Қазақ тілі сабағына инновациялық жаңа технологияларды енгізу к. С. Тулеутаева «№132 орта мектебі»



жүктеу 262.87 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі262.87 Kb.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

К.С.Тулеутаева

«№132 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаңаарқа ауданы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқытудағы технология және инновация ұғымдары кеңінен қолданылып жүр. Бұл ұғымдар педагогикалық мақсатқа пайдаланатын барлық инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

Тіл мамандары тілді тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Ұстаз инновациялық технологияны сабақта тиімді пайдаланса, оқушылар көптеген білім-білік, дағдыларды игеріп, ана тілдің ұлттық құндылықтарымыздың бірі екендігін жете танып, оқулықта берілген лексикалық материалдар арқылы ана тілінің қадір-қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.

Берілген ашық сабақтардың жоспарында инновациялық технологияларды, атап айтқанда «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысына ойлауды дамыту», «Сатылай кешенді талдау», «Саралап-деңгейлеп оқыту» сияқты технологияларды қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану жолдары көрсетіліп, бірнеше сабақ үлгісі келтірілген. Сабақ жоспарлары жаңа буын оқулықтарын («Арман-ПВ») басшылыққа ала отырып құрылған.

6-сынып


Сабақтың тақырыбы: Морфологиядан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Морфология тарауынан алған теориялық білімдерін жүйелеу. Оқушылардың сөздің түрлері, сөз таптары бойынша алған білімдерін бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

3. Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сатылай кешенді талдау, деңгейлеп саралай оқыту технлогиясы

Көрнекі құралдар: суреттер, кестелер, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, психология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген жаттығу жұмысының орындалысын тексеріп өтіп, морфология тарауы туралы сұрақтар қою.



ІІІ. Морфология саласы бойынша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары

1-деңгей. Міндетті, оқушылық деңгей.

272-жаттығу.

Төменде берілген сөздерді (жалаң немесе күрделі тіркес күйінде) пайдалана отырып, түрлі сөйлем мүшесі есебінде қолданып, сөйлем құраңдар.

Сәуле, пейіл, оқыған, тамаша, жақын, жарқ.

274-жаттығу «Жаз жұмбақтары» тақырыбында өсімдік, табиғат құбылыстары, жәндіктерге қатысты өз жұмбақтарыңды ұсыныңдар.



Көбелек, кірпі, бал арасы, инелік, қоңыз, құмырсқа.





  • Балалар, жоғарыда келтірілген жұмбақтардың шешуі болып табылатын жәндіктерге қашан жан бітеді?

  • Көктемде.

  • Көктем мезгілі туралы өз ойларыңды ортаға салыңдаршы.

  • Көктем – жыл мезгіліндегі ең тамаша,ең қызыққа толы мамыражай

мезгіл. Сондықтан да маған мезгілдердің арасынан көктем ерекше ұнайды. Қыстың соңғы айларында күн жылып,сай-саладан су ағып, жер көгереді, алыс жақтан құстар ұшып келеді, жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін жаластырады. Жер бетіне алғашқы гүл бәйшешек гүлдейді. Ағаштар бүр жарып жапырақтанады. Бір сөзбен әлем жаңарып, жер ана жасыл көйлегін киеді.Көктемде төрт түлік төлдейді. Халық абыр-сабыр боп шуылдасып, бірін-бірі қонаққа шақырады, қыстан мал-жан аман-есен шыққанына қуанады.Бәйшешек гүл шыққан соң, жер беті әдемі болып кетеді.

  • Көктемде қандай мерекелер тойланады?

  • Көктемдей әдемі қыздар, аналар мерекесі тойланады. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні Наурыз да бар. Бұл күні күн мен түн теңеледі.

  • Ендеше келесі мәтініміз осы мереке жайлы болмақ.

2-деңгей. Алгоритмдік деңгей.

270-жаттығу.



  1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығу.

  2. Наурыз мерекесі туралы әңгімелесу.



  1. Қарамен жазылған сөйлемдерге морфологиялық, синтаксистік талдау

жасату.

Үлгі: Алтынай баласының арнайы келіп оятқанын жақсы көретін.



  1. Морфологиялық талдау:

Берілгені: Алтынай

Іпрямая со стрелкой 1.Құрамына қарай күрделі; екі құрамды

Іпрямая со стрелкой 2І. Тұлғасына қарай туынды түбір:

бірігу арқылы: Алтынᴖ +ай ᴖ (Анал.лық / синт.тік тәсіл) арқылы-

Лпрямая со стрелкой 3ек. мағынасы адамға қойылған атау

+

прямая со стрелкой 4Гр. мағынасы а) лек.мағ.жалқы. жас.-Зат есім

ә) катег.лық гр мағына: Алтынай-кім?А.с. атауыштық мағына

б) Ø


Спрямая со стрелкой 5ұрағы кім?

Зпрямая со стрелкой 6.е. мағына жалқы, жанды, деректі, нақты



  1. Синтаксистік талдау:

Берілгені: Алтынай баласының арнайы келіп оятқанын жақсы көретін.

Іпрямая со стрелкой 7. Айтылу мақсатына қарай хабарлы

Тпрямая со стрелкой 8ыныс белгісі: нүкте - .

Кпрямая со стрелкой 9өңіл күйге қатысты: лепсіз.

Бпрямая со стрелкой 10олымсыздыққа қатысты: болымды

Іпрямая со стрелкой 11І. Құрылысына қарай: жай сөйлем;

а) жайылма

ә) толымды

б) жақты

Спрямая со стрелкой 12өйлем мүшелері: 1. Не істейтін? – жақсы көретін.–

күрделі, етістікті, есімше тұлғалы


  1. Жақсы көретін кім? – Алтынай -

күрделі, зат есімді, атау тұлғалы

  1. Нені жақсы көретін? - оятқанын-

тура толық., дара, етістікті, т.с. □ тұлғалы

  1. Қалай оятқанын жақсы көретін?

– келіп - қимыл-сын пысық.,

дара, етістікті, көсемше^ тұлғ.



  1. Қалай оятқанын жақсы көретін? – арнайы – мақсат пысық.,

үстеулі, дара, түбір тұлғалы

  1. Кімнің оятқанын? – баласының–

дара, зат есімді, і.с.□тұлғалы

3-деңгей. Эвристикалық деңгей.

«Морфология» сызбасын толтыру



 

МОРФОЛОГИЯ

 

СӨЗДІҢ ТҮРЛЕРІ

 

Сөз таптары

сұрақтары

түрлері

құрамы, тұлғасы

атауыш сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 










одағай сөздер

 

 

 

 

көмекші сөздер

 

 

 




4-деңгей. Шығармашылық деңгей

«Наурыз – көгілдір көктем белгісі» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.



ІV. Бекіту кезеңі

«Морфология» терминіне ассоциация тауып жазу








V. Үй тапсырмасын беру кезеңі

1. «Наурыз – көгілдір көктем белгісі» деген тақырыпта жазған әңгімелеріндегі бір сөйлемге морфологиялық талдау жасау;

2. Ұлыстың ұлы күніне арнап сурет салу немесе слайд-шоу әзірлеу.

VІ. Бағалау кезеңі




Оқушының аты-жөні

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

4-деңгей

Бағасы

1.



















2.



















5-сынып


Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.

  1. Білімділік мақсат: өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру, материалды қаншалықты меңгергендерін бақылау, тіл байлықтарын байытуға, сауаттылықтарын қадағалау.

  2. Дамытушылық мақсат: оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып,талдай білулерін жетілдіре отырып,ой белсенділігін дамыту;шығармашылық ізденіске бағыттау;оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын,мәнерлеп оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік мақсат: кемеңгер шешендердің, ақындардың – үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген ұлы тұлғалар келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра – әдеби туындыларымызды және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Әдісі: қайталау, сатылай кешенді талдау, жинақтау.

Түрі: қайталау сабақ .

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

2) Үй жұмысын тексеру. Жаттығу жұмысын тексеріп өтіп, лексика саласы боыйнша алған теориялық білімдерін еске түсіру.

Лексика



Фонетика

Морфология

Синтаксис

Семантиалық карта толтыру


Дыбыстар

Қатаң

Ұяң

Үнді

п,ч










в,г










п,л,м










щ,х,ч










ж,з,д










у










ц










к,қ










й,л










ш,с









3) Фонетика саласы бойынша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары.

351-жаттығу.



  1. Мәтінді мәнерлеп оқыту. Сөйлеудегі сазға (интонацияға), кідіріске, екпінге мән бергізу.

Жиренше туралы қосымша мәлімет:

Жиренше шешен (XV ғ.) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз–Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шғармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді.Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.

Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілер де бар.Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Соңғы екі жолдың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын таратып айтқызу.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.


  • Балалар, қазақ тарихында Жиренше шешен секілді ұлы тұлғалар

көптеп кездеседі. Солардың бірі де бірегейі - қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаев.

352-жаттығу.



КУБИЗМ стратегиясы бойынша талдау жасау.

куб 3

Мәтінді оқыңыз.

Орыстар үшін Пушкин қандай болса, ағылшындар үшін Шекспир

қандай болса, грузиндер үшін Руставели қандай болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдесі жоқ ғажайып құбылыс... Әр халықтың ұлы ақындарының туындылары әрқашан бүкіл адамзат мәдениетінің бөлінбес бір бөлшегіне айналады; ерте болсын, кеш болсын, ортақ игілікке жарап, барлық халықтың жүрегіне жол табады. Кемеңгер қазақ – Абай поэзиясының тағдыры да осындай.Ол жалғыз қазақтар ғана емес, бүкіл адам көретін және ұзақ уақыт көрет беретін Алатау секілді: ол қыста да, жазда да – барлық уақытта да мәңгі жасыл болып жайнап тұра береді. ...Абай – қазақ халқының және бүкіл адамзаттың ұлы. (Қ.Кулиев)



Абай Құнанбаев туралы білетіндеріңізді топтастырыңыз.




Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді теріп жазыңыз. Мысалы: жоқ, емес, т.б.


Қалаған бір сөйлеміңізге фонетикалық талдау жасаңыз.

Үлгі:

Фонетикалық талдау. Абай – қазақ халқының және бүкіл адамзаттың ұлы.



Берілген сөз: Абай

O- дыбыс белгісі, □-дауысты дыбыс белгісі, ∆- дауыссыз дыбыс белгісі.

O= +∆ -?

Шешуі: 4O=2□ +2∆

1)□ Тілдің қатысына қарай:

2□O = 2(а2) жуан□ O



  1. жіңішке □Ø

2) □ Жақтың қатысына қарай:

2□ O= 2(а2) ашық□ O

0 қысаң □Ø

3) □ Ерін мен езудің қатысына қарай:

2□ O= 2(а2) езулік □ O

0 еріндік □Ø

4) ∆ Үн мен салдырдың қатысына қарай:

2∆= 0 қатаң Ø___________


  1. (б) ұяң ∆,1 (й) үнді ∆ O

Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді теріп жазып, себебін

түсіндіріңіз.

Руставели, әрқашан, поэзия.


Төмендегі сөйлемді буынға бөліп, буын түрлерін ажыратыңыз.



Кемеңгер қазақ – Абай поэзиясының тағдыры да осындай.

□-ашық буын, ∆- тұйық буын, O- бітеу буын.

Кемеңгер – 3 буын, 8 әріп, 8 дыбыс. Ке-□, мең-O, гер- O т.б.


сынға алған?

Ой-толғаныс

«Жүрек кордиаграммасы»

+ оң қасиеттер

• теріс қасиеттер


  • Әдеби шығармаларда осындай жағымсыз мінез-қылықтарды қандай

хайуанаттар арқылы суреттейді? Мысалы: түлкі бейнесі арқылы адамның қандай қасиеті сипатталады? т.б.

353-жаттығу. Шығармашылық жұмыс

Суреттер топтамасындағы 2-суретке қарап, түлкінің, қоянның, үйректің мінез-қылығына лайық диалогтер құрап, әңгіме жазыңдар. Сол мінез-қылықтарды қандай сөздер таныта алатынына мән бере отырып, «Сөз – адамның айнасы» деген пікірді таратып айтыңыздар.

4) Бекіту кезеңі

Ойға шабуыл

Ф


онетикалық жұмбақтар.

Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі – айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады да көрінеді.

(дыбыс, әріп)

Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,

Жалпы қарауындағы әріптері

Құрамындағыдан алты есе көп.

(алфавит)

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді.

Қалғандары қақтығып барып өтеді.

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Екеуі де – тіл білімінің саласы



Рефлексия


Білемін !

Жаңа білдім !!!

Білгім келеді?


















5) Үй тапсырмасын беру кезеңі

Үйге: 354-жаттығу.



  1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

  2. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.

6) Бағалау кезеңі

6-сынып


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Ә) Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Б) Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір – бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру

Сабақтың әдістері: сатылай кешенді талдау, жинақтау, сұрақ - жауап

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: білімді қорыту және жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сөзжұмбақ, суреттер, кестелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Ойтолғауларын тексеріп, өткен сабақта есімдік туралы алған білімдерін еске түсіру.

1. Есімдік дегеніміз не?




Есімдік
2. Мағынасына қарай түрлері

3. Жұмбақ сұрақтар. Бұл қай есімдіктер?



    • Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі?

    • Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды?

    • Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды?

    • Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды,

Көптік ұғым беріп,



Көпшілікті қармайды.

  1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі

Ой қозғау. Қызығушылықты ояту

  • Балалар, алдымызда қандай мереке келіп қалды?

  • Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды?

  • Қандай сыйлық алғанды ұнатасыңдар?

  • Бүгін біздің сабаққа қонаққа аяз ата келіп қалыпты. Оның бізге

әзірлеген сыйлығы бар екен. Ол сыйлықтарды алу үшін аяз атаның тапсырмаларын орындауымыз керек. Дайынсыңдар ма?

1-қорап.

Өзіндік жұмыс. Сөзжұмбақты шешіңдер.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

  1. жіктеу есімдігі

  2. сілтеу есімдігі

  3. сұрау есімдігі

  4. өздік есімдігі І жақ көпше түрі тәуелденген түрі

  5. сілтеу есімдігі шығыс септігінде

  6. белгісіздік есімдігі

  7. жалпылау есімдігі





С


Е

Н




О


С

Ы

К


І

М

Ө

З

І


М

М

Е

Н

О

С

Ы


Д

А

Н




Ә

Р

К


І

М







Б

Ү


К

І

Л
1-қорап сыйлығы - қалам

2-қорап. Сілтеу есімдіктерін үлгі бойынша септеңдер.




Септіктер

Сол

Осы

Атау

Сол

Осы

Ілік

Соның

Осының

Барыс

Соған

Осыған

Табыс

Соны

Осыны

Жатыс

Сонда

Осында

Шығыс

Содан

Осыдан

Көмектес

Сонымен

Осымен

2-қорап сыйлығы – қойын дәптер


3-қорап


201-жаттығу.

  1. «Шеберлік мектебі» мәтінін оқып шығып, мазмұнын айтыңдар.

  2. Есімдіктерді теріп жазып, сатылай кешенді талдау жасаңдар.

Содан, сол, барлық, соны, әр, өзіне, өзінен-өзі, сонда

Берілгені: содан

І. Құрамына қарай: дара; 1 құрамды.

ІІ. Тұлғасына қарай: негізгі түбір:

со+дан□содан (Синт.лық / морф.лық тәсіл)

1. лек. мағынасы адам есімінің орнына жұмсалған.



гр. мағынасы а) лек.мағ.жалп. жас.-Есімдік

ә) катег.лық гр мағ: содан – кімнен? –

со+дан ш.с. □ атауыштық мағына



Сұрағы кімнен?

Ес. мағына сілтеу



3-қорап сыйлығы – қарындаш

4-қорап


202-жаттығу. Есімдіктерді мағыналық тобына қарай топтап жазыңдар.

Жіктеу

Сілтеу

Сұрау

Өздік

Жалпылау

Болымсыздық

Белгісіздік






















Мысалдар: мен, осы, өзімнің, әлде, бұл, міне, т.б.

4-қорап сыйлығы - фламастерлер

5-қорап


Оқулықтарыңның 141-бетіндегі 2-тапсырманы орындаңдар.

Есімдіктерге сұрақ қойып, көшіріп жазыңдар. Үлгі: Не ексең, соны (нені?) орарсың.



5-қорап сыйлығы – сурет салуға арналған альбом



ІV. Бекіту кезеңі

Мағынаны ашу. Ойға шабуыл.

Тест (компьютер арқылы көрсетіледі) Ашық формалы тест.

Нұсқау: толықтырыңдар

1.Үлкенді сен сыйласаң, Кіші . . . (сені) сыйлайды.

2.Жаманның ... (өзі) бола алмайды, Болғанды көре алмайды. 3.Балапан ұяда ... (не) көрсе, Ұшқанда соны іледі.

4.Не ексең, ... (соны) орасың.

5.Біреу тойып секіреді, ... (Біреу) тоңып секіреді.

Оқулықтарының 140-бетіндегі «Кім жылдам?» ойны

Топпен жұмыс




1-топ

2-топ

1.

Есімдердің орнына жүретін сөз табы.

Мен қандай есімдік?

2.

Орынбасар сөз қай сөз табы?

Өзінің түбірінен жасалатын есімдік.

3.

Есімдіктің мағыналық тобы қанша?

Синонимдес есімдік қай есімдік?

4.

Әрі жіктеуде, әрі сілтеуде кездесетін есімдік.

Сөйлем мүшелерінің сұрақтары қай есімдік түріне жатады?

5.

Сілтеу есімдігі қай сөз табының орнына жүреді?

Жақтық мағына беретін есімдік.

6.

Тыңдаушы жақ қай есімдікке тән?

Бөгде жақ қай жақ?

7.

Сен есімдігі омоним бола ала ма?

Біз есімдігі омоним бола ала ма?

V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

141-беттегі 3-тапсырма.



VІ. Бағалау кезеңі

7-сынып. Сабақтың тақырыбы : Өткен шақ. Жедел өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік мақсат: Жедел өткен шақ туралы түсінік беру, жасалу жолдарын түсіндіру, тұлғалас қосышалардан айырмашылығы неде екенін ұғындыру;

2. Тәрбиелік мақсат: Өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру;

3. Дамытушылық мақсат: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, Ш.Уәлихановтың портреті, суреттер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

- Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.



Біліміңді байқап көр.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді? 2. Келер шақ нешеге бөлінеді?

3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау.

Жұмбақ шешкізу. Таңертең төртеу, түсте екеу, кешке үшеу.

Осы жұмбақ арқылы адам өмірінің өзі үш шақтан тұратындығын анықтау. Оқулықтарының 128,129- бетіне сүйене отырып жаңа сабақты түсіндіру. Кестелермен жұмыс жасау.

ә) Өзіндік жұмыс. 143-жаттығу

1. Берілген мәтінді оқып шығып, Шоқан туралы білетіндерін топтастыру.






2. Жедел өткен шақты тапқызып, сатылай кешенді талдау жасату.

Үлгі: Берілгені: өшті

І.Құрамына қарай: Дара/ бір құрамды өш+ті

ІІ. Тұлғасына қарай: негізгі түбір өш+ті^ =өшті (Синтетикалық / морф.лық тәсіл)

Лек. мағ қимыл-әрекетке берілген атау



Гр. мағ а) лек.мағ.жалп.жас -Етістік

ә) катег.лық гр мағ: өш+ті Ет. + ж.ө.ш. ^, шақтық мағына

б)

Сұрағы не істеді?

Ет. мағына а)негізгі

ә) объектіге қатысына қарай: салт

б) іс-әрекеттің орындалуына қарай: болымды

Етістіктің шақтары: өткен шақ



б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

V- білемін

- - білмеймін;

+ - мен үшін жаңалық

? –мені таң қалдырды













ІV. Мағынаны ашу сатысы.

а) Топпен жұмыс. 144-жаттығу.

Берілген сөздерді талдап, жедел өткен шақ тұлғасына ұқсас (омонимдес) қосымшаларды атап көрсетіп, дәлелдеңдер.



Семантикалық карта

Берілген сөздер

Туынды сөз

Жедел өткен шақ

Жіктік жалғау

Септік жалғау

Кет-ті













Бақ-ты













Жаз-ды













Ат-ты













Сана-ды













Барған-ды













Нан-ды













145-жаттығу.

Қосымшаларды ажыратыңдар, жанына қай қосымша екенін жазыңдар

Үлгі: көріпті: көр – негізгі етістік, -іп – көсемше жұрнағы, -ті – жіктік жалғауының ІІІ жағы; тебінді: теб (п) – негізгі етістік, -ін – өздік етіс жұрнағы, -ді – жедел өткен шақтың жұрнағы, т.б.

ә) Бес жолды өлең.

Берілген сурет бойынша 5 жолды өлең немесе әңгіме құрау





V. Бекіту. Ой толғаныс сатысы.

а) Ойға шабуыл. Венн диаграммасы

б) Бағалау.



Өткен тақырыптан негізгі идеяларды ата және жалпыла?

Өткен тақырыптан әлі де не түсінбедіңіз, сұрақ құрастыр.

1.







2.







в) Үйге тапсырма.

Ережені жаттау. 146-жаттығу. Берілгенін түсіндіру.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет