Автокөлік шинасын қайта өңдеу арқылы алынған резина ұнтағын жол құрылысында асфальтты бетон өндіруде қолданады. Қолдану нәтижесінде асфальт бетонның эксплутациялық қасиеті жақсарып, пайдалану мерзімі артады. Кілт сөздер



жүктеу 76.84 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі76.84 Kb.

УДК 666.969:25.8
Имангалиева А.У., студент

Сатаева С.С., х.ғ.к.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы, Қазақстан Республикасы
«РЕЗЕҢКЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖОЛ САЛУҒА АРНАЛҒАН АСФАЛЬТБЕТОН АЛУДА ҚОЛДАНУ»

Аннотация

Автокөлік шинасын қайта өңдеу арқылы алынған резина ұнтағын жол құрылысында асфальтты бетон өндіруде қолданады. Қолдану нәтижесінде асфальт бетонның эксплутациялық қасиеті жақсарып, пайдалану мерзімі артады.


Кілт сөздер: автокөлік шинасы, резеңке техникалық бұйым қалдығы.

Кез-келген мемлекеттің дамуы көлік жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Өйткені жол жоқ жерде қайнаған өмір де жоқ.

Қазақстан Республикасында тас жол арқылы қатынау кеңінен қолданылады. Алайда, қатынас саласында аса маңызға ие тас жолдың сапасы шетелдік жолдарға қарағанда әлдеқайда төмен. Өйткені, елімізде жол сапасын тексеретін мамандар мен заманауи технологиясы бар зертханалар тапшы. Ал шетелде тас жол жасаудың озық технологиялары және жол салуға қажетті сапалы материалдар қолданылады.

Сондықтан жолдың сапасын жоғарылату үшін сапалы және тиімді жол бетон қоспасын өндіру қажет. Ол үшін заманауи технологиялы жол бетон зауыттары мен жергілікті ресурстарды қолдану керек. Жергілікті ресурстарды қолданудың алғашқы қадамы – өңірдегі зиянды қалдықтарды қайта өңдеу арқылы өзге өндіріске шикізат ретінде кәдеге жарату. Сондай қадамдардың бірі - автокөлік шинасын қайта өңдеу арқылы алынған резина ұнтағын жол құрылысында асфальтты бетон өндіруде қолдану.

Негізінен Қазақстанның климаты континентальды, яғни температураның өзгеруі кең ауқымды алады. Мұндай өзгеріске дәстүрлі жолмен дайындалып жүрген асфальтты бетондар шыдамай, оларда түрлі деформациялар мен сызаттар пайда болады. Оны шешудің перспективті жолдарының бірі асфальтобетон құрамына түрлі қоспалар қосу арқылы оның структура-механикалық қажеттерін жақсартуға болады. Сондай модификаторлардың бірі резина ұнтағы. Соңғы жылдары резина ұнтағына сұраныс артып оның бағасы каучуктің бағасына пара - пар болып отыр. Сол себепті бүкіл дүние жүзінде мұндай ұнтақты ескі пайдалануы аяқталған резинадан дайындалған өнімдерді қайта өңдеу технологиялары қарастырылуда. Сонымен резина ұнтағын пайдаланған жағдайда асфальтобетонның термопластикалық қасиеттері жақсарады, ескірген, тау-тау болып үйіліп жатқан автомобиль дөңгелектері орнын табады, яғни аймақтың экологиялық жағдайы жақсарады .

Резина ұнтағын пайдаланудың екінші түрінде бұл ұнтақты асфальтты бетонның құрамындағы минералды қомпоненттермен бірге алдымен қыздырып, соңынан оған ыстық битум қосып араластырады. Бұлай дайындалған асфальтты бетон «құрғақ» деп аталады.

Алғашында минералды толықтырғыштармен резина ұнтағы белгілі бір температураға дейін араластырылып, оған ыстық битум қосылып, олар бірге 50-100 с араластырылады. Осы уақыт аралығында резина ұнтағы, битум малекулалары және минералды компоненттер арасында байланыс артады. Мысалы, 2% резина ұнтағын қосқанда битумның жұмсару температурасы екі есеге артады және дайындалған асфальтты бетон суыққа төзімділігі және серпімділігі өседі. Осы технологияны қолдану нәтижесінде резина ұнтағының макромалекулаларының деструкциясы болмайды, яғни жол жабыны эластикалық қасиеті жақсарады [1].

Сонымен резина ұнтағын пайдалану арқылы жол құрылысына қолданылатын асфальтты бетон қасиеті жақсарып, оны пайдалану мерзімі артады.




Сурет 1 – Резенке ұнтағы
Асфальтобетонды дайындауда өндіріс қалдығынан ұнтақтау арқылы алынған өлшемі 0-20 мм аралығындағы қиыршық тас пен құмы пайдаланылды. Мұнда да пайдалану орны табылмай тұрған химия өндірісі қалдығы - фосфор шағалын негізгі толықтырғыш ретінде қарастырылды. Оның негізгі физико-механикалық сипаттары төмендегідей: тығыздығы - 2,75г/см3; сығылуға беріктілігі - 80-100 МПа; су сіңіріштігі - 1-4%; суыққа төзімділігі - 50-75 цикль.

Төменгі кестеде резина қосылған битумның қасиетінің өзгеруі көрсетілген (кесте 1).


Кесте 1 - Резина ұнтағының битум қасиетіне әсері




Көрсеткіштері

Битумдағы резина ұнтағы, %

0

1,0

2,0

3,0

1

Жұмсару температурасы,°С

48

51

53

54

2

Қатаңдық температурасы,°С

-10

-23

-28

-30

3

Жұмсақтық аралығы

60

84

88

90

4

25° С иненің енуі тереңцігі

75

73

71

70

5

Созылу ұзындығы,см

99

97

94

90

Бұл еріген резина ұнтағы битум молекуласымен байланысып, жақсарған «асфальтен- смола- май» жүйесін құрайды. Оттегі құрамды топ (гидрооксильді және карбонильді) және басқа да смола құрамындағы функциональды топтар битумның беткі қабаттарының белсенділігін арттырады. Осының негізінде битумның барлық технологиялық қасиеттері жақсарады [2].

Битум- минерал композициясын алудағы ең бір негізгі технологиялық процесс-араластыру процесі. СТ РК бойынша битум- минерал қойыртпағын t =25° С пенетрациясы 40-130 қою жол битумын 140-160° С араластыру қажет. Битум мен минералды араластырудағы негізгі мақсат- битумның минерал ұнтағын тегіс және түгелдей жабуы. Төменгі температурада битум минерал ұнтағын түгелдей жаппайды, нәтижесінде минерал-битум композициясы-ның беріктілігі төмендейді, суға төзімділігі азаяды. Екінші жағынан, араластыру температурасы жоғары болған жағдайда битумның ескіруіне, яғни битум-минерал композициясының коррозияға төзімділігі азаяды және жарықшалануы артады.

Битум мен минерал ұнтағын араластырудың тиімді температурасын анықтау үшін маркасы БНД 60/90 мұнай битумын фосфор шлагынан дайындалған минерал ұнтағымен 100-200 °C аралығында араластырылды. Одан дайындалған үлгілерді стандартты жолмен зерттеп, негізгі қасиеттері анықталынды.

Резина ұнтағы қосылған асфальтты бетон қойыртпағын дайындау реті төмендегідей: Өлшенген фосфор шағалдары мен құмын асфальтты бетон дайындайтын машинаға салып 160-185°С дейін қыздырылды. Минерал ұнтағын алдын ала өлшеп, 90-105 °С қыздырып, араластырғышқа салынады. Резина ұнтағының қажетті мөлшерін өлшеп алғаннан кейін оны алдын ала қыздырылған битуммен қосып араластырылады. Сонан соң битуммен минералдарды араластырғышта 45-70 сағат араластырылады. Соңынан бұл дайын асфальтты бетон қойырытпағы 60 с «демалады». Асфальтты бетон қойырытпағын араластырғыштан шығарардағы температурасы 140-160 °С болуы тиіс. Арнайы дайындалған автосамосвалмен асфальтты бетон қойырытпағы құрылыс орнына жеткізіледі [3]. Осы әдіс бойынша алынған асфальтобетонның тығыздығы мен сусіңіргіштігі анықталды.

МЕМСТ-9128-2013 бойынша жол асфальтбетонның тығыздығын анықтау

Жол асфальтбетонның үлгісі алдымен ауада өлшенеді, содан кейін 30 мин. суға (tсу= 20 ± 20С) 20 мм жоғары деңгейде. Осыдан кейін жол асфальтбетон тығыздығын анықтау үшін суда өлшенеді (үлгіде ауа көпіршіктері болмау керек, одан алып жұмсақ матаға қойып қайта ауада өлшенеді). Үш үлгінің орташа тығыздығы есептеледі. Орташа тығыздық – табиғи жағдайдағы зат салмағының оның аумағына қатынасы, яғни заттың ішіндегі куыстары мен бос кеңістіктерін қоса алғандағы тығыздық г/см3 немесе кг/м3 есептеледі.

Сурет 2 – Жол асфальтбетондардың тығыздығын өлшеуге арналған

ПАБ-1 құрылғысы

Сынақ нәтижесін өндеу тәртібі.
Жол асфальтбетонның орташа тығыздығын анықтау формуласы:
gа = (m0 rв)/(m1 – m2), г/см3 
мұндағы m0 – үлгі массасы, ауада өлшенген, г;

m1 - үлгі массасы, 30 мин. суда ұстау және ауада өлшеу, г;

m2 - үлгі массасы, 30 мин. суда ұстау және суда өлшеу, г.

МЕМСТ-9128-2013 бойынша жол асфальтбетонның сусіңіргіштігін анықтау

Әдіс судың % көрсеткіші, сусіңіргіштік белгілі біртәртіпке байланысты үлгі шайылады. Үш үлгі ауада өлшенеді, содан кейін 30 мин. суға (tсу=20±20С) салады, ауада қайта өлшенеді. Үлгі сулы ыдысқа орналастырылады және 2000 Па қысымда бір сағатқа қойылады. Осыдан кейін қалыпты жағдайда 30 мин. матамен сүртіп, қайтадан өлшенеді.

Сурет 3 – Жол асфальтбетонның сусіңіргіштігін анықтауға арналған құрылғы

Сынақ нәтижесін өндеу тәртібі.

Жол асфальтбетонның сусіңіргіштігін анықтау формуласы:
W = (m3-m0)/(m2 – m1)*100, %
мұндағы W-көлем бойынша судың сіңірілуі, % ;

m0 – ауадағы құрғақ үлгі массасы, г;

m1- 30 мин. суда ұсталған үлгінің үлгі массасы және ауада өлшеу, г;

m2- 30 минут суда ұсталған үлгінің үлгі массасы және суда өлшеу, г;



m3- су қаныққан үлгінің массасы, г.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Баженов, Ю.М. Технология бетона, строительных изделий и конструкций / Ю.М. Баженов, Л.А. Алимов. - М.: Изд-во АСВ, 2004. - 360 с.

  2. Иванов, Ф.М. Цементный бетон. Популярная техническая библиотечка рабочего дорожника / Ф.М. Иванов. - М.: Автотрансиздат,1987. – 213 с.

  3. Полякова, С.К. Важная роль вяжущих материалов. Автомобильные дороги / С.К. Полякова, - М. : Стройиздат, 2014. – 256 с.

Каталог: uploads -> konspekt -> himiya
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
konspekt -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
konspekt -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
konspekt -> Эволюциялық ілім
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
himiya -> Химия еліне саяхат
himiya -> Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет