Қазақ әдебиеті, 5-сынып



жүктеу 31.15 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі31.15 Kb.

Қазақ әдебиеті, 5-сынып
1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 9 Д) 3 Е) 1



2. Ауыз әдебиетінің авторы.

А) Алдар Көсе В) халық С) Асан қайғы Д) Қожанасыр Е) Абай



3. Ауыз әдебиетінің түрін тап.

А) әңгіме, роман В) ертегі, жұмбақ С) роман, повесть Д) баллада Е) әңгіме



4. Тұрмыс-салт жырларының түрі.

А) жаңылтпаш В) мақал С) мәтел Д) наурыз жырлары Е) ертегі



5. Мақалдың көлемі қандай болады?

А) ұзын В) астарлы С) шағын Д) бес жолды Е) өлең түрінде



6. Бекторы, Кенжекей қай ертегінің кейіпкерлері?

А) «Аяз би» В) «Жаңа достар» С) «Ақсақ киік» Д) «Ер Төстік» Е) «Сырттандар»



7. Кемпір: - Тұрсам отыра алмаймын,отырсам тұра алмаймын, шырағым, әперуге әлім жоқ, нашар адаммын,- деп мүләйімсиді.

Үзінді қай шығармадан алынған?

А) «Сырттандар» В) «Жерұйықты іздеген Асан қайғы» С) «Аяз би»

Д) «Жошы хан» Е) «Ер Төстік»

8. Жаман: - Жоқ, тақсыр, кешегі күні, «Жаман кісі керек» дегенде ат артына салып келген Жаман едім, бүгін таққа отырмаймын. Сіздің көлеңкеңізде жүрсем де жарар. Тағыңызға өзіңіз отырыңыз,- деп болмайды.

Үзінді қай шығармадан алынған? Кімнің сөзі?

А) «Ер Төстік», Төстік В) «Сырттандар», жігіт С) «Аяз би», Мадан

Д) «Аяз би», Жаман Е) «Ер Төстік», Бапы хан

9. Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.

- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын!- деп бақырып қоя беріпті бала.

Үзінді қай ертегіден алынған?

А) «Ер Төстік» В) «Аяз би» С) «Сырттандар» Д) «Керқұла атты Кендебай»

Е) «Кетбұғаның естіртуі»

10. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін не дейміз?

А) кейіпкер В) пейзаж С) лирика Д) аллитерация Е) ассонанс



11. «Шаң жақындаған сайын кербестінің шабысы да ширады. Осылай шаңды ертумен тағы екі күн шапты. Бір мезгілде артына қараса, шаңнан бір қара созылып шығып тартып келеді екен. Балада зәре жоқ...». Үзінді қай ертегіден алынды?

А) «Аяз би» В) «Керқұла атты Кендебай» С) «Ер Төстік» Д) «Жаңа достар»

Е) «Сырттандар»

12. Тазша бала ертегінің кейіпкері?

А) «Қырық өтірік» В) «Сырттандар» С) «Аяз би»

Д) «Керқұла атты Кендебай» Е) «Ер Төстік»

13. Аңыз кейіпкерін тап.

А) Асан қайғы В) Төстік С) Тазша Д) Жаман Е) Бораш



14. Аңыз дегеніміз не?

А) Белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.

В) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

С) Елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.

Д) Барлық адамдарға ортақ тіл.

Е) Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған.



15. Құранда неше сүре бар?

А) 153 В) 124 С) 114 Д) 116 Е) 112



16. Адам атаның шын аты.

А) Смайыл В) Зәмзәм С) Ажар Д) Сапиолла Е) Ибраһим



17. «Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім?

А) халық В) Ә.Тәжібаев С) А.Байтұрсынов Д) М.Дулатов Е) М.Жұмабаев



18. «Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос,

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос». Өлеңнің авторы?

А) Махамбет Өтемісұлы В) Абай С) Ыбырай Алтынсарин

Д) А.Байтұрсынов Е) Ж.Жабаев

19. Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.

А) 1845-1904 В) 1841-1889 С) 1803-1846 Д) 1873-1938 Е) 1846-1945



20.»Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін...»

Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?

А) «Бала Шоқан», С.Бегалин В) «Жаңа достар», Ғ.Мүсірепов

С) «Толағай», Ә.Тәжібаев Д) «Бақа мен өгіз», А.Байтұрсынов

Е) «Қажымұқан», Қ.Әбдіқадыров



21. Масликовтың қол астында жұмыс істеп, кейіннен аты әлемге әйгілі болған кім?

А) Аяз би В) Шоқан С) Қажымұқан Д) Қайрош Е) Сабалақ



22. «- Ойбай, Күреңбай ақсақал,- десіп, атақты Күреңбай сыншыны жаңа танып, бәрі соның аузына үнсіз қарасты». Үзінді қай шығармадан алынған?

А) «Жаңа достар» В) «Қажымұқан» С) «Ақырғы бәйге» Д) «Робинзон Крузо»

Е) «Қозыкүрең»

23. «...Сорлы Отансыз

Қарайыпсың қаныңа

Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату

Ұқсамай ма табиғаттың заңына?» Үзінді қай шығармадан алынған?

А) «Қозыкүрең» В) «Отырар» С) «Аңсау» Д) «Оюлар» Е) «Өгіз бен бақа»



24. «- Ата, сен қашан келді?- деді бала шал мойнынан қолын босатып.

- Бүгін келдім.

- Сен маған бауырсақ әкелді?» Үзінді қай шығармадан алынған?

А) «Жаңа достар» В) «Қажымұқан» С) «Ақырғы бәйге» Д) «Аңсау»

Е) «Отырар»

25. «Балықшы мен балық» ертегісінің авторы.

А) А.С.Пушкин В) Д.Дэфо С) С.Мәуленов Д) Ж.Жабаев Е) Ш.Айтматов



Қазақ әдебиетінен сынақ аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет