Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»



жүктеу 126.48 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі126.48 Kb.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ибрагим Бегімхан Керімханұлы

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.

(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары



1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?

Ж: VІ-ХV ғасырлардағы әдебиет қамтылады.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті құндылықтарына, ескерткіштеріне жататын шығармаларды ата ?

Ж: Орхон ескерткіштері: «Алып ер Тоңға» дастаны, «Атилла» дастаны, «Оғыз қаған» дастаны, Күлтегін жырлары, «Қорқыт ата» кітабы, сондай-ақ Мұхамед Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмуд Қашқари, Ахмет Йасауи, Сүлеймен

Бақырғани, Жүсіп Баласағұн еңбектері мен қыпшақ тілінде жазылған «Кодекс куманикус», «Махабатнама», «Жүсіп пен Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл» т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер жатады.

3. Не себепті ежелгі дәуір әдебиетін түркі халықтарына да, қазақ халқына ортақ дейміз?

Ж: Себебі түркі халықтарының арғы тегі осы түркі тайпаларынан тараған, сондықтан ол құндылық барлығымызға ортақ болып есептеледі.

4. Ежелгі дәуір әдебиетінде сопылық ілімді ұстанған кім?

Ж: Қожа Ахмет Йасауи


ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?

кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек..


Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:

Қожа Ахмет Йасауи ХІ-ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан (Йасы )қаласының маңындағы Сайрам (Исхиджап) қаласында дүниеге келген. Жеті жасынан Арыстан бабтың шәкірті болып, он жасынан он жетіге дейін мұсылман ілімін оқып, жетік меңгереді. 1110 жылы жиырма жеті жасында Бұқар қаласына оқуға аттанады. Мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне пірім деп таниды. Осы мектептен мұсылман ілімінің сатыларын меңгереді, отыз алты жасында (сопылық – мұсылман дінінің «суфизм» деп аталатын ағымы) оқуын аяқтайды. Йасауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. «Алла тағалла араб тілін белгілеген деген» пікірге қарсы шығып, адам Алламен қай тілде де сөйлессе де адал көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық мәнін жоймайды деген пікір айтқан. А.Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) еңбегінде жариялаған. Бұл еңбек түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырда дүниеге келген әдеби ескерткіштердің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де нұсқасы болып табылады. Өйткені «Диуани хикмет» - түркі халықтарының оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Йасауи бұл қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазған, өз ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсірген. Барлығы-149 хикмет жыр.



2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Себебін анықта:

1. Ахмет Йасауи неліктен 63 жасында қылуетке түсті?

Ж: Ол –жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке-дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, осы арқылы Алла тағалаға жақындау, шын берілу жолын көрсету.

2. Адам өмірінің мәні мен мұраты неліктен білім мен махаббатта деп айтты?

Ж:Адам өмірде бір нәрсеге шексіз берілу арқылы яғни махаббатпен істегенде ғана жетуге болатынын айтады, яғни білімге деген шексіз берілу мен махаббат болмаса ешнәрсеге қол жеткізе алмайтыны туралы айтқан.

3. «Өлмек бұрын жан түзетудің дертін таптым» деп нені айтты?

Ж: Бұл сөзі арқылы өзінің артына қалдырған мұрасы «Даналық кітабы» туралы айтқан.

1. «Даналық кітабы» қай тілде жазылған және қай ғасырдың жәдігері?

Орта Азия мен Қапшақ даласының түркілеріне түсінікті болсын деп Шағатай (қыпшақ) тілінде жазылған. XII ғасырдын бері сақталған әдеби жәдігер.

4. «Диуани хикметті» зерттеген ғалым кім және нұсқалары туралы не  білесің?

А. Йассауи хикметтерінің тілін ұзақ жыл зерттеген көрнекті ғалым А.К.Боровков.

Алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Көшірмелері Қазанда 1987 жылы және

1901жылы Стамбулда, Шымкентте 1902 жылы басылып және 1911 жылы жеке кітап болып   шықты.


3-қадам: теорияны «Талдау» үшін

(1.Салыстыр,



2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Абай Йасауи

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.




Бісіміллә деп баян етіп хикмет айтып,

Шәкірттерге дүрр гауһар шаштым міне, -

Махаббаттың дариясына шомылушы – ғалым

Амал қыл, қалар көп үлгісі




3. Тақырыптың басты идеясы неде?

Ж: а) Ұқсастығы: А. Йасауи де Абай да өз туындыларында жастарға үлгі боларлық істерді санамалап айтады;

ә) Айырмашылығы: тек тілінде, бірақ екеуінің де айтар ойы біреу.


4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

А.Йасауи хикметтерінің негізгі ойы




Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады

Оқулықтан Ахмет Йассауи айтып еді деген қанатты, ғибратты, өсиет-насихатқа толы сөздерін өз түсінігі бойынша талдау жасап, тақтадағы даналық ағашына іледі..

«Кітап аш та мәнін ұқ»

«Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба»

«Кердеңдік – пиғылы бұзылған пасықтың ісі»

«Мейірімі жоқ меңмеңдерге қаспын мен»

«Мадақтар болсаң, шан асылды мадақта»

«Бейнеттен қашпа»

«Бетбақ болма»

«Қиын да болса, түзу жолмен жүр»

«Арың сақта, болсаң да малға кедей»

«Жамандық ойлама»

«Кісі ақысын жеме»

«Ұрыншақтың дауы көп, жамандардың жауы көп»

«Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет,

Жаны жақсы жайсаңдарға қызмет ет»


6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар


1) Бос орынды толтыр. Ойды жалғастыр.

Сен қалай ойлайсың, Ахмет Йасауи хикметтері қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

Ж: А. Йасауи хикметтері әділдікке, қызыққұмарлық, дүниеқорлықтан безуге, тазалыққа, адалдыққа, имандылыққа, арам нәпсіден тыйылуға

тәрбиелейді. .......................................................................................................



ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




І деңгей (5 балл)

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?

кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға



Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:

1. А.Йасауи «Диуани хикмет» еңбегінде қандай шығармаларды қамтыған?

Ж: Ислам дін қағидаларын, адалдықты ұстану, көрсеқызарлыққа салынбау, ар тазалығын сақтау, әділдікке шақырар насихат өлеңдері мен нақыл сөздері қамтылған. Кітап төрт бөліктен тұрады.

 2.«Шариғат» – деген не?

Ислам діні қағидаларын, шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындау.

3. А.Йасауи Алланың тілі араб тілі деген пікірмен келісті ме?

Ж: Қай тілде сөйлесе де Аллаға шын ақ ниеттен, адал көңілден шыққан сөз.


2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс.

ІІ кезеңнің5-қадамындағы



5. Келісетіндеріңе белгі қой.



Пікірлер

Иә

Жоқ

1

А. Йасауи Бұқарада дүниеге келді.







2

Өз заманында би болған







3

«Диуани хикмет» еңбегінің авторы







4

А.Йасауи шығыстың жеті тілін білген







5

Ойшыл, ғалым, философ, ақын










1-аралық нәтиже:

Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.






ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін?

Неліктен еңбегін «Даналық кітабы» атаған?

Ж: Себебі кітапта халыққа арнап айтылған, сабақ боларлықтай хикметтер қамтылған.



3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1.Салыстыр, Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасы



2-тапсырма:

Салыстыр: Екі кезеңнің екі ақынның айтқан ойларынан ұқсастықты тап




Ахмет Йассауи

XII ғасыр  



«Диуани хикмет» еңбегі

Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиеттерінен жұрдай болуы сол кісінің 



имандылығына байланысты.




Шәкәрім       Құдайбердіұлы

XIX ғасыр



«Мұсылмандық шарты» еңбегі

-иман-ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тілінде жазайын, әр қазақтың оқуына оңай болсын, оларға пайда, өзіме де сауап болар ма екен деп үміт еттім»,-дейді.





  1. Екі ақынның да ойы адамзат бойына адамгершілік қасиетті ................

............................................................................................................................................................................................................................................. дәріптеу.

4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмалар

4. Көрсетілген оқиғаларды ретіне қарай белгіле.

1

63 жасында қылуетке кірді.




2

1119-1120 жылдары Түркістанға қайта оралады.




3

63-73 жасында «Диуани хикмет » еңбегін жазды.




4

1110 жылы Бұқар қаласына оқуға барды







2- аралық нәтиже:

Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас






ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.





1. А.Йасауидің хикметтер жазып қалдырудағы мақсаты:

1. ..........................................................................................................

2. ...........................................................................................................

2-тапсырма:Сөзжұмбақты шешіңдер:



  1. Йасауидің аты (Ахмет)

  2. Сайрам қаласының көне аты (Испиджап)

  3. Даналық ойлары (Хикмет)

  4. Ұстазы (Хамадани)

  5. Қажылыққа баратын қала(Мекке)

  6. Ұстазының аты (Арыстанбаб)






А

Х

М

Е

Т







И

С

П

И

Д

Ж

А

П










Х

И

К

М

Е

Т







Х

А

М

А

Д

А

Н

И




М

Е

К

К

Е




А

Р

Ы

С

Т

А

Н

Б

А

Б




6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

3-тапсырма:А.Йассауидің дүниеден безіп қылуетке кіріуіне қалай қарайсың, сен не істер едің?

3-нәтиже:

Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет