Аягґз ауданыныѕ 2009 жылдыѕ I тоќсанына јлеументтік – экономикалыќ дамуыныѕ ќортындылары



жүктеу 133.3 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі133.3 Kb.


Абай ауданының 2010 жылғы екінші тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық

даму көрсеткіштері туралы.


  1. ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтар – маусым айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 176092,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрайды. Былтырғы жылы осы мерзімде аудан көлемінде 173993,0 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 8757,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 143,7 пайыз құрайды, былтыр 6095,0 мың теңгенің өнімі өндірілген.

Қосалқы кәсіпорындар жыл басынан 9814,0 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 94,5 пайызға азайған. Былтырғы жылы 10377,0 мың теңгенің өнімі өндірілді.



  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аудан бойынша 2010 жылдың 2-тоқсандағы атқарылған жұмыстары бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 2860,1 тонна, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрап отыр, сүт-8115,4 тонна былтырғы жылмен 100,3 пайыз, жұмыртқа – 343 мың 900 дана 96,1 пайыз.

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің кемігені байқалады. Қыстың қатты және су тасқыны болғандықтан биылғы жылы мал басы және өнімдері аздап шығынға түсті. Қой, ешкі малы 365190 бас, немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 93,3 пайызды құрады, мүйізді ірі қара 48246 бас немесе 98,7 пайыз, жылқы 19689 бас немесе 102,7 пайыз.

Биылғы жылы Ауылшаруашылығы саласының өзгерістеріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы №1907 қаулысымен бекітілген ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне берілген. Аудан әкімінің 25.01.2010 жылғы № 164 санды қаулысымен ШҚО Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің атауы мен құрылымы өзгеруіне байланысты ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ болып қайтадан қаңтар айында әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Бүгінде ауылшаруашылығы және ветеринария бөліміне 027 бағдарлама бойынша 2-малдәрігерлік маман, 9-ауылдық округтерге 9-ауылдық малдәрігерлік штаты беріліп отыр. Кәзіргі уақытта аумақтық инспекциядан 3-малдәрігері ауысу тәтібімен Кенгірбай би, Қасқабұлақ, Тоқтамыс ауылдық округтеріне ауысып келіп жұмыстарын атқаруда. Қалған 6-округке ауылшаруашылық бөліміне-2 жиыны-8 малдәрігерлік штатына конкурс жарияланды. Абай ауылдық газетіне берілді.

Республикалық бюджет есебінен 026 бағдарлама бойынша «эпизоотияға қарсы» ауданға 55,04 мың тенге қаражат бөлініп, 9 ауылдық округке 10 лот бойынша кәсіпкер малдәрігерлері жеңімпаз атанып, 11.05.2010 ж. келісім шартқа отырып, малдәрігерлік-профилактикалық шараларды жоспар бойынша атқарып келеді.

Қажетті малдәрігерлік анықтама 2000 дана барлық ауылдық округ малдәрігерлерінің қолына таратылып берілді. Малдәрігерлік мөрі, мөр таңбалары жасалынды.

Аудан бойынша бүгінгі күнге Қарауыл, Көкбай, Саржал, Архат, Медеу, Тоқтамыс, ауылында мал соятын алаңдар рұқсатын алды, жұмыс жасап тұр. Қасқабұлақ ауылы, Кеңгірбай би, Құндызды ауылдары жабдықтау жұмыстарын аяқтады ашуға рұқсат алғалы отыр.

Аудан бойынша малдың жұқпалы ауруларына қарсы егу жоспар бойынша атқарылуда. Бүгінгі күнге 143226 бас қой малы, жылқы малынан 433 бас, Күзет иттерінен 321 ит бруцеллез ауруына тексеріліп, аурудан таза. Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі Семей қаласының «Семей ет комбинаты ЖШС»-не 26 мамырда меморандум келісім шартқа отырып, 269 бас тірідей ет комбинатына өтті.

Мүйізді ірі қара малынан Сібір жарасы ауруына қарсы 34600 бас, Аусыл ауруына қарсы 37000 бас егілді. Туберкулез ауруына 32000 бас мүйізді ірі қара, 100 бас түйе, жылқының Маңқа (Сап) ауруына қарсы 5500 бас тексеріліп ауырған малдар жоқ. Сібір жарасы ауруына қарсы жылқы малынан 10800 бас, 30 бас түйе, Оба ауруына қарсы 90 бас түйе егілді.

Қой малынан сібір жарасына 212500 бас, Аусыл ауруына 124000 бас, эктима ауруына 11000 бас егілді.

500 ит құтырма ауруына қарсы егіліп, 3500 ит эхинококкоз ауруына қарсы дәріленді. Республикалық бюджет есебінен бөлінген биопрепараттар 2010 жылдың 6- айына жоспар бойынша бөлінген.

9 ауылдық округке қаңғыбас иттерді жоюға жыл басынан 820,0 мың теңге қаражат бөлініп, 1398 ит, 131 мысық жойылды.

Биылғы жылы аудан бойынша 8 округке 400 мың теңгеден типтік мал қорымдарын салуға 3 млн. 200 мың теңге және эпизоотияға қарсы 2 млн. 250 мың тенге қаржы қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Қарауыл ауылында типтік мал қорымы 2009 жылы салынған. Алдағы уақытта малдәрігерлік-профилактикалық іс-шаралар өз уақытында атқарыла береді.

Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны



Малдың басы



Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны







  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.

Аудан бойынша 2010 жылдың қаңтар-маусым айларында аудандық көлікпен 9545 тонна жүк тасымалданған. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

Аудан бойынша төмендегідей жолаушы тасымалдау бағыттары бар:

Бірінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ-Қарауыл, бұл бағыт бойынша шетел автобустары қатынайды, автобустың сыйымдылығы 50 орын.

Екінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ-Қарауыл-Кенгірбай би-Көкбай- Құндызды бағыты бойынша ГАЗель микроавтобусы қатынайды, сыйымдылығы 15 орын.

Үшінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ бағыты бойынша ПАЗ автобусы қатынайды, автобус сыймдылығы 26 орын.

Ауданда бүгінгі күні 2262 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 22 нүктесі жеке кәсіпкерлер, 189 мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2014 жеке тұрғындардікі.


  1. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2010-2011 жылдардағы қысқы от жағу маусымына бекітілген іс-шаралар жүзеге асырылып, аудан бойынша:

12 жылу қазандығы;

17 білім саласы мекемелері;

8 денсаулық сақтау нысандары: дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеп жатыр.

56,2 шақырымдық 6 елді мекендеріндегі су құбырлары: (Қарауыл, Кеңгірбай би, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды), 11 су скважиналары әзірленіп, халыққа қызмет көрсетуде.

Мектептер, денсаулық сақтау объектілері, басқа да мекемелер мен кәсіпорындарда көмірге тендер өткізіліп жатыр.

Аудан бойынша 2009-2010 жылдардағы қысқы от жағу маусымына 25581 тонна көмір жұмсалса, 2010-2011 жылдарға шамамен 25733 тонна көмір қажет. Оның ішінде 15000 тоннасы отты өз үйлеріндегі жеке пеш арқылы жағатын тұрғындарға, 4083 тонна көмір жергілікті бюджеттік мекемелерге, 800 тоннасы денсаулық сақтау мекемелеріне және қалған 5850 тонна басқа мекемелер мен кәсіпорындарға түсіріледі. Көмірдің 1 тоннасының бағасы бюджеттік мекемелерге 3302-4900 теңге болып келісілсе, халық жеке тасымалдаушылар арқылы түсірді, көмірдің 1 тоннасы 4600-6500 теңгені құрады .

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық деңгейдегі жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық деңгейдегі жолдар.

Қара жиекті жамылғы – 272 шақырым, қиыршық тасты жамылғы – 21 шақырым.

Қара жиекті, қиыршық тасты жамылғымен – 79,91 шақырым.

Аудан бойынша 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бағытында 2008 жылы екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы жалпы 254,7 шаршы метр берілді. Мемлекеттік қабылдау комиссия желтоқсан айында болды. Аудан бойынша құрылыс нысандарын жүргізу үшін 13 жер учаскелері бөлінді.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға мемлекет тарапынан жаңа ұй салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарауыл ауылына 2 пәтерлі 3 үй, Кеңгірбай би ауылына 1 пәтерлі 1 үй, Құндызды ауылына 2 пәтерлі 1 үй, Архат ауылына 1 пәтерлі 1 үй салынуда. Құрылыстың жалпы құны 54610,0 мың теңге, көлемі 966,6 шаршы/метр. Құрылысты жүргізуші мердігер «Тайлан» ЖШС.


5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 920 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 8945,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1811 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 575 шаруа қожалығы тіркеліп, 1533 адам жұмыс атқарады және 2684,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 149 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 3821,0 мың теңге. 175 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1100,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 21 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 196 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 1340,0 мың теңге.




  1. БАҒАЛАР

Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. «Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші» деп Жолдауда көрсетілгендей әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде біріңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етіледі және оны «Бизнестің жол картасы-2020» деп аталады. Ауданда өңірлік бағдарламаның орындалу барысы бойынша сарапшылық топ аудан әкімдігінің 19.01.2010 жылғы №158 қаулысымен құрылып жұмыс жасауда.



Бүгінгі күні жыл басымен салыстырғанда негізгі тұтыну тауарларының бағасына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша сүт, қант, көкөністер қымбаттап, ұн, күріш арзандаған. Бүгінгі күні нанның бағасы 40 теңге. Тауарлардың қымбаттауы, негізгі тұтыну тауарларын алатын Семей қаласының көтерме сауда орталықтарындағы бағаға және де қазіргі уақыттағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр.

Тағамдардың бағасы


Р\с

Тағамның атауы

өлшем бірлігі


бағалары


2004ж

2005ж

2008 ж

2009 ж

2010ж

1

Нан

Дана

35

35

39

40

40

2

Ұн

Кг

37

39

60

58

38

3

Шәй

қорап

120

120

250

250

250

4

Сүт

Литр

30

30

80

80

60

5

Ет

Кг

300

400

450

450

450

6

Қант

Кг

85

85

125

140

170

7

Сары май

Кг

300

300

450

450

430

8

Өсімдік майы

Литр

130

130

252

200

220

9

Картоп

Кг

35

35

86

90

47

10

Пияз

Кг

35

35

79

90

48



7. БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2010 жылға бюджет кірісі 1 197 419,0 мың теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 1047336,0 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 150 083,0 мың теңге болып жоспарланды.

2010 жылдың 6 айында бюджеттің кіріс бөлігі 745993,3 мың теңгеге жоспарланып, ол 750251,7 мың теңгеге, 100,6 пайыз болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 6 айда 751177,4 мың теңгеге жоспарланып, 730713,9 мың теңгеге орындалды, 97,3 пайыз болды. Жергілікті бюджет кірісі 6 айда 62200,0 мың теңгеге жоспарланып 66458,4 мың теңгеге орындалды, немесе 106,8 пайызды құрады.



6 айдағы аудан бюджеті, %






  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА

Компенсация оплаты коммунальных услуг, в размере 5 и 2-х тысяч тенге, участникам и инвалидам ВОВ получали 23 человек в сумме 345,0 тыс. тенге и лицам, приравненным к ним получали 320 человек,в сумме 2062,0 тыс тенге.


01.07. 2010 жылға 105 отбасыға және 373 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 3323,0 мың теңге тағайындалып, 3921,9 мың теңге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2088 балаға 14171,0 мың теңге толенді. Тұрғын үй жәрдемақысы 279 жанұяға 4922,0 мың теңге төленді.

«УБА» шипа жайына 18 зейнеткер адам демалып қайтты.

Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 23 адамға, 690,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер,яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 319 адамға, 3334,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған 391 анаға 3910,0 мың тенге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы аналарға 250 анаға 2500,0 мың теңге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 414 адамға 1400,0 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 3020,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. 2007 жылға Семей медициналық академиясына 2-бала, Семей педагогикалық институтына 2-бала. 2008 жылға Семей медициналық академиясына 2 бала Семей педагогикалық иниститутына 3-бала 2009 жылға Семей медициналық академиясына 1-бала, Семей педагогикалық институтына 5-бала.

01.07. 2010 жылға 63 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайыз.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу 118 адам жіберіліп, 5275,0 мың теңге төленді.

Кәсіптік білім беру және қайта даярлыққтан өткізуде Семей қаласындағы «Болашақ» кәсіптік мектебімен, «Семей құрылыс» колледжімен келісім шарт жасалып жұмыссыз азаматтар оқытылуда. Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында оператор, дәнекерлеуші, слесар-сантехник, азпазшы, сылақшы, электромонтер мамандықтарына жиыны 44 адам оқуға жіберілді, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 28 адам. Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 7 жұмыссыз жастар «Жол картасы» бойынша жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 аз қамтамасыз етілген жұмыссыз адамдар жіберілді.

01.07. 2010 жылға жиыны 169 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздық деңгейі




  1. БІЛІМ

Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп (150 оқушы) жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 2834 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі болып отыр. Сыныптар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.

Абай ауданы мектептерінде 426 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 372, арнаулы орта – 52, орта білімді – 2. Мұғалімдердің біліктілігін жоғарлатуда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 17 мұғалім жоғары санатқа өткізіліп, облысқа бекітуге ұсынылды. 9 мұғалім өз санатын қайта қорғады. Жоғары санат бойынша 49 мұғалім өз біліктілігін қорғаса, 41 мұғалім жаңадан 1 санатқа өтті. Сондай-ақ мектептер бойынша 76 мұғалім 2 санатқа өтіп, жиыны 206 мұғалім аттестациядан өтті.

Биылғы ҰБТ-е аудан бойынша мектепті тәмәмдаған 141 оқушының 46-сы – 100-ден жоғары балл жинады. 14 түлек «Алтын белгіге» ұсынылып, оның 11-і осы белгіні қорғап шықты, 3 үздік аттестат иегері бар. Өткен жылы білім деңгейі бойынша 6-шы орынды иеленсе, биыл 2-ші орынға көтерілді. Өткен оқу жылында орташа балл 72,5 болса, биыл 92 балл.

Биылғы жылы Жол картасы аясында білім бөлімі бойынша 5 жоба іске асылылады деп жоспарлануда. Бұл жобаларға 130551,0 мың теңге жұмсалады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 83042,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 47509,0 мың теңге. Жобаға 120 адам жұмысқа тартылмақшы.


10. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек 1 медицина бірлестігімен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 2 медициналық пунктімен, 2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады. ШҚО Әкімінің шешімімен аудандық медицина бірлестігі құрылған.

Ауданда 42 жоғары білімді дәрігер, оның 27 квалификациялық категориясы бар–64,2%, орта буын медицина қызметкерлері–84, оның 46,4%-ында квалификациялық категория бар.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 26,1 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 51,0 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

Медициналық қызметке жылдық мемлекеттік тапсырыс алынған стационарлық көмекті «АИС – стационар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ауру түрлеріне байланысты орталықтандырылған емдеу протоколдары тағайындалған.

Аудандық емханада стационарға жатқызу бюросы ашылып науқастардың қалаған емдеу мекемесінде стационарлық емделуіне кезек күттірмей берілген уақытта жатуына мүмкіндік туды. Аудандық медицина бірлестігі бойынша дәрі – дәрмек алуға СК «Фармациямен» келісім – шарт жасалды. Алайда бүгінгі күнге тапсырыс алушылар тарапынан дәріні уақытында жеткізбеу фактілері орын алып отыр. Сол себепті стационарда емделіп жатқан ауруларды толықтай дәрімен қамту мүмкін болмай отыр. 2010 жылдың І тоқсанында облыстық Денсаулық Сақтау басқармасының рұқсатымен біршама дәрілер тұрақталған бағамен сатып алынды. Осындай қиындықтарға қарамастан медицина бірлестігі бойынша шұғыл медициналық көмекке т.б. жағдайларда дәрі – дәрмекпен қамтылып отыр. Биылғы қыстың ауырлығы ұзақ уақыт тұрған қатты аяз бен жолдың болмауы, су тасқыны медицина қызметкерлеріне де оңай болған жоқ. Аудандық медицина бірлестігінде жедел – жәрдем бригадасы тағайындалған. Елді мекендерде, қыстақтарға шұғыл шақыртулар дәрігерлермен атқарылды. Оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер болған жоқ. Ауданда төтенше жағдай орын алған кезде медицина қызметкерлеріне жергілікті әкімшіліктен үлкен көмек болды (ГСМ, көмір, жолдарды тазалауға транспорт т.б.).

2010 жылдың наурыз айынан бастап кейбір тегін берілетін дәрілер келе бастады (қант диабеті, бронхиалды астма, жүйке ауруларына, 1 жасқа дейінгі балалар тамағы, ана мен бала қобдишасы).

ҚР Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2131 санды Қаулысына сәйкес «Бақанас» медициналық пункті жабылды. Халық саны – 24 адам, бұл елді мекеннің медициналық көмек жайы Көкбай дәрігерлік амбулаториясына жүктелді. Фельдшердің штаты Көкбай дәрігерлік амбулаториясына қаратылды. Бұл жұмыс аудан және ауыл әкімінің кеңесшісі бойынша жасалды.

Дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін көтеру мақсатында 2010 – 2013 жылдарда бюджеттік қаржы арқылы оқытуға сұраныс жасалды. 2010 жылы медициналық құрал – жабдықтар алынғаны «Алкотест» жедел – жәрдем бөлімінде қолданысқа берілді.



Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері медициналық байқаудан өткізілді. 1 ардагер Москвадағы әскери шеруге қатысуға дайындалып жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына аптасына соғыс ардагерлері жөнінде мағлұмат беріліп тұрады.
11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері ауданда 25 қылмыс тіркеліп, 75 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 2 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 4 қылмыстық іс тіркеліп, 75,0 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар тарапынан қылмыстық іс тіркелген жоқ.

12. ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер: ауданда халық санының азаюы байқалады. 2009 жылдың 6 айында туған бала саны –93, қайтыс болғандар саны – 56 адам, табиғи өсім +37 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 361 адам, ал кеткені - 299 адам. Көші-қон сальдосы +62 адам. Аудан бойынша 01.07.2010 жылға халық саны – 15809 адам.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы: Б.Б.Тәттібеков


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет