрылымы ____________________________________

8. Медициналық куәландыруды өткізуге жұмылдырылған дәрігер- консультанттардың дайындығы туралы деректер__________________________

_______________________________________________________________

9. Медициналық куәландыру кезіндегі тиісті кластағы медициналық стандарттар тізбесі____________________________________________________


__________________________________________________________________

10. Медициналық куәландыру кезінде қолданылатын бөлмелер тізбесі, олардың аумағы:___________________________________________________


 _________________________________________________________________

11. АМО медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылу табелі___________________________________


 _________________________________________________________________

12. АМС сертификаттарының әрекет ету мерзімдері, оларды беру мерзімі, нөмірі____________________________________________________________________________________________________________________________

13. Медициналық куәландыруды өткізу сапасын бақылауды ұйымдастыру жүзеге асырылады___________________________________________________

14. Өтінім берушінің қосымша хабардар ету деректері_______


_________________________________________________________________

15. Өтінім беруші мынаған міндеттеледі:

1) жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын сапалы орындауға кепілдік беру;

2) Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын қолданыстағы заңнамамен көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін орындау шартымен мемлекеттік бақылау мен қадағалау іс-шараларын іске асыруға жіберу;

3) АМС және дәрігер-консультанттардың тиісті оқуларын өтуін қамтамасыз ету.

Осы өтінімде және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген деректердің өзгеруі жағдайында АМО Уәкілетті органды 5 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді.

16. Осы өтінімде және оған қоса берілген құжаттардағы ақпараттың шынайылығына сендіремін.

 ___________________ «__» _____________ 20 __ жыл

 (өтінім берушінің

немесе сенімхат бойынша

уәкілдің қолы) (уақыты)

М.О.

Авиациялық персоналдың

медициналық куәландыруын

жүзеге асыратын

авиациялық медициналық орталығын

сертификаттау және сертификат

беру қағидаларына

2- қосымша

Нысан


ЕЛТАҢБА

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның мекенжайы
Авиациялық медициналық орталығының

№ ________ сертификаты


20__ жылғы «___» _________ берілген.

Осы сертификат __________________________________________________

(АОО, ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

авиациялық медициналық орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарына, келесі қолданылу саласына қатысты ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады:

_______ класс (тар) бойынша медициналық куәландыру өткізеді.



Авиациялық медициналық орталығы сертификаты

____________________________________________________________________

_____________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________

20__ жылғы «___» _____________№ _________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.

Инспекциялық бақылауды

____________________________________________________________________

_____________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________

жүзеге асырады.

20__ жылғы «___» ____________

уәкілетті органның басшысы

_____________________________________ _______________

(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
М.О.

Авиациялық персоналдың

медициналық куәландыруын

жүзеге асыратын

авиациялық медициналық орталығын

сертификаттау және сертификат

беру қағидаларына

3- қосымша

Нысан

Сертификаттық зерттеу актісі

____________________________________________________________________

(уәкілетті органның атауы)

20__ жылғы «___» ____________ № _________ бұйрығына сәйкес

құрамындағы комиссия:

Комиссия төрағасы: __________________________________________________

(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)

Комиссия мүшелері: __________________________________________________

(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)

__________________________________________________

(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)

_____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

(ұйымның атауы)

Қорытынды мәтіні:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Комиссия төрағасы: ______________________________ ____________

(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)

Комиссия мүшелері: ______________________________ ____________

(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)

______________________________ ____________

(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)

Актімен таныстым:

Ұйым басшысы: ________________________________ ___________

(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)

Авиациялық персоналдың

медициналық куәландыруын

жүзеге асыратын

авиациялық медициналық орталығын

сертификаттау және сертификат

беру қағидаларына

4- қосымша

Нысан

Медициналық куәландыруды өткізуге жұмылдырылған дәрігер- консультанттардың дайындығы туралы деректер


Фамилиясы, аты, әкесінің аты:

Лауазымы:

Білімі (жоғары оқу орны, факультет, жоғары білім туралы дипломды беру мерзімі, № ):

Жұмыс өтілі:

Біліктілік санаты, берілген уақыты:

Біліктілікті жоғарылату (жоғары оқу орнының атауы, өту мерзімі):

Сертификат (№ , берілу мерзімі):

Авиациялық персоналдың

медициналық куәландыруын

жүзеге асыратын

авиациялық медициналық орталығын

сертификаттау және сертификат

беру қағидаларына

5- қосымша

Нысан

Өткізілген медициналық куәландырулар саны туралы

АНЫҚТАМА
___________________________________________
(авиациялық медициналық орталық атауы)
20____ жылғы «__» _______ бастап 20____ жылғы «__» _______ дейін

1. Өткізілген медициналық куәландырулардың жалпы саны, соның ішінде жылдар бойынша____________________________________________________


________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Класстар бойынша саны


1 ._______________________________________________________
2 ._______________________________________________________
3 ._______________________________________________________
ЖАЖА. _________________________________________________

Авиациялық персоналдың

медициналық куәландыруын

жүзеге асыратын

авиациялық медициналық орталығын

сертификаттау және сертификат

беру қағидаларына

6- қосымша

Нысан

АМО сертификаттарын беру,

оның мерзімін ұзартуды есепке алу журналы



Сертификат-тың р/с N


Сертифи-каттарды беру, оның мерзімін ұзарту мерзімі

Қолда-нылу саласы

Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның жауапты тұлғасының аты

Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның жауапты тұлғасының аты

қолтаңбасы



Ескертпе

Журнал беттері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет