Аяз атаның жаңа жылдық ботқасы



жүктеу 53.08 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі53.08 Kb.

№5 «Қуаныш» бала бақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ертеңгілік

«Төрлет, Жаңа жыл Жаңа жыл!»


Өткізгендер: Ергалиева К.Б.

Кабдушева Ж.Б.

(22.12.2017)

2017-2018 оқу жылы



«Төрлет, Жаңа жыл Жаңа жыл !»
Жаңа жылдық музыка әуенімен балалар залға кіреді

Жүргізуші:

Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,

Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды,

Мен келдім есіктерді ашыңдар деп,

Жаңа жыл күллі ілемге жар салады.

Ән: «Жаңа жыл мереке»

Мерекелік тақпақтар: (Аяжан,Айбек, А.Айлин,Алиби,Матвей.)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! (Балалар тыңдаңдаршы есікті біреу тарсылдатып тұр.Бұл не(кім) екен?)

Жүргізуші:

Жаңа жылым жол болсын.

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет,төрлет жаңа жыл.

Бізге құтты жыл болсын.

Жаңа ит жылы келеді.

(Музыка әуенімен жаңа ит жылы кіреді. Балалар орындарынан тұрып жаңа ит жылын қарсы алады.)

Жаңа жылда алдағы.

Көңіл өсіп кеңейсін,

Ортақ ойы арманы.

Жақсы дәстүр көбейсін,

Оқ атпасын ешкімде.

Өмір деген тымыстық,

Жұмыр жердің үстінде.

Бұзылмасын тыныштық. (Құттықтау сөз)



Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Жаңа жыл !

Жаңа жыл бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

(Балалар орындарына отырады .)

Қараңдаршы, балалар, шыршада қандай әсем қоңырау ілініп тұр !

Қанекей, қоңырау соғайықшы !

Қоңырау соғылады, сырттан «Ау,-у ! Ау,-у ! бара жатырмын» деген дауыс естіледі»

Балалар ! Сендер естимісіндер? Біреу біздің мерекеге асығып келе жатқан сияқты ! Онымен бірге ойнайықшы !

Біз сиқырлы көрпенің астына тығылып қалайық, олар бізді қайда тығылғанынымызды табар ма екен? (Балалардын үстіне көрпе жабады.

Залға Ақшақар кіреді.)

Ақшақар: Мен бала-бақшаға балаларға келе жатқанмын. Мен өзі қайда келдім ? Ешкім де жоқ екен ! Қызық ! О», мынау бір төмпешік қозғалып жатыр ғой ! Мүмкін бұл жерде балалар бар шығар ? (Балалар көрпенін астынан: «Мяу-мяу» деген дауыс білдіреді.)

Жоқ, бұл жерде балалар емес, мысықтар бар сияқты ! Қой, мен оданда басқа жерден барып іздейін ! (шыршанын артына кетеді) Балалар басқа орынға ауысады, жүргізуші олардын үстіне көрпе жабады.) Менің ойымша, бұл жерде біреу бар секілді.

Мүмкін, балалар мына жерде болар ? (балалар көрпенін астынан: «Гав-гав» деген дауыс шығарады.) Жоқ, бұл жерде де балалар емес, күшіктер бар секілді. Ары барып басқа жерден іздейін! (балалар басқа жерге ауысады, жүргізуші олардын үстіне көрпе жабады.)

Мүмкін, мына арада балалар болар. (Көрпенін астына қарайды да, балаларды тауып алады.) Ах, сендер мында екенсіндер ғой, балалар! Сәлеметсіндер ме!



Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ақшақар! Біз сені көргенімізге өте қуаныштымыз! Біздің балаларымыздың тақпақтарын билерін тамашалаңыз.

Тақпақтар: (Назерке,Дильназ,Айя,Арыстан,Дастан,Алдияр)

Ақшақар: Мен де сендерді көргеніме қуаныштымын! Мында қандай тамаша! Шыршаларын да әдемі екен! Ал, шыршанын шамдары неге жанбайды? Шыршаға қатты айтайық: Бір , екі, үш – шыршамыз жан! Балалар: Бір , екі, үш – шыршамыз жан! (шыршамыз жанады.)

Сендермен, әрине, би билеймін балалар, сендерді жақсы көремін!



Жүргізуші:

Әуеледі әніміз,

Жаңа кірді сәніміз.

Ақшақарды ортаға алып,

Би билейік бәріміз.

Би: «Ұлпалар»

Жүргізуші:

Ал балалар біздің мерекемізге кім жетіспейді. (Аяз ата)



Ақшақар: Әрине! Аяз Атаны шақырайық! (Барлығы Аяз Атаны шақырады. Залға Аяз Ата кіреді.)

Аяз Ата: Армысындар, айналайындар! Аяулы әсем балалар! Сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін? ! Жаңа жыл құтты болсын! Бақыт, шаттық орнасын! Бірге ән салып, би билейік, Жаңа жыл шыршасында бәріміз қөңіл көтерейік!

Жүргізуші: Аяз Ата! Кешімізге келіп, ойын ойнап. өнерімізді тамашалап, көңіліңізді көтеріңіз.( Балалардың орындауында,)

Би: «Топ-топ балақан»

Тақпақтар: (Мансур,Рауан,Жансая,С.Айым,Ясмин,Мерей)

Ән: «Сәлеметсіз бе, Аяз ата!»

Ойын: «Аяз атаның сиқыры»

Шарты: Музыка ойнағанда балалар қимылдар жасайды.

Балалармен ойнаймын! Сиқырлауды бастаймын: Барлығын қоянға айналдырып – билеуге рұқсат жасаймын! (балалар шыршанын жанында қояндар сияқты секіре бастайды)

Балалармен ойнаймын! Сиқырлауды бастаймын:

Барлығын аюға айналдырып - айналуға рұқсат жасаймын. (балалар шыршанын жанында жүріп, аюлар сияқты қорбаңдай бастайды.)

Балалармен ойнаймын! Сиқырлауды бастаймын:

Құстарға айналдырып ұшуға рұқсат жасаймын (құстар сияқты ұшады.)

Балалармен ойнаймын! Сиқырлауды бастаймын: Барлығын қарға айналдырып – айналуға рұқсат жасаймын! (айналады)

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр далам

Ақ дастархан жапқандай

Шыршамыз тұр жарасып

Жұлдызы бар жарқырандай

Ән: «Шырша»

Мерекелік тақпақтар: (Т.Айлин,Асанали,Арғын,Қарлығаш,Айлана,Т.Айым)

Аяз Атаның тосын сыйы:

Сендер қандай жақсы балаларсындар! Мен сендерге қарыздар болмаймын! Сендерге Аяз Атаның ботқасын беремін! Ботқаны жақсы көресіңдер ме? (Балалардың жауаптары.) Менің қазаным қайда?



Ақшақар: Міне ол, Ата! (Қазанды шығарып, кішкентай үстелге қояды.)

Аяз Ата (Қазанды кәкпір мен араластырып): Мен оны аздап сиқырлайын, ақ мамық қардан үрлейін (үрлейді), мұздан да салып қосайын (әйнектерді салады), Аязбенен ажарлансын. Ботқамыз тәтті піссін! (қазанның ішіне қарайды.) - Нағыз дәмді ботқа! Қанекей, балалар, маған көмектесіндерші! Ботқамыз қармен ажарланбай тұр! Сендер маған қар әкеліп берсендер, мен сиқырлы ботқамды пісіре берер едім!

(Ақшақар айналаға қарды шашады, балалар Аяз атаның қазанына қарды салады, Аяз Ата білдіртпей балонынан қазанның жанына «Қар» көбігін жібереді.)

Ух, қалай қайнап жатыр, Қар жан-жағына ұшып жатыр.

Ақшақар (Қазанның ішіне қарайды): Ботқам пісіп қалды қараңдаршы !

(Қазаннан сыйлықты қөтереді.)



Аяз Ата: Ия-я! Жаңа жылда бәрі де болады! Қысқы қар сыйлыққа айналады! Тезірек орындарына отырындар, меннен сыйлық алыңдар! (Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтарды таратады.) Келіңдер, көріңдер. Аяз Атаны естеріңе түсіріңдер! (Барлығына сыйлықтарды таратқаннан кейін.) Бәрінде сыйлық алдыңдар ма? Ешкім сыйлықсыз қалмады ма? Бүгінгі біздің ботқамызға көңілдеріңіз толды ма? (балалар: Ия!)

Қоштасатын сәт келді, қимаймын мен сендерді!



Ақшақар:

Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп Жаңа жыл,

Құтты болсын, Жаңа жыл достарым!

Аяз Ата :

Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұр!

Құтты болсын!

Құтты болсын! Жаңа жыл!



Аяз Атамен, Ақшақар: Барлығы: Құтты болсын, Жаңа жыл!

Сау болыңдар, балалар!

(Залдан шығады)

Жүргізуші:

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Бақыт ,шаттық орнасын!



Жаңа жыл құтты болсын!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар,осымен біздің «Төрлет,Жаңа жыл,Жаңа жыл!»атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Келгендеріңізге рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет