Былтыр қыркүйек айында ғылым министрі Саясат Нұрбек ҰБТ тапсыруға арналған уақыт жарты сағатқа қысқаратынын айтқан еді. Алайда министрлік ұлттық бірыңғай тестілеуге ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

“Тестілеу уақыты төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталатынын атап өткен жөн”, – делінген хабарламада.

  • Шығармашылық мамандықтарға тапсыратындар үшін ҰБТ форматы өзгере ме: Министр түсіндірді
  • Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Бұған дейін ҰБТ-дағы тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалатынын жазған едік. Жалпы 120 сұрақ, 140 балл:

  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
  • Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма;
  • Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма;
  • екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.

Бұған дейін ҰБТ-ға қалай тегін дайындалуға болатынын жазғанбыз. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.