Қазақ тілі (орыс тілінде оқыт мектептер) 8-9- сыныптар



жүктеу 53.28 Kb.
Дата16.12.2018
өлшемі53.28 Kb.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық сырттай оқу олимпиадалық резерв мектебінің ІІІ кезең тапсырмалары.

Қазақ тілі (орыс тілінде оқыт. мектептер)

8-9- сыныптар
1. Мәтінмен жұмыс.

1.1. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыздар.

Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына кіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып, ел қыдырады. Көп елді аралайды. Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір үйден табылмайды. Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасындағы үлкен қоңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегенің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды. Үйдің бәйбішесі Ерназардан:
– Неге жыладыңыз? – деп сұрайды.
– Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын, тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам, біреуі кем екен, соған жылап отырмын, – дейді Ерназар.
– Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр, – деп бәйбіше тұсбақаннан тағы бір сырғаны алып келеді. – Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бөлек тұрады, – деп сырғаны қайтадан іліп қояды.
Ерназар оған:
– Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе еді. Кенжекейің Төстігімдікі болсын, – дейді. Сөйтіп, Ерназар тоғыз қызға құда түсіп қайтады.
Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады. Жолда бұларға перінің қызы Бекторы кездеседі, ол Төстікті көріп, ғашық болады. Төстікті Кенжекейден айырып қалу қамына кіріседі.
1.3. Сөздер мен сөз тіркестерініің мағынасын анықтаңыздар: бір төбе, іліп қояды,тоғыз ұлын аяқтандыру

1.4. Кейіпкерді өз сөздеріңізбен қайта сипаттап жазыңыздар. 20 ұпай


2. Эссе жазыңыздар. «Менің мектептегі достарым. Олар кімдер?» 10 ұпай

3. Мәтінді аударыңыздар.

Тірек сөздерді жазыңыздар.

Мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын анықтаңыздар.

Мәтін тақырыбы бойынша синквэйн жазыңыздар.

В. Сухомлинский

Неблагодарность


Пригласил дед Андрей в гости внука Матвея. Поставил дед перед внуком большую миску с мёдом, белые калачи положил, приглашает:

– Ешь, Матвейка, мёд. Хочешь – ложкой ешь мёд с калачами, хочешь – калачи с мёдом.

Ел Матвей мёд с калачами, потом – калачи с мёдом. Наелся так, что дышать трудно стало. Вытер пот, вздохнул и спрашивает:

– Скажите, пожалуйста, дед, какой это мёд – липовый или гречневый?

– А что? – удивился дед Андрей. – Гречневым мёдом угостил я тебя, внучек.

– Липовый мёд все-таки вкуснее, – сказал Матвей и зевнул: после обильной еды его клонило ко сну.

Боль сжала сердце деда Андрея. Он молчал. А внук продолжал спрашивать:

– А мука для калачей – из яровой или озимой пшеницы? Дед Андрей побледнел. Его сердце сжало невыносимой болью.

Стало тяжело дышать. Он закрыл глаза и застонал.

Конец формы



20 ұпай
3-турдың тапсырмалары

10-11- сыныптар
Бірақ қаладан, жабырқау медреседен жаңа құтылып, енді үйіне, ауылға жетуге асыққан бала шәкірт ол сөздерді тыңдайын деп ойысқан жоқ. Үлкендер қорыққан Есембай да, тіпті, ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық боп көріне алмады. Ұры десе, осы елдің өздеріндей – қазақтары. Көп болса: киімдері,ер-тұрманы ғана жаман; қолдарында сойылдары ғана бар. Ондай ұрылар жайында Абайдың естіген әңгімелері соншалық көп. Кейде, тіпті, сарытоқым ұры болған – ел ішіндегі үлкендердің өз аузынан естіген әңгімелері де ұмытылмайтын. Қайта бір кездесіп, дәл жауға шапқан пішіндерін көрсем деген іште жүрген ынтықтығы да
болатын. Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау» деген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары. Көктем мен күз уақыттарында, жылында екі рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қонып, ұзақ уақыт отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие-бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті, былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан кеткен болатын. Сонда тайға шапқан, асық ойнаған құрбы балаларымен жаяу жарыс жасап, асыр салған
ең соңғы бір ыстық қоныс осы болатын. Қыс бойы ауылды, елді сағынғанда есінен кетпейтін соңғы күндері дәл осы Есембайда өткен.

Енді кеп: «Бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жатқан жер» деген сөздің қандайы болса да көңілге дарымайды. Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау өзі туған сахара, өлке-белдеріне соншалық бір туысқандық ыстық сезіммен, кешіріммен де қарайды. Жабыса, сағына сүйеді. Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рақат. Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндей жыбыр қағып шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары... дала емес – теңіздейі қандай! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. Шамасы келсе, бұл жерлерді құбыжық көру емес, үрке қарау емес, құшағын керіп аймалар еді. Сылап-сипап «Мен сені сағындым, өзгелер жаман жер десе, мен олай демеймін. Тіпті, қойныңа тыққан ұры-мұрыңмен де жатсың, бөтенсің демеймін» деп қараған сияқты.

Тағы да шапқылап, қара үзіп, алыстай берді. Болмайтын болды.

1.1. Мәтінмен жұмыс. Ауыспалы мағынада тұрған сөздер мен сөз тіркестерін табыңыздар. Олардың мағынасын анықтаңыздар.

1.2. Табиғат бейнесін (пейзажын) анықтайтын сөздерді теріп жазыңыздар.

1.3. Әңгіме қай кезеңдегі оқиғаны суреттейді? Қандай тілдік деректер бар?

1.4. «Менің елім» деген тақырыпта 7 сөйлемнен кем емес шағын әңгіме жазыңыздар.

20 ұпай

2. «Ел ертеңі-бізбіз» тақырыбына эссе жазыңыздар.



10 ұпай

3. Мәтінді аударыңыздар.

Тірек сөздерді жазыңыздар.

Мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын анықтаңыздар.

Мәтін тақырыбы бойынша синквэйн жазыңыздар.
Л.Н.Толстой

Воробей и ласточки

Раз я стоял на дворе и смотрел на гнездо ласточек под крышей. Обе ласточки при мне улетели, и гнездо осталось пустое.

В то время, когда они были в отлучке, с крыши слетел воробей, прыгнул на гнездо, оглянулся, взмахнул крылышками и юркнул в гнездо; потом высунул оттуда свою головку и зачирикал.

Скоро после того прилетела к гнезду ласточка. Она сунулась в гнездо, но, как только увидала гостя, запищала, побилась крыльями на месте и улетела.

Воробей сидел и чирикал.

Вдруг прилетел табунок ласточек: все ласточки подлетали к гнезду — как будто для того, чтоб посмотреть на воробья, и опять улетали.

Воробей не робел, поворачивал голову и чирикал.

Ласточки опять подлетали к гнезду, что-то делали и опять улетали.

Ласточки недаром подлетали: они приносили каждая в клювике грязь и понемногу замазывали отверстие гнезда.

Опять улетали и опять прилетали ласточки, и все больше и больше замазывали гнездо, и отверстие становилось все теснее и теснее.



Сначала видна была шея воробья, потом уже одна головка, потом носик, а потом и ничего не стало видно; ласточки совсем замазали его в гнезде, улетели и со свистом стали кружиться вокруг дома.

20 ұпай


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет