Ќазаќcан республикасыныѕ



жүктеу 1.11 Mb.
бет4/7
Дата26.08.2018
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2. Молекулалық физика және термодинамика
2.1 Термодинамикалық жүйелер
Микроскопияық құбылыстарды оқудағы молекулярлы-кинетикалық және термодинамикалық әдістер. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-тең және тепе-теңсіздік күй. Молекулалы-кинетикалық теория негізі.Нақты газ күйінің теңдеуі. Бір атомды молекуланың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы және оның температурамен байланысы. Көп атомды газдың орташа энергиясы және еркіндік дәрежелерінің саны.
2.2 Статистикалық үлесу
Флуктуация және ықтималдық. Максвеллдің үлесуі. Сыртқы потенциалды өріс бөлшектеріне арналған Больцман үлесуі. Максвелл-Больцман үлесуі. Еркіндік дәрежесі бойынша энергия үлесуі.
2.3 Термодинамика негіздері
Жүйенің ішкі жүйесі күй функциясы ретінде. Термодинамиканың алғашқы бастамасы және оны әр түрлі изопроцестерде қолданылуы. Дөңгелек, қайтымды және қайтымсыз жылу процестері. Энтропия. Теромдинамиканың екінші бастамасы мен оның статистикалық мәні. Клаузиус теоремасы. Изопроцесс кезінде энтропияның өзгеруін анықтау.
2.4 Тасымалдау құбылыстары
Тасымалдау құбылыстарының жалпы сипаттамасы. Соқтығыстардың орташа саны мен еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты.

Тепе-тең емес термодинамикалық жүйелерде тасымалдау құбылысы. Тасымалдау құбылыстарының молекулярлы-кинетикалық теориясы: жылуөткізгіштік, диффузия. Тасымалдау коэффициенттері.


2.5 Нақты газдар
Нақты газдар заңдарынан шегіну. Молекулалардың өлшемі. Молекулалардың өзара әсер етуі. Ван-дер-Ваальстің теңдеуі. Ван-дер-Ваальстің изотермалары.

Бірінші және екінші түрдегі фазалардың ауысуы. Фазалық өзгерістер мен тепе-теңдіктер. Кризистік нүктелер. Мета қалыпты күй. Үш еселі нүкте.


3 Электростатика және тұрақты ток
3.1 Электростатика
Элементар заряд. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі. Өрістердің суперпозициялы принципі. Вектор ағыны. Өрісті өлшеуде қолданылатын Гаусс теоремасы. Зарядтарды орналастырудағы электр өрісінің жұмыс күші. Кернеу векторынының таралуы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.Заттағы электр өрісі. Диэлектриктердің түрлері. Электрлік қосылыстар.
3.2 Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіш ішіндегі және сыртындағы өріс
Өткізгіштердің электросыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсатор-

лардың қосылыстары. Зарядтардың энергия жүйелері. Зарядталған өткізгіштің энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясы. Энергияның көлемді тығыздығы.


3.3 Тұрақты электр тогы
Электрлі ток.Ток күші. Ток тығыздығы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Тізбектер кедергісі. Ток көздері. Электроқозғалтқыш күш. Толық тізбекке арналған Ом заңы. Электро- қозғалтқыш күштері бар тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Тармақталған тізбектер. Кирхгоф заңдары. Тоқтың қуаттылығы мен жұмысы. Джоуля-Ленц заңы. Электржелілерінің механизмі. Электржелілі металдардың классикалық теориясы. Құбылыстар байланысы. Термоэлектронды эмиссия. Газдардағы электр токтары.
4 Электромагнетизм
4.1 Магнитті өріс
Магнитті индукцияның векторы. Ампер заңы. Магнитті өріс есебін қолдануда Био-Савар-Лаплас заңы. Магнитті индукцияның векторының айналымы. Толық тоқтың заңы. Соленоидтың магнитті өрісі. Магнитті өрістегі тоқтың орамасы. Магнитті ағын. өткізгішті ауыстыру жұмысы мен магнитті өрістегі тоқтың контуры. Лоренц күші. Электрлі және магнитті өрістерде зарядталған бөлшектердің қозғалысы.
4.2 Заттағы магнитті өріс
Атомдардың магнитті кезеңі. Заттардың магниттенуі. Магниттену. Магнитті қабылдау. Магнитті өткізгіштік. Заттардың диамагнитті, парамагнитті және ферромагнитті болып бөлінуі. Диамагниттілік. Парамагниттілік. Ферромагниттілік. Домендер. Гистерезис. Кюри нүктесі.
4.3 Электрмагнитті индукция
Фарадейдің электрмагнитті индукция заңы. Өздігінен индукциялану құбылысы. Индуктивтілік. Тізбектегі токтың тұйықталуы мен ажыратылуы. Соленоидті өрістің магнитті энергиясы. Магнитті өрістің энергиясының тығыздығы. Өзара индукция.
4.4 Максвелл теңдеуі

Максвелл теңдеуін орындауда қолданылатын негізгі эксперименттік арақатынастар. Стационарлы өріске арналған Максвеллдің теңдеуі. Фарадейдің электрмагнитті индукция заңын талдау. Аралас ток. Еркін өріске арналған интеграл түріндегі Максвелл теңдеуінің жүйесі.


4.5 Электрмагнитті тербелістер мен толқындар
Тербелісті контур. Тербелісті контурдың негізгі теңдеуі.Контурдың жеке тербелісі . Томсон формуласы. Тізбектегі өзгермелі токтың белсенді кедергісі. Сөнуші тербелістер. Сөнуші тербелістерге арналған теңдеу. Толқынды теңдеу. Жазықтық электромагнитті толқын. Электрмагнитті толқындардың таралу жылдамдығы. Электрмагнитті өрістің импульсі мен энергиясы. Умов-Пойнтинг векторы. Электрмагнитті толқындарды эксперимент жүзінде зерттеу. Электрмагнитті толқындар шкаласы.
Зертханалық жұмыс тақырыптарының үлгілік тізімі
1 Зертханалық тәжірибеге кіріспе. Өлшеу нәтижелерінің зерттемесі.

2 Юнг модулінің анықтамасы, Гук заңын тексеру.

3 Көлбеу жазықтықта айналатын денелерді ширату.

4 Физикалық маятник тербелісін оқу.

5 Айналдырғыш тербеліс көмегімен ығысу модулін анықтау.

6 Обербектің крест пішінді маятнигіндегі айналу қозғалысын оқу.

7 Суыту әдісі арқылы металдардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.

8 Металдардың жылулық кеңею коэффициентін анықтау.

9 Дезорма мен Клемана әдісімен ауа v=cp/cv қатынасын анықтау.

10 Ауаның динамикалық тұтқырлығы анықтау және ішкі үйкеліс құбылысын оқу.

11 Ауаның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау.

12 Ауаның тұтқырлық коэффициентін анықтау

13 Ауаның динамикалық тұтқырлығын анықтау және ішкі үйкеліс құбылысын оқу.

14 Металдардың жылылық кеңею коэффициентін анықтау.

15 Уитсон көпірінің көмегімен кедергіні өлшеу.

16 Сотти көпірінің көмегімен конденсатор сыйымдылығын анықтау.

17 Металдар кедергісінің температураға тәуелдігін оқу.

18 Жердің магнитті өріс құрайтын көкжиектікті анықтау.

19 Ауыспалы токтағы соленоидтың магнитті өрісін зерттеу.

20 Тербелісті контурдағы резонанс құбылысы мен еріксіз тербелісті оқу.

21 Осциллограф көмегімен тербелістер қосындысын оқу.
Әдебиеттер
Негізгі:


  1. Трофимова Т. И. Курс физики. - М.: Высш. шк., 2004.

  2. Иродов И. Е. Электромагнетизм. Основные законы. - М.: Физматлит., 2000.

  3. Иродов И. Е. Задачи по общей физике. - М.: Физматлит., 2001.


Қосымша:

4. Трофимова Т. И. Сборник задач по курсу физики для вузов. - М.: Оникс 21 век, 2003.

5. Волькенштейн В. С. Сборник задач по общему курсу физики. - СПб.: Книжный мир, 2003.

6. Трофимова Т. И. Краткий курс физики. – М.: Высш. шк., 2004.



ФИЗИКА II
2 кредит
Авторы:

Доцент Мингалеева А.М.

ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Чалая О.В.
Рецензенттер:

ф.-м.ғ.к., доцент Омаров К.М.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

ф.-м.ғ.к., доцент Биржанов Г.Ж.

Қарағанды экономикалық университеті

Түсіндірме жазба
«Физика II» пәні бойынша үлгілік бағдарлама 2 кредитке негізделген, және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен мамандық бойынша орнатылған оқу жоспарына сәйкес № 158 10 сәуір 2012 жылы жасалынған.

Физика курсы бойынша бағдарлама мазмұны «5В070900- Металлургия» мамандығы пәндерінің талаптарына сай келеді және металлургия өнеркәсібіндегі металдар мен қорытпалардың технологиялық ерекшеліктері бойынша қажетті теориялық және практикалық дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Оқу үрдісінде оқытудың әртүрлі формалары мен кезеңдерінде теориялық білімдерін бекітетін, физиканың қолданбалы мәселелерін оқыту қарастырылған /дәрістерде, практикалық сабақтарда, СОӨЖ, СӨЖ және т.б./.

«Физика 2» пәнінің курсы жалпы техникалық пән болып табылады және бұл пәнге механика, сұйықтар мен газдардың молекулалы-кинетикалық теориясы, термодинамика, электростатика, электрлік, электромагнетизм, тербеліс пен толқын, геометриялық және толқындық оптика, квантты физика, заттың , атомдық және ядролық физика элементтерінің құрылымы бойынша мәліметтер кіреді.

Ұсынылып отырған үлгілік бағдарламада: студенттерге қолданбалы есептерді шешудің физикалық әдістерін және Интернет торабының дидактикалық мүмкіндіктерін қолдану жайлы білім бағытын беру; физика бойынша білімдерін өз бетінше кеңейте түсу дағдыларын қалыптастыру және қолданбалы инженерлік-экономикалық есептердің физикалық анализін жүргізу; физикалық индустрияны дамыту және ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру; қолданбалы жалпы техника бағытында студенттерге білім беру деңгейін жоғарылату;

Физика «Физика II» негізгі физикалық түсініктерін тереңдетіп оқыту негізінде физикалық мәдениетке баулу; логикалық алгоритмдік және креативтік ойлауды дамыту; зерттеудің және физикалық есептерді шығарудың негізгі әдістерін игеру; физиканың басты сандық әдістеге асыру; студенттердің жеке-білім траекториясының мониторингі.

«Физика II» пәнінің курсын оқу студенттер бойында өндіріс жағдаяттарын құра білу және физикалық модельдерді құрастыру, техникалық – экономикалық мәселелер негізінде физикалық есептерді тұжырымдай алу; тиімді, жаңа физикалық зерттеулерді жүргізе алу дағдыларын қалыптастыруға ықпал тигізеді.
Пән мазмұны
Кіріспе
Қазіргі кезең физикасының негіздерін студенттерге оқыту, басқа да оқу пәндерін толығымен үйрету сияқты қажетті, өйткені қазіргі кезең инженерлерінің ғылымға деген көзқарастарын қалыптастыру болып табылады. Физиканың толық курсын оқу басқада негізгі ғылымдардың қатарына еніп, барлық профилде инженерлерді дайындауда негізгі іргетасты құрайды.
Физика курсының мақсаты мен міндеттері:


  • негізгі физикалық құбылыстарды оқу: негізгі түсініктерді игеру: қазіргі кезең және классикалық физиканың заңдары мен теориялары және де физикалық зерттеулердің әдісі;

  • қазіргі физикалық ойлау мен ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

  • физиканың әр-түрлі саласында нақты тапсырмаларды әдіс-тәсілдер арқылы шешуді игеру;

  • оқулықтарды, ғылыми-техникалық әдебиеттер мен анықтамаларды пайдалану арқылы, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру;

  • қазіргі кезеңнің ғылыми аппаратураларымен танысу, физикалық тәжірибе дағдыларын өткізуді қалыптастыру, болашақ мамандықтарға қолданбалы тапсырмалардың нақты физикалық мазмұнын анықтай білу;

Студенттің білімі мен біліктілігі.

Алынған білім негізінде әр қарай оқу кезеңі мен өндірістік іскерлігі кезінде студент білуі керек:



  • өндірісіне сәйкес технологиялар негізінде көп көңіл бөліп қазіргі кезең физикасы мен классикалық теорияны және заңдарды, негізгі түсініктемелерді білу және қолдану;

  • аппараттар мен технологиялық құрылғыларда болатын негізгі физикалық құбылыстар мен үрдістерді анықтап және мазмұндай білу;

  • негізгі өлшеу приборларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және де алынған экспериментті негізгі қортындыларды бағалай білу;

Осы бағдарламада оқу түрінің лексикалық, зертханалық және тәжірибелік сабақтар, студенттердің өздік жұмыстары, студенттердің семестірлік тапсырмаларды жеке орындау жұмыстары қарастырылған.

Осы бағдарламада ұсынылатын зертханалық жұмыстардың үлгілері, семестірлік және тәжербиелік сабақтардың тақырыптары мен негізгі, қосымша әдебиеттердің тізімі берілген.


Пән мазмұны
1 Оптика
1.1 Геометриялық оптика
Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Толық шағылысу құбылысы. Жұқа линзалар. Фотометрия. Электронды оптикалардың элементтері.
1.2 Толқынды оптика
Жарық электро магнитті табиғаты. Жарық толқындарының монохраматикалығы және когеренттілігі. Когерентті көздерді алу трәсілдері. Жарық толқындарының интерференциясы. Жарық толқындарының дифракциясы. Гюйгенса-Френел принципі. Френелдің аймақтар әдісі. Фраунгофер мен Френель дифракциясы. Ойықтан (саңылау) ауытқу дифракциясы. Дифракциялық тор . Кристалдардағы рентген сәулесінің дифракциясы. Жарықтың поляризациясы. Табиғи және поляризацияланған жарық. Малюс заңы. Сызықтық-поляризациялы жарықты алу әдісі.
1.3 Заттар мен жарықтың өзара әсер етуі
Қалыпты және қалыпсыз шашырау. Жарық шашырауының электронды теориясы. Жарықтың шашырауы. Жарықтың жұтылуы. Шашырау мен жұтылудың байланысы.
1.4. Жылулық сәулелену
Тепе-тең жылулық сәулелену.Абсолютті қара дене. Кирхгоф заңы. Стефан-Больцман заңы. Виннің жылжыту заңы. Абсолютті қара дененің сәулелену спектріндегі энергиясының таралуы. Кванттық сәулелену сипаты туралы Планк гипотезасы. Планктың формуласы.
1.5 Квантты табиғи жарық
Фотоэлектрлік эффект. Фотоэффекттің негізгі заңдары.Корпускулалық сәулелену қасиеттері. Фотондар.Фотонның энергиясы,импульсі,және массасы. Фотоэффектіге арналған Эйнштейннің теңдеуі. Лебедевтің тәжірибелері. Жарық қысымы. Заттан рентген сәулелерінің шашырауы бойынша эксперименттер. Комптон эффекті.

2. Кванттық физика
2.1 Атомның құрылысы
α-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфордтың тәжірибесі. Атомның Резерфорд бойынша моделі. Резерфорд моделінен нәтиже. Сәулелену атомдарының спектрлері және олардың сандық сипаттамасы. Бор атомының моделі. Бор постулаттары. Бордың су тектес атомдарының теориясы. Герц пен Франк тәжірибелері.
2.2 Кванттық механикалардың элементтері
Бройль гипотезасы. Еркін бөлшекке арналған Де Бройль формуласы. Классикалық механиканың қолданылу шегі. Белгісіздік арақатынасы. Кванттық-механикалық есептерді шығаруда белгісіз арақатынасты қолдануСтационарлы күйге арналған Шредингер теңдеуі.Шексіз терең «потенциалдық шұңқырдағы» бөлшектерге арналған Шредингер теңдеуі. Потенциалдық шұңқырдағы бөлшектің энергетикалық спектрі.
2.3 Атомдардың қазіргі кездегі теорияларының элементтері
Квант теориясындағы сутекті атомдар. Сутекті атомдарға арналған Шредингер теңдеуі. Энергетикалық дәрежелер. Квантты сандар. Пауль принципі. Периодтық заң мен атомдардағы электрондардың таралуы. Өздігінен және еріксіз сәулелену. Лазерлер.
2.4 Квантты статистиканың элементтері
Фазалық кеңістік. Элементарлы ұяшық. Күй тығыздығы. Ферми-Дирак пен Бозе-Эйнштейннің квантты статистика туралы ұғымы. Квазибөлшектер.
2.5 Конденсацияланған күй
Қатты денелердегі фонондар мен электрондар. Кристалдық тордың жылулық қасиеттері және фонондары. Кристалдардағы электрондардың стационарлы күйі. Кристалдардағы электрондардың электрлік спектрінің аймақтық құрылымы. Ферми деңгейі. Металдар. Металдардың электрөткізгіштігі(еркін электрондардың кванттық моделі). Асқын өткізгіштік құбылысы. Жартылай өткізгіштерге ток тасушылар. Меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі. Жартылай өткізгіштердегі және металдардағы контактты құбылыстар.

3 Атомдық ядро мен элементарлы бөлшектер
3.1 Атомдық ядролардың құрамы мен құрылымы
Ядро құрамы: протондар мен нейтрондар. Ядролар мен нуклондардың негізгі сипатамалары. Изотоптар. Ядролық күштер туралы түсінік. Ядродағы масса мен энергия байланысы. Нуклондардың орташа энергиясы мен олардың масса санына тәуелділігі. Ауыр ядролардың басқа ыдырау түрлеріне қарағанда тұрақсыздығы.
3.2 Радиоактивтілік
Радиоактивті ыдырау заңы. Радиоактивтілік құбылысының негізі. Радиоактивтіліктің ыдырау түрлері. ß-ыдыраудың, -ыдыраудың негізгі сипаттамалары. Нейтрино радиоактивті ядролардың γ-сәулеленуі.
3.3 Ядролық реакциялар туралы түсінік
Ядролы реакциялардағы сақталу заңдары. Ауыр ядролардың бөлінуі. Атомдық ядролардың синтезінің реакциясы. Ядролық энергетикасы.
3.4 Элементарлы бөлшектер
Лептондар, адрондар. Кварктар. Элементарлы бөлшектердің түрлерінің өзара әсерлесуі. Элементарлы бөлшектердің өзара айналмалығы мен классификациясы. Қазіргі физиканың негізгі мәселелері туралы түсінік.
Тәжірибелік сабақтар тақырыптарының үлгілік тізімі
1. Геомертиялық оптика және фотометрия

2. Жарықтың интеференциясы мен дифракциясы .

3. Жарықтың поляризациясы мен шашырауы.

4. Жылулық сәулелену заңдары.

5. Фотондар импульсі және энергиясы. Комптон эффекті мен фотоэффекті.

6. Қысқа бөлшектердің толқындық қасиеттері. Де-Бройль формуласы және гипотезасы.

7. Толқынды функция. Сутекті атом және су тектес иондар.

8. Квантты статистика.

9. Масса ақауы мен атомдық ядролар энергиясының байланысы.

10. Ядролық реакция.

11. Гейзенберг белгісіздігінің арақатынасы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1. Трофимова Т. И. Курс физики. - М.: Высш. шк., 2004.

2. Иродов И. Е. Электромагнетизм. Основные законы. - М.: Физматлит., 2000.

3. Иродов И. Е. Задачи по общей физике. - М.: Физматлит., 2001.


Қосымша:

4. Трофимова Т. И. Сборник задач по курсу физики для вузов. - М.: Оникс 21 век, 2003.

5. Волькенштейн В. С. Сборник задач по общему курсу физики. - СПб.: Книжный мир, 2003.

КӘСІБИ ҚАЗАҚ (ОРЫС) ТІЛІ
2 кредит
Автор:

Оқытушы Капашева Ж. К.


Рецензенттер:

т.ғ.д , профессор Нұрымғалиев А.Х., ф. ғ. д., доцент Абдикарим Н. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

ф. ғ. д., профессор Хамзин М.Х.

«Болашақ университеті»



Түсіндірме жазба
«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік бағдарлама 2 кредитке есептелініп, ҚР БҒМ 10.04.2012 ж. №158 бұйрығымен бекітілген «Металлургия» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарының талаптарына сай құрастырылған.

«Кәсіби қазақ тілі» бағдарламасының мазмұны «5В070900 – Металлургия» мамандығы пәндерінің талаптарына сай әзірленіп, коммуникативтік құзырлы болашақ металлург маманның меңгерген лингвистикалық білімдері негізінде ғылыми ортада шынайы коммуникативтік міндеттерді шеше алу қабілеттерін қалыптастыру мақсатын айқындайды.

Оқу үдерісі барысында оқытудың түрлі формалары (тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б.) арқылы «Қазақ тілі» пәні бойынша теориялық білім ғылыми-кәсіби ортаның коммуникативтік бағытталған лексикалық тақырыптар негізінде бекітіледі.

Қазақ тілін коммуникативтік кәсіби бағыт деңгейінде меңгеру болашақ маман үшін қызмет барысында ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және басқа салалардағы функционалдық компоненттерінің бірі болып танылады.

Пәнді меңгерту объектісі ретінде ғылыми мәтін және ғылыми мазмұндау ерекшеліктері, ғылыми тілдің негізгі параметрлері (логикалық дұрыстығы, дәлдігі), ғылыми ортадағы тілдік бірлік формалары (монолог, диалог, баяндама тілі) және ғылыми мәтіндердің жанрлық ерекшеліктері (академиялық мәтіндер: монография, мақала, диссертация, ғылыми есеп, тезис, баяндама, хабарлама), ақпараттық-реферативті мәтіндер (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар), ғылыми-бағалау мәтіндері: (рецензия, пікір, эксперттік қорытынды), ғылыми-оқу мәтіндері (оқулық, оқу құралдары, дәрістер), ғылыми-нұсқаулық мәтіндері (нұсқаулық, ереже, ұсыным, ілеспе хаттар, құжаттар мен бағдарламалар), ғылыми-іскерлік мәтіндер (патент, авторлық куәлік, өнертабыс сипаттамасы, стандарт, тапсырыс, жарнама мен жоба) алынады.

Негізгі ғылыми ақпарат терминология болып табылады. Металлургиялық терминология матариалдары ретінде арнайы пәндердің негізгі оқулықтары алынады. Терминологиялық лексика мына критерийлер бойынша таңдалынады:

-студенттердің оқу-кәсіби қарым-қатынас саласындағы коммуникативтік қажеттіліктеріне бағыталуы;

-терминологиялық бірліктер саны практикалық қазақ тілінің ғылыми стилі негізінде болуы;

-мамандық бойынша меңгертілетін пәндер материалдарын коммуникативтік тақырып ретінде алу;

Берілген «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы оқу үдересіне енгізуге ұсынылған.



Пәннің мазмұны

Кіріспе
Кәсіби қазақ тілі жалпы білім беретін пәндердің құрамдас міндетті компоненті болып табылады. Техникалық бағыттағы мамандар дайындаудың негізін айқындайтын пән ретінде техникалық сала бакалаврының кәсіптік әрі ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің мақсаттары:

-коммуникативтік мақсаты: мемлекеттік тілде қоғамдық, саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мамандық саласына қатысты өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

-танымдық мақсаты: мамандыққа сай білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүниетанымын кеңейту;

-тәрбиелік мақсаты: тіл үйренушінің мемлекеттік тілдің көптілді білім беру саясатында алатын орнын түсініп,оған деген қызығушылығын арттыру.

Пәннің міндеттері:

- кәсіби құзырлықты қалыптастырушы мамандық бойынша ақпарат алу мақсатында ғылыми әдебиетті қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

- мәтін ақпаратын түсінуді және оның логикалық-композициялық негізін және тиісті коммуникативтік тілдік жүйені құра білуді үйрету;

- студенттердің ғылыми дискурста тілдік жүйе ерекшеліктерін пайдалануға дағдыландыру;

- студенттерге ғылыми мәтінді құрылымдық-семантикалық және мағыналық-лингвистикалық сараптау әдістері мен тәсілдерін үйрету;

- мамандық бойынша ғылыми мәтіндер негізінде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

- оқу-кәсіби қарым-қатынас үдерісінде қолдану мақсатында қажетті ақпаратты мәтіннен алып, оны жалпы сипаттау мен талқылауға жаттықтыру;

- ғылыми мәтінді түрліше ақпараттандырудың тілдік формаларын меңгерту.



Студенттің дискурсивтік құзырлығын анықтайтын кәсіби білім біліктілігіне, дағдысына кажетті минимум:

Оқылым.Үйренушінің лингвистикалық білім деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің бірі- мәтінді фонетикалық, жалпы тілдік тұрғыдан дұрыс оқу.

1) арнайы әдебиеттен оқылған мәтін мазмұнын жалпы түсіну (танымдық оқылым);

2) мәтінді толық және қысқартылған түрде мазмұнын толық және дәл түсіну мақсатында оқу (зерделік оқылым);

3)түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты тауып оқу.



Сөйлесім. Коммуникативтік міндеттерді орындаудатіл дамытуға қажетті минимум:

Монологтық сөйлеу тілі.

1) оқылған немесе тыңдалған мәтін мазмұнын қазақ тілінде баяндау (мазмұндау);

2) оқылған немесе тыңдалған мәтін негізінде өз ойын жеткізу (өзіндік интерп ретация);

1) белгілі бір кәсіби мәселе төңірегінде өз көзқарасын білдіру;

2) кәсіби тақырыптар бойынша баяндамалар жасау.

Диалогтық сөйлеу тілі.

1) кәсіби тақырыптар бойынша пікірталас тудыра білу;

2) металлургия саласының өзекті мәселелері бойынша сұхбаттасуға қатысу;

3) өз ойын логикалық жүйеде аргументтер келтіре отырып жеткізу;


Жазылым. Жазба тіл студенттің орфография,грамматика тұрғысынан сауатын жетілдіруге қажетті минимум:

1) мамандық бойынша жазба мәтіндер құрастыра білу (конспектілеу,рефераттар, баяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстардың аннотациялары);

2) металлургиялық терминдердің жазылу ережелерін қазақ тілінің орфографиялық нормаларына сай меңгерту;

3) кәсіби ортада қажетті іс қағаздарын толтыра білу (баяндау хаттары,қызметтік хаттар,түсініктемелер мен хаттамалар,хабарландырулар).



Тыңдалым. Лингвистикалық білік-дағдыны жетілдіруде тыңдау,тыңдау арқылы түсіну әрекетіне ерекше көңіл бөлінеді.

1) ауызша монолог мазмұнын түсіну;

2) тыңдаушы диалогқа қатыспаған жағдайда сұхбаттасу тілін түсінуі.

Мәтінді оқу, түсіну, мазмұндау, оны жазбаша баяндау тілді меңгерудің негізгі бірліктері болып табылады.

Кәсіпке бағытталған тілді қалыптастыру жұмыстары мына кезеңдерден тұрады:

Дайындық кезеңі

Мақсаты: мамандық бойынша ақпараттық оқу мәтіндері негізінде лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгерту.



Дағдыландыру кезеңі

Мақсаты: мәтін фрагменттерінің құрылымдық-мағыналық байланыстарын анықтауға, негізгі мазмұнын ашатын сөйлемдерді коммуникативтік бірліктер ретінде анықтауға дағдыландыру.



Негізгі кезең

Мақсаты: мәтін мазмұнын кешенді түрде сипаттау (тілдің синтасистік, стильдік ерекшеліктерін,терминологиялық лексиканы қолдана отырып ауызша,жазбаша мазмұндау,рецензиялау), мамандыққа сай түрлі жанрдағы (ресми-іскерлік, публицистикалық т.с.с.) мәтіндерді құрастыра білу, кәсіби бағыттағы мәтін негізінде аргументтер беру, диаграммалар мен схемаларды баяндай білуортақ пікір қалыптастыруға жаттықтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет