Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



жүктеу 0.94 Mb.
бет1/8
Дата18.01.2018
өлшемі0.94 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚ ТІЛІ

(қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің

6- сыныбына арналған

көмекші құрал)

Түсінік хат


Қазақ тілінің жаңа бағдарламасында: «Білім берудің негізгі саласында қазақ тілін оқытудың мақсаты – қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» деп көрсетілген. Бұл - өмір талабы. Осыған орай жасалған әдістемелік құрал орыс мектептерінің 6 - сынып оқушыларына, мұғалімдеріне арналған.

Құрал үш аядан тұрады. Берілген аяларда тіл дамыту материалдары топтастырылған.

Осы оқу құралы стандартқа сәйкес бағдарламаға қосымша ретінде негізделіп құрылды:


    • тілдік білім жүйесін танып біле отырып, оларды сөйлеу әрекеттерінде қолдану, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистіқ құрылымын функционалдық сипатта танып білу;

    • қазақ тілінде сөйлеу құзырлығын қалыптастыру;

    • тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгеру.

Қосымша құралға төмендегідей грамматикалық материалдар: үндестік заңы, екпін, күрделі зат есімдер, жай септеу мен тәуелді септеу, көмекші есімдер, етістіктер, етістіктердің шақтары, етістер, тұрақты сөз тіркестері, жалғаулар, сөйлемнің бірыңғай мүшелері т.б. енген.

Берілген жаттығулар оқушының алған білімдерін қайталап, еске түсіріп, практика жүзінде бекітеді. Оқушылар қарым-қатынастық тілдік материалды оқып үйренеді: сөйлеу мәдениетін игереді, қоршаған ортаға байланысты, өзінің қызығушылығына байланысты өз ойын еркін жеткізе біледі, сурет бойынша, көрген кинофильмдер, мультфильмдер топтамасы бойынша, айтылған, оқылған әңгімелер бойынша, өз пікірін айтады, өз көзқарасын дәлелдейді.

Оқулық оқушылардың өз деңгейінде қарым-қатынас әдебінің нормаларын меңгеруге, күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін қолдана білуге, тілді үйренуге қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Мазмұны
І модуль. Менің отбасым.Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті 6

Кім немен айналысады? 8

Менің әкем мен шешем 9

Менің ағам 11



Сенің отбасың қандай? 12

Аялдамада 14

Менің досым 15

ІІ модуль Менің достарым.Сенің досың бар ма? 16

Құрбылар 18

Досымның келбеті 19

Достық туралы мақал- мәтелдер 21



ІІІ модуль. Менің достарым.Мен дүкенге қалай барамын 22

Азық түлік дүкенінде 25

Көкөністер дүкенінде 23

Әмбебап дүкенінде 25

Кітап дүкенінде 26

Базарда 28

Тапқыр достар (Ойын сабақ) 30

Ұлттық валюта 31

Ақша тарихы 32

Банк тарихынан 33

Ақша – төлем құралы 34

Апта күндері 35

Уақыт қанша болды? 37

Сабақ қашан басталады? 38

Менің туған күнім 39

Туған күн кешінде 40

Досымның туған күні 42

Досыма тілек 43

І модуль. Астанамен танысу. Атамекенге саяхат 45

Қазақстан астаналарының тарихы туралы 46

Тұңғыш Президент 48

Астана – бәйтерек» 50

Астанаға саяхат. 51

Астана- арман қала. 53

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні 54

ІІ модуль. Көлік түрлері. ---------------------------------------------- 56

Көлік географиясы 57

Мен мектепке немен барамын? 58

Бағдаршам 59

Жолда жүру ережесі 61

Нәтиже сабақ «Қауіпсіз жол» 62

Теміржол вокзалы 63

Әуежайда 65

Су көліктері 66

Ойын сабақ «МАИ қызметкері» 67

Нәтиже сабақ. Көлік 69

ІV модуль. Менің сүйікті кейіпкерім ------------------------------ 70

Менің сүйікті кинофильмім 71

Менің сүйікті мультфильмім 72

Менің атым – Қожа 73

Наурыз мерекесіндегі кейіпкерлер 74

Шығыстың қос жұлдызы 75

Бауыржан Момышұлы 77

V модуль. Мен мектептемін 78

Мектепте не істеймін? 79

Мектеп өмірі 80

Мектеп үйірмелері 81

Қазақ тілі сабағында 82

Менің сүйікті заттарым 83

Ұлттық тағамдар ---------------------------------------------------------- 85

Ұлттық ойындар. 86

Мектеп асханасы 88

Қолданылған әдебиеттер ................................................................. 89



І модуль

Менің отбасым


  1. сабақ

Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті




1 – тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар, өзара сөйлесіңдер.


  • Сәуле, сенің әкеңнің бойы қандай?

  • Менің әкем орта бойлы адам, Саша, сенің әкеңнің бойы ұзын ба?

  • Жоқ менің әкем аласа бойлы, ал анамның бойы ұзын.

  • Менің анам керісінше өте аласа адам, мен анама ұқсаймын.

  • ...

  • ...









2 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аударыңдар және мазмұнын айтып беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.
Менің атам еңсегей бойлы адам. Оның шашы қалың, сақалы аппақ. Мұрыны қоңқақ, көзі қысықтау. Әжем орта бойлы, аққұба адам. Ол ұзын көйлек киіп, ақ орамал байлап жүреді. Әкемнің бойы ұзын, кең иықты. Көзі үлкен, қара. Анам қара торы, келбетті адам. Анам талғаммен киінеді. Әпкем Анар анама тартқан қара торы. Көзі үлкен әрі қара. Шашы ұзын, қалың. Таңқы танауы өзіне жарасып тұрады, еріні жіңішке, алқызыл. Орта бойлы. Ал ағам қыр мұрынды, қалың қара қасты, еріндері томпақ. Шашы бұйра әрі жирен. Өзі орта бойлы.
3 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңдар.

Мой отец высокого роста. Моя мама очень красивая, у нее добрые глаза.

У моего брата волосы русые. У него глаза голубые. У моей сестры волосы длинные и густые. У дедушки борода седая, брови густые, глаза карие. Мой младший брат маленького роста.

Есте сақтаңдар!

Тәуелдік жалғау


Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті, қатысты) екенін білдіреді.

Сөздер жекеше және көпше түрде тәуелденеді.








жақ

Оңаша тәуелдену

Ортақ тәуелдену




жіңішке

жуан

жіңішке

жуан

І

Менің әжем

Менің отбасым

Біздің әжеміз

Біздің отбасымыз

ІІ

Сенің әжең

Сіздің әжеңіз



Сенің отбасың

Сіздің отбасыңыз



Сендердің әжелерің

Сіздердің әжелеріңіз



Сендердің отбасыларың

Сіздердің отбасыларыңыз



ІІІ

Оның әжесі

Оның отбасы

Олардың әжелері

Олардың отбасы




4 – тапсырма. Сөздерді үлгі бойынша тәуелдеп жазыңдар

Үлгі: Менің шешемнің көзі көкшіл.

Настя... шаш... ұзын. Аға... бой... сұңғақ. Әже... шаш... ақ. Бауыр...көз... үлкен. Айжан... мұрын... қыр. Сен... шаш... қысқа ма? Ол... қас... қандай? Зәуреш... шаш... қап- қара, иығына дейін келеді. Диманың көз... көк, қас... қалың, ерін... қызыл.


5– тапсырма. Төмендегі сөздерді бірінші жақта тәуелдеп жазыңдар.

Үлгі: Менің інім

Іні, қарындас, тіс, қол, шаш, танау, көз, құлақ, ата- ана, бойы, қас, әпке.


6 – тапсырма. 5- тапсырмада берілген сөздерден сөйлем құраңдар.

Үлгі: Менің інімнің қасы қап- қалың.
7– тапсырма. Туысыңның сыртқы келбетін сипаттап жазыңдар.

