Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Жалпы ережелер



жүктеу 1.38 Mb.
бет6/6
Дата24.04.2019
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6

38. Әуесқой пилотқа (ұшақ, тiкұшақ) қойылатын біліктілік талаптары
      222. Әуесқой пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 17-ден асады;
      2) мынадай салаларда бiлiмi болуы:
      ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      ұшу негiздерi;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерi конструкциясын жалпы бiлу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және оның жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерiнiң және олардың күш қондырғыларының тиiстi түрiнiң пайдалану шектеулерi;
      ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерi;
      жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
      пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
      даярлығы және шолып ұшу, ұшу жоспарларын дайындау және толтыру ережелерi бойынша ұшуларды орындау кезiнде маршрут бойынша ұшу алды дайындық және ұшуды жоспарлау;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, қарқынды әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық жиынтықтауларды, карталар мен болжамдарды, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбiн, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбiн түсiну және қолдану;
      аэронавигацияның (ұшақты жүргiзу) iс жүзiндегi аспектiлерiн және және жолды есептеудiң әдiстерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауiптi метеожағдайларды, әуе кемесiнен шатасу iзiндегi турбуленттiктен және басқа да ұшу үшiн қауiптi құбылыстардан айналып өту мақсатында қабылданатын iс-әрекеттердi қоса алғанда, апатты жағдайдағы алдын алудың тиiстi шаралары мен iс-қимылдар;
      тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақауы, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары;
      шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуларға қолданылатын байланыс пен фразеологияны, байланыс iстен шыққан кезде iс-қимылдар жүргiзу;
      3) әуе кемесiнiң командирi ретiнде тиiстi ұшу және маневрлер түрлерiн орындау қабілеті, сондай-ақ:
      қауiп-қатерлер мен қателер факторларын танып-бiлу және бақылауды;
      шектелген сипаттамалар шегiнде әуе кемесiн басқаруды;
      барлық маневрлердi бiртiндеп және дәл орындауды;
      ұшуда уақтылы шешiмдер қабылдай бiлу және бақылау мен байқауды бiлiктi жүзеге асыруды;
      аэронавигация (ұшақ жүргiзу) саласында бiлiмдi қолдануды;
      ұшудың немесе маневр схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей әуе кемесiн басқаруды тұрақты жүзеге асыруды білу;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      223. Әуесқой пилот коммерциялық авиацияға қатыспайтын тиiстi түрдегi және үлгiдегi әуе кемесi командирiнiң немесе екiншi пилотының функцияларын жүзеге асырады. Әуесқой пилот ұшуды орындайтын әуе кемесiне жедел қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
      224. Түнгi уақытта ұшуды жүзеге асыру үшiн куәлiк алуға үміткер ұшуды, қонуды және навигацияны (ұшақты жүргiзудi) қоса алғанда, түнгi уақытта ұшуды орындау бойынша нұсқаушы пилотпен қосарлы басқара отырып, тиiстi түрдегi әуе кемесiнде оқытудан өтеді.
     225. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiн алуға үмiткердің:
      1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн ұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында ұшақта кемiнде 40 сағат (бұдан әрi - с) ұшуы;
      2) сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшу маршрут бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, бұл ретте екi әртүрлi әуеайлақта толық тоқтағанға дейiн қона отырып, ұзақтығы кемiнде 270 км маршрут бойынша бiр ұшуы;
      3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда, 3 с ұшуы болуы тиіс.
      Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептелуi мүмкiн.
      226. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiне үмiткердің:
      1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн тiкұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында тiкұшақта кемiнде 40 с ұшуы;
      2) бағыт бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшуы, оған екi түрлi пунктте қона отырып, ұзақтығы кемiнде 180 км бағыт бойынша кемiнде бiр ұшу кiредi;
      3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, ӘКК мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда 3 с ұшуы болуы тиіс. Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептеледi.
39. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерге қойылатын талаптар
      227. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердің куәлiгін алу үшін үмiткердің:
      1) жасы 21 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
     Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;
     Әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
     Ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
     Компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
     Авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      223. Жұмыс тәжiрибесi кемiнде бiр жылды құрауы шартымен тәжiрибенiң кез келген қиюласуында бір немесе бірнеше (қиюласуында) функцияларды орындау жөнінде кемінде екі жыл тәжірибесі болуы;
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшесiнiң, немесе
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ететiн ұйымдағы метеорологтың, немесе
      224. Әуе қозғалысын басқару диспетчерiнiң немесе ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерлердiң немесе коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзетiн қызметтiң техникалық қызметкерінің; немесе
      әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде әуе кемелерiнiң ұшуына қызмет көрсетуде көмек көрсететiн қызметкер ретiнде кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлiнiң болуы; немесе
      225. Бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өтуi және өтiнiш беру алдында тiкелей кемiнде 90 жұмыс күнi 6 ай бойы ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң бақылауымен жұмыс iстеуi;
      дәл есептемелер жүргiзуi және күн сайынғы синоптикалық карталар мен ауа райы шолулары бойынша ауа райы талдауын жүргiзуi, нақты әуе жолы аудандарында ауа-райы жағдайы туралы нұсқау беруi, тағайындалған әуежайларда және қосалқы әуежайларда әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде ауа райын болжамдауы;
      226. Осы учаскеге арналған ұшудың оңтайлы траекториясын айқындауы және ұшу жоспарларын дайындауы;
      қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде ұшу экипажына жедел бақылау жүргiзу және көмек көрсету.
      227. Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi осы Бiлiктiлiк талаптарының сақталуы шартымен жүзеге асыру үшiн қажеттi бiлiмiнiң болуы шартымен кез келген өңірде белгiленген қызметтi жүзеге асыру үшін қажетті білімі және қолданыстағы үшінші класты медициналық қорытынды болуы жағдайында ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң/ұшу диспетчерiнiң функцияларын жүзеге асырады.

40. Аса жеңiл авиацияның кемелерiне техникалық қызмет көрсету
және оларды жөндеу жөнiндегi маманға (техник/механик)
қойылатын біліктілік талаптары
      228. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiне үмiткер 18 жастан үлкен болуы қажет.
      229. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң үмiткер бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесiн реттейтiн ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру әдiстерi мен рәсiмдерiн қоса алғанда, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерiне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      2) математика негiздерi, өлшем бiрлiктерi, физика мен химияның iргелi қағидаттары мен теориялық негiздерi;
      3) аса аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi басшылықтарда көзделген әдiстемелерге сәйкес әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сақтау, күрделі жөндеу әдістері мен рәсімдері, ағымдағы жөндеу, тексерулер, ауыстыру, әуе кемесін және оның құрауыштары мен жүйелерін жаңғырту немесе конструкцияларының ақауларын жою үшін қажетті жұмыстарды орындау.
      230. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманға мыналар қажет:
      1) заттың теориялық негiздерiн түсiнуi;
      2) егер қолдануға келсе, үлгi мысалдарды пайдалана отырып, заттың жалпы сипаттауын бере білу;
      3) затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи бiлуi және түсiнуi;
      4) нақтыланған рәсiмдердi пайдалана отырып, өзiнiң бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.

Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;


     Әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
     Ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
     Компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
     Авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      231. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманға: тәжiрибе болуы:
      орта (толық) бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде бiр жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде алты ай техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы тиіс.
41. Ұшуларды лауазымды біліктілік талаптары
232. Ұшу операциялар қызметкері мынадай талаптарға сай келетін сертификат кандидат:
1) жасы 21 жас және одан үлкен;
2) бекітілген бағдарламасы бойынша дайындықтан және келесі бағыттар бойынша білімі бар:
- Ұшу операцияларды офицері / ұшу диспетчері, ережелер мен әуе қозғалысына қызмет тәртiбi, қозғалтқышы бар ұшақ қондырғылар, жүйелер мен құралдарын принциптерін ұстаушыға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметі пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
- Операциялық лимиттер BC және электр станциялары;
- Әуе кемесінің ең аз жабдықтар тізімі;
- Бұқаралық және тепе-теңдік үшін әуе кемелерінің өнімділігі әуе кемелерінде тиеу және бұқаралық бөлу әсері;
- Операциялық ұшу жоспарлау; ұшу отын шығыны және отын ұзақтығы есептеу жөнiндегi; өсті қашықтыққа ұшу маршруты бойынша круиз бақылау үшін балама әуежай іріктеу рәсімдері;
- Дайындау және әуе қозғалысын басқару үшін ұшу жоспарларын ұсыну;
- Компьютерлер көмегімен жоспарлау жүйесінің негізгі принциптері;
- Диспетчерлік міндеттерін тиісті Адам орындау;
- Авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысымды, алдыңғы құрылымы, шығу тегі және трассалық және-қонуын қабылдауға әсер ететін маңызды ауа райы құбылыстарының, сипаттамаларының бағыттарын жылжыту;
- Авиациялық метеорологиялық есептер, диаграммалар және болжамдардың, кодтар мен қысқартуларды қолдану, сондай-ақ метеорологиялық ақпаратты пайдалану ережелері туралы;
- Аэронавигациялық принциптері, ережелер құралы рейсті орындауға;
- Авиациялық құжаттаманы пайдалану;
- Операциялық рәсімдер мен қауіпті жүктерді тасымалдау қалыпты;
- Апаттар мен тәртібі, төтенше жағдайларда ұшу ережелері;
- Азаматтық авиация және күнге қарсы диверсиялық актілер қарсы заңсыз араласу актілеріне қатысты процедуралар;
- Әуе кемесінің тиісті түріне жататын ұшу қағидалары;
- Әуе кемесінің және тиісті жер станцияларымен байланыс ережесі;
- Тағайындалған әуежайларда, және баламалы әуежайында әуе тасымалдарын жүзеге асыру ауа-райын болжау нақты тыныс жолдарының облыстарда ауа райының нұсқауларын жүзеге асыруға, күнделікті синоптикалық карталар және ауа райы есептерге дәл есептеулерді және ауа райының талдау жасау;
- Берілген аймақ үшін оңтайлы ұшу жолын анықтаңыз және ұшу жоспарларын дайындау;
- Қолайсыз ауа-райы жағдайларында ұшатын кезде жедел бақылауды жүргізу және ұшу экипажына көмек қамтамасыз ету.
ұшу операциялар қызметкері (кез келген комбинациясы) бір немесе бірнеше позицияларды функцияларын орындау кем дегенде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар сертификат үшін 233 кандидат, мынадай лауазымдарда кез келген емес, бір жылдан кем бұл тәжірибе кез келген комбинациясы мерзiмі көзделген:
- Коммерциялық әуе көлігі тартылған әуе кемесiнiң экипажы мүшесі; немесе
- Коммерциялық әуе көлігі тартылған күн рейстерді ұсынатын ұйым метеорология; немесе
- Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе коммерциялық әуе көлігі тартылған техникалық менеджері Ұшуларды қызметкерлері немесе Sun Ұшуларды қызметтерді менеджері; немесе
- Әуе тасымалы күн қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсету қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі кем дегенде бір жыл болуы; немесе
- Дереу қолдану бұрын 6 ай ішінде кем дегенде 90 жұмыс күн Ұшуларды тұлғасының басшылығымен бекітілген бағдарлама және жұмыс оқу курсын алыңыз.
234. Осы Біліктілік талаптар ескеріле отырып, ұшу операциялар қызметкері / ұшу диспетчері, ол аймақтағы құрылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білім бар және үштен жарамды медициналық анықтама бар болған жағдайда, кез келген аймақта Ұшуларды офицері / ұшу диспетчер функцияларды орындайды класс.
42. ӘҚҚ диспетчерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
      235. Үмiткер ӘҚҚ диспетчерiнiң куәлiгiн алу үшiн мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
      1) жасы 21-ден үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындығының және осы Бiлiктiлiк талаптарының 29-тарауы 75-83-тармақтарында көзделген бiлiмi болуы;
      3) осы Бiлiктiлiк талаптарының 29-тарауының 84-тармағында көзделген тәжiрибесi мен шеберлiгiнiң болуы;
      4) рульдеу диспетчерлік пункт, старттық диспетчерлік пункт, мұнара диспетчерлік пункті, шеңбер диспетчерлік пункті, жақындау диспетчерлік пункті, жергілікті диспетчерлік пункт, аудандық диспетчерлік пункт (орталықтың), диспетчер-нұсқаушысы, аға диспетчер, ұшу басшысы үшін үшінші класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы.
      236. Брифинг диспетчерлік пункті, әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері, Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ауысым бастығы үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) бекітілген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) болуы.

Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;


     Әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
     Ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
     Компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
     Авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
237. Өтініш беруші мынадай салаларда білімі бар:
1) әуе құқық:
АТС менеджері белгісімен (лар) біліктілігіне (лар) ұстаушының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оның ішінде әуе қозғалысына қызмет көрсету, тұрғысынан Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметі, ережелер мен нормаларды пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
2) жабдық АТС:
3) АТС пайдаланылатын принциптерін, пайдалану және жабдықтарды шектеулер; дауыстық байланыс; тіркеу туралы мәліметтер; деректер беру; Радио навигациялық құралдар; бақылау және радиолокациялық жүйелер; тәуелді автоматты бақылау жүйесі; Ұшу жоспарларын өңдеу; экран (пайдаланушы интерфейсі); пайдалану шарттарына жедел деректер мен деректер.
4) жалпы білім:
ұшу қағидаттары; Қарулы Күштердің, электр станциялары мен жүйелерді пайдалану және жұмыс істеу принциптері; АТС-ке байланысты әуе кемесінің сипаттамалары.
5) адамның мүмкіндігін:
топ (TRM) жұмысын оңтайландыру үшін қауіп-қатер және қате принциптері, сондай-ақ оқытуды қоса алғанда, адам өнімділігі.
6) Метеорология:
аэронавигациялық метеорология; метеорологиялық құжаттама мен ақпаратты пайдалану және түсіну; шығу тегі және ұшуларды мен қауіпсіздігін қозғайтын маңызды ауа райы құбылыстарының сипаттамалары; барометрлік биіктік өлшеу принципі.
7) Навигация:
Аэронавигацияның принциптері; принциптері, шектеулер және навигациялық жүйелер мен көрнекі дәлдігі.
8) жұмыс ережелері:
рәсімдерді, қарым-қатынас, (қалыптан тыс және төтенше күнделікті) радиотелефон мен фразеологиясы алмасу, қауіпсіздік үшін тиісті авиациялық құжаттаманы тәжірибені пайдалануды АТС.

238. куәлік менеджері АТС диплом маман сертификатынан немесе бітіру сертификат немесе бастапқы даярлау және тиісті бақылау станциясында өз бетінше жұмыс істеуге қол жеткізу қолжетімділігін барысы негізінде тағайындалған, біліктілік бойынша келесі белгілерді қамтамасыз етеді:


1) Әуеайлақтың (AD) менеджері;
2) іс жүргізу менеджері тәсіл бақылау (APP);
мониторинг құралдары (APS) пайдалана отырып,

3) менеджері бақылау тәсіл;


4) iс жүргiзу iс-ауданы полиция қызметкерлері (БҚА) бақылау;
бақылау жабдық (АБЖ) пайдаланып;

5) бақылау менеджері АТС ауданы;


6) әуе қозғалысын жоспарлау контроллері (ATP).

239. аэродром бақылау жөніндегі Өтініш беруші мынадай бағыттар бойынша жеңілдіктер үшін тиісті білім деңгейін көрсетті:


1) бас жоспары; өнімнің физикалық және көрнекі сипаттамалары;
2) әуе кеңістігін құрылымы;
3) қолданылатын ережелер, рәсімдер және ақпарат көздері;
4) аэронавигациялық құралдардың;
5) әуе қозғалысын басқару жабдық және оның пайдалану;
6) рельеф және танымал көрнекті;
7) әуе қозғалысына сипаттамаларын;
8) ауа райы құбылыстар;
9) төтенше және іздестіру-құтқару операцияларын жүзеге шартты жоспарлары.
      240. ӘҚҚ диспетчерiнiң куәлiгi бар адамдар төменде көрсетiлген бiлiктiлiк белгiлерiнiң (рұқсаттарының) бiреуiн алғаннан кейiн өз функционалдық мiндеттерiн орындауға жiберiледi:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктi;
      2) рульдеу диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – РДП);
      3) старттық диспетчерлiк пункт (бұдан әрi – СДП);
      4) мұнара диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – МДП);
      5) шеңбер диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ШДП);
      6) жақындау диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ЖДП);
      7) жергiлiктi диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ЖДП);
      8) аудандық диспетчерлiк пункт (орталық) (бұдан әрi – АДП немесе АДО);
      9) диспетчер – нұсқаушысы;
      10) аға диспетчер;
      11) ұшу басшысы;
      12) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерi;
      13) Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының (бұдан әрi – ӘҚЖБО) ауысым бастығы.
      241. Диспетчердiң мынадай бiлiмi болуы тиiс:
      Әуе құқығы бойынша:
      1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзгi ережелері:
      жалпы ережелер;
      әуе кеңiстiгiн пайдалану;
      Қазақстан Республикасы авиациясының құрамы;
      әуеайлақтардың сыныптамасы;
      әуе кемелерiнiң сыныптамасы;
      әуе қозғалысы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидасының негiзгi ережелерi:
      жалпы ережелер;
      Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбi;/
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      эшелондау;
      әуе трассаларымен, жергiлiктi әуе желiлерiмен және әуе трассаларынан тыс бағыттармен, жергiлiктi әуе желiлерiмен ұшу қағидасы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан ұшып өту. Шекаралық белдеу және онда ұшу ерекшелiктерi;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнiң сақталуын бақылау;
      ұшу жоспарларын және әуе кеңiстiгiн пайдалану өтiнiмдерiн, әуе кемелерiнiң қозғалысы туралы хабарламаларды беру тәртiбi;
      әуе кеңiстiгiн пайдалануға уақытша режимдер мен қысқа мерзiмдi шектеулер қою тәртiбiн әзiрлеу және белгiлеу.
      242. Ұшу қағидасы мен әуедегi навигация негiздерi:
      1) ұшу қағидасы:
      анықтамаларды бiлу;
      жалпы ережелер;
      әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ету;
      әуе кемелерiнiң ұшуы (негiзгi талаптар, ұшуларды орындау, ерекше жағдайларда ұшу, ұшудағы ерекше жағдайлар);
      iздестiру және құтқару;
      апат және шұғылдық сигналдарының тiзбесi;
      апат сигналы мен хабарламасын беру тәртiбi;
      азаматтық әуе кемелерiн ұстау;
      2) әуе навигациясының негiздерi:
      ұшу бағыттары, ұшу бұрыштары, азимут (пеленг, бағыт бұрышы);
      жылдамдықтың навигациялық үшбұрышы және оның элементтерi;
      ұшу жылдамдығы;
      ұшу биiктiгi мен қауiпсiз ұшу биiктiгiн есептеу;
      ӘҚҚ-ға байланысты әуедегi навигация мiндеттерiн шешу.
      243. ӘҚҚ-ға байланысты авиациялық оқиғалар:
      1) себеп салдары, авиациялық оқиғаларды зерттеу қорытындылары бойынша кемшiлiктер мен ұсынымдар;
      2) авиациялық оқиғалар туралы жалпы ережелер, анықтамалар, сыныптамалар мен хабарландырулар.
      244. Әуе қозғалысына қызмет көрсету:
      1) ӘҚҚ-ға қатысты бөлігінде ұшуды орындауды реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген):
      анықтамалар мен жалпы ережелер;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметi және оның жұмысын ұйымдастыру;
      әуе кеңiстiгiн ұйымдастыру;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
      әуе қозғалысын жоспарлау және ағындарын ұйымдастыру;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;
      авариялық хабарлау қызметi;
      бақылау негiзiнде қызмет көрсету;
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерiнiң жұмыс технологиясы:
      жалпы ережелер;
      кезекшiлiкке дайындалу және кезекшiлiктi қабылдап алу;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудi беру межелерi;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ерекше жағдайларда ұшу және ұшудағы ерекше жағдайлар кезiндегi әуе қозғалысына қызмет көрсету.
      245. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекiтiлген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6635 нөмiрiмен тiркелген):
      радиоалмасудың жалпы қағидалары;
      радиохабар тарату кезiнде қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы;
      авариялық және шұғыл байланыс қағидалары;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң диспетчерлiк пункттерi арасында ақпаратпен алмасу.
      246. Авиациялық метеорология төмендегіні қамтиды:
      авиациялық метеорологияның негiзгi теориялық мәселелерi;
      авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi регламенттейтiн құжаттардың негiзгi ережелерi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әзiрленген әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығы;
      метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар;
      әуе кемелерiнiң бортынан байқау және хабарлау;
      ауа райы болжамдары;
      қауiптi метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер;
      ауа райының авиациялық карталары;
      әуедегi ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету.
      247. Қолданылатын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс құралдары:
      1) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтардың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары;
      2) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтарды орналастыру және олардың жұмыс iстеу қағидаты.
      248. Шет тiлi:
      1) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде радиобайланыс жүргiзе бiлу;
      2) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде сөйлесе алу және оны түсiну;
      3) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде шығарылған аэронавигациялық ақпарат құжаттарын қолдана бiлу.

Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;


     Әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
     Ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
     Компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
     Авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      249. Адамның әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мүмкiндiктерi мен шектеулерi:
      1) адам факторының әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiндегi ықпалы;
      2) Аэродинамика негiздерi, ӘК-нiң ұшу-техникалық сипаттамалары:
      ӘК-нiң негiзгi геометриялық көрсеткiштерi;
      ӘК-нiң негiзгi аэродинамикалық сипаттамалары;
      ӘК қанатын механикаландыру;
      атмосферадағы жағдайлардың ӘК-нiң аэродинамикалық сипаттамаларына әсерi.
     250. Диспетчер мына салаларда тәжiрибелi және бiлiмдi болуы тиiс:
      1) жұмыс технологиясына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу қағидалары мен фразеологиясын бiлу;
      3) әуедегi және метеорологиялық жағдайды талдай келе, түрлi жағдайларда дұрыс және дер кезiнде әрекет ету;
      4) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын жұмыс барысында дұрыс қолдану;
      5) шектес диспетчерлiк пункттермен, ӘК ұшуларын қамтамасыз ететiн және бақылайтын қызметтермен және органдармен бiрлесiп әрекет ету;
      6) әуеайлақтағы және(немесе) жауапкершiлiк аймағындағы апатқа ұшыраған ӘК-ға көмек көрсету үшiн тиiстi қызметтердi дер кезiнде ақпараттандыру.
      251. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң бiлiмiне осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктiне рұқсат алу кезiнде:
      әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары;
      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;
      2) РДП, СДП, МДП, ШДП, ЖДП-ға рұқсат алу кезiнде:
      әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары және көзбен шолу құралдары;
      әуеайлақ ауданындағы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;
      3) АДП (АДО) немесе ЖДП-ға рұқсат алу кезiнде:
      әуеайлақтың бас жоспары және физикалық сипаттамалары;
      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының және әуе қозғалысы ағынының сипатты ерекшелiктерi;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс- қимылдар жоспары.

Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;


     Әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
     Ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
     Компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
     Авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      252. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң машықтарына (машықтануына) осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      Үмiткер бекiтiлген бағдарлама бойынша теориялық дайындық курсынан және ӘҚҚ диспетчерiнiң (нұсқаушысының) жетекшiлiгiмен машықтанудан жақсы өттi деп саналады, егер ол:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктiнде бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына қызмет көрсетудi кемінде 140 с жүзеге асырған болса;
      2) РДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 140 с жүзеге асырған болса;
      3) СДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 280 с жүзеге асырған болса;
      4) ЖДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 280 с жүзеге асырған болса;
      5) ШДП, МДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 430 с жүзеге асырған болса;
      6) ЖДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 430 с жүзеге асырған болса;
      7) ЖДП-дағы тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын кемінде 280 с қамтамасыз еткен болса;
      8) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 460 с жүзеге асырған болса;
      9) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын кемінде 280 с қамтамасыз еткен болса;
      10) диспетчер-нұсқаушының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде үш жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
      11) аға диспетчердiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, ӘҚҚ-ны бақылауды және ұйымдастыруды кемінде 310 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде үш жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
      12) ұшу басшысының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысына қызмет көрсетудi бақылау мен ұйымдастыруды кемінде 310 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде алты жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
      13) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерiне қатысты әуе қозғалысын жоспарлауды, бақылауды және үлестiрудi бөлiмшеде 300 с бойы қамтамасыз еткен болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi талап етiледi;
      14) ӘҚЖ БО-ның ауысым бастығының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысын жоспарлауды бақылау мен ұйымдастыруды кемінде 300 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде кемінде екi бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде бес жыл жұмыс өтiлi талап етiледi.
      253. Егер диспетчерде басқа санаттағы ӘҚҚ диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi немесе басқа бөлiмше бойынша тура осы бiлiктiлiк белгiсi бұрыннан болса, талаптар дәрежесi жоғарыда аталған талаптардан 30%-ға дейiн азаюы мүмкiн.
      254. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң шеберлiгiне осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      Үмiткер қауiпсiз, ретке келтiрiлген және жедел диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiн шешiм қабылдау және мiндеттердi орындау шеберлiгi мен қабiлетiн берiлетiн құқықтарға сай деңгейде көрсете бiлдi.
      255. ӘҚҚ диспетчерiнiң екi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) бiрге сұраған жағдайда, куәлiк беретiн өкiлеттi орган әрбiр бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты талаптарды анықтайды.
      256. Төменде көрсетiлген бiр немесе бiрнеше бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) қойылған ӘҚҚ диспетчерi куәлiгi иесiнiң құқықтары:
      1) брифинг диспетчерлiк пунктiнiң немесе әуеайлақ ауданындағы диспетчерлiк пункттiң (АДО) (РДП, СДП, МДП, ШДП) диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуеайлақта әуеайлақтық диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
      2) ЖДП диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – жақындау кезiнде (Approach) диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн диспетчерлiк органның құзырындағы осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде әуеайлаққа немесе әуеайлақтарға жақындау кезiнде диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
      3) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде радиолокаторды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
      4) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде стриптердi немесе графикалық бақылауды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында ұшулардың орындалуын қамтамасыз етедi және/немесе диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етудi бақылайды.

Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;


     Әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
     Ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
     Компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
     Авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      257. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi бiлiктiлiк белгiсiнде көзделген функцияларды 6 ай iшiнде жүзеге асырмаған жағдайда, бiлiктiлiк белгiсi күшiн жоғалтады. 

43. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторына қойылатын біліктілік талаптары.
      258. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторының куәлігін алу үшін үміткер 18 жастан үлкен болуы тиіс.
      259. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторының куәлігін алу үшін үміткер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) техникалық білімі болуы;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мынадай салаларда білімі болуы:
      Авиациялық фразелогия және радио алмасу ережесі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын және теңіз қондырғысында жұмыс орындауды реттейтін нормативтік актілерді;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ұшу ережелері және әуе навигациясының негіздері;
      авиациялық метеорологияның теориялық мәселелерін және авиацияны метео қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардың негізгі ережелері;
      радионавигациялық жабдық жұмысының негіздері мен қағидаттары;
      радионавигациялық жабдықтың тактика-техникалық сипаттамалары және авиациялық электр байланысының құралдары;
      қызмет көрсететін әуе кемелерінің негізгі деректері мен тактика-техникалық сипаттамалары;
      3) аттестатталған авиация станциясы операторының басшылық етуімен өтініш берудің алдында тікелей 6 ай ішінде кемінде 60 жұмыс күнінде теңіз қондырғысында табысты тағылымдамадан өту;
      4) әуе кемелерінің, басқа да ұшу аппараттарының ұшуын және теңіз қондырғысы ауданында әуе кеңістігінде материалдық объектілердің өзге де орын ауыстыруын бақылауды білу;
      5) метеорологиялық және орнитологиялық жағдайдың жай-күйін бақылауды және талдауды білу;
      6) әуе кемесі экипажын ұшуды қауіпсіз жоспарлау және орындау үшін, сондай-ақ теңіз қондырғысы бар әуе кемесінің қонуы мен ұшуы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете білу;
      7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде авариялық-құтқару қызметтерімен байланысты және өзара іс-қимылды қамтамасыз ете білу. Авария орнын, апат ауданын карта мен схема бойынша анықтай білу;
      8) теңіз қондырғысында орналасқан байланыс құралдарын, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді және радио сигнал беруді баптауды, тексеруді және басқаруды жүзеге асыруды білу;
      9) әуе кемесімен жолаушыны,багажды және жүкті тасымалдауға арналған құжаттарды рәсімдей білу;
      10) радио, телефон, факс, электрондық почта, Интернет жүйесі арқылы телеграммалар мен хабарларды қабылдауды және жіберуді білу;
      11) газ-өрт жабдығының жай-күйін тексеру бойынша машықтарды білу;
      12) теңіз жабдығы қозғалысының мониторингі бойынша жабдықтармен жұмыс машықтарын білу;
      13) ауа райы жағдайының мониторингі бойынша жабдықтармен жұмыс машықтарын білу;
      14) авиация станциясының операторы функциясын орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін игеру машығын білу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет