Ќазаќcан республикасыныѕ



жүктеу 1.11 Mb.
бет7/7
Дата26.08.2018
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Болат және қорытпаларды ашық және вакуумды индукциялық пештерде балқыту

Вакуумді доғалы қайта балқыту. Электрқожды қайта балқыту. Электр-сәулелі балқыту. Плазмалы-доғалық қайта балқыту. Тазалығы жоғары металдардың зоналық балқытуы. Жоғары легирленген болат пен қорытпаларды (ЭҚҚ, ВДҚ, ЭСҚ, ПДҚ) балқытудың жаңа әдістерін қолданудың экономикалық дәлелі.



Болатты пештен тыс өңдеу
Сұйық болатты вакууммен, инертті газдармен өңдеу әдістері. Аргонды-оттекті үрлеу. Ұнтақ материалдармен, синтетикалық қождармен өңдеу.


  1. Ферроқорытпа өндірісі

Ферроқорытпалардың атауы және түрлері. Ферроқорытпалардың МЕСТ-ы. Ферроқорытпа пештерінің құрылысы. Кремний, хром, марганец негізіндегі қорытпа өндірісінің негізі. Ванадий, молибден, титан, вольфрам және басқаларының негізінде аз топты ферроқорытпалар өндірісінің негізі. Ферроқорытпа өндірісінің технико-экономикалық көрсеткіштері.




  1. Түсті металдар өндірісі

Түсті металдардың стандартизациясы және жіктелуі. Түсті металдар алудың пиро- гидро- және электро металлургиялық әдістері.





  1. Мыс металлургиясы

Пирометаллургиялық өндірісінің сұлбасы: кен мен концентратты күйдіру, штейнге балқыту, мыс штейндерді конвертирлеу, оттық және электролиттік тазарту.




  1. Алюминий металлургиясы

Глинозем өндірісі. Қара алюминий алу және оны рафинирлеу.




  1. Титан өндірісінің негіздері

Титанқұрамдас материалдарды хлорлау. Титанды металлотермиялық және электролиттік әдіспен алу.




  1. Металдық вольфрам өндірісінің негіздері

Вольфрам балқыту технологиясы. Қиын балқитын металдардың техника-экономикалық көрсеткіштері

Түсті металдар өндірісінің болашақ дамуы. Технологиядағы жаңа бағыттар.
Тәжірибелік сабақ тақырыптарының шамамен алынған тізімі
Домна шикіқұрамының орташа өлшенген құрам есебі. Металдың шығу және түсім дәрежесін анықтау.

Үрдістің температурасынан, газ құрамынан, шикіқұрам құрамынан тәуелді тотықсыздандырғыштың газ шығынын анықтау.

Үрлеу параметрлері мен шикіқұрам сапасынан тәуелді кокс шығынын анықтау.

Қиыстырылған үрлеудiң қолданатын меншікті үрлеу шығынын

анықтау.

Шикіқұрамды көміртегімен тікелей тотықсыздандыру үрдісінің есебі.

Тотықсыздандыру үрдісінің материалды және жылулық балансын есептеу.

Оттекті-конверторлы балқытудың шикіқұрам есебі.

Оттекті-конвертор ваннасының айналдыру қуаттылығының есебі.

Ферроқорытпа балқытудың материалдық және жылулық балансын құруды есептеу.

Штейнді конвертірлеудің материалды және жылулық балансын есептеу.

Мыс пен никельді электролитті рафинирлеуінің материалды, жылулық және электрлік балансын есептеу.

Күйдірудің жылулық балансы мен пештің қайнау қабатының есебі.

Сілтілеу, еріту, сүзу, тұндыру технологиялық үрдістерінің материалдық балансын есептеу.

Рафинирлеу үрдісінің тотықсыздануы, кристализация, булау, кептіру материалды балансы.

Жабдықтың өлшемі мен өнімділігінің құрылымдық есебі.


Зертханалық сабақтардың үлгілік тақырыптары
Шикіқұрамның тығыз қабатындағы газ ағыны қозғалысындағы шикіқұрам қабатының кедергісін анықтау.

Агломераттың басталу және жұмсару температурасының интервалын анықтау.

Қождық балқыманың тұтқырлығын анықтау.

Газ ағынының сұйық металға терең енуі мен реакция зонасының шамасына ықпалын зерттеу.

Көміртекті тотықсызданырғыштардың реакциялық қабілеттілігін анықтау.

Ферроқорытпа қождарының балқу температурасын анықтау.

Ферроқорытпадағы көміртегі құрамының кремний құрамынан тәуелділігін зерттеу.

Ферроқорытпаларды пештен тыс алюмотермиялық әдіспен балқыту.

Сульфидті шикіқұрамды күйдіру мен балқытуға дайындау.

Мыс немесе никель штейнін конвертирлеу.

Мысты электролитті рафинирлеу.

Құрамында сирек металдар бар материалдарды тотықтыра күйдіру.

Вольфрамитті шеелитті содамен пісіру.

Сирек металдарды рафинирлеу және электролитті бөліп алу.

Алюминий мен магнидің электролитті алынуы.

Студенттің өзіндік жұмысы
Пәнде оқулықтармен, оқулық үлгілермен, кезеңдік басылымдармен және заманауи информациялық жүйелермен жұмысты қосуы тиіс өзіндік жұмысты студенттерге жасау қарастырылған. Студенттік өзіндік жұмыс, пән бойынша аудиториялық сабақтар барысында алынған білімдерді тереңдетуге, білуі мен тәжірибесін нығайтуға, істелетін бақылау жұмыстарының сапасын жоғарлатуға бағытталған.
Әдебиеттер
Негізгі:


  1. Вегман Е.Ф., Жеребин Б.Н., Похвиснев А.Н. и др. Металлургия чугуна. М.: Академкнига, 2004. 774 с.

2. Каблуковский А.Ф. Производство электростали и ферросплавов. М.: Академкнига, 2003. 511 с.

3. Торговец А.К., Шишкин Ю.И., Артыкбаев О.А. Теория, технология и оборудование внепечной обработки металлов. Алматы: Гылым, 2004. 273 с.

4. Валиев Х.Х., Романтеев Ю.П. Металлургия свинца, цинка и сопутствующих металлов. Алматы: КазНТУ, 2000. 441 с.

5. Худайбергенов Т.Е. Металлургия легких металлов. Алматы: Гылым, 2001.


Қосымша:

1. Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Общая металлургия. М.: Академкнига, 2002. 786 с.

2. Черная металлургия России и стран СНГ в ХХI веке. М.: Металлургия, 1994, т 2.

3. Шишкин Ю.И., Торговец А.К., Григорова О.А. Теория и технология конвертерных процессов. Алматы: Гылым, 2006. 192 с.

4. Торговец А.К., Артыкбаев О.А. Конструкции агрегатов и оборудование непрерывной разливки стали. Алматы: Гылым, 2002. 144 с.

5. Шишкин Ю.И., Лукин Г.П. Металлургические расчеты. Учебно-методическое пособие. Алматы: РИК по УиМЛ, 2002. 112 с.


МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАСЫ
3 кредит
Авторлар:

т.ғ.к., профессор Шишкин Ю.И.

техника және технология магистры, оқытушы Муравьева Е.С.,

т.ғ.к., профессор Торговец А.К.


Рецензенттер:

т.ғ.к., профессор Артыкбаев О.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

т.ғ.д. Ким А.С.

Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институты
Түсіндірме жазба
«Металлургиялық үрдістердің жылуэнергетикасы» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге агломерат және шекемтастар өндірісінде, домна пешінде, конвертерлерде, электрпештерде жүретін жылу және масса алмасу үрдістері туралы; агломерациялық, домналық, болат балқыту, шекемтастарды күйдіру үрдістеріндегі жылу көздері туралы терең білім беру болып табылады.

Пәнді зерделеудің міндеттері металлургиялық агрегаттарда жүретін жылу және масса алмасу үрдістерінің жалпы заңдылықтарын меңгеру; агломерат, шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі үрдістерінің жылулық баланстарын, электрлік пештер жұмысының энергетикалық балансын есептеу әдістері игеру болып табылады.

Осы пәнді зерделеудің алдындағы пәндердің тізімі: металлургиялық үрдістердің теориясы, металлургиялық өндірістің технологиясы, мамандық негіздері, кенді дайындау және байыту, шойын өндірісінің теориясы мен технологиясы.

Сабақтас пәндер: болатты балқытудың теориясы мен технологиясы, электрметаллургиялық үрдістердің теориясы.
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Металлургиялық кешеннің жалпы сұлбасы және қайта өңдеу технологияларының: агломерация, домна, болат балқыту, электр болат балқыту және ферроқорытпа өндірістерінің сипаттамасы. Металлургиялық үрдістер облысындағы негізгі түсініктер мен заңдылықтар.

1 Агломерациялық үрдіс
1.1 Агломерациялық үрдістің жылуэнергетикасы
Ф. Геберлейн және Т. Хантингтон үрдісінің мәні. Жылулық нүкте көзқарасынан пирит тұқылының біріктірілуі және осы үрдістің ерекшеліктері. Сульфидті кенді агломерациялау кезіндегі жылу алмасу үрдістері. Отынның (кокс ұнтағының) біріктірілетін шикіқұрамдағы ролі. Кокс ұнтағы (коксик) жанғанда бөлінетін жылу.

Периодты әрекетті тостаған қондырғылар. Жоғарыдан төмен біріктірілетін қабат арқылы ауаны сорумен жүретін вакуумдық агломерациялаудың пайда болуы.

Шикіқұрамның жылу қабылдайтын қосынды беті. Жылу алмасу беті мен салқын және ылғал шикіқұрамды ұқсас жылусыйымдылық арасындағы жылу алмасу үрдістері – шикіқұрам мен газ арасындағы қарқынды жылу алмасудың негізі. Жылу алмасу үрдістерінің материалдар мен дайын агломераттың қасиеттеріне; жылусыйымдылығына, жылу өткізгіштігіне, көлемдік массасына және үйінді массаның әр түрлілігіне, материалдың ірілігіне тәуелділігі. Шикіқұрамның көлемдік жылусыйымдылығы. Ұқсас жылусыйымдылық. Жылулық толқын. Жылу толқынының орын ауысуы. Газды суыту. Коксиктің тұтану температурасы. Шығарылатын газдағы оттегі мөлшерінің өзгеруі.

Біріктірілетін қабаттағы жылу алмасу. Жылу тасымалдау коэффициенті. Конвективті жылу алмасу. Вi критерийі. Жалпы жылулық кедергі. Жылу алмасу: агломераттың, отын жануының, шикіқұрам жылытудың, шикіқұрамды кептірудің жеке қабаттарының түзілуі. Отынның қыздырылуы және оның тұтануы. Жылу алмасудың төменгі сатысы. Жану аймағының қозғалыс факторы. Дайын бәліштің түзілуі. «Шық нүктесі» температурасы. Қайта ылғалдану құбылысы.

Ауаның артық болу коэффициенті (α). Отынның жануы кезінде бөлінетін жылу. Жылу туындату (жылу алмасудың жоғарғы сатысы). Біріктірілетін қабаттың (жылу алмасудың төменгі сатысы) биіктігі бойымен ең жоғарғы температураның өзгеруі. Біріктірудің жылулық балансы.
1.2 Шекемтастарды күйдірудің жылуэнергетикасы
Пеште балқытуға дайын өнім ретінде шекемтастарды алу сатылары. Шикі шекемтастарды термиялық өңдеудің қажеттілігі. Шекемтастарды кептіру, жылыту, күйдіру, рекуперациялау және суыту. Күйдірудің жеке баптарын термиялық өңдеудің температуралық шарттары. Өңдеу режимін ұстану – сапалы шекемтастарды алудың кепілі. Конвейер машинасы жұмысының технологиялық сұлбасы. Күйдірілетін қабат арқылы ауа мен газ жылуын тасымалдау. Шекемтастар қабатының энтальпиясы. Қабат арқылы жүретін ауаның меншікті шығынының ролі. Жылу тасымалдаушының шығыны. Біріктірілудің жылулық балансы.

2. Домна үрдісінің жылуэнергетикасы
2.1 Домна пешіндегі жылу алмасу
Пештегі материалдар мен газдар қозғалысының қарсы ағыны. Шикіқұрам материалдарын колошниктен ошаққа дейін қыздыру және ыстық ошақ газдарын колошникке дейін көтеру кезінде суыту. Газ-тасымалдағыш пен шикіқұрам арасындағы жылу алмасу. Ошақта бөлінетін жылудың пеш биіктігі бойымен таралуы. Қатты және сұйық материалдармен жылуды игеру.
2.2 Кесек материалдар қабатындағы жылу тасымалдау
Домна пешінде материалдарды қыздыру. Конвекциямен, сәулеленумен және жылу өткізгіштікпен қыздыру. Конвекция – газдан материалдарға жылу тасымалдаудың негізгі түрі. Фурмалық аймақта сәулеленумен жылу тасымалдаудың ролі. Жылу өткізгіштікпен жылу тасымалдаудың заңдылығы.

Қарсы ағында қыздыру – өтетін биіктіктің функциясы. Ағынның сулы эквиваленті. Эндотермиялық, экзотермиялық химиялық реакциялардың мәндері, материалдардың балқуы.

Ұқсас меншікті жылусыйымдылық. Ұқсас сулы эквивалент. Жылу алмасудың сулы эквиваленттердің қатынасы мәндеріне тәуелділігі. Wг> Wш және Wг < Wш мәндеріндегі жылу алмасу. Артық жылу құбылысы.
2.3 Жылу алмасу үрдістеріне әсер ететін факторлар
Жылу алмасудың жоғарғы сатысы. Материалдар мен газ температураларының айырмашылығы. Жылу алмасудың төменгі сатысы. Газдар мен материалдар температураларының айырмашылығы. Бос биіктік (қор аймақ).

Жылу алмасу үрдістеріне әсер ететін факторлар: материалдар қозғалысының жылдамдығы, сулы эквиваленттердің қатынасы, материалдардың әртүрлілігі.

Балқытудың жылулық балансы. Жылудың кірісі мен шығысының жеке баптарын сандық бағалау. Домна пешінің жылулық п.ә.к.-і. Аймақтық жылу баланстары. Домна пешіндегі шикіқұрам материалдары мен балқыту өнімдерінің жылу қажеттілігі.
3 Конвертер өндірісінің жылуэнергетикасы
3.1 Масса және жылу тасымалдау заңдары
Заттарды, импульс пен энергияны тасымалдау заңдары. Массаның сақталу заңы. Үздіксіздік теңдегі. Импульстің сақталу заңы. Жылу тасымалдау. Энергияның сақталу заңы, энергия теңдігі және жылу тасымалдау. Диффузия. Зат тасымалдаудың теңдігі.
3.2 Болат балқытатын агрегаттар ванналарындағы масса және жылу алмасу
Масса алмасу үрдістері туралы жалпы мағлұматтар. Масса тасымалдаудың теңдігі. Масса беру және масса тасымалдау коэффициенттерінің өзара байланысы. Беттік белсенді заттардағы беттік кедергінің масса тасымалдаудың жылдамдығына әсері. Газ ағыны мен сұйық орта арасындағы масса алмасу. Газ көпіршіктерінің сұйық ортадағы қозғалысы. Ваннаны газ көпіршіктерімен атқылаудағы масса алмасу.

Реакциялық аймақтың температуралық режимі және оның үрлеу шарттарымен және металл құрамымен байланысы. Реакциялық аймақ пен ванна арасындағы жылу алмасу. Темірдің реакциялық аймақта буланып кетуі. Заманауи болат балқыту үрдісіндегі үрлеу режимінің ролі.


3.3 Оттекті конвертерлік балқытудың жылулық балансы
Оттекті конвертерлік балқытудағы жылу көздері. Шойын көміртегісі оттекті конвертерлік балқытудағы жылудың басты көзі ретінде. Шойынның физикалық жылуы. Si тотығуынан енетін жылу. Конвертерллерде жоғарыфосфорлы шойындарды қайта өңдеу кезіндегі балқытудың жылулық балансы. Оттекті конвертерлік балқытудың жылулық балансының шығын баптары. Жылулық балансты жақсарту қорлары.
3.4 Конвертерлердің жылулық жоғалымдары
Ковертерлердегі жылу жоғалымдардың классификациясы. Футеровка арқылы сәулеленумен жылу жоғалымдары. Конвертердің мойындығы арқылы сәулеленумен жылу жоғалымдары. Үрлеуаралық периодтардағы жылу жоғалымдары. Фурманы салқындататын сумен жүретін жылу жоғалымдары. Жылу жоғалымдарын азайту жолдары.
3.5 Технологиялық параметрлердің конвертерлердің жылулық жұмысына әсері
Әр түрлі салқындатқыштарды (металл сынықтарын, темір кенін, әктасты, әкті, темір қағын, агломератты, металданған шекемтастарды) қолдану кезіндегі шойын шығынының түрленуі. Шойын температурасы мен құрамының жылулық жұмысқа және металл сынықтарын қайта өңдеуге әсері. Шойынның температурасын жоғарылату әдістері. Үрлеудің температуралық режимі мен металл сынықтарының сапасына байланысты конвертерлердің жылулық жұмысы. Конвертердің жылулық жұмысын әктің сапасын жоғарылатып жетілдіру. Футеровка сапасының конвертердің жылулық жұмысына әсері.
4 Электр болат балқыту үрдістерінің жылуэнергетикасы
4.1 Электр пештердің жылулық жұмысының еркшеліктері
Электр энергиясының есебінен жылу туындату. Газ, сұйық немесе қатты дене арқылы ток жүрген кездегі электр қыздыру. Электрлік өрісте орналасқан металдағы жылу бөліну.

Электрпештердің классификациялық белгілері: жылу туындату көзі, жұмысшы кеңістігінің пішіні, температуралық режим, жылу алмасу режимі, шаң газ бөлінділерді кәдеге асыру әдісі, материалдарды тиеу әдісі және қозғалуы, пеш атмосферасы. Пеш жұмысының жылу техникалық параметерлері: жұмысшы температура, температуралық режим, жылулық жүктеме, жылу қуаты, меншікті жылу қуаты, жылдамдату коэффициенті, электрлік ПӘК, жылулық ПӘК, жалпы ПӘК.

Тура, жанама және аралас қыздырылатын пештер. Пеш кеңістігінің негізгі жылулық аймақтары. Электродтар беті, шикіқұрам, қабырғалар, күмбез және пеш түбі арасындағы сәулеленумен жылу алмасу. Жылулық ағынның тығыздығы. Қатты шикіқұрам, балқыма, қож, пеш газы, футеровка арасындағы конвективті жылу алмасу. Қатты, сұйық, газтәріздес фазалар ішіндегі жылу масса тасымалдау.

Доғалық және плазмалық-доғалық болат балқыту пештеріндегі электрлік доға. Электр доғаларын жағу, құдықтардың балқуы, жабдық доғалармен балқыту. Электрлік доғамен қыздыру. Термиялық және соққы беретін иондану. Электродпен берілетін қуатты есептеу.

Доға-газ-шикіқұрам, электрод-газ-шикіқұрам жүйелеріндегі сәулелену. Жылу алмасуға қатысатын беттер мен көлемдерді бөлу. Шикіқұрамның жылу өткізгіштігі және үйінді тығыздығы. Жылу алмасу үрдістерінің үйіндідегі шикіқұрам қабатының құрылымына тәуелділігі. Шикіқұрам материалдары балқуының меншікті жылусыйымдылығы, жылу өткізгіштігі және меншікті жылуы. Шикіқұрам, балқыма, қож, пеш газдары құрамының, пеш пішінінің әсері. Қож-металл жүйесінде күмбез бетінен және пеш қабырғаларынан және элект доғаларының бату деңгейінен металл ваннасының бетіне салдарлы ағынның тығыздығы. Электрлік және жылулық режимдердің бірлігі.

Кедергі әдісі бойынша электр қыздыру. Өткізгіштің электрлік кедергісіне пропорционалды, өткізгіште тоқ жүргенде бөлінетін жылу. Индукциялық электр балқыту пештері және қондырғылары. Индукциялық қыздыру. Қыздырылатын дене ішінен бөлінетін индукциялық ток энергиясының жылуы. Электрондар ағыны есебінен жылу туындату. Электр балқытудың энергия үнемдейтін технологиялары.



4.2 Электрпештердің энергетикалық баланстары
Электрдоғалық пештердің материалдық және жылулық баланстары. Электрпештік қондырғы энергожүйеден тұтынатын электр энергиясы, шикіқұрам мен газдың энтальпиясы, тотығу, тотықсыздану және қож түзілудің экзо- және эндотермиялық реакцияларының химиялық энергиясы, құйылатын металл мен қож энтальпиясы, пештегі жылулық жоғалымдар, футеровка энтальпиясының өзгеруі. Футеровканың жылутехникалық функциясы. Футеровка арқылы және салқындататын сумен жүретін жылулық жоғалымдар. Шығатын газдармен бірге жылулық жоғалымдар. Индукциялық пештер жұмысының энергетикалық балансы. Электр қожды қайта балқыту пештерінің (ЭҚҚБ) қож ваннасындағы жылу тасымалдау үрдістері. Доғалық вакуум пешінің (ДВП) жұмысшы кеңістігіндегі жылу алмасу. Электронды балқыту қондырғысының (ЭБҚ) энергетикалық балансы. Плазмалық-доғалық пештердің (ПДП) энергетикалық сипаттамалары.
5 Ферроқорытпа пештерінің жылулық жұмысының ерекшеліктері
Кентотықсыздандыратын және тазалайтын ферроқорытпа пештері. Ашық және жабық, айналатын немесе қозғалмайтын ванналы пештер. Температуралық режим және оның негізгі түрлері. Газ бен шикіқұрам арасындағы олардың өзара қозғалысының әр түрлі сипаты кезіндегі жылу алмасу. Тік ағынды, қарсы ағынды және камералық режимдер, оларды салыстыру. Пеш жұмысының жылулық режимі. Жылулық жүктеме, энергия пайдалану және жылуды пайдалы пайдалану коэффициенттері, олардың физикалық мағынасы мен өзара байланысы. Жылулық баланс және оның құрылымының периодты және үздіксіз әрекетті пештер үшін ерекшеліктері.

Пештің өнімділігі, оның пайдалы жылу игерумен, жылуды пайдалы қолдану коэффициентімен, пештің геометриялық өлшемдерімен және технологиялық үрдістің ұзақтығымен байланысы. Жылу алмасудың сыртқы және ішкі есептерінен пеште жүретін технологиялық үрдістің уақытын анықтау. Электр пештерінің жылулық жұмыстарының жалпы сұрақтары; жылу туындату әдісі мен пеш құрылымының өзара байланысы. Сыртқы және ішкі жылу алмасудың шарттары. Ферроқорытпа доғалық балқыту пештерінің құрылымы мен жұмысы. Ферроқорытпа пештерінің футеровкасы және электродтары. Доғалық ажырату мен шикіқұрамда бөлінетін жылу. Балқытудың физика-химиялық үрдістерінің экзотермиялық реакцияларының жылуы. Пеш газдарының потенциалдық энергиясын кәдеге жарату. Жылу ағындарының қуатымен және бағытымен және қабырғалар мен күмбездің ішкі беті қалауының жылулық кернеуімен ерекшеленетін үш период: балқытудың қосымша, энергетикалық немесе жылутехникалық, технологиялық периодтары.



Практикалық сабақтардың үлгілік тізімі
1. Агломерациялық үрдістің жылулық балансын есептеу.

2. Шойынды балқытудың жылулық балансын есептеу.

3. Термодинамикалық мәліметтер бойынша тепе-теңдікті есептеу. Термодинамиканың негізгі заңдары.

4. Тепе-теңдік тұрақтысын анықтау.

5. Конвертер ваннасын оттегі ағынымен араластырудың қуатын есептеу.

6. Конвертер ваннасын СО көпіршіктерімен араластырудың қуатын есептеу.

7. Ағынның химия-термиялық әсері есебінен оттекті конвертер ваннасын араластыру жұмысын бағалау. Түтікті (фурманы) есептеу. Жылулық режим.

8. Конвертерлік балқытудың жылулық балансын есептеу.

9. Темір кені қолданылатын оттекті конвертерлік балқытудың жылулық балансын есептеу.

10. Шойындағы фосфордың мөлшері жоғары оттекті конвертерлік балқытудың жылулық балансын есептеу.

11. Легірленген қалдықтарды қайта балқыту әдісімен болатты балқытудың жылулық балансын есептеу.

12. Негізгі футеровкалы доғалық электрпеште болат балқытудың жылулық балансын есептеу.

13. Ферросилицийді балқытудың жылулық балансын есептеу.

14. Көміртекті феррохромды балқытудың жылулық балансын есептеу.

15. Көміртекті ферромарганецті балқытудың жылулық балансын есептеу.
Студенттердің өзіндік жұмысы
Пәнде студенттердің оқулықтармен, оқу құралымен, периодтық басылымдармен және заманауи ақпараттық жүйелермен жұмысынан тұратын өзіндік жұмыстарынан орындау қарастырылған. Студенттердің өзіндік жұмысы пән бойынша дәрісханалық сабақтардың барысында алынған білімді тереңдетуге, дағдысы мен ептілігін бекітуге, орындалатын бақылау жұмыстарының сапасын жоғарылатуға бағытталған.
Әдебиеттер
Негізгі:

1. Каблуковский А.Ф. Производство электростали и ферросплавов. М.: Академкнига, 2003. 511 с.

2. Гасик М.И. Теория и технология производства ферросплавов. М.: Металлургия, 1988.

3. Вегман Е.Ф., Жеребин Б.Н., Похвиснев А.Н. и др. Металлургия чугуна. М.: Академкнига, 2004. 774 с.


Қосымша:

1. Пикалова И.А., Торговец А.К., Шишкин Ю.И. Теплотехника металлургических процессов: учебно-методическое пособие. – Темиртау, 2011. – 224 с.

2. Шишкин Ю.И., Торговец А.К. Тепловая работа кислородных конвертеров. Темиртау. – 2002. – 79 с.

3. Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Общая металлургия. М.: Академкнига, 2002. 786 с.

4. Шишкин Ю.И., Торговец А.К., Григорова О.А. Теория и технология конвертерных процессов. Алматы: Гылым, 2006. 192 с.

5. Шишкин Ю.И., Лукин Г.П. Металлургические расчеты. Учебно-методическое пособие. Алматы: РИК по УиМЛ, 2002. 112 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет