Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Жалпы ережелер

жүктеу 1.38 Mb.
бет4/6
Дата24.04.2019
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6

жөнiндегi маманға (инженер/техник/механик) қойылатын біліктілік талаптары
      114. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi куәлiкті алу үшін үміткердің жасы 18 жастан үлкен болуы қажет.
      115. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi куәлiкті алу үшін үміткердің бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесiн реттейтiн ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру әдiстерi мен рәсiмдерiн қоса алғанда, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      2) математика негiздерi; өлшем бiрлiктерi; физика мен химияның iргелi қағидатары мен теориялық негiздерi;
      3) әуе кемелерi жүйелерiнiң конструкциялары мен жұмыс iстеуiн жобалау қағидаттарын, жинау әдiстерiн; күш қондырғыларын және олармен байланысты жүйелердi; механикалық, гидравликалық, электр және электрондық қоректендiру көздерiн; аспаптық жабдықтарын және әуе кемелерiн индикациялау жүйелерiн; әуе кемесiн басқару жүйелерiн және навигациялық және байланыс жабдықтарының борттық жүйелерiн қоса алғанда, материалдардың сипаттамалары және оларды әуе кемелерiн жобалау кезiнде қолдануы;
      4) әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтауға қажеттi жұмыстарды орындау, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi басымшылықтарда көзделген әдiстемелерге сәйкес әуе кемесiн күрделi жөндеу, ағымдағы жөндеу, конструкциясын, оның компоненттерiн және жүйелерiн тексеру, ауыстыру, түрлендіру және ақауларын жою әдiстерi мен рәсiмдерi;
      5) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге қолданғандағы адамның мүмкiндiктерi.
      116. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «А» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың базалық элементтерiмен танысуы;
      2) жалпы сөздердi немесе мысалдарды пайдалана отырып, тұтастай алғанда затқа жай сипаттама беруге қабiлеттi болуы;
      3) үлгi терминдердi пайдалана бiлуi қажет.
      117. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «В1» және «В2» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың теориялық негiздерiн түсiнуi, егер қолдануға келсе, үлгi мысалдарды пайдалана отырып, затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи бiлуi және түсiнуi;
      2) нақтыланған рәсiмдердi пайдалана отырып, өзiнiң бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
      «В1» немесе «В2» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн сұрау салынатын қызмет саласындағы бiлiмiн көрсетуге жол берiледi.
      118. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «С» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың теориясын және басқа заттармен өзара байланысын бiлуi, теориялық негiздер мен мысалдарды пайдалана отырып, затқа егжей-тегжейлi сипаттама бере бiлуi, затқа қатысты математикалық формулаларды түсiнуi және пайдалана бiлуi, затты сипаттайтын мақалаларды, жай сызбаларды және схемаларды оқи алуы, түсiне және дайындай бiлуi;
      2) пайдалану құжаттамасын қолдана отырып, өз бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.

      әуе кемесiнде пилот ретiнде кемінде 500 с ұшуы куәлігі болуы қажет. 

      Ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      ұшу негiздерi;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерi конструкциясын жалпы бiлу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және оның жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерiнiң және олардың күш қондырғыларының тиiстi түрiнiң пайдалану шектеулерi;
      ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерi;
      жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
      пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
      даярлығы және шолып ұшу, ұшу жоспарларын дайындау және толтыру ережелерi бойынша ұшуларды орындау кезiнде маршрут бойынша ұшу алды дайындық және ұшуды жоспарлау;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, қарқынды әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық жиынтықтауларды, карталар мен болжамдарды, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбiн, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбiн түсiну және қолдану;
      аэронавигацияның (ұшақты жүргiзу) iс жүзiндегi аспектiлерiн және және жолды есептеудiң әдiстерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауiптi метеожағдайларды, әуе кемесiнен шатасу iзiндегi турбуленттiктен және басқа да ұшу үшiн қауiптi құбылыстардан айналып өту мақсатында қабылданатын iс-әрекеттердi қоса алғанда, апатты жағдайдағы алдын алудың тиiстi шаралары мен iс-қимылдар;
      тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақауы, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары;
      шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуларға қолданылатын байланыс пен фразеологияны, байланыс iстен шыққан кезде iс-қимылдар жүргiзу;
      119. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерi берiлген құқықтарда көзделген функцияларды өзiнiң орындау қабiлетiн көрсетуге тиiс.

      120. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерi техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртiбiн айқындайтын пайдалану және өзге құжаттама айтылған тiлде түсiнудiң қолайлы деңгейiмен оқи бiлуiн көрсетуге тиiс.
      121. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман:
      1) "А" бiлiктiлiк белгiсi бары әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi, "B1", "B2" немесе "С" белгiлерi иелерiнiң бақылауымен лицензияға жазылған жұмыстардың айрықша түрлерiне қойылатын шектеулер шегiнде жедел техникалық қызмет көрсетудi және ақауларды жоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      2) "А6" бiлiктiлiк белгiсi бар әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi, жедел техникалық қызмет көрсетудi және ақауларды жоюды, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды дербес орындайды;
      3) "А7" бiлiктiлiк белгiсi бар аса жеңiл әуе кемесiне қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi жұмыстардың барлық түрлерiн, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды дербес орындайды;
      4) оның планерiнiң агрегаттарына, күш қондырғыларына және оның жүйелерiнiң элементтерiне қызмет көрсету мен ауыстыруды, олардың жарамдылығын тексеру үшiн жай тестiлеудi талап ететiн электр жүйесi блоктарын, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарын ауыстыруды қоса алғанда, әуе кемесiне қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ "А" бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес келетiн функцияларды орындайды;
      5) "В2" бiлiктiлiк белгiсi бар электр жүйелерiне, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      6) "С" бiлiктiлiк белгiсi бар қызмет көрсетiлетiн әуе кемесiне арналған пайдалану құжаттамасында белгiленген шекте кез келген көрме мен еңбектi қажет ететiн әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету және жөндеудi ұйымдастыру жөнiндегi функцияларды орындайды, сондай-ақ ұшу жарамдылығын анықтау және тиiстi қорытындыға қол қою жөнiндегi функцияларды орындайды;
      7) "А1" немесе "В1.1" бiлiктiлiк белгiсi бар турбиналық қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      8) "А2" немесе "В1.2" бiлiктiлiк белгiсi бар поршеньдi қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      9) "A3" немесе "В1.3" бiлiктiлiк белгiсi бар турбиналық қозғалтқышы бар тiкұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      10) "А4" немесе "В1.4" бiлiктiлiк белгiсi бар поршеньдi қозғалтқышы бар тiкұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      11) "А5" немесе "В1.5" бiлiктiлiк белгiсi бар дирижабльдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      12) "А6" немесе "В1.6" бiлiктiлiк белгiсi бар ең жоғары ұшу массасы 5700 кг дейiн поршеньдi қозғалтқышы бар, коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      13) "А7" бiлiктiлiк белгiсi бар аса жеңiл әуе кемелерiне қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды орындайды.
      122. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманның функцияларды орындау жөнiндегi бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн мынадай тәжiрибесi болуы тиiс:
      1) "А" санатындағы "В1.2" және "В1.4" бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      орта (толық) бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде үш жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде екi жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк арнайы бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде бiр жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      2) "В2" бiлiктiлiк белгiсiн және "В1.1" және "В1.3" санаттарын алу үшiн:
      пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде бес жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк арнайы орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде екi жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      3) ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiн қоса алғанда, әуе кемелерiне қызмет көрсету құқығымен "С" бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiнде "В1.1", "В1.3" немесе "В2" санаттағы бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiнде "В1.2", "В1.4" санаттағы бiлiктiлiк белгiсiнiң немесе "В2" бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, кемiнде бес жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      жоғары техникалық бiлiмi болған кезде базалық техникалық қызмет көрсетудi (техникалық қызмет көрсетудiң ауыр нысандарын) орындау бойынша алты айды қоса алғанда, өндiрiстiк жағдайда әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      4) жеңiл әуе кемелерiне қызмет көрсету құқығымен "С" бiлiктiлiк белгiсi үшiн - "В1" немесе "В2" бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      5) "А6", "А7" және "В1.6" бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн:
      орта (толық) бiлiмi немесе кәсiптiк орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк арнайы орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде алты ай практикалық жұмыс тәжiрибесi.
     123. "А", "В1" және "В2" бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн тәжiрибе әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша практикалық жұмыс барысында алынады.
      124. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттiк немесе экспериментальдық авиацияда алынған жұмыс тәжiрибесi, егер бiлiктiлiк деңгейi бойынша осы Бiлiктiлiк талаптарына баламалы болса, ескерiледi. Бұл ретте әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маманда азаматтық авиацияда әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алдағы 12 ай бойы кемiнде 6 ай жұмыс тәжiрибесi болуы тиіс. 
30. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерге қойылатын талаптар
      125. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердің куәлiгін алу үшін үмiткердің:
      1) жасы 21 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
      ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
      компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      3) жұмыс тәжiрибесi кемiнде бiр жылды құрауы шартымен тәжiрибенiң кез келген қиюласуында бір немесе бірнеше (қиюласуында) функцияларды орындау жөнінде кемінде екі жыл тәжірибесі болуы;
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшесiнiң, немесе
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ететiн ұйымдағы метеорологтың, немесе
      әуе қозғалысын басқару диспетчерiнiң немесе ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерлердiң немесе коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзетiн қызметтiң техникалық қызметкерінің; немесе
      әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде әуе кемелерiнiң ұшуына қызмет көрсетуде көмек көрсететiн қызметкер ретiнде кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлiнiң болуы; немесе
      бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өтуi және өтiнiш беру алдында тiкелей кемiнде 90 жұмыс күнi 6 ай бойы ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң бақылауымен жұмыс iстеуi;
      дәл есептемелер жүргiзуi және күн сайынғы синоптикалық карталар мен ауа райы шолулары бойынша ауа райы талдауын жүргiзуi, нақты әуе жолы аудандарында ауа-райы жағдайы туралы нұсқау беруi, тағайындалған әуежайларда және қосалқы әуежайларда әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде ауа райын болжамдауы;
      осы учаскеге арналған ұшудың оңтайлы траекториясын айқындауы және ұшу жоспарларын дайындауы;
      қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде ұшу экипажына жедел бақылау жүргiзу және көмек көрсету.
      126. Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi осы Бiлiктiлiк талаптарының сақталуы шартымен жүзеге асыру үшiн қажеттi бiлiмiнiң болуы шартымен кез келген өңірде белгiленген қызметтi жүзеге асыру үшін қажетті білімі және қолданыстағы үшінші класты медициналық қорытынды болуы жағдайында ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң/ұшу диспетчерiнiң функцияларын жүзеге асырады.
31. Әуесқой пилотқа (ұшақ, тiкұшақ) қойылатын біліктілік талаптары
      127. Әуесқой пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 17-ден асады;
      2) мынадай салаларда бiлiмi болуы:
      ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      ұшу негiздерi;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерi конструкциясын жалпы бiлу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және оның жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерiнiң және олардың күш қондырғыларының тиiстi түрiнiң пайдалану шектеулерi;
      ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерi;
      жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
      пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
      даярлығы және шолып ұшу, ұшу жоспарларын дайындау және толтыру ережелерi бойынша ұшуларды орындау кезiнде маршрут бойынша ұшу алды дайындық және ұшуды жоспарлау;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, қарқынды әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық жиынтықтауларды, карталар мен болжамдарды, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбiн, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбiн түсiну және қолдану;
      аэронавигацияның (ұшақты жүргiзу) iс жүзiндегi аспектiлерiн және және жолды есептеудiң әдiстерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауiптi метеожағдайларды, әуе кемесiнен шатасу iзiндегi турбуленттiктен және басқа да ұшу үшiн қауiптi құбылыстардан айналып өту мақсатында қабылданатын iс-әрекеттердi қоса алғанда, апатты жағдайдағы алдын алудың тиiстi шаралары мен iс-қимылдар;
      тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақауы, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары;
      шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуларға қолданылатын байланыс пен фразеологияны, байланыс iстен шыққан кезде iс-қимылдар жүргiзу;
      3) әуе кемесiнiң командирi ретiнде тиiстi ұшу және маневрлер түрлерiн орындау қабілеті, сондай-ақ:
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын танып-бiлу және бақылауды;
      шектелген сипаттамалар шегiнде әуе кемесiн басқаруды;
      барлық маневрлердi бiртiндеп және дәл орындауды;
      ұшуда уақтылы шешiмдер қабылдай бiлу және бақылау мен байқауды бiлiктi жүзеге асыруды;
      аэронавигация (ұшақ жүргiзу) саласында бiлiмдi қолдануды;
      ұшудың немесе маневр схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей әуе кемесiн басқаруды тұрақты жүзеге асыруды білу;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      128. Әуесқой пилот коммерциялық авиацияға қатыспайтын тиiстi түрдегi және үлгiдегi әуе кемесi командирiнiң немесе екiншi пилотының функцияларын жүзеге асырады. Әуесқой пилот ұшуды орындайтын әуе кемесiне жедел қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
      129. Түнгi уақытта ұшуды жүзеге асыру үшiн куәлiк алуға үміткер ұшуды, қонуды және навигацияны (ұшақты жүргiзудi) қоса алғанда, түнгi уақытта ұшуды орындау бойынша нұсқаушы пилотпен қосарлы басқара отырып, тиiстi түрдегi әуе кемесiнде оқытудан өтеді.
     130. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiн алуға үмiткердің:
      1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн ұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында ұшақта кемiнде 40 сағат (бұдан әрi - с) ұшуы;
      2) сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшу маршрут бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, бұл ретте екi әртүрлi әуеайлақта толық тоқтағанға дейiн қона отырып, ұзақтығы кемiнде 270 км маршрут бойынша бiр ұшуы;
      3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда, 3 с ұшуы болуы тиіс.
      Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептелуi мүмкiн.
      131. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiне үмiткердің:
      1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн тiкұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында тiкұшақта кемiнде 40 с ұшуы;
      2) бағыт бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшуы, оған екi түрлi пунктте қона отырып, ұзақтығы кемiнде 180 км бағыт бойынша кемiнде бiр ұшу кiредi;
      3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, ӘКК мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда 3 с ұшуы болуы тиіс. Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептеледi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет