Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларның алдын алу және жол ережелерін бұзуды болдырмау мақсатында “Қауіпсіз жол” республикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Алматы ТЖД

Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық жолдарда да қызмет күшейтілді.

Іс-шара кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді. Оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда. 

  • Көлік дыбысына жартылай жалаңаш билеген Шымкент тұрғыны жазаланды
  • "Ішімдік ішіп, балағат сөз айтқан": Таразда тұрғын TikTok желісіндегі тікелей эфирден соң қамауға алынды

Осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, автокреслоны пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылмақ.

“Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезеңінде тәртіпке бағынуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз”, – делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін Таразда автобус бір адамды қағып кеткені туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.