«Аяз би» ертегісі



жүктеу 20.16 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі20.16 Kb.
түріСабақ

«Аяз би» ертегісі

(5-сынып)
Сабақтың мақсаты:

Білімділік – оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау, бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету. Аяз би өмірі жайлы қосымша мәліметтермен таныстыру.

Тәрбиелік – жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, сөз қадірін түсінуге, адамгершілікке, адал да әділ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын дамыту, сөйлеу тілі мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту.

Түрі: қорытынды, жүйелеу, талдау сабағы.

Типі: бекіту.

Әдіс-тәсілдері: салыстыру, талдау, жүйелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларға бір-бірін ертегі кейіпкерлеріне теңеу арқылы жақсы қасиеттерін айту.

Мысалы: сен Ер Төстік сияқты батырсың, сен Кенжекей сияқты ақылдысың.

II. «Бәйге» ойын стратегиясы. /диалог/



(Ертегі желісі бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді)

Мысалы:


-Ертеде кім деген хан болыпты?

- Ханның неше уәзірі болыпты?

- Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті? т.б.

III. Түсіну. /топпен жұмыс/

Ертегі мазмұнына сай құрылған жоспар тараулары араластырылп жіберіледі. Оқушылар жоспар тарауларын дұрыс орналастырып, топтан бір оқушы қорғап айтады.

IV. Сахналық көрініс. /жұптық жұмыс/

Ертегі мәтінінен үзінді беріледі. Сол мәтін бойынша оқушылар өздері кейіпкерлерге бөлініп, сахналық көрініс көрсетеді.

1-көрініс.Мадан хан мен Жаманның диалогы. Жаманның ханды сынауы. Оның жеті атасында хандық жоқ екендігі, қарадан туып хан болуы. Анасын шақыртып, анасы шындықты айтуы. Жаман мадан ханның наубайшының баласы екенін қайдан білді?

2-көрініс.Қойшы шал мен Мадан ханның диалогы.

Мадан ханның қойшы шалмен кездесіп. сұрақ қойғаны.

«Таудың басын қырау шалғаны мен етегін қырау шалғаны, тау басынан бұлақ аққалы неше жыл болды, жатқанда екеуміз, тұрғанда төртеуміз» дегені не?
V. Шығармашылық жұмыс. /деңгейлік тапсырма/

1. Кітаптан ертегі мәтінінде кездескен мақал-мәтелдерді тауып жазып,

мән-мағынасын ашып түсіндіру.

2. Мадан ханның жақсы қаиетін жазу. Себебін айтып түсіндіру.

3. Мадан ханның жаман қасиетін жазу. Себебін айтып түсіндіру.

4. Аяз биге бес жолды өлең жазу.

5. Дискуссиялық карта. Берілген кестені толтыру. Қорғап айту.

VI. «Топтастыру» стратегиясы бойынша ертегінің тәрбиелік мәнін ашу.











Бағалау.

Үйге тапсырма: «Менің ертегіден алған әсерім» эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет