Ер адам Алматы каналдарының біріндегі мұзды шұңқырға құлаған күшікті құтқарды. Өзіне қауіп төнгеніне қарамастан ол жұқа мұз үстімен шұңқырға жетіп, итті жағаға шығарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: instagram.com/kris_p_almata/

Күртешесіндегі жазуға қарағанда, ол – жергілікті электр желісі компаниясының энергетика маманы.

Видео кейіпкерінің жанындағы адамдар мұзды суға шомылғаннан кейін қатып қалмас үшін күшікті жібермеуді сұрайды. Сонымен қатар олар енді ер адамды әкімдікке шақырып, мадақтама тапсырады деп әзілдеген. Кадр желіге тарап кетті. Ер адамның әрекеті оқырмандарды тәнті етті. Олар мұндай әрекет құрметке лайық деп санайды.

“Бұл – батырлық және өте мейірімді адамның әрекеті! Оған жасаған жақсылығы еселеніп қайтады! Жарайсың дегеннен басқа айтар сөз жоқ! Нағыз еркек!”, “Қандай керемет жігіттер! Кадр сыртындағы дауыс күшікті жібермеуді сұрап тұр”, “Мұз жарылып кетпесе екен деп уайымдадым”, “Адамгершілік! Сізге бар жақсылықты тілеймін”,- деп жазды адамдар видеоның астына.

Бұған дейін Атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарғанын хабарлаған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.