Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: astanatv.kz

Салдарынан іштегі бала шетінеді. Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған.

Сұмдық оқиғадан жүкті әйел есін жоғалтып алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Аяғының ауыр болғанын ғана біледі.

“Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз болды. Мен көтергеннен бастап қыз болды. Сосын атында қойғымыз келді”, – дейді жәбірленуші Гүлмерей Қарсыбаева. 

Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ нәресте өлі туылды.

“Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді”, – деді Павлодар қалалық №1 аурухананың дәрігері Дәурен Сафиулла. 

Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.

“Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынды. Күдікті есірткіге мас күйінде үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салғаны анықталды. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды”, – деді қалалық полиция басқармасының оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Салатов. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.