Түркістан облысының прокурорлары жұмыспен қамту саласындағы бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокуратура Жетісай ауданындағы Атамекен ауылының Жұмыспен қамту орталығы мен әкімдігінен 24 миллион теңгеден астам ақша жымқырылғанын анықтады. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері адамдарды жастар практикасы шеңберінде қоғамдық жұмыстарға жалған тіркеген. Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде ешбір қоғамдық жұмысты атқармаған, тіпті ол туралы білмеген болып шықты.

  • "258 миллион теңге жымқырған": Антикор Петропавлда ұсталған депутатқа қатысты түсініктеме берді
  • Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін жымқырған

Лауазымды тұлғалар заңсыз жұмысқа қабылдау туралы өкімдер шығарып, жалақыны ай сайын "Қазпочта" АҚ банктердегі шоттарына өз бетінше аударып, кейіннен басқа тұлғалардың қолма-қол ақшасына айналдырған.

Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат түрінде қоғамдық жұмыстарға тіркеген.

Облыс прокуратурасы материалдарды ақпараттық кітапқа тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін аумақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында жасаған заң бұзушылықтарын анықтағаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.