Менің анамның Менің анам

бойы ____________________, ____________________бойлы

денесі _____________________, ________________________денелі

көзі_______________________, _________________________көзді

мұрыны ___________________, __________________________мұрынды

еріні______________________, _________________________ерінді

маңдайы _________________, ________________________ маңдайлы

шашы _____________________, ___________________________ шашты

қасы___________________, __________________________қасты


2 - сабақ

Кім немен айналысады?




1 – тапсырма. Диалогты аяқтаңдар.

- Сенің атың кім?

- ...

- Отбасыңда неше адам бар?



-...

- Әкең немен айналысады?

-...

- Шешең кім болып жұмыс істейді?



-...

- Атаң немен айналысады ?

-...

- Әжең немен айналысады?



-...

- Ағаң не істейді?

-...

- Сен немен шұғылданасың?


2 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Біздің отбасымыз үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, қарындасым және мен. Атам мен әжем зейнеткерлер. Әкем тіс дәрігері. Оның өз емханасы бар. Анам бухгалтер, банкте жұмыс істейді. Екі ағам – студенттер. Екеуі де Қарағанды Мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқиды. Апам мұғалім. Қарындасым он жаста. Ол төртінші сыныпта оқиды. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Мен оқу озатымын. Қарындасымның сабағына көмектесемін.Мен спортпен шұғылданамын.


3 – тапсырма.Төмендегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.

1.Ол ғылыммен шұғылданады. 2.Ағам мәдениет министрлігінде қызметкер. 3.Атам газет оқып отыр. 4.Әжем шұлық тоқумен айналысады. 5.Балалар аулада доп ойнап жүр. 6.Анасы асүйде тамақ әзірлеп жатыр. 6.Шолпан сабағын оқып отыр. 7.Айназ Астана қаласындағы Еуразия университетінде оқиды.



Есте сақтаңдар!

Болымсыз етістік

Іс- әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке –ма,

-ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.




Сөздің соңғы дыбысы


Сөздің соңғы буыны

Жұрнақтар

Дауысты немесе үнді дауыссыз й,л,р,у

Жуан

Жіңішке


-ма

-ме


Ұяң дауыссыз дыбыстар немесе үнді дауыссыз м,н,ң

Жуан

Жіңішке


-ба

-бе


Қатаң дауыссыз дыбыстар

Жуан

Жіңішке


-па

-пе



4- тапсырма. Болымсыз етістіктің жұрнағын жалғап жазыңдар (–ма/-ма, -ба/-бе, -па/-пе).

Жаз сыйлас байла

Сез қайт жу

Оз кес тұр

Төз төк бер

Нан тос сөйле

таран күт әкел

сүрті бас көр




5- тапсырма Үлгі бойынша сөйлесіңдер.

- Сіз спортпен шұғылданасыз ба?

-Жоқ мен спортпен шұғылданбаймын, кесте тігумен шұғылданамын.
3-абақ

Менің әкем мен шешем



Есте сақтаңдар!
Септік жалғауы


Қазақ тілінде жеті септік жалғауы бар. Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Сөздер жекеше және көпше түрде септеледі.




1

Атау септік

Кім? Не?




2

Ілік септік

Кімнің? ненің?

-ның;-нің;-дың;-дің;-тың;- тің

3

Барыс септік

Кімге? Неге?

-ға;ге,-қа;-ке;-на;не

4

Табыс септік

Кімді? Нені?

ді;-ды;ты;ті; ны; ні; н

5

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да;де;-та;-те;нда;- нде

6

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан;-нен;-дан;- ден;- тан;-тен

7

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен;-бен;-пен



1– тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Менің әкем мен шешем

Менің әкемнің аты Қайрат. Ол 42 жаста. Әкем – филолог, институтта сабақ береді. Шешемнің аты Раушан. Жасы 40-та. Ол ауруханада дәрігер. Әкем бос уақытында спортпен айналысады. Ол кітапты көп оқиды. Әкем сенбі күндері кешкісін бізбен щахмат ойнайды, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Әкем қатал, тәртіпті жақсы көреді. Анам асүйде дәмді тамақтар дайындайды. Анам ән салғанды ұнатады. Демалыс күндері мен анама үй шаруасына көмектесемін. Анам өте мейірімді, ақылды адам.




2- тапсырма. Диалогты оқып, үлгі бойынша сөйлесіңдер.

  • Алексей, сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

  • Менің әкем етікші, ал сенің әкең кім?

  • Менің әкем кәсіпкер.

  • Саша, ол немен айналысады?

  • Ол жарнамамен айналысады.

  • Ал сенің анаң не істейді?

  • Менің анам дәрігер, балаларды емдейді, ал сенің анаң кім болып жұмыс істейді?

  • Менің анам сатушы.


3-тапсырма. Берілген сөздерге ілік септігін жалғап, сөз тіркесін құрап жазыңдар, оқыңдар.

Үлгі: баланың анасы.

Бала, інім, көршісі, аға, Сәуле, Саша, дос, ғарышкер, сәулетші, суретші, құрылысшы.


4-тапсырма. Керекті жалғауды қойып жазыңдар.

Менің әке... жақсы адам. Оның төрт немере... бар. Олардың екеу... – ұл бала. Біздің ана... – аспаз. Сенің әже... қандай адам? Оның әке... кім?


5-тапсырма. Төмендегі пікірлермен келіспеңдер.

Айжанның отбасы онша үлкен емес. 2. Ардақтың ағасы - инженер. 3. Арайдың апасы тұрмыста. 4. Әселдің мамандығы - филолог. 5. Майраның бауыры мектепте оқиды.


6-тапсырм. Берілген сөздерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.


Атау

Ілік


Барыс

Табыс


Жатыс

Шығыс


Көмектес
балалар

балалар_____

балалар_____

балалар_____

балалар_____

балалар_____

балалар_____
інің

інің_____

інің_____

інің_____

інің_____

інің_____

інің_____




4- сабақ

Менің ағам






  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Менің ағамның аты Марат. Ол жиырма жаста. Оның бойы ұзын, арықша келген. Күлгенде аппақ тістері ақсиып тұрады, ол өте ашық әрі әзілқой. Қарағанды экономикалық университетінің қаржы факультетінде үшінші курста оқиды. Ағам университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Ол өз тобының басшысы. Достарына адал,әрі жанашыр. Ағам бос уақытында маған сабағыма көмектеседі. Кейде демалыста екеуіміз бірге демаламыз. Кинотеатрға немесе қазақ драма театрына барып қойылымдар көреміз. Мен ағамды қатты сыйлаймын.

2- тапсырма. Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын жалғап, сөз тіркесін құрап жазыңдар.

Шаш, көз, ағам, туыстарым, досы, университет, қолы, қала, орталық, театр, көл, апайы


3 -тапсырма. Жұптастырыңдар және тексеріңдер.

Ағам бардық

Достары ағасы

Әлішердің сабырлы

Мұражайға көп
4- тпсырма. Суретке қарап, «Менің ағам» тақырыбына әңгіме жазыңдар.


5- сабақ

Сенің отбасың қандай?



1- тапсырма. Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.


  • Жанар, отбасы мүшелері қандай болуы керек деп ойлайсың?

  • Отбасындағы адамдар бір- біріне өте жақын, туыс адамдар болғандықтан тату болуы керек.

  • Оны қалай түсінесің?

  • Мысалы, ағасы інісіне, інісі ағасына сыйластықпен, жанашырлықпен қарау ерек.

  • Кейбір отбасында апалы-сіңілі немесе апалы- бауырлар көп ренжісіп, бастары сыйыспайды ғой?

  • Иә, меніңше, олар туыстық дегенді түсінбейді.

  • Мүмкін, олар бала болған соң солай істейтін шығар.

  • Әйтсе де, бір үйдің балалары бірін- бірі сыйлап, жақсы көрулері керек, бауырмал болулары керек.

  • Мен сенің ойыңмен келісемін, сыйластық бар жерде туыстық бар.


2-тапсырма . Суретке қарап, әңгіме құраңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет