Қазақ сахна өнерінің інжу- маржаны м.ӘУезовтің «ЕҢлік-кебек» трагедиясы исатаев Ержан Ибадуллаұлы



жүктеу 71.15 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі71.15 Kb.

ӘОЖ 792.1

ҚАЗАҚ САХНА ӨНЕРІНІҢ ІНЖУ- МАРЖАНЫ М.ӘУЕЗОВТІҢ «ЕҢЛІК-КЕБЕК» ТРАГЕДИЯСЫ
Исатаев Ержан Ибадуллаұлы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті,

Түркістан, Қазақстан


Анотация

В этой статье рассматривается художественное мастерство актеров в раскрытии образов героев пьесы «Енлик - Кебек». 
Abstract

This article discusses the artistic skills of actors in the disclosure of images of the heroes of the play "Enlik - Québec"
Ключевые слова: театр, актерское мастерство, образы, решение режиссера

Key Words: theater, acting, images, solution director
Театрды «Еңлік-Кебек» арқылы таныған арғы заманның әділсіздігін, теңсіздігін көріп түңілсе, өз күнімізден, өз өмірімізден шексіз бақыт, бай сүйіспеншілік, бірлік-береке тауып отырғандықтан «Еңлік-Кебек» әдебиетіміздің де, көркем өнеріміздің де тұңғышындай ерекше ыстық көрінеді. «Еңлік-Кебек» пьесасы бастауын әріден алатын ұлы туынды. 
Мұхтар Әуезов  бұл қойылымды Семей қалалық мұғалімдер семинариясында оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде жазған болатын. Ол алғаш рет Абайдың қызы Кенже мен Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде автордың режиссерлігімен сахнаға шығарылды. Тобықты мен найман арасындағы жесір дауын арқау еткен бұл қойылым одан кейін 1921 жылы мамырда «Ес-аймақ» труппасының сахнасында Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлігімен қойылды. М.Әуезов қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, жанр шарттарына толық сай келетін «Еңлік- Кебек» трагедиясын жасай білді. Ал 1922 жылы Орынборда бұл пьеса кітап боп  басылып, түрлі труппалар мен көркем үйірмелердің репертуарынан тұрақты орын алды. Сондықтан 1926 жылы Қызылордада құрылған Қазақ драма театры өз шымылдығын Серке Қожамқұловтың режиссерлігімен қойылған «Еңлік-Кебекпен» ашты. Аталмыш  қойылымды  бұл театрдың сахнасында одан кейін  1933 жылы М. Насонов, 1944 жылы А. Тоқпанов және 1957 жылы М. Гольдблот пен Қ. Қуанышбаев қайта сахналаған болатын. Осылай басталған қазақ драматургиясының қадамы бүгінде әлемдік деңгейдегі үздік шығармаларды тудырып, өз биігінен аласартпай сахналауға қол жеткізді. Бұл шығарманы сахнаға шығару жолындағы әр театрдың түрлі уақыттардағы ізденістері әртүрлі. Барлық театрлар алғашқы құрылғаннан бері қарай күні бүгінге дейін «Еңлік-Кебекпен» ашпағаны жоқ. «Өйткені, "Еңлік - Кебек" пьесасы халықтық сарын, халықтық идея басым. Тілі, сюжеті, композициясы, стилі, образдары - барлық көркемдік компоненттері жіптіктей болып тұрмаса да бұл осы қасиетімен құнды» [1.17]. Қойылымдағы феодалдық, рулық қырқысу дәуірінде жер дауы, жесір дауы лапылдап тұрған шақтағы, тозғындаған елді торыған жау айналдырған азалы заманда, халықтың жан-жақыны, көрегені абыз арқылы берілген. Көңілінің күні еңкейіп көлеңке басқан кәрілігінен де, ішкі жау бек пен бидің, сыртқы жаудың елге берген зәбірінен де зәр жұтқан қарт баба ұлтқа жете алмай, рушылдықтан кете алмай, жүдеп тұрған елінің күйлеген күйкі тірлігін күйікті-күйінішті күйін шертеді:

«Барары жоқ, байлау жоқ,

Елің қайтіп күн көрер,

Бәріңнің де нәрің жоқ,

Елім қайтіп күн көрер»[2, 229 б.] -деп, елдің жұты, сордың құты би мен бекті - Қараменде, Кеңгірбай, Көбейлерді қариды. Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясының 1922, 1943, 1956 жылғы үш нұсқасының мәтіндерін салыстырып қарағанда өзгеріске түспеген, редакцияланбаған, ең алғашқы қалпын сақтаған билер диалогтары, билік сахнасы ғана екендігін көреміз.» - деп жазады Р.Нұрғалиев [3, 271 б.]. Пьесаның қоюшы режиссері автор ойын толық түсініп, толық ашқан, пьесаны сахналық поэмаға айналдырған. Көрермендерді қуандырғаны алғашқы толқын Еңлікті ойнаған Бикен Римова, Кебекті ойнаған Н.Жантөрин, Есенді ойнаған Т.Жайылбеков, Ы.Ноғайбаевтар. Садақ та тартатын, жарды таңдап сүйетін Еңлік рөлі ойнаушысын дәл тапқандай қағысқан найзаға жолбарысша атылып түсетін Бикен Римова эпикалық дастандардың кейіпкерлеріндей сендіреді. Қаһарлы батырларға тоқтам салуға оның ақылы да, жігер қайраты да мол жетеді. Сондай өжет, қайсарлығына қыз нәзіктігі мен сабыр, сұхбаты да жақсы ширатылған. Сүйгенін құлай сүйеді де, махаббат сөзін егіле-төгіле, қалтқысыз баяндайды. Көрерменді бірде жұбатып, бірде жылататын да сол күш.

Н.Жантөрин ойнаған Кебек батыр сотқарлығынан таза, күшіне сеніп алып ұшпайды. Қыз алдында қырлануды да сүймейді, қайта найза, семсерін ұмытқан, жар жолына таза жанын арнаған нәзік сезімді пішінде. Қоңыр күмбірлеген әуенінен шыққан әдепті, сынық сөздер батырдың сәби таза мінезділігін Н.Жантөрин шынайы сахнада бейнелейді.

Ал, аңғал Есенді ойнау қиыншылықтарын жеңе білген
Ы.Ноғайбаевтың да тамаша табысын тануымыз шарт. Екі ғашықтың
ортасына біткен көк тікенді қастан қара күшке ұқсата қою, сыртқы
эффект жағынан оңай да қызық та шығатын еді. Ыдырыс өйтпеген.
Аяғына дейін Есен жанындағы барлық қайшылықтарды терең ашады.
Сыртқы қимылы ішіне сай. Өз осалдықтарын әділ сезінуі, сөйте тұрып
құмарлық пен кекшілдік тізгінін тежей алмауы оны кейде аянышты
кейде жексұрын етеді. Ыдырыс өз кейіпкерінің қимыл іс-әрекеті мен
мінез-құлқын дәл кескіндейді. М.Әуезов театрының өзінде 3-4 толқын
«Еңлік-Кебек» қойылымында өз бақтарын сынап, көбісі көрермендердің күні бүгінге дейін көз алдында. Әнуар Молдабековтың - Кебегі, Тілектес Мейрамовтың - Кебегі, Құман Тастанбековтың - Кебегі. Әнуардың Кебектей кейіпкердің көңіл-күйін түп еткен қалай ұстауды ақаусыз меңгерген кәнігі шебер Кебек кейіпінде барынша бебеу қағып, сезімдер тасқынын сеуіп өткенде сахна дүр сілкінетін. Жоғары эмоциялық кернеуде жанып, жалындап, тасып-төгіліп, суынып, ысынып төгіп жауған бұршақтай сабалаған сиқырлы монологтар бір сәт жан біткенді байлап матап тастар еді.

Ұлы М.Әуезов тебірене тер төккен әрбір сөзді, мың сан тыныс белгілерді түп-тұқиянымен көрерменге түгелдей жеткізу әртістің хас шеберлігі дер едік. Реті келгенде батыл айтқан, батырып айтқан дұрыс. Сахна тұлғалардың-тұғыры. Бірақ актер біткен тұлға емес. Қашан да өнер ұжымын, сахнаның негізгі жүгін алға сүйрер нар тұлғалары, бөлек бітімдер болады. Өнер ахуалын осы біртуар өзгеше жандармен өлшер болар. Жалпы алпысыншы жылдардан бастап академиялық театр тарихы елеулі із қалдырды десек, оның киелі шаңырағына Ә.Мамбетовтан бастап Ф.Шарипова, А.Әшимов, Ә.Молдабеков, Р.Сейтметов, С.Оразбаев, Н.Мышбаева, М.Мураталиев, Р.Әуезбаева, Ж.Медетбаев сынды алдыңғы буын аға-апаларынан көре жүріп сахнада тәжірибе жинақтаған Құман - Кебек бейнесін сәтті шығарды. Сазға, жырға, ән-әуезге жаны құмар Құман - Кебек образындағы бет алысын дұрыс тапқан. Тілектесің Кебегі «тас түскен жеріне ауыр» демекші табиғат берген өнердің дархандығы рас болса іште, қалтарыста жатқан пайдаланылмаған мүмкіндіктердің бәрін ашып көрермендерге Кебек болып сөйлеп, Кебек болып бірге кірігіп кеткендей әсер алады. Әртістік өнерде алаулай шалқып, лапылдай жанатын қызуқандылығымен, сахнадағы екпінді сілкінісімен көрерменін баурап сүйсінтеді. Міне, өнердің бір-біріне жалғасып үзілмей келе жатқан арқауы жоғарыда аталған аға, орта, жас буын таланттарға байланысты екені даусыз.

Өзінің махаббаты үшін, әйел бостандығы үшін күресе білген және сол үшін мерт болған Еңліктің бейнесін қазақ өнерінің қарлығаштары - Ш.Әлібекова, З.Атабаева, Р.Жабықова, А.Абдуллина, Қ.Дәрібаева, Р.Есімжанова, К.Бәйсейітова,Б.Римова, Ш.Жандарбекова, Ф.Шәріпова, Р.Әуезбаева, кейінірек М.Омарова, Ш.Жанысбековалар сомдап, көрермен көңілінен орын тапқанын да айта кетелік. 

Пьесаның мазмұнына қарай сөзге шешен, «көмей бидің» бейнесін жасауда өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйенген Қ.Қуанышбаев табиғатынан актерлік өнерге бейім, сахна үшін жаралған жан. Ол Көбейдің сөзге жүйрік, аспай-саспай, ойланып айтатын байсалдылығына баса көңіл аударған [4, 81-82 б.б.].

Спектакльді театр өнерінде есімі белгілі бірнеше режиссер сахналаған. Әр режиссер өзінің тапқырлығымен, қиялымен, көзқарасымен ерекшеленеді. Олар - С.Қожамқұлов (1926 жылы), М.Г.Носонов (1933 жылы), А.Тоқпанов (1944 жылы), М.И.Гольдблат (1957 жылы), Ж.Омаров (1970 жылы), Ж.Хаджиев (1996 жылы) сынды режиссерлер. 

«Еңлік–Кебек» пьесасы М.Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да, қазақ сахнасында да айрықша орын алады. М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Нұрғалиев Р., Драма өнері [Мәтін] / - Алматы : Санат, 2001. - 480 б. - ISBN 5-7090-0335-2

2. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 1997. Т. 1. Мақалалар, пьесалар. 1917-1920. – 472 б.



3. Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. Т. 1. – 576 б.

4. Сейтметов К.М., Қазақ актерлік өнерініңтуу, қалыптасу кезеңдері. [Мәтін] /- Түркістан: «Тұран» баспасы, 2014 ж. Монография. 187 б.- - ISBN -978-601-243-616-7
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет