«Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2014 Мазмұны



жүктеу 281.45 Kb.
Дата30.12.2017
өлшемі281.45 Kb.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.09/03-2014



ПОӘК «Қазақ тілінің стилистикасы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2014 жылғы

№ басылым



5В050117- Қазақ тілі мен әдебиеті

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған



«Қазақ тілінің стилистикасы»
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


СЕМЕЙ


2014


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Өзгерістерді тіркеу парағы

6 Әріптестердің танысуы

1 ГЛОССАРИЙ
1 Стилистика– тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді.

2 СӨЙЛЕУ – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу құралы болса, сөйлеу – осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашанда нақтылы болады, тіл – абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта жасалады, оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады.

3 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгі сөзді қабылдау не қабылдамау.

4 ДИСКУРС – (фр.discours – сөйлеу)– экстралинвистикалық, яғни, парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін. Дискурс – өмірдің тілі, сондықтан да дискурс термині «мәтін» терминімен салыстырғанда көне, басқа да бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.

5 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) – 1. Сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы.

6 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланысты болады.

7 МОНОЛОГ – (грек.monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу түрі. Монологқа интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.

8 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі.

9. ТАБУ – (полинезия сөзі) – кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. Т. құбылысы тілдің магиялық қызметімен байланысты, яғни, сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады деген нанымнан туындайды. Т. Барлық тілдерде бар. Ең көп тараған Т. адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тиым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның атын атауға болмайды. Т. эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты болады.

10.ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu жақсы және phemi – сөйлеу)- эмоция жағынан бейтарап сөздер. Э. құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде, өлді-қайтыс болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге қарсы қойылады.

Дисфемизмде керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі тұрпайы сөздер қолданылады



2 ДӘРІСТЕР

1-дәріс. Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Стилистиканың зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты бөлінуі

  2. Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері

Стилистиканы түр-түрге тарамдағанда, басшылыққа алатын принцип оның негізгі зерттеу бағыттары болуға тиіс.

Стилистикада ең басты назарда болатын екі бағыт бар. Олардың бірі – мәтіннен тысқары стилистикалық ресурстар ( мүмкіндіктер). Бұл аспектіні тіл ресурстары стилистикасы деп те аталады.

Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы – салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика және дара (индивидуалдық) стилистика болып бөлінуі.



Жалпы стилистика тілдің қай топқа, қай класқа жататынына қарамастан, тіл атауларына ортақ стилистикалық пробремалар мен мәселелерді қозғайды.Лингвистикалық стилистиканың анықтамасы, басты ұғымдары мен категориялары, әр түрлі топтарға жіктелуі.

Салыстырмалы – салғастырмалы стилистика әр тілдің ярустарында ұлттық өзгешеліктердің болатыны сияқты, тілдік құралдардың қолданылуына да бір заңдылыққа бағына бермейтіндігі туралы.Стилистиканың салыстырмалы және салғастырмалы түрлері,ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Екі сөзден біріккен атауды (салыстырмалы - салғастырмалы) контрасивтік стилистика қатарына жатқызушылық. Контрасивтіліктің жайы сәл басқаша екенін айта кету жөн болар. Мұндайй жағдайда көбіне – көп салыстырылып немесе салғастырылып отырған тілдердегі стильдік құралдардың жұмсалу реттерінде айырмашылықтарға, қарама-қайшылықтар мен қарама-қарсылықтарға көбірек көңіл бөлінеді де, олардың арасындағы жақындық пен ұқсастықты зерттеуді басқа ізденушілердің міндеті болып саналуы.



Салыстырмалы стилистика мен салғастырмалы стилистиканың бір-бірінен айырымдарына келетін болсақ, мынадай жайды ескеру қажеттілігі.Салыстырмалы стилистикада туыстығы алыс тілдердің стилистикалық немесе стильдік құбылыстары жарыстырыла сөз болады.Мәселен, ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелердің стилистикалық қызметі немесе неміс тілі мен қырғыз тіліндегі зат есім сөздердің қолданылысы т.с.с. зерттеу жұмыстары осы салаға жатқыза отырып зерттеу әдістері.

Салғастырмалы стилистика туыстығы жақын тілдердің фактылары негізінде стлистикалық зерттеу жұмыстарын қамтитындығы. Мәселен, қазақ және қырғыз тілдеріндегі сын есімнің стилистикасы немесе түрік және әзірбайжан тілдеріндегі сөздердің орын тәртібінің қолданылуы т.с.с. мәселелер туралы зерттеу еңбектердің маңызы.

Салыстырмалы –салғастырмалы деп қоса –қабат айтылуы да тегін емес. Бұл салада да зерттеулер баршылық. Мәселен, неміс, иқырғыз және қазақ тілдеріндегі синонимдердің стилистикалық қызметі немесе ағылшын, француз және өзбек, түрік тілдеріндегі метафоралардың қолданылуы жайлы сөз болатын зерттеулерді осы тұрғыдағы еңбектер. Ол арқылы ұлттық стильдік жүйенің ероекшеліктерін анықтау қажеттілігі.

Ішінара стилистика нақтылы бір ұлт, халық тіліндегі стилистика мәселелерін көтереді. Қазіргі пайдаланып жүрген қазақ, өзбек, қырғыз, орыс, неміс тілдері стилистиканың оқулықтары мен іргелі зерттеулер мұның мысалы болып табылады.

Дара немесе индивуальдық стилистика деп аталып жүрген стилистиканың түрі жеке автордың, жеке шығарманың немесе жеке жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны болуы. Мәселен, М.Әуезовтің стиліне арналса немесе оның бір шығармасына , айталық. «Қорғансыздың күніне» арналса, ол ізденістен осы бағыттағы зерттеу жұмысы болғаны. Сондай –ақ кеңсе қағазының тіл туралы, бір ғалымның монографиясының тіліне қатысты т.с.с. жөніндегі үлкенді –кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жататын қарастыру.

Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – функциональдық стлистика мен тіл ярустары стилистикасы.

Функциональдық стилистиканы екінші бір ретте қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп те атайды. Қалай болғанда да, стилстиканың бұл түрінің басты бағыты – шығарманың, мәтіннің құрылымы ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданып, тыңдарманға немесе оқырманға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау. Шығарманың (бұл жеке шығарма ұғымының барынша кең мағынада екенін еске сала кетейік) болмысында саналы немесе кездейсоқ ауытқулар, қателіктер бола беруі әбден мүмкін. Функциональдық стилистика мәселенің бұл жағына да назар аударады, демек, ол олқылықты қалай толтырудың, кешің тұстарды қалай түзеудің жолдарын көрсету қызметі қарастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Стилистиканың зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты қалай бөлінеді?

2. Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын түрлері?

2 -дәріс. Функционалдық стилистиканың өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктелуі.
Дәріс сабағының мазмұны:

1.«Стиль» сөзінің мәні мен мағынасы

2. Функционалдық стилистиканың түрлері
Функционалдық стилистика өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктеледі:

Ауызекі сөйлеу стилі.

Ресми стиль.

Ғылыми стиль.

Публицистикалық стиль.

Көркем әдебиет стилі (тілі)

Тіл ресурстары стилистикасын бұдан сәл ықшамдап, тіл стилистикасы деп те атап жүр. Стилистиканың бұл түрінің басты бағыты – сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін айқындау.

«Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы.функционалдық стиль және экспрессивтік – эмоционалдық стиль, олардың арақатынасы. Функционалдық стильдерді жіктеуге қатысты әртүрлі ғылыми көзқарастар. Функционалдық стильдің түрлері.



Бақылау сұрақтары:

1. Стиль терминіне анықтама беріңіз

2. Функционалды стиль түрлерін атаңыз

3 .Стилистика ғылымының зерттелуі жайында әңгімелеңіз



3 -дәріс. Ауызекі сөйлеу стилі.

Дәріс сабағының мазмұны:



  1. Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы

  2. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері

  3. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті

Жалпы сипаттамасы. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері, бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерешеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен синтаксисі.

Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті. Ойдағыдай қарым-қатынас жасаудың шарттары(коммуникативтік қажеттілік, әңгімелесушінің көңіл-күйі; тыңдаушының айтушы көңілін түсіне білуі; айтушының әңгіме нысанын жеткізе алуы; сөйлеу кезіндегі сыртқы жағдай; сөйлеушінің сөз әдебін сақтай білуі т.б). коммуникативтік сәтсіздіктердің себептері (коммуникативтік ортаның ықпалы; әңгімелесушілердің арасындағы сәтсіздік; сөз арасындағы қисынсыз ескертпе т.б.) коммуникативтік мақсат, сөйлеу стратегиясы мен тактикасы тәсілдері. Тілдік қарым-қатынастың жанрлары (ақылдасу, әңгімелесу, талас, әңгіме, тарих, хат, күнделік, т.б.) тілдік қатынастағы әдеп.

Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы

2. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлерін атаңыз

3. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті жайлы не айтасыз?


4-дәріс. Ресми стиль.

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Ресми стилдің жалпы сипаттамасы

2.Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы.

3. Ресми стиль мәдениеті

Ресми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері; таза заң шағын ресми стилі, кеңсе қағаздары шағын ресми стилі; дипломатиялық шағын ресми стиль.

Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Ресми стильдің морфологиясы мен синтаксисі,

Ресми стиль элементтерінің ресми қарым-қатынас аясынан тыс жерлерде қолданылуы.

Ресми стиль мәдениеті. Құжат мәтіндерінің мәтіндік нормалары. Ресми сөз нормаларының динамикасы.

Бақылау сұрақтары:

1. Ресми стилге жалпы сипаттама беріңіз

2. Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясына мысал келтіріңіз

5-дәріс. Ғылыми стиль.


  1. Ғылыми стилдің жалпы сипаттамасы

  2. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері

3. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері.
Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми – оқулық шағын стилі, көпшілікке арналған шағын ғылыми стиль.

Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

Ғылыми стильдің мәдениеті. Арнаулы категориялар мен ұғымдарды білдірудің құралдары.

Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері.

Терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар (мазмұнға сәйкестігі, дәлдік; бір мағыналылық синонимі болмайтындығы; қысқалық; т.б.). норманың кәсіби варианты. Терминдердің қалыптасуы; стандарттағы және сәйкестендірілуі.

Академиялық сөйлеу кезіндегі және лекция оқу үстіндегі шешендік өнер.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ғылыми стилдің жалпы сипаттамасын жасаңыз

  2. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілерін көрсетіңіз

3. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін атаңыз

6 –дәріс. Публицистикалық стиль.

  1. Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы

  2. Публицистикалық стильдің шағын түрлері

  3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

  4. Публицистикалық стильдің фонетикасы.

  5. Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі

Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стилі; таза публицистикалық шағын стилі; газет шағын публицистикалық стилі; газет тілінің өз ішіндегі жүктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.)

Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

Публицистикалық стильдің фонетикасы. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі.

Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет тілі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық өрісі мен ақпараттық нормасы. Сөйлеу мәнерлілігінің құралдары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Публицистикалық стилге жалпы сипаттама беріңіз

  2. Публицистикалық стильдің шағын түрлерін атаңыз

  3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілерін көрсетіңіз



7-дәріс. Шешендік сөз мәдениеті.

  1. Шешендік сөз – классикалық формадағы сөз өнері

  2. А.Байтұрсыновтың шешен сөз туралы ойлары

Қазақ халқы сөздің құдіретіне табынып, тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін жасаған. Ұшқыр да ұтымды, мағыналы сөздерді негізгі ойдың арқауы еткен. Ел ішіндегі түрлі дау-жанжал, шешімін таппас мәселелерді де осы сөз арқылы, көрегендіктерімен, тапқырлықтарымен шешіп, әділ бағасын беріп отырған.

Бүгінге дейін жалғасын тауып отырған асыл қазынамыз – шешендік сөздер тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін,оның ішінде жер дауы мен жесір дауын, мінез-құлқын, тайға таңба басқандай дәл, әрі шебер, әрі мәнді бейнелеуімен ерекшеленеді.

Шешендік сөз – тілдік, коммуникативтік, философиялық, логикалық, этикалық, психологиялық, тарихи-мәдени т.б. көпқырлы ерекшеліктері бар классикалық формадағы сөз өнері

Бізге мәлім, өнердің бірнеше түрі болса соның бірі – киелі де қасиетті сөз өнері. Шешендік өнер «өнердің падишасы» ретінде саналған.Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар. Мысыр, Вавилон, Ассирия,Қытай, Үндістан елдерінде шешендік өнер айрықша дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады.

Ділмәр шешендеріміз тек шешендік өнерлерімен ғана танылып қоймай, әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау, әрі қолбасшы, әрі философ бола білген.

Асыл қазынамыз шешендік сөздердің уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып,ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді сөздер екендігін айта келіп А.Байтұрсынов шешен сөздің бес түрін атап көрсетеді:

Шешендердің жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығару мақсатымен сөйлегендері саясат шешен сөзі деп аталады.

Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатымен сөйлегенде сот билігіне әсер ету ұшін айтқан сөздері билік шешен сөздері деп аталады.

Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады.

Білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлеген сөздері білмір шешен сөз деп аталады.

Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады.405-бет

Бүгінде шешендік сөздерімізді әр қырынан, атап айтсақ, тарихта болған би-шешендердің сөздеріне ғана қатысты қарастырылмай, көне заманнан, оның ежелгі дәуірден басталатындығы жайлы айтылып жүр .

Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мәселен, «Би-шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мәні, атқаратын қызметі ерекше болған.



Бақылау сұрақтары:

  1. Шешендік сөз өнерінің қалыптасып, дамуы жайлы әңгімелеңіз

  2. А.Байтұрсыновтың шешен сөз туралы ойларын тұжырымдаңыз



8 –дәріс. Көркем әдебиет стилі.

  1. Көркем әдебиет стилінің жалпы сипаттамасы

  2. Көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл.

  3. Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі

  4. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданысы


Көркем әдебиет стилі. Жалпы сипаттамасы. Көркем әдебиет стилінің түрлері. Көркем әдебиет стилі туралы көзқарастар. Көркем әдебиет тілінің эстетикалық қызметі.

Көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу стилінің арақатынасы. Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильдің арақатынасы.

Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі. Шығарманың көркем жүйесі. «Автор бейнесі» туралы түсінік. Көкем әдебиет тілін зерттеудің аспектілері.

Көркем әдебиет тілінің әдебиеттің жанрларына байланысты әр түрлі көрінісі.

Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданылысы. Көркем шығармадағы архаизм мен историзм. Табу мен эвфемизмнің көркем шығармадан алатын орындары.

Бақылау сұрақтары:


  1. Көркем әдебиет стиліне жалпы сипаттама беріңіз

  2. Көркем әдебиет тілінің әдеби тілге қатысы

  3. Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі жайлы баяндаңыз

  4. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданысына мысалдар келтіріңіз



9- дәріс. Лексика – фразеологиялық стилистика

  1. Тіл ярустары стилистикасы лингвистикалық стилистиканың негізгі салаларының бірі

  2. Тіл ярустарының стилистикасы.

  3. Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттері

  4. Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысы



Тіл ярустары стилистикасының лингвистикалық стилистиканың негізгі салаларының бірі екендігі. Стилистиканың бұл саласына көзқарастар. Тіл ярустары стилистикасының түрлері мен олардың тіл білімінің басты салаларымен арақатынасы.

Лексика – фразеологиялық стилистика. Сөзді таңдап қолдану. Лексикалық тіркесімділік. Сөздің көп мағыналылығының стилистикалық қолданылысы. Омонимдер. Синонимдер. Синонимиялық лингвистикалық стилистиканың басты мәселесі екендігі. Антонимдер. Паронимдер.

Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттері. Архаизмдер мен историзмдер. Неологизмдер. Басқа тілдерден ауысқан сөздер.

Сөздердің қолданылу аясына байланысты стилистикалық қасиеттері. Көркем шығармадағы диалектизмдердің қызметі. Кәсіби – техникалық және терминологиялық лексика.

Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданылысы. Фразеологиялық тіркестер. Мақалдар мен мәтелдер. Қанатты сөздер. Фразеологиялық синонимдер мен варианттар. Фразеологиялық единицалардың эмоционалды – экспрессивті бояуы. Фразеологизмдердің экспрессивті – стилистикалық қасиеттеріне қарай топтастырылуы: бейтарап фразеологизмдер, сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер және кітаби сипаттағы фразеологизмдер. Басқа тілдерден ауысқан фразеологизмдер.

Бақылау сұрақтары:


  1. Лексика – фразеологиялық стилистикаға мысалдар келтіріңіз

  2. Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттеріне сипаттама жасаңыз

  3. Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысына мысал келтіріңіз


10-дәріс. Грамматикалық стилистика.

  1. Грамматикалық стилистиканың жалпы сипаттамасы.

  2. Грамматикалық стилистика бойынша сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың диахрондық элементтердің сөз тіркестері мен сөйлемдердің қолданысы

Грамматикалық стилистика. Жалпы түсінік. Морфологиялық құрылыстың негізгі стилистикалық белгілері.



Бақылау сұрақтары:

  1. Грамматикалық стилистикаға мысалдар келтіріңіз



11-дәріс. Сөз таптарының стилистикасы.

  1. Сөз таптарының стилистикалық қызметі

  2. Зат есім, сын есім, етістік, есімдік т.б. сөз таптары категориялары мен формаларының стилистикасы.

Зат есім. Зат есімнің септік жалғауларының стилистикалық қызметі. Септік жалғауларының синонимдігі. Көптік ұғымды білдірудің тәсілдері.

Сын есім. Сын есімнің кейбір жұрнақтарының стилистикалық қызметі. Сын есім шырайларының синонимдес келетіндігі. Субстантивтену құбылысы.

Есімдік. Жіктік, өздік, сілтеу есімдіктерінің стилистикалық қызметі.

Етістік. Етістіктің шақтары. Етістік шақтарының тұлғаларын қабылдаған сөздердің синонимдігі. Етістік райларының стилистикалық қызметі. Райлардың қосымшаларын жалғаған синоним болуы иүмкіндіктері.

Үстеу, шылау, одағайлардың қолданылуы.

Морфологиялық тұлғалардың стиль ттүрлеріне қатысы. Морфологиялық тұлғалардың экпрессивтік сапасы мен олардың қолданылысы.

Стилистикалық синтаксис туралы жалпы түсінік. Жай сөйлемнің құрылысы. Жай сөйлемнің кейбір түрлерінің синонимдігі. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің стилистикалық қызметі. Бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылуы. Қаратпа сөздер мен сөз тіркестері. Қыстырма сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер.

Құрмалас сөйлем стилистикасы. Құрмалас сөйлем түрлерінің қолданылуы. Жазба тілдегі, фольклордағы және ауызша сөйлеудегі сөйлемдер. Құрмалас сөйлемдерді қолдануда кететін қателер.

Синтаксистік параллель конструциялар. Құрмалас сөйлемдердің өзара және жай сөйлемдермен параллель қатынасқа түсетіндігі.

Автор сөзінің, төл сөз бен ортақ төл сөздің қолданылуындағы стлистикалық ерекшеліктер.

Бақылау сұрақтары:


  1. Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, шылау, одағай сөздердің стилистикалық қызметіне мыалдар келтіріңіз

  2. Жай және құрмалас сөйлем синтаксисінің стилистикасы.

  3. Автор сөзінің, төл сөз бен ортақ төл сөздің қолданылуындағы стлистикалық ерекшеліктерін мысалдар арқылы көрсетіңіз


3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


р/с

Тақырыбы мен мазмұны

Тәжірибелік

1

Стилистика пәні. Зерттейтін мәселелері, нысаны. Пайда болып қалыптасуы, мақсаты мен міндеттері

1

2

Функциональды стилистика ішіндегі стильдер жүйесі. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Функциональдық стиль және экспрессивті – эмоционалдық стиль. Олардың арақатынасы.

1

3

Ауызекі сөйлеу стилі. Жалпы сипаттамасы. Фонетикалық- интонациялық ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті. Лингвистикалық, экстралингвистикалық белгілері.

1

4

Ресми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері. Лексикасы мен фразеологиясы. Ресми стиль мәдениеті.

1

5

Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері. Ғылыми стиль мәдениеті. Стильдік және жанрлық ерекшеліктері.

1

6

Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы. Лексикасы мен фразеологиясы.

1

7

Радио тілі, теледидар тілі, ерекшеліктері.

1

8

Шешендік сөз мәдениеті. Шешендік сөздердің тектері мен түрлері.




9

Көркем шығарма стилі. Жалпы сипаттамасы. Көркем шығарма стилінің түрлері. Эстетикалық қызметі.

1

10

Лексика-фразеологиялық стилистика.

Тілдің актив және пассив құрамындағы сөздердің стилистикалық қасиеттері. Неологизмдер. басқа тілден ауысқан сөздер



1

11

Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы: фонетикалық стилистика.

1

12

Морфологиялық стилистика. Сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың, сөз таптарының стильдік қолданысы.

1

13

Синтаксистік стилистика. Сөйлемнің әр түрлі конструкцияларының стильдік өңі.

1

14

Функциональдық стильдермен жұмыс жүргізу.

1

15

Грамматикалық стилистика бойынша сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың диахрондық элементтердің сөз тіркестері мен сөйлемдердің қолданысы



1


5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1 Сөйлеу мәдениеті.

5.2 Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері.

5.3 Қазақ тілі мәдениеті.

5.4 Баспасөз тілінің мәдениеті.

5.5 Теледидар хабарларының тілі.

5.6 Синтаксис және стилистика.

5.7 Дикторлардың сөйлеу мәдениеті.

5.8 Публицистикалық стильдегі қоғамдық – саяси лексика.

5.9 Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер.

5.10 Ғылыми стиль мәдениеті.

5.11 А. Байтұрсынов тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі туралы.

5.12 Ресми стиль мәдениеті

6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ



Өзгерістің рет нөмірі

Құжаттың тарауы пункті

Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)

Хабарламаның нөмірі және күні

Өзгеріс енгізілді

Күні

Аты-жөні, қолы, қызметі



















6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ


о/қ


Қызметі

Аты-жөні

Уақыты

Қолы

Өзгерту №

Уақыты

Қолы



































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет