Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі WTA-500 турниріндегі жеңісінен кейін, бірден Дохада өтетін WTA 1000 — Qatar Total Open турнирінде сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Әбу-Дабидегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің 4-орнына көтерілген Елена Рыбакина Дохадаңы дүрмекте өнер көрсетеді. Әлемнің ең үздік теннисшілері тартысқа түсетін турнирді отандасымыз екінші айналымнан бастайды. Оның екінші айналымдағы қарсыласы қытайлық Чжу Линь болмақ. Қос қарсылас осы уақытқа дейін 2 рет кездесіп, бір рет Чжу жеңіске жетсе, екіншісінде отандасымыздың мерейі үстем болған еді. Дегенмен сарапшылар бұл кездесудің фавориті ретінде Рыбакина атады.

Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті 

Айта кетейік, жүлде қоры 3 211 715 АҚШ долларын құрайтын WTA 1000 — Qatar Total Open турнирінде 64 теннисші бақ сынайды.   


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.