Ќазаќcан республикасыныѕ



жүктеу 1.11 Mb.
бет6/7
Дата26.08.2018
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Лексикалық минимум - 900-1000 лексикалық бірлік, оның 500 репродуктивті.
Грамматикалық материал (Неміс тілі)

Жай сөйлемнің құрылысы.

Бастауыштың тұлғалық белгілері: сөйлемдегі (хабарлы, сұраулы сөйлемдердегі) орны.

Сөздердің құрылысы – зат есімнің атау септігіндегідетерминативтері (артикльдер және оларды алмастырушылар – сілтеу және тәуенлдік есімдіктері); құрамы: оң және сол анықтауышты зат есімдер.

Баяндауыштың тұлғалық белгілері: сөйлемдегі (хабарлы, сұраулы сөйлемдердегі) орны; үшінші жақтағы мағыналық етістіктің жекеше және көпше түріндегі жалғауы: -t, -еn, жұрнақ -te, құрылымдық сөз: (haben, sein, werden) көмекші, (Müssen, sollen, können, wollen, lassen, mögen) модальдік етістіктер.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің тұлғалық белгілері: баяндауыштың алдындағы және баяндауыштан кейінгі орны, есім тобындағы сілтеулер; жанама септіктердегі артикльдер мен олардың детерминативтері.

Құрылымдық сөз – сөйлем элементтерінің арасындағы байланыс құралдары: unc, oder, weder ... noch, entweder ... oder: sowohl ... als auch, nicht nur ... sondern auch.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы.

Тұлғалық белгілері: бағыныңқы сөйлемнің орны (сөйлемнің алдында, ортасында, соңында орналасуы); құрылымдық сөздер – жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, қатысымды есімдіктер; басыңқы және бағыныңқы сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың орны.
Грамматикалық материал (Ағылшын тілі)

Ағылшын тілінің хабарлы сөйлемдеріндегі сөздердің орын тәртібі.

Конверсия.

Анықтауыштар аясы.

one, once сөздерінің аударылуы және қызметі

shall, will, should, would, to be, to have етістіктерінің көпмағыналылығы.

Құрылымдық сілтеулер.
II кезең
Лексикалық минимум: -1800-2000 лексикалық бірлік.
Сөзжасам (Немәс тілі)

Негізгі сөзжасам модельдерін игеру мен жетілдіру жұмысы жалғасын табады:

Етістіктердің префикстері: vor-, ab-, zer, сын есім жұрнақтары: -förmig, -fest,-frei,-lich
Грамматикалық материал (Неміс тілі)

Сөйлем құрамындағы күрделенген құрылымдар.

Жайылма анықтауыштың тұлғалық белгілері (оң және сол анықтауыштар құрамында элементтердің ретінің бұзылуы).

Инфинитивтік оралымдардың /топтардың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны және zu Infinitiv-тің болуы.

Мәтін элементтері бар лексикалық-мағыналық байланыстардың тұлғалық белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, тұрақталған фразалар, қыстырма оралымдар).
Грамматикалық материал (Ағылшын тілі)

Герундилер.

Инфинитив. Объекті инфинитивтік оралым оборот.

Субъектілі инфинитивтік оралым.

Шартты сөйлем.

Құрылымдық жалғаулықтар.


Практикалық тақырыптардың үлгілік тізімі (Неміс тілі)
1. Неміс тілінің сөйлемдеріндегі (хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлем). Зат есім. Зат есімнің көптік мағынасынығ берілуі және күрделі зат есімдер.

2. Септіктер, септіктердің сұрақтары. Талғаулықты генетив. Барыс және табыс септігін меңгеретін предлогтар.

3. Солғын, пәрменді, бүрыс етістіктер. Бөлінетін және бөлінбейтін приставкалары бар етістіктер. Бұйрық рай (Imperativ).

4. Етістіктердің шақ формалары – Präsens, Präteritum, Futurum). Жасалуы, қолданысы және орыс тіліне аударылуы. Есімдік. Жіктеу, сілтеу және тәуелдік есімдіктерінің жіктелуі.

5. Сын есімнің және үстеулердің септелуі. Сын есім мен үстеулердің салыстырмалы шырайы.

6. Есептік және реттік сан есімдер. Сан есімдерді оқу ережелері.

7. Perfect, Plusquamperfect. Жасалуы, қолданысы және орыс тіліне аударылуы.

8. Толықтауыш бағыныңқы. Анықтауыш бағыныңқы.

9. Мақсат, себеп бағыныңқы.

10. Актив, пассив, пассив жағдайы. Пассив шақ формаларының жасалуы, қолданысы.

11. haben/sein-мен zu және Infinitiv-пен. Partizip I zu-мен анықтауыш қызметінде. Жайылма анықтауыш. Айқындауышты есімше оралымдар.

12. Техникалық журналдардан мақалалар оқу және аудару.


Практикалық тақырыптардың үлгілік тізбесі (Ағылшын тілі)
1. to be, to have етістіктері. there +to be оралымдары.

2. Сын есімдердің салыстырмалы шырайы.

3. Indefinite Active, Passive топтарының шақтары.

4. Continuous Active, Passive топтарының шақтары.

5. Perfect топтарының шақтары.

6. Сан есімдер.

7. Шақтық қиысу.

8. Белгісіздік есімдіктері some, any және болымсыздық есімдіктері no.

9. I есімшелер. II есімшелер.

10. Тәуелсіз есімше оралым.

11. Герундилер.

12. Инфинитив.

13. Шартты сөйлем.

14. Аңдатпа құрастыру. Реферат жазу. Техникалық журналдардан мақалалар оқу және аудару.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Басова Н.В., Ватлина Л.И. Немецкий для технических вузов, 2-е изд. – ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2002.

  1. Чуваева В.Г. «Практическая грамматика немецкая языка» Высшая школа, 1996 г.

  2. Бориско Н. Самоучитель немецкого языка. Москва: Логос, 2000.

  3. Васильева М.М. «Краткий грамматический справочник немецкого языка», Высшая школа, 1998 г.

  4. Айзбалте Е., Вевере Л. Учебник немецкого языка для технических вузов. Рига, 1990 г.

10. Полякова Т.Ю. и др. Английский язык для инженеров. М. «Высшая школа», 2005.

11. Агабекян И.П. Английский для экономических вузов: учебное пособие. M.: TK Велби, «Проспект», 2008.

12. Выборова Г.Е. Easy English: базовый курс. M.: Аст-Пресс книга, 2003.

13. Алехина M.C. Английский язык для металлургов. М.: Русский язык, 2005.

14. Шевелева C.A. Деловой английский: ускоренный курс. M.: ЮНИТИ, 2000.

15. Professional English. English for the Financial Sector (student's book).

16. Speaking Extra. Cambridge University Press, 2010.

МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ
3 кредит
Авторлар:

металлургия магистры, аға оқытушы Пикалова И.А.

т.ғ.к., профессор Торговец А.К.
Рецензенттер:

т.ғ.к., профессор Шишкин Ю.И.

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті

т.ғ.д., Ким А.С.

Ж. Әбишев атындағы Химия-металлургиялық институт
Түсіндірме жазба
Пәннің мақсаты – МҮТ бойынша білімді игеру, күрделі жоғары температуралы үрдістерді ұйымдастырып, іске асыра білу, кіру және шығу параметрлерін өлшеу, тәжірибелік және өндірістік металлургиялық агрегаттарда өтетін үрдістерді басқара білу, жасап тұрған және жаңадан салынып жатқан металлургиялық объекттерді реконструкциялау және жобалау. Студенттер осындай сапаға ие болу үшін газтектес, сұйық және қатты фазадағы материя қасиеттерін, негізгі параметрлер - температура және қысым өзгергенде оларда жүретін үрдістерді зерттеуі қажет.

Пәннің тапсырмасы - үрдістердің термодинамикалық және кинетакалық шарттары бойынша гомогенді және гетерогенді жүйелердегі заттар аралығындағы әрекеттесулерді зерттеу, көп компонентті жүйедегі үрдістер және ерекше қасиеттері бар жаңа фазалардың немесе материалдардың зерттеу тәсілдерін игеру.

Металлургия үрдістерінің теориясының фундаментальды білімін игеру өзбетімен шаруашылық субъектілерді игеру, әсіресе металлургиялық мекемелерді, олардың арасында экономикалық байланыс орнату, өндірістің техникалық деңгейін және металл өнімінің сапасы мен сортына қойылатын талаптарды жақсартуда ерекше мағынаға ие.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер міндетті:

Білу - металдық, тотықты, сульфидті және сулы жүйелердің құрылысы мен қасиеттерін; минералды және техногенді шикізатты, тұзды ерітінділер мен балқымаларды пиро- гидро- және электрометаллургиялық қайта өңдеу үрдістерінің термодинамикасы мен кинетикасын; заманауи теориялар мен экстрактивті металлургия тәсілдері, шикізатты кешенді пайдалану және заманауи экологиялық талаптарды ескере отырып металдарды шығару және рафинерлеудің теориялық, тәжірибелік дамуының негізгі бағыттары туралы жүйеленген білім алу; арнайы металлургиялық пәнді ары қарай шығармашылық түрде зерттеу үшін теориялық фундаментін қалыптастыра білу.

Істей білу - пиро-, гидро- және электрометаллургиялық үрдістердің термодинамикасы мен кинетикасы бойынша есепті шығара білу; істеп тұрған және жобаланып жатқан перспективті үрдістерге талдау жасау, сонымен қатар мақсатқа лайықты таңдалған үрдісті негіздеу; үрдістердің көрсеткіштерін болжамдау; металлургиялық үрдістердің жеке сатыларының жылдамдығын бағалау, үрдіс буындарының лимиттеуші жылдамдығын табу; металлургиялық үрдістерді зерттеу нәтижелерін сараптау және жалпылау, күтілген нәтижелерден ауытқу себептерін шығару және анықтылығын негіздеу; ЭЕМ-нің көмегімен термодинамикалық модельдерді қолдану; үрдісті интенсификациялау бойынша кепілдемесін құру, өнім сапасын жақсарту және аппаратты таңдау.
Пәннің мазмұны.
Кіріспе
«Металлургиялық үрдістердің теориясы» пәнін оқу үшін студенттердің химия, физика, математика, жалпы және физикалық химия, физика және кристаллография бөлімдерінің білімі қажет.

Кейінгі технологиялық және арнайы пәндерді оқу үшін «Металлургиялық үрдістердің теориясы» пәні бастапқы білім болып саналады.

МҮТ-ның фундаментальді білімі қолданыстағы өндірісті тиімді басқара білу және жаңа технологиялық бағдарламаларды құрудың негізі болып саналады. Бұл курсты кеңінен және тереңдеп оқу зерттеулік дағдыларды, нақты металлургиялық үрдістерге ғылыми көзқараспен қарауды дамытады.

«Металлургиялық үрдістердің теориясы» пәні металл өндірісінде қолданылатын үрдістердің кинетикасы мен механизмін, химиялық термодинамикасын зерттеуге бағытталған.



  1. Жану үрдістері және жоғары температуралы газды фазаның қасиеттері

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен тапсырмалары. Негізігі металлургиялық үрдістер. Олардың жалпы мінездемесі, ғылыми бағыттары. Негізгі металлургиялық үрдістердің жіктелуі. Қайта өңделетін шикізат пен алынатын металл өнімінің мінездемесі.

Жоғары температурада жану реакциясының термодинамикалық мінездемесі. Жоғары температурада газдың диссоциациясы. Газ фазасының тотықтыру қасиеттері. Газ фазасының оттекті потенциалы. Сулы газдың реакциясы және күрделі газ қоспаларының қасиеттері. Көміртегінің құрамында оттегі бар газ фазасымен әрекеттесуі. Газ-металлургиялық балқымалар жүйесіндегі реагенттердің ауысу үрдісінің диффузиясы. Фазалардың бөліну беттігіндегі адсорбция мен десорбция үрдістері және химиялық реакциялар. Тотықтыру пирометаллургиялық үрдістерге диффузиялы кинетика теориясын қолдану. Мысалдар.


  1. Диссоциация үрдістері және карбонат, оксидтер мен сульфидтердің түзілуі

Тотықтардың диссоциациясы. Оттегінің тепе-теңдік қысымының температураға байланыстылығы. Тотық түзілудің стандартты бос энергиясы. Ерітінділермен бірге жүйелердегі тотықтардың диссоциациясы. Ерітінділермен бірге жүйелердегі газтектес тотықтар. Химиялық байланыстағы тотықтардың диссоциациясы.



Карбонаттардың диссоциациясы. Металл – металл тотық жүйесіндегі оттегінің тепе-теңдік қысымы. Металл тотығы түзілуінің еркін энергиясының стандартты стандартты өзгеруі. Фазалық түрленудің металл тотығының беріктілігіне әсер етуі. Ерітінді түзілудің тотық беріктілігіне әсері. Вакуммның тотық беріктілігіне әсері. Сульфид беріктілігінің термодинамиклық мінездемесі. Мысалдар

3. Тотықты металдардың газбен және қатты көміртекпен тотықсыздандыру үрдістері
Тотықсыздандыру үрдісі. Тотықсыздандыру үрдістерінің термодинамикалық негіздері. Газ тәрізді қатты және металл тотықсыздандырғыштармен тотықсыздандыру. Тотықсыздандырғыштар тәртібінің ерекшелігі, оларды қолдану мүмкіншілігі. Қатты көміртегі мен газ-тотықсыздандырғыштың кинетикалық ерекшеліктері. Металдық балқымадағы компоненттер белсенділігі. Металды көміртегімен қаттыфазалық тотықсыздандырудың теоретикалық орны. Металл тотықтарының диссоцациясы мен көміртегі тотығы регенерациясының физика-химиялық ерекшеліктері. Газбен қабаттық тотықсызданудың кинетикасы. Үрдістердің кинетикалық заңдылықтары. Үрдіс жылдамдығына газ құрамы мен температураның әсері. Араласпайтын кеңістіктік-бірлескен қабаттарындағы металдардың қатты көміртегімен тотықсыздану ерекшеліктері. Қатты көміртегіні тотықсыздандырғыш ретінде қолдану арқылы металлдың сұрыпталған тотықсыздануының теориялыќ негіздері және ұйымдастыру мүмкіншілігі. Мысалдар.
4. Металлотермиялық тотықсыздандыру
Металлмен тотықсыздандырудың кинетикалық ерекшелігі. Металлды тотықсыздандыру диссоциялы-адсорбциялы механизмі. Металл тотығының және катты тотықсыздандырғыштың электрофизикалық қасиеті. Үрдістердің кинетикасының заңдылықтары. Үрдістердің жылдамдығына газ құрамы мен температураның ықпалы. Металдар тотықсыздануының ерекшеліктері. Металлдың оттексіздендіру теориясы. Металл алудың металлотермиялық әдісі. Мысалдар.
5. Металдық және тотықты балқыма және олардың термодинамикалық сипаттамасы
Металл балкымасындағы компонент белсенділігі. Металл мен қож арасында оттегінің бөлінуі. Берілген құрамдағы қож астындағы металл қоспаларының термодинамикалық қышқылсыздану шектері. Тотықсыздандыру жағдайындағы металл мен қожға элементтерді бөлу. Металл мен қож арасында фосфордың бөлінуі. Металл мен қож арасында күкірттің бөлінуі. Сұйық металдар және қождар. Сұйық металдар және қождардың құрылысының жалпы сипаттамасы. Сұйық металдар және қождардың құрылымының дифракциялық талдауы. Құрылысты - сезгіш қасиеттердің анықтамасы. Қождық жүйелердің диаграммалық күйі. Екікомпонентті жүйе(SiO2-Al2O3; CaO- Al2O3). Үшкомпонентті жүйе. Гиббс әдісі, Розенбум әдісі. Қождың физика-химиялық қасиеттері. Иондық балқымалардың диффузиясы, тұтқырлығы, беттік қасиеттері, мольдік көлемі және тығыздығы. Мысалдар.

6. Қожды ерітінділердің түзілу теориясы
Темкиннің жетілген ионды ерітінділер теориясы. Тұрақты ионды ерітінділер теориясы. Қожды ерітінділердің полимерлік теориясы. Фазалық ұжымдық электронды жүйесі бар қождардың түзілу теориясы. Металлдық, тотықтық және газдық фазалардың өзара әрекеттесу негіздері. Металлдардың тотықтыра тазартудың термодинамикалық негіздері. Тотықтардың оттектік потенциялы. Тотықтардың термодинамикалық тұрақтылығы. Элементтердің коэффициенттер белсенділігі және анықталу белсенділігі. Белсенді компоненттердің қождардың ерітіңділердің жалпылама диаграмма бойынша анықталуы. Мысалдар.
7. Металлдық ерітінділердің физико-химиялық мінездемелері
Сұйық металлдар және қождар. Сұйық металлдар және қождардың түзілуі мен жалпы мінездемелері. Сұйық металлдар және қождардың құрылымының дифракциялық сараптамасы. Құрылымды-сезімтал қасиеттердің анықталуы. Леннарда-Джонсонның потенциялы. Сұйық металлдардың физикалық қасиеттері. Сұйық металлдардың тұтқырлығы. Тығыздық. Сұйық металлдардың беттік керілуі. Сұйық металлдардың электрлік қасиеттері. Электрлік кедергі. Электрлік кедергінің температуралық коэффициентінің анықталуы. Сұйық қождар. Сұйық қождардың түзілу. Қождың химиялық және минерологилық құрамы. Қождың ионды құрылымы. Ионды теория, оның дамуы. Заманауй техникадағы ионды ерітінділер. Мысалдар.

Қорытынды

Металлургияның тәжірибелік және перспиктивті дамуының өркендеуі. Қазақстандық металлургиясының негізгі тапсырмалары.


Зертханалық сабақтардың шамамен алынған тақырыптары
Көміртегінің көмірқышқыл газымен газификациялану реакциясының тепе-теңдігін зерттеу.

Көміртегінің су буымен өзара әректтесуін зерттеу.

Карбонаттардың (тотықтардың) диссоциациясын оқу.

Мыс тотығы диссоциациясының серпімділігін анықтау.

Карбонаттардың түзілуін және ыдырауын термографиялық зерттеу.

Кальций карбонатының изотермиялық ыдырауының кинетикасын оқу.

Темірдің қатты балқымаларының тотығу кинетикасын зерттеу.

Металл тотықтарының тікелей тотықсыздану кинетикасын оқу.

Ерітінділердің беттік керілуі және тығыздығын анықтау.

Компоненттердің екі фаза аралығында бөлінуін оқу.


Тәжірибелік сабақ тақырыптарының үлгілік тізімі
Жоғары температурада жану реакциясының термодинамикалық мінездемелері.

Жоғары температурадағы газдар диссоциациясы.

Металл – металл тотығы жүйесіндегі оттегінің тепе-теңдік қысымы.

Металл тотықтары түзілгендегі бос энергияның қалыпты өзгерісі.

Ерітінділер түзілісінің тотықтардың беріктігіне әсері.

Металл тотықтарының тотықсыздану үрдісі.

Металл тотықтарын газтәрізді тотықсыздандырғыштармен тотықсыздандыру.

Тәжірибелік мәліметтер бойынша металды балқымалар компоненттерінің белсенділігін есептеу.

Күрделі металды балқымадағы белсенділік коэффициентін есептеу.

Жиі иондық ерітінді теориясы бойынша қожды балқыма компоненттерінің белсенділігін есептеу.

Ұжымдық электронды жүйесі бар фаза ретінде қож компоненттерінің белсенділігін есептеу.

Оттегінің металл мен қож аралығында бөлінуі.

Тотықсыздану жағдайында элементтердің металл мен қож аралынында бөлінуі.

Еріген элементтердің оттегімен әсерлесуі.

Еріген элементтердің азотпен әсерлесуі.

СӨЖМ тақырыптарының шамамен алынған тізімі
Газ фазасының тотықтыру қасиеттері.

Газ фазасының оттегі потенциалы.

Карбонаттар диссоциациясы.

Фазалық түрленудің металл тотығының беріктілігіне әсер етуі.

Металлотермиялық тотықсыздану

Металдық балқымадағы компаненттердің белсенділігі

Балқытылған қож молекулалық теориясы бойынша балқытылған қож компоненттерінің белсенділігін есептеу

Иондық ерітінділердің түзілу теориясы бойынша балқытылған қож компоненттерінің белсенділігін есептеу

Ерітілген элементтердің күкіртпен байланысы.
СӨЖ жобалық тақырыптар тізбегі
Су газының реакциясы және күрделі газ қоспаларының қасиеттері.

Оттегі бар газ фазасымен көміртегінің әрекеттесуі.

Тотықтың беріктілігіне вакумның әсері

Сульфид беріктілігінің термодинамиклық мінездемесі

Металл тотығының қатты көміртегімен тотықсыздануы

Балқыма қож компоненттерінің белсенділігін жалпылама диаграмма арқылы анықтау

Фосфордың металл мен қож арасындағы бөлінуі

Күкірттің металл мен қож арасындағы бөлінуі

Ерітілген элементтердің сутегімен әрекеттесуі
Бақылау жұмыстарының жобалық мазмұны
Тотығу тотықсыздану үрдісінің термодинамикасы.

Фазалық тепе-теңдік диаграммасының сараптамасы.

Химиялық термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтары.

Балқыту және күйдіру үрдісінің термодинамикасы.

Ауыспалы және тотықты сілтілеудің термодинамикасы.

Экстракциялау және сорбциялау үрдісінің термодинамикасы.


Әдебиеттер
Негізгі:

1. Тлеугабулов С.М. Теория металлургических процессов. - Алматы, 2007, 351 с.

2. Попель Д.К. Теория пирометаллургических процессов. - М.: Металлургия, 1991.

3. Рыжонков Д.И. и др. Теории металлургических процессов. – М.: Металлургия, 1989, 391 с.

4. Тлеугабулов С.М., Торговец А.К., Койшина Г.М. Физико-химические основы металлургии. - Алматы, 2010, 378 с.

5. Айзатулов Р.С. Теоретические основы сталеплавильных процессов. – МИСИС. – 2004, 320 с.

6. Тлеугабулов С.М. Теория и технология твердофазного восстановления железа углеродом. Алматы: Гылым, 1992. 311 с.

7. Казачков Е.А. Расчёты по теории металлургических процессов. - М.: Металлургия, 1988, 288 с.

8. Каковский И.А., Набойченко С.С. Термодинамика и кинетика гидрометаллургических процессов. - Алма-Ата: Наука, 1986 г.
Қосымша:


  1. Айзатулов Р.С., Харлашин П.С., Протопопов Е.В., Назюта Л.Ю. Теоретические основы сталеплавильных процессов - М., МИСИС, 2002.

  1. Шишкин Ю.И., Лукин Г.П. Металлургические расчеты. Алматы, 2002, 115 с.

  2. Симбинов Р.Д. Технологические расчеты металлургических процессов. Алматы. 1993, 146 с.



МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2 кредит
Авторлар:

металлургия магистры, оқытушы Юсупова Ю.С.

т.ғ.к., профессор Торговец А.К.
Рецензенттер:

т.ғ.к., профессор Артыкбаев О.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

т.ғ.д. Ким А.С.

Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институты
Түсіндірме жазба
Мақсаты – «Металлургиялық үрдістердің технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты қара және түсті металдар өндірісінің технологиялық жағдайы мен теориялық негіздері туралы оқушы студенттерге терең білім беру; технологиялық қиын есептерді шығаруды білу; перспективті тәжірибелі және тәжірибелі-өнеркәсіпті кешен мен істеп тұрған металлургиялық агрегаттарда технологиялық үрдістердің экспериментті зерттеуін басқару және ұйымдастырудан өзіндік жұмыс икемі бар болып табылады.

Пәннің міндеттері– қара және түсті металлургия агрегаттарында өтіп жатқан үрдістердің жалпы заңдылықтарын игеру; үрдістің жылулық және материалдық балансын, шикіқұрам есебінің әдістерін меңгеру; балқытуды басқару және технологиялық үрдістерді жандандыру болып табылады.
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Еліміздің өнеркәсіпті кешеніндегі металдар мен қорыипалардың алатын орны. Қара және түсті металдар мен қорытпалардың жіктелуі. Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің металл өндірісіндегі қазіргі заманғы күйі. Инновациялық технологиялар және жаңа техниканың дамуымен байланысты металлургияның даму болашағы. Металлургиялық өндірістің дамуының экономикалық болжамы.


  1. Металлургиялық үрдістердің теориялық негіздері

Металл және қорытпалар өндірісінде қолданылатын физико-химиялық тепе-теңдіктің негізгі заңдары. Газды қоспалардағы жанудың кинетикасы мен механизмінің негіздері. Көміртегі жану реакциясының термодинамикасы. Жану үрдісінің жалпы мінездемесі.




  1. Тотықсыздану үрдістердің теориялық негіздері

Қоланылатын тотықсындырушылар мен металдардың тотықсыздану үрдісінің жалпы мінездемесі. Темір тотығының сутегі және көміртегі тотығы мен тотықсыздануының термодинамикасы. Металдардың тотықтан көміртегімен тотықсыздануы. Тепе-теңдік диаграммасы.




  1. Тотықты балқытудың теориялық негіздері

Теміркөміртекті балқымалар, олардың қасиеті мен құрылымы. Металургиялық қождар және олардың физикалық қасиеттері. Тотықты балқытудағы фазалардың әрекеттесуі. Металл және қож арасындағы оттегінің жайылу заңдылықтары. Металдық балқымадағы зиянды заттардың тотығуының термодинамикасы.




  1. Металлургия өндірісінің бастапқы материалдары

Кендер, олардың мінездемесі. Еліміздің өндірісіне қажеттілігі. Кен байытудың принциптері. Кендерді кесектеу үрдісінің негізі: агломирация, брикеттеу және шекемтас өндірісі. Металлургиялық өндіріске материалдар дайындаудың экономикалық тиімділігі.



Шойын өндірісі
Домналық балқыту үрдісінің жалпы мінездемесі. Домна пешіндегі газдар мен шикіқұрамның жылжуы, олардың біртекті бөлінуі. Домна пешіндегі тура және жанама тотықсызданудың дамуы. Шойын мен қождың пайда болуы. Домна пешінің көрігіндегі үрдістер. Домна пешін жандандыру тәсілдері. Шойынның МЕСТ-ы. Домна пешінің технико-экономикалық көрсеткіштері.


  1. Болат өндірісі

Болат өндіру әдістерінің жалпы мінездемесі. Экономикалық болжамы, олардың қолданысы мен дамуы.




  1. Оттекті –коміртекті үрдіс

Конвертордың құрылысы. Үрдіс барысындағы газдың, қождың және металл құрамының өзгеруі. Конвертор бөлігінің нұсқалары. Конвертор үрдісінің автоматизациясы мен бақылау негіздері. Легирленген болат өндірісі. Конвертор өндірісінің технико-экономикалық көрсеткіштері.




  1. Түбтік үрдістер

Негізгі реакциялар. Еківанналы пештерді қолдану. Болат өндірісіндегі түбтік үрдістердің қазіргі күйі және болашағы.




  1. Электр пештердегі болат өндірісі

Доғалық электрпештердің құрылысы. Негізгі доғалық болат балқыту пештерінде болат балқытудың технологиялық ерекшеліктері. Балқыту периодтары. Үлкенжүкті пештердегі балқыту технологиясының түрлілігі. Электр болат балқыту пештерінің технико-экономикалық көрсеткіштері. Болаттың МЕСТ-ы. Балқыту әдісіне қарап болаттың сапасы мен өзіндік құынын салыстыру. Балқыту тәсілін таңдаудың экономикалық дәлелі. Қорғау істерінің жиыны арқылы балқытудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет