Ќазаќcан республикасыныѕ



жүктеу 1.11 Mb.
бет5/7
Дата26.08.2018
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Студенттердің білім біліктілігіне қойылатын талаптар:

- қазақ тілінің фонетикалық,грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін жақсы білу;

- өтілген тақырыптар бойынша сөздік қорының болуы.

-меңгерілген тақырыптар аясында қазақ тілінде еркін сөйлеу,хабарлама жасау;

-өз мамандығына байланысты мәтіндерді түсіну, баяндау.
Негізгі бөлім

Дәрісханалық сағатта өтілетін тақырыптар менлексикалық материалдардыңжалпы мазмұны төмендегідей тақырыптарт аясында топтастырылады:



Жалпы сөйлеу тақырыптары: Мемлекеттік тіл мәртебесі. Қазақстандық қоғам - әлемдік бәсекеге қабілетті қоғам. Студент –болашақ басшы, іскер, өндіріс жетекшісі, мемлекет қайраткері. Металлург мамандығының ғылым мен техникадағы орны. Отандық металлургия тарихы. Металлургияның ел экономикасы мен заманауи нарықтағы орны. Металдың әлемдік бағасының мониторингі. Отандық металлургияның ғылыми-техникалық әлеуметі. Отандық металлургияның инновациялық даму тренді туралы. Металлургияны мемлекеттік басқару принциптері. Металлургия-

ның экологиялық мәселелері. Металлургиядағы еңбекті қорғау мәселесі. Қарағанды металлургиялық комбинаты. Жайрем тау-кен байыту комбинаты. Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі. Лисаковск тау-кен байыту комбинаты. Ақтөбе ферроқорыту зауыты. Ақсу ферроқорыту зауыты. Көне металдар(алтын, күміс, қорғасын, мыс, қола, жез, сынап). Табиғаттағы титан. Сирек металдар және оны өндірудің даму тарихы.



Мамандық саласына қатысты лексикалық тақырыптар: Домна үдерісі. Темірді тотықсыздау. Марганецті тотықсыздау және марганецті шойынды балқыту. Кремнийді тотықсыздау және кремниийлі шойынды балқыту. Фосфорды тотықсыздау. Шойын алу. Қож және оның қасиеттері. Күкірттің ерекшеліктері. Домна балқыту өнімдері. Болат өндірісі. Болат классификациясы. Шихта материалдары. Болатты конвертерлік алу жолдары. Балқыту технологиясы. Болатты мартендік өндірісі. Болатты электр пештерінде балқыту. Болат құймасы. Болатты үздіксіз құю. Жоғары сапалы болат алудың заманауи технологиясы. Болаттты пеш сыртында өңдеу. Шойын мен болатты пеш сыртында өңдеудің кешенді технологиясы. Үздіксіз агрегаттарда болат өндіру. Ферроқорытпалар өндірісі. Түсті металдар өндірісі. Мыс металлургиясы. Никель металлургиясы. Алюминий металлургиясы.

Мәтінмен жұмыс істеуге мынадай талаптар қойылады:

-әрбір сөзді дұрыс оқу, төл дыбыстарды дұрыс айту, екпінді дұрыс қою, мәнерлеп оқу;

-мәтін бойынша жаңа сөздер, сөз тіркестері сөздігін құру;

-мәтін мазмұнын түсіну;

-мәтін мазмұны бойынша сұхбаттасу;

-мәтін мазмұнын схема, диаграммалар түрінде баяндау;

-мәтін мазмұнын ашатын тірек сөйлемдер құру;

-мәтін мазмұнына сай келетін афоризмдер,мақал-мәтелдерді катыстырып өз көзқарасын беру;

-мәтін мазмұнын толықтыру;

-сөздердің мағыналық сипатын ашатын жаттығулар жүйесін беру;

-терминологияны қолдану ерекшеліктерін меңгеру жаттығулары;

-мәтін мазмұны бойынша қарсы немесе құптауды білдіретін өзіндік пікірін білдіру.

Мәтін көлемі 150 сөзден бастап 300 сөзге дейін көбеюі керек (750 таңбадан 1500 таңбаға дейін).

Әр тақырып көлемінде 15-20 сөз үйренген жағдайда курс соңында лексикалық единица 1200-1300-дей сөз болуы керек,оның ішінде 600-700 сөз өз мамандығына қатысты терминдер.


Курс соңында студент білуі керек:

фонетикадан: дыбыс және әріп, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, тасымал, екпін, орфография, орфоэпия;

лексикадан: сөздің лексикалық мағыналары (тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналылығы, омоним, антоним, синонимдер), қолдану аясы шектеулі сөздер топтары ( архаизм, неологизм, термин сөздер, кірме сөздер, кәсіби сөздер), тұрақты тіркес, мақал және мәтел, афоризм, идиомалық тіркестер;

морфологиядан: туынды зат есімдер, біріккен сөздер, қосарланған зат есімдер, құрама зат есімдер, қысқарған зат есімдер, зат есімнің көптік, тәуелдік, септік, жіктік, септік жалғаулары, септеулік жалғаулық, демеулік шылаулар, сапалық, қатыстық сын есімдер, сын есім шырайлары, көмекші сөздер, сан есімнің мағыналық топтары, есімдіктің мағыналық топтары, жіктеу, сілтеу, өздік есімдіктерінің септелуі, етістіктің шақтары, райлары, есімше, көсемше, тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі, үстеу, туынды үстеудің жасалу жолдары, үстеудің сөйлемдегі қызметі;

синтаксистен: сөз тіркесі (анықтауыштық сөз тіркеесі, мекен мәнді сөз тіркесі, мезгіл мәнді сөз тіркесі, обьектілі сөз тіркесі, қимыл-сынды сөз тіркесі, мақсат мәнді сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің бірыңғай мүшелері (жалпылауыш, айқындауыш, оқшау сөздер), төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз, құрмалас сөйлемдер;

пунктуациядан: нүкте, қос нүкте, көп нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі, тыныс белгісінің қабаттаса қойылуы;

стильден: ғылыми стиль, ресмиіс–қағаздар стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу стилі.

Студент өз бетімен жұмыс істеуге берілетін тақырыптарды, яғни оқытушымен бірге өтетін өз бетінше жұмыс жүргізу сағаттарымен мазмұндас әрі шығармашылық сипатта берілетін газет материалдарын, ғылыми мақалаларды сыни талқылау, өндірістік мониторингтік есептер әзірлеу, шағын хабарламалар дайындау, баяндама тезистері мен эссе жаза,сұхбаттаса білуі әрі ауызша баяндай алуы керек.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
а)Сөйлету үшін пайдаланатын оқулықтар мен оқу құралдары:

1. З.Күзекова Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (Тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін) – Астана:Таным, 2003.

2. И.Кубаева Қазақ тілі.Казахский язык. Просто о невероятно сложном. –Алматы, 2007 - 456 б.

3. Э.Д.Сулейменова, К.К. Кадашева, Д.Х.Аканова Сұхбат (аудиооқулық) –Астана: «Арман-ПВ», 2007 -216 б.

4. Э.Д. Сулейменова, К.К.Кадашева, Д.Х.Аканова Үнжария (учебник для работы с газетой) –Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240 б.

5. Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай, Ж. Имашева Қазақ тілі Ivдеңгей–Астана. «Келешек-Пресс», 2006-208 б.

6. Л.Дүйсембекова Қазақ тілі:іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы.–Алматы, «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011- 400 б.

б) Дұрыс сөйлеп, жазуға қажетті грамматиканы пысықтау үшін пайдаланатын оқулықтар мен оқу құралдары:

1. Э.Д.Сулейменова, К.К. Кадашева, Д.Х.Аканова Қазақ тілі. Учебный комплекс. –Алматы,1996.

2. Ш.К.Бектурова, А.Ш. Бектурова Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде оқыту құралы) –Алматы, 1998

3 А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров Казахский язык для всех –Алматы: «Атамұра», 2004-720 б.

3 Ж.Қ.Түймебаев Қазақ тілі. (Грамматикалық анықтағыш) –Алматы, 2004-108 б.

4. В.Ю.Франк Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік / Русско-казахско-английский предметно-тематический словарь /Russian-kazakh-english subject thematik dictionary (Справочное пособие, 40000 слов и словосочетания ) –Алматы: «Болашақ балапандары», 2000-288б.

5. Министерство культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Қазақша-орысша /Орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Кен ісі және металлургия ,19 том,5000-ға жуық термин) –Алматы «Рауан», 2000-200 б.

6. Под общей редакцией д.т.н.,член-корр.НИА РК А.Б. Найзабекова Металтану және металдарды қысыммен өңдеу терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі (2090 терминов и терминологических сочетаний) –Теміртау, «ЗАО «КарМетИ» 2002-442 б.

7. Р.Құдайбергенов Техникалық терминдер сөздігі (50 мыңға жуық термин) –Алматы, «Таймас»,2009-616 б.

8. О.Артыкбаев «Русско-казахский толковый металлургический словарь»,Темиртау- 2008.


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Общая металлургия. Москва: ИКЦ «Академкнига», 2002 -768 б..

2. Ишмухамедов Н.К. Черная металлургия Казахстана. Алматы: НИЦ «Гылым». 2002-136 б.

3. Глинка Н.Л. «Общая химия». Москва: «Интеграл-пресс», 2005 г.

4. Шишкин Ю.И., Лукин Г.П. Металлургические расчеты (учебно-методическое пособие). Алматы. 2002 г.

5. Развитие инженерного дела в Казахстане: Энциклопедический сборник. Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2001 г.

6. О.А. Сонгина Сирек металдар. Алматы «Қазақ университеті», 2005 -458 б.

7. Г.И. Николаев Металл века. Москва : «Металлургия »,1982-168 б.

8. М.Ж.Толымбеков, А.Қ.Нұрымғалиев Болат және ферроқорытпалар электрометаллургиясы бойынша техноглогиялық есептеулер. Алматы: «Ғылым», 2007-262 б.
КӘСІБИ БАҒЫТТЫ ШЕТЕЛ ТІЛІ

2 кредит
Автор:

аға оқытушы Жунусова А.К.


Рецензенттер:

т.ғ.к., профессор Торговец А.К.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

ф.ғ.к., доцент Қорабаева А.А.

Қарағанды экономикалық университеті

Түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасында болып жатқан жаһандақ, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру және өзіндік білім алуда шетел тілінің рөлін өсіруге жағдай туғызды. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі бірігу үдерісінің тереңдеуі шетел тілін үйретудің айқын қажеттілігі болып табылады. Шетел тілінің құзыреттілігі білім кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, мобильді мамандарды дайындаудың ажырамас бөлігіне айналды.

Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқыту өзіндік мазмұны мен құрылымы бар жеке және аяқталған курс болып табылады. Бағдарламада шетел тілін оқытудағы жоғары оқу орнының және мектеп курсының жалғастығы мен жоғары оқу орны курсының ерекшелігі көрініс тапқан. Орта мектепте шетел тілін үйренудің негізі қаланса, университетте болашақ мамандарға кәсіби-межелік білім беру жүзеге асырылады. Осы мәселелерден негізгі мамандық топтары үшін тілдік және сөйлеу материалдарын таңдап алу, оларды оқу-әдістемелік кешендерде ұйымдастырудың ерекшелігі келіп шығады. Бағдарлама қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына қатысты пайда болатын жағдайларда жалпы және коммуникативтік құзыреттілігін белсенділендіру үшін қажетті тілдік әрекеттерді орындау мақсатында терминдерді сөйлеу стратегиясына пайдаланатын әрекеттік-межелік тұрғыға негізделеді.

Бұл үлгілік оқу бағдарлама жалпы білім беру циклінің техникалық мамандықтары үшін міндетті пәндердің бірі болатын «Кәсіби-межелік шетел тілі» жоғары кәсіптік мамандар дайындауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының жоғары білім беру Мемлекеттік стандарттарының құрамдас бөлігі болып табылады.

Пәннің мазмұны

Кіріспе
«Кәсіби-межелік шетел тілі» курсы жалпы білім беретін пән ретінде әлеуметтік-гуманитарлық блоктың құрамдас бөлігі болып табылады.

Мәдениет аралық және кәсіби тілдік қатынас құралы ретінде ағылшын және неміс тілін үйрену тіл үйренушілердің жекебасылық зияткерлік және эмоциялық дамуын белсенділендіруге, басқа мәдениетті объективті түрде түйсінуге, оны техникалық және экономикалық білім беру жүйесінің гумандық және гуманитарлық қағидаттарын жүзеге асыратын жалпыадамзаттық құндылық ретінде қабылдауға септігін тигізеді.



Шетел тілі курсының мақсаты мен міндеттері:

Шетел тілін үйретудің негізгі мақсаты – тұрмыстық-тілдік дағдысын практикада және мамандығы бойынша күнделікті, кәсіптік тілдесім барысында белсенді қолдана білуге үйрету.

Бағдарламада оқу стандарттарында бекітілген белгілі бір шектеулі сағат көлемінде студенттерге тілдік білім беру, сонымен қатар кәсіби және этномәдени, жалпы адамзаттық сипаттағы білім мен ақпаратты кіріктіріп, сол арқылы жаратылыстану және гуманитарлық бағытта оқитын болашақ мамандарды оқытудың гуманитарлық тезистерін жүзеге асыру қарастырылған.

Курс соңында студент білуі тиіс:

фонетика: сөйлеу ағымындағы дыбыс тіркестері мен алфавиттің, дыбыстың айтылуы мен оқылуының негізгі ережелерін;

орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкесетін әріп тіркестері мен әріптердің жазылуын, базалық тілдің лексика-грамматикалық белгілерінің жиілігіне орфографиялық сәйкестігін;

лексика: сөз тудырушы модельдер, көпмағыналы сөздердің контекстік мәндерін, меңгекріліп жатқан мамандық аясына сәйкес келетін тілдің лексикалық қосымша құрылымдары мен терминдерін;

грамматика: базалық және жаратылыстану-гуманитарлық және техникалық қосымша тілдердің біршама жиі қолданысына тән грамматикалық көріністерін.

дағдысы:

оқылым: мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқу, берілген ақпаратты табу, мәтінді түсініп оқу;

жазу: бланктер, жекебасылық немесе ресми сипаттағы іс қағаздарын толтыру;

аудару: мәтіндерді ана тіліне аударатын тілдің аударма нормаларына сәйкес сөздік қолдана отырып аудару;

тыңдалым: шетел тілінде айтылған ақпаратты түсіну;

сөйлесім: тілдің сөйлеу нормаларына сәйкес шетел тілінде өзінің ойын жеткізу, сұрақ қою, оларға жауап беру, оқытылған тақырып аясында коммуникативтік үлгілерді дұрыс қолдана отырып әңгіме өрбіту, оқылған, тыңдалған ақпараттың мазмұнын әңгімелеп беру.


1 Тыңдалым
1кезең:

Оқытушы мен студент арасында қарапайым деңгейдегі тілдесімді қамтамасыз ету үшін түйсіну және түсіну тетіктерін, оқытушының нұсқаулықтарын қалыптастыру.

Бақылау тәсілдері: ұсынылған тетіктер мен реплик-түрткілердің студенттерге реакция туғызуының сәйкестігі.

2 кезең:

Игерілген материал енгізілген қарапайым хабарлады сөйлеу барысында түсіну дағдысын қалыптастыру, оқытушының сөйлеген сөзін түсіну аясын кеңейту.

Бақылау тәсілі: шетел тілінде жауап беруді талап ететін қарапайым тетіктерге, тест тапсырмаларына сәйкес келуі.

3 кезең:

Алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан дағдыларды жетілдіру. Меңгеру базасындағы тұрмыстық, ақпараттық және кәсіптік сипаттағы хабарларды тыңдау барысында түйсіну, тыңдағанын түсіну деңгейін анықтайтын тапсырмалар орындау.


2 Сөйлесім
1 кезең:

Диалог: жағдайлық лексиканы білуі, фраза-клишелерді дұрыс пайдалана отырып әңгіме өрбіту, диалог-сұрақтар, ақпараттық сұрақ, тілдік қатынастарды мақұлдау, жоққа шығару. Монолог: дайындалған қысқа хабарлама дайындай білу, мәтіндерді мамұндау.

Бағалау өлшеуіштері: коммуникативтік мақсат пен тілдесім жағдайында тілдік құралдарды таңдаудағы дәлдігі. Монологтық сөйлеу – 10 фразаға дейін, сөйлеу типіне қарай ойын жеткізудегі реттілік, ойының толықтығы.

2 кезең:

Этикеттік сипаттағы диалог: игерілген жағдайда байланысты дәл қоса білу және қолдай білу дағдысы; пікір алысу диалогтары. Монолог: пайымдау элементтерін қолдана отырып ауызша хабарлама дайындау дағдысы.

Бағалау өлшеуіштері: репликтердің тілдесім этикетіне сәйкес келуі. Монологтық сөйлеу – 15 фразаға дейін, ойының қисындылығы, дәйектілігі, уәжделігі, қорытындылауы; қарапайым деңгейде (келісу/келіспеу, құптау/құптамау) өзін бағалай білуі.


3 кезең:

Берілген тақырып бойынша немесе жағдаяттарда, диалог-әңгіме, пікір талас, дебат, дөңгелек үстел барысында диалогтық дағдысының болуы немесе оны жетілдіру.

Монолог: 1-2 кезеңдегі дағдыларды жетілдіру, дайындықсыз әңгіме өрбіту, меңгерілген тақырып бойынша пайымдау.

Бақылау тәсілдері: нормалық сөйлеу ырғағымен ұсынылған тақырып бойынша 3-5 минуттық әңгіме өрбіту. Монолог ретінде сөйлеу нормаларына сәйкес келетін 20 фразаға дейін ойын жеткізу.

Бағалау өлшеуіштері:

1) сөйленістердің толықтығы және мазмұндылығы;

2) коммуникативтік мақсатты жүзеге асыруы (хабарлау, әңгімелеу және т.б.);

3) тілдік жағынан дұрыс және лексикалық жағынан бай болуы.


3 Оқылым
1 кезең:

1) оқылым түрлері, оқылым техникасы;

2) үйренушіні оқу элементтерімен таныстыру мақсатында оқу.

Бақылау тәсілдері: дауыстап оқу, ана тіліне аудару, ашық және жасырын түріндегі тест тапсырмалары. Бағалау өлшеуіштері:

1) баспа мәтіндерді интонациялық-ритмдік және дыбыстық-графемдық қатынастар бойынша дыбыстау бақылаулары;

2) мәтіннің түпкі мазмұнын түсіну;

3) мәтінде көтерілген мәселенің мәнін анықтау;

4) мәтіннің жекелеген үзінділерін аудару және лексика-грамматикалық талдау жасау;

5) қостілді сөздік пайдалану.

2 кезең:


1) танысытыру оқылымы;

2) студенттердің жалпы мамандығы бойынша алынған мәтіндерді оқу (сөздікпен) .

Бақылау тәсілдері: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, аудару, шетел тілінде мазмұндау, тест тапсырмалары.

3 кезең:


1) оқылған мәтіннен ақпарат табу және оны тілдесім барысында қолдану;

2) ізденіспен және шолу жасай оқу;

3) мамандығы бойынша мәтіндерді мәнерлеп оқу.

Бақылау тәсілдері: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, шетел тілінде мазмұндау, ашық түріндегі тест тапсырмалары.

Бағалау өлшеуіштері:

1) оқылым түрлеріне байланысты мәтінді толық және терең түсінуі;

2) оқу жылдамдығы (меңгеруге бағытталған мәтінді минутына 300-500 б. б, таныстыруға бағытталған мәтінді минутына 500-550 б.б. оқу).
4 Жазылым
1кезең: графика және орфографияны меңгеру.

Бақылау тәсілдері: диктанттар жазу.

2 кезең: дағды-формаларды толықтыру.

Бақылау тәсілдері: анкета, декларация және т.б. бланктерді толтыру.

3 кезең: жекебасылық және ресми сипаттағы хаттарды жазу дағдысын игеру.

Бақылау тәсілдері: қабылданған нормаларға сәйкес 2-3 абзацтан тұратын хат жазу.

Бағалау өлшеуіштері:

1) диктанттарды орфография ережелеріне сәйкес дұрыс жазу;

2) ойын немесе ақпараттарды анық, ретімен беруі (жекебасылық және ресми сипаттағы хаттарды жазу барысында үйренетін тілдің еліндегі нормативтік талаптарға сәйкес ресімделуі).
5 Тілдесім аясы және сөйлесім тақырыпшалары
Арнайы лексика

Металлургияның даму тарихы

Ұнтақ металлургиясы

Шикізат материалдары және оларды дайындау

Домна өндірісі

Болатты мартендік өндіру

Болат балқыту өндірісі

Болатты электр пештерінде балқыту

Жоғары сапалы болат алудың заманауи технологиялары

Болатты конвертерлік әдіспен өндіру

Қара металлургияның заманауи зауыттары. Шойын және болат өндірістері.

Металлургия өндірістерін автоматтандыру және басқару

Металлургия өндірісінің жағдайы және даму болашағы
6 Грамматикалық материалдар (Неміс тілі)
Зат есім.

Сан категориясы, септік категориясы.

Сілтеу зат есімнің белгісі ретінде.

Артикль. Белгілі артикль, белгісіз артикль.

Нөлдік артикль.

Сын есім.

Сын есімнің салыстырмалы шырайлары.

Есімдік.


Жіктеу, тәуелдік, сілтеу, белгісіздік, сұрау есімдіктері.

Етістік.


Етістіктің жақтық және жақсыз формалары.

Етістіктің шақтары. Белгісіз осы шақ. Белгісіз өткен шақ. Белгісіз келер шақ. Модаль етістіктер. Бұйрық рай.


Грамматикалық материалдар (Ағылшын тілі)

Зат есім.

Артикль. Белгілі артикль, белгісіз артикль.

Нөлдік артикль.

Сын есім.

Сын есімнің салыстырмалы шырайлары.

Есімдік.

Жіктеу, тәуелдік, сілтеу, белгісіздік есімдіктері.

Етістік. to be етістіктері, to have етістіктері.

Етістіктің жақтық және жақсыз формалары.

Етістіктің шақтары. Белгісіз осы шақ. Белгісіз өткен шақ. Белгісіз келер шақ. Модаль етістіктер. Бұйрық рай.
II кезең
Лексикалық минимум - 1000-1200 бірлік.
Сөзжасам

Зат есім жұрнақтары: -ment, -ance. -ence, -ing,-ness, tion/-sion, -ist. Сын есім жұрнақтары: - ive, - ie (аl), - iess.

Етістік жұрнақтары: - ize, - ate.

Болымсыз префикстер: dis,- un,-im, -in, -ir-


Грамматикалық материал (Неміс тілі)

Осы шақ. Өткен шақ. Келер шақ. Өзгелік етіс.

Етістіктің жақсыз формалары.

Жай сөйлем.

Салалас құрмалас сөйлем.

Сабақтас құрмалас сөйлем.


Грамматикалық материал (Ағылшын тілі)

Шақтар, Indefinite Active топтары.

Шақтар, Indefinite Passive топтары.

Модаль етістіктер олардың эквиваленттеріү


Нұсқа А
1 кезең.
Лексикалық минимум: 1000 лексикалық бірлік, оның 500 репродуктивті.
Сөзжасам (Неміс тілі)

Зат есім жұрнақтары: -ung, - keit, - heit, - е.

Сын есім, үстеу жұрнақтары: - los, - lich, - ig, - arm, - dar. Сын есім және үстеу префиксі un-.
Сөзжасам (Ағылшын тілі)

Зат есім жұрнақтары: -ous, -ance/ - ence, -ness.

Сын есім жұрнақтары: - ant/ - ent.
Грамматикалық материал (Неміс тілі)

Орта мектепте өтілген грамматикалық материалдарды қайталау. Зат есім.

Зат есімнің тұлғалық белгілері және оларды мәтіннен тану. Зат есімнің жанама септіктері жекеше тұлғасында. Зат есімге тән белгілер.

Артикль зат есімнің негізгі белгісі ретінде.

Белгілі және белгісіз артикль және олрадың септелуі.

Белгілі артикльдің предлогпен бірігуі.

Сын есім.

Сын есімнің тұлғалық белгілері және оларды мәтіннен тану.

Сөздік формасындағы сын есімдердің септелу типтері.

Есімдік.


Жіктеу есімдіктері.

Белгісіз-жақты есімдік: man.

Болымсыздық есімдіктері, сілтеу есімдіктері, тәуелдік есімдіктері.

Сілтеу


Предлогтың тұлғалық белгілері және оны мәтіннен тану.

Барыс, табыс септігін қажет ететін негізгі сілтеулер. Етістік.

Етістіктердің тұлғалық белгілері және оны мәтіннен тану.

Солғын және пәрменді етістіктер.

Етістіктің негізгі формалары.

Етістіктерді сөздік формасына жеткізу.

Präsens, Imperfekt, Perfekt, Futurum етістерінің жіктелуі.

Бұйрық рай.

Сөйлем мүшелері.

Бастауыш топтары, баяндауыш топтары.

Толықтауыш.

Пысықтауыш.

Жай, жайылма сөйлемдердегі (хабарлы сөйлемдердегі) сөздердің тура және қарсы орын тәртібі.

Сұраулы және бұйрықты сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібі. Анықтауыш және пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемдер.

Бағыныңқы сөйлемдердің белгілері мен мәндері (жалғаулықсыз шартты бағыныңқылы сөйлемдермен қоса)

Жалғаулықты және жалғаулықсыз бағыныңқылардың белгілері.


Грамматикалық материал (Ағылшын тілі)

Continuous Active шақ топтары.

Continuous Passive шақ топтары.

Күшейткіш құрылымдар.

Есептік сант есімдер. Реттік сан есімдер.

Perfect Active шақ топтары.

Perfect Passive шақ топтары.
II кезең
Лексикалық минимум: 1800-2000 лексикалық бірліктер, оның 1000 - репродуктивті.
Сөзжасам (Неміс тілі)

Негізгі сөзжасам модельдері.

Етістіктің префикстері: vor-, ab~, zer-.

Сын есімнің жұрнақтары: - formig', - fest\ -frei', - lich.


Сөзжасам ( Ағылшын тілі)

Зат есім жұрнақтары: - ing.

Сын есім жұрнақтары: -ful, -less.
Грамматикалық материал (Неміс тілі)

Infinitiv I – тәуелді инфинитивтік топ, сөйлемдегі орны және аудару.

Infinitiv модаль етістіктермен және lassen етістігімен. um, statt, ohne жалғаулықты сөздері бар инфинитивтік оралымдар, haben+zu+Infinitiv модальдік құрылымдар, олардың аударылуы және синонимдік немесе лексика-грамматикалық құралдар.

Жайылма анықтауышты сөйлемнен тану және оның белгілері. Алдында zu шылауы бар Partizip I анықтауышымен берілген (жай, жайылма) зат есімдер.

Қарапайым (Präsens, Imperfekt), күрделі (Perfekt. Plusquamperfekt) етістік формаларының белгілері. Сілтеу есімдіктерінің зат есімнің орнына жұмсалуы.
Грамматикалық материал (Ағылшын тілі)

Шақтық қиысу.

Белгісіз есімдіктері some, any және болымсыздық есімдігі no.

Есімше. Есімшенің күрделі формалары.

Тәуелсіз есімше оралым.
III кезең.
Лексикалық минимум- 2500 бірлікке дейін, оның 1200 репродуктивті
Сөзжасам.

Меңгерілетін тілдің сөзжасаушы морфемдері және модельдері, әсіресе терминжасау саласындағы ерекшеліктері.


Грамматикалық материал

І және ІІ кезеңдегі көрсетілген дағдыларды ары қарай автоматтандыру қарастырылады.


Нұсқа Б
1 кезең:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет