Арбадағы баласымен бірге жұмыс істеп жүрген курьер келіншектің видеосы желі қолданушыларын таңғалдырып, 80 мыңнан астам қаралым жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бейнероликтің авторы шымкенттік Мөлдір өзінің әсерімен бөлісіп, келіншектің іс-әрекетінен шабыт алғанын айтты. 29 жастағы кәсіпкер курьер келіншек көптеген адамдарға үлгі бола алады деп санайды. Тіпті шығар жол жоқ сияқты көрінсе де, әрқашан бір жол табылатынын еске салады дейді ол. 

"Қыздың іс-әрекетіне шын жүректен риза болып, видео түсірдім. Достарыммен бөліскім келді. Менің ойымша, ол көпшілігімізге үлгі болады. Ақыр соңында сіз қиындықтан шығатын жол жоқ болса да әрқашан шығудың бір жолы табылады деп ойлайсыз. 

Бейнероликтің көрілімі көп болуының себебі бейнежазбадағы қыз көпшілікке үлгі болды деп ойлаймын және әрине адамдар бұл видеодан қоғамның өткір проблемаларын көрді", — деп атап өтті Шымкент қаласының тұрғыны. 

@moqishm

поэтому, давайте будем добрее, если ваш заказ задерживается на 15 минут🫰🏻

♬ оригинальный звук — Мольдир Турганова

"Ораза кезінде қиын", "Ақылды әйел, сынбай мүмкіндігінше шауып жүр", "Осындай аналарға құрмет", " Жарайсың! Басқалар сияқты “көмектесіңдер” деп жатып алмай, еңбек етіп жүр", “Отырып қайыр сұрап жатқан жоқ, демек ол көп нәрсеге жетеді”, "Адал ақша тауып жүр, жарайсың", – деп жазды қолданушылар роликтің астында.

Мөлдір әлеуметтік желінің арқасында адамдар курьер-келіншекке көмектесу үшін бірігіп, нәтижесінде 3,5 миллион теңгеден астам қаражат жиналғанын айтты.

"Интернеттің арқасында адамдар жиналып, бейтаныс адамдарға көмек көрсете алатыