Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қазақ тілінен аттестациадан өту тест сауалдары



жүктеу 120.84 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі120.84 Kb.



Шолпан Бақытқызы Әбілемова

Петропавл қаласының Бірінші қалалық жалпы білім лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
7-сынып оқушыларына қазақ тілінен аттестациадан өту тест сауалдары


  1. Үнді мен ұяң дауыссыздар қатар келген сөзді анықта:

А) Шаңғы В) Орман С) Алтын Д)Аудар Е) Нүкте

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалы сөздерді анықта:

А) Етіктер, тауыққа В) Тапты, қойшы С) Даламен, ізденіс

Д) Өнерлі, қонақта Е) Жазда, оқыған



  1. Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын белгілерді көрсет:

А) ъ,ь. В) ь,о. С) ъ,ю. Д) а,е. Е) ъ,е.

  1. «Жауларына» сөзіндегі буын санын анықта:

А) 6. В) 3. С) 2. Д) 4. Е) 5.

  1. Ортақ етісті тап:

А) алғыз В) хабарлас С) кигіз Д) киін Е) айтқыз

6. Шартты райлы етістікті тап:

А) ойнасын В) ойнайын С) ойна Д) ойнағысы келеді Е) ойнасам



7. Қалау райлы етістікті тап:

А) Жуса В) Жинаған С) Оқымасаңыз Д) Алсаңшы Е) Барғым келеді



8. Бұйрық райдың көпше түріндегі І жақ жалғауын анықта:

А) -ңдар, -ңдер В) -айық, -ейік. С) -айын, -ейін.

Д) -ыңыз, -іңіз. Е) -сын, - сін

9. Бұйрық райды тап:

А) Алу. В) Қорғау. С) Қолдау. Д) Оқымаған. Е) Жаз.



10. Тәуелдік септеулі сөздерді тап:

А) Дүкенімнің, ұлымның. В) Дүкенге, ұлымнан. С) Дүкенім, ұлым.

Д) Дүкенде, ұлыма. Е) Дүкеннен, ұлдың.

11. Туынды зат есімді анықта:

А) Парақ. В) Суретші. С) Адамдар. Д) Көшелер. Е) Сұрақтар.



12. Септеліп тұрған есімдікті анықта.

А) Мынау В) Маған С) Кейбір Д) Өзі Е) Ешбір



13. Етістіктің рай түрін белгіле:

А) Салт. В) Сабақты. С) Қалау. Д) Болымсыз. Е) Болымды.



14. І -жақтағы етістікті тап:

А) Қуандың. В) Қуанды. С) Қуанасың. Д) Қуандым. Е) Қуанады.



15. Етістіктің өткен шағында тұрған сөзді көрсет:

А) Алды. В) Алар. С) Бара жатыр. Д) Жазып отыр. Е) Алмақшы.



16. Сын есімнен жасалған зат есімді тап:

А) Дәрігер В) Еркіндік С) Жұмысшы Д) Жазушы Е) Суретші



17. Фразеологизмді толықтыр: Қас пен көздің ... .

А) Жанында. В) Астында. С) Үстінде. Д) Қасында. Е) Арасында.



18. Соңғы дыбысы дауыссыз жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын белгіле:

А) -ншы, -нші. В) -нші, -ыншы. С) -інші. Д) -ыншы, -ншы. Е) -ыншы.



19. Тиісті есімдікті анықта: ... кісі – менің атам.

А) Бұл. В) Сен. С) Неше. Д) Сіз. Е) Өзім.



20. Келер шақтағы етістікті көрсет:

А) Өзім. В) Ерте. С) Жүзді. Д) Жазады. Е) Білім.



21. Демеулік шылауы бар сөйлемді анықта:

А) Кинодан кейін барамыз.

В) Мен өзім-ақ барамын.

С) Мұрат менімен бірге барады.

Д) Көпір арқылы бардық.

Е) Дүкенге қарай бар.



22. Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді көрсет:

А) Үшіеу. В) Жетеу. С) Төртау. Д) Бірау. Е) Тоғызау



23. Болымсыз етістікті анықта:

А) Бұрыс(па). В) Жейсің(бе). С) Кіресің(бе). Д) Кірдің(бе). Е) Кел(ме).



24. Сөздің ауыспалы мағынасын анықта:

А) Қара қалам. В) Қара жер. С) Қара жылқы. Д) Қара жұмыс. Е) Қара қарындаш.



25. Септеулік шылауды белгіле:

А) Жолдасым туралы мақала оқыдым.

В) Ол саябаққа Әсемді ғана алды.

С) Әжем бара ма?

Д) Үйге кірген сол-ау деймін.

Е) Бұл менің досым ғой.



26. «Қара шаңырақ» сөз тіркесіне қойылатын сұрақты тап:

А) Не? В) Нені? С) Нешінші? Д) Қайдан? Е) Неше?



27. Ашық буында «у» дауыссыз болған сөзді анықта:

А) Тура. В) Тау. С) Сушы. Д) Туған. Е) Татулық.



28. Ашық райды белгіле:

А) Жинады. В) Жинайтын. С) Жинаса. Д) Жинаған. Е) Жинағысы келеді.



29. Күрделі сын есімнің дұрыс жазылу жолын көрсет:

А) Аппақ ұн. В) Әппәк ұн. С) Әп-ақ ұн. Д) Ап-ақ ұн. Е) Апақ ұн.



30. Жылдың қай мезгілі: Жаңбыр жиі жауады, құстар ұшып кетеді.

А) Ақпан. В) Күз. С) Қаңтар. Д) Қыс. Е) Жаз.



31. Қай мезгілде күн ұзақ болады?

А) Жазда. В) Көктемде. С) Жылдың үш мезгілінде. Д) Күзде. Е) Қыста.



32. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін білдіретін рәміздерді тап:

А) Әнұран, ту, жер. В) Байрақ, әнұран, елтаңба.

С) Елбасы, теңге, ту. Д) Өзендер, теңге, шаңырақ.

Е) Елбасы, әнұран, жалау.



33. Қыстың белгісін белгіле:

А) Жел В) Күн С) Жаңбыр Д) Қар Е) Жу



34. Шананы қай мезгілде қолданамыз?

А) Көктемде В) Күзде С) Қыста Д) Маусымда Е) Жазда



35. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін анықта:

А) 16 желтоқсан, 1990ж.

В) 16 желтоқсан, 1991ж.

С) 16 желтоқсан, 1992ж.

Д) 16 желтоқсан, 1993ж.

Е) 16 желтоқсан, 1994ж.



36. Күн мен түн қай айда теңеледі?

А) Тамызда В) Наурызда С) Шілдеде Д) Қарашада Е) Қаңтарда



37. Сөйлемді аяқта: 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының ...

А) Тілдер күні В) Республика күні С) Білім күні Д) Жеңіс күні Е) Тәуелсіз күні



38. Оқу жылында неше тоқсан бар?

А) Екі В) Бес С) Үш Д) Төрт Е) Бір



39. Оқу жылы қай айда басталады?

А) Ақпанда В) Желтоқсанда С) Сәуірде Д) Қаңтарда Е) Қыркүйекте



40. Астана қай жылдан Қазақстанның астанасы?

А) 1992 В) 1995 С) 1991 Д) 1996 Е) 1997




Қазақ тілі 7-сынып
1. Жіңішке, жуан дауысты дыбыстары араласып келген сөздерді тап:

А) Жексенбі В) Мұғалім С) Жұмысшы Д) Қараша Е) Маусым



2. Қатаңға басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгіле:

А) Жолбарыс В) Мектеп С) Жазушы Д) Жас Е) Құрылыс



3. Тек жуан дауысты дыбыстардан тұратын сөзді тап:

А) Солтүстік. В) Есеп. С) Қазір. Д) Оқытушы. Е) Шәкірт.



4. Жіңішке дауысты сөзді тап:

А) Барсакелмес. В) Қорап. С) Қауын. Д) Шілде. Е) Қарға.



5. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6



6. Тұйық буынды сөзді тап:

А) Отан. В) Ата. С) Өрт. Д) Сәулет. Е) Баға.



7. «Ү» дыбысына талдау жаса:

А) Жіңішке, ашық В) Қысаң, еріндік С) Қысаң, езулік

Д) Жуан, езулік Е) Ашық, езулік

8. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болады?

А) Ашу, алу В) Суретші, сатушы С) Оқу, жазу Д) Тау, ауа Е) Су, бу



9. Екі буыннан құралған сөзді көрсет:

А) Түн. В) Дарынды. С) Сұрақ. Д) Ынтымақ. Е) Өркениет.



10. «Ешкім, , дәнеңе» есімдіктің қай түрі?

А) Сұрау. В) Белгісіздік. С) Жалпылау. Д) Өздік. Е) Болымсыздық.



11. Туынды түбірді көрсет:

А) Бұлт. В) Бұл. С) Қалам. Д) Достық. Е) Жаңа.



12. Тиісті есімдікті қой: Дәріхана ... жабылады?

А) Ешкім В) Неше С) Қашан Д) Нені Е) Қанша



13. Күрделі сан есімді анықта:

А) Он алты. В) Бірінші. С) Отыз. Д) Бір. Е) Тоғыз.



14. Ауыспалы мағынасында тұрған сөзді тап:

А) Түлкінің терісі. В) Баланың кітабы. С) Терең ой.

Д) Пырақтың қанаты. Е) Мектептің есігі.

15. Дара сын есімді тіркесті тап:

А) Қара торы ат. В) Жасыл ала көйлек. С) Ыдыс тазаланды.

Д) Ашық аспан. Е) Орта бойлы адам.

16. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6



17. Мақалды аяқта. Жері байдың- елі ... .

А) Бай емес. В) Бай. С) Байлық. Д) Байлы. Е) Байғұс.



18. Өздік есімдігі бар мақал-мәтелді көрсет:

А) Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

В) Батар күннің атар таңы бар.

С) Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.

Д) Қоян көлеңкесінен қорқады.

Е) Құс жеткен жеріне қонады.



19. «Жасыл, аласа» сөздері қай сөз табынан?

А) Сан есім. В) Сын есім. С) Етістік. Д) Одағай. Е) Есімдік.



20. Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсет:

А) Ұшаққа. В) Орманнан. С) Доспен. Д) Балада. Е) Сыныптың.



21. Сын есімнің күшейтпелі шырайын анықта:

А) Кішілеу. В) Үлкендеу. С) Жабық. Д) Арық. Е) Сап-сары.



22. Сан есімнің түрлерін көрсет:

А) Болымсыздық, сілтеу, өздік

В) Жалпылау, өздік, белгісіздік.

С) Жинақтық, есептік, топтау.

Д) Ұяң, үнді, ашық.

Е) Қысаң, шартты, қалау.



23. –дай жұрнағы жалғанатын сөзді анықта:

А) Әже. В) Шөбере. С) Шөп. Д) Тау. Е) Көк.



24. Сөйлемде буынның қай түрі жоқ : Көлікте аталарға орын береді.

А) Ашық. В) Болымсыз. С) Бітеу. Д) Болымды. Е) Тұйық



25. Жинақтық сан есім бар мақалды көрсет:

А) Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес.

В) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл

С) Сегіз қырлы, бір сырлы.

Д) Білек бірді, білім мыңды жығады.

Е) Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле



26. «Біздің, оның» жіктеу есімдіктері қай септікте тұр?

А) Атау септік. В) Жатыс септік. С) Ілік септік. Д) Табыс септік. Е) Барыс септік.



27. Астананың бұрынғы атауы қалай?

А) Ақмола В) Верный С) Ақтау Д) Қостанай Е) Астана



28. Етістіктен жасалған зат есімді көрсет:

А) Дәрігер. В) Жақсылық. С) Биші. Д) Айтыс. Е) Дүкенші.



29. Дұрыс септелген есімдікті тап:

А) Меннің. В) Сеннің. С) Өзінің Д) Онның Е) Сізнің



30. Тәуелденген сын есімді анықта:

А) Жазарың бар ма? В) Жаманың қайсы? С) Менің балам.

Д) Екеуің кел. Е) Оның өшіргіші.

31. Шығыс септігінің жалғауы бар фразеологизмді көрсет:

А) Сегіз қырлы, бір сырлы.

В) Он саусағынан өнері тамған.

С) Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.

Д) Төбе шашы тік тұрды.

Е) Жерге кіріп кете жаздау.



32. Мектеп оқушылары демалатын күн:

А) Дүйсенбі В) Сейсенбі С) Сәрсенбі Д) Жұма Е) Жексенбі



33. Синонимді көрсет:

А) Ақ-қара В) Жақсы-жаман С) Жомарт-сараң Д) Мықты-әлсіз Е) Әдемі-сұлу



34. Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі?

А) Шөл В) Су С) Күн Д) Жер Е) Аспан



35.Толықтыр: «Менің отбасым ... тұрады»

А) Тату-тәтті В) Кіші С) Салт Д) Мейрімді Е) Кішіпейіл



36. Тілдер мерекесі қай айда өтеді?

А) Желтоқсан В) Маусым С) Шілде Д) Қараша Е) Қыркүйек



37. I жақтағы жіктік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді анықта:

А) Дәрігерсің В) Дәрігермін С) Дәрігерсіз

Д) Дәрігерміз Е) Дәрігерсіздер

38. Етістік нені білдіреді?

А) Заттың атын В) Заттың қимыл-әрекетін С) Заттың сапасын

Д) Заттың санын Е) Заттың ретін

39. Сын есімдерге салыстырмалы шырай жұрнағын жалға:

кіші +..., мықты + ... .

А) -гіш, -ғыш В) -дау, -деу С) -теу, тау Д) -ғы, -гі Е) -рек, -рақ



40. Қай мезгілде қар жауады?

А) Күзде В) Жазда С) Көктемде Д) Қыста Е) Қаңтарда




Шолпан Бақытқызы Әбілемова

Петропавл қаласының Бірінші қалалық жалпы білім лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған орта және экология

Сабақтың мақсаты: коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру үшін лингафон жабдықтарын қолдану.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, дидактикалық материалдар, кластер, кассеталар

Сабақтың әдістері: сұхбат, диктант, алгоритм, кластер, синквэйн

Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, жалпы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптар бойынша әңгімелесу

-Қазақстанның табиғаты қандай?

-Қазақстанның табиғаты бай, әдемі, көркем.

-Табиғат қандай дүние?

-Табиғат тірі дүние.

-Барлық тіршіліктің көзі не?

-Барлық тіршіліктің көзі Жер-Ана.

-Сусыз тіршілік бар ма?

-Сусыз тіршілік жоқ.

-Табиғатқа қауып кімдерден келеді?

-Табиғатқа қауып адамдардан келеді.

-Табиғат адамдардан не күтеді?

-Табиғат адамдардан қамқорлық күтеді.

ІІІ. Үй жұмысын сөздік диктант арқылы тексеру.

Бірінші нұсқа: местожительство, вред, одноцелое, сохранить, исчезновение, мир

Екінші нұсқа: общий, неразделимое, охранять, загрязниться, приводить, территория

ІҮ. -Біз сіздермен «Жер-Ана ортақ үйіміз» деген модульді өттік. Бұл модуль бірнеше тақырыптардан тұрады. Мысалы: «Қасиетті іс», «Су тіршілік көзі». Ал, бүгін қорытынды сабақ, сабағымыздың тақырыбы: «Қоршаған орта және экология». «Қоршаған орта» деген сөз тіркесі сендерге қандай ассоциацияларды туғызады?

Ормандар Көлдер





Қоршаған орта



Жануарлар Адамдар

Ү. Жаңа тақырыпты фонетикалық жаттығудан бастау. 1. Диктордың соңынан сөздерді қайталау. Сөздер: табиғат, орман, көл, өзен, тау, бұлақ, тіршілік, жануарлар, ғаламшар. 2. Осы сөздерді мұғалімнің соңынан қайталау. 3. Сөздердің дұрыс жазуын тексеру 4. Сөздерді мұғалімнің соңынан тағы қайталау.

ҮІ. Мәтінмен жұмыс. 1. Диктордың оқыған мәтінін тыңдау. 2. Мәтінді кезекпен оқу.

ҮІІ.Тапсырманы орындау. Сөйлемдерді толықтыру.

ҮІІІ. Диктордың қойған сұрақтарына жауап беру.

1. Экология термині нені білдіреді?

2. Біздің ортақ үйіміз не?

3. Экология неден басталады?

4. Табиғат пен адам қандай дүние?

5. Ғаламшарымызды неден қорғауымыз керек?

6. Ауаның, жердің және судың ластануы нелерге зиян келтіреді?

7. Өзендер қандай заттармен ластанған?



ІХ. Мәтін бойынша сөйлесу құрастыру.

Х. Құрастырған сөйлесуді тыңдау.

ХІ. Мәтінді түгел еске түсіру.

ХІІ. Кластермен жұмыс.

-Сендер кластердегі қандай қоршаған ортада өмір сүргілеріңіз келеді?

Таңдап алу және дәлелдеу.

Мысалы: Мен орманда тұрғым келеді, өйткені орманның ауасы таза.



ХІІІ. Сендердің армандарын орындалу үшін, әлемдегі жағдайларды дұрыстау керек. Ол үшін қандай шаралар қажет? Дәлелдеп беру.

ХІҮ. Синквэйн арқылы қоршаған орта туралы ең негізгі ойды көрсету.

Қоршаған орта синквэйні.

1. Жер-Ана.

2. Көркем, ерекше, тірі.

3. Жойылу, гүлдену, тазалау.

4. Жер-Ана ортақ үйіміз.

5. Отан.


ХҮ. Сабақтың нәтижесі.

ХҮІ. Үйге тапсырма: Шағын шығарма жазу.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет