Метеорологтар 21 қаңтарда Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет iStock

Болжам бойынша, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды ​​және Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Бұл қалаларда ауа-райы салдарынан атмосферада ластаушы заттар жиналады.

Метеорологтар 21 қаңтарда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын да ұсынды.

  • Ертістің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Абай облысындағы елді мекендерді су басу қаупі төнді
  • Жапония Айға кемесін қондырған бесінші ел болды

 

"Бұрынғыдай республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Мұнда қар, көктайғақ және бұрқасын болады, тұман және желдің күшеюі күтіледі", — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол жабылғанын хабарлаған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.