Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ұлттық банктің 173 миллиард теңге зейнетақы қаржысына холдинг облигацияларын сатып алуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Көп бөлігін "Бәйтерек" холдингі сатып алды, бұл БЖЗҚ "Бәйтерек" облигацияларын сатып алудағы бірінші операция емес. БЖЗҚ — бұл айналуға, ақша табуға тиіс зейнетақы ақшасы. Олар сенімді қаржы институттарына салынуы керек, олардың ішінде жүз пайыздық кепілдендірілген мемлекеттік бағалы қағаздар және жүз пайыз мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік бірлестіктердің облигациялары бар. Бұл жақсы кіріс әкелетін "Бәйтерек холдингі",- деді министр үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.
Әлібек Қуантыров "бұл сенімді инвестиция" деп атап өтті.
"Сонымен қатар бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Атап айтқанда, өте қажет жолаушылар және жүк вагондарын сатып алу үшін. Онда 50 пайызға жуық тозу бар. Отандық жеткізушілер болады, экономикада айналады, оның басқа да тиімділігі бар, жұмыс орындары құрылатын болады және т. б.", — деп толықтырды ұлттық экономика министрі.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк бірыңғай зейнетақы қорынан алынатын 173 миллиард теңгені "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салағанын хабарлаған едік.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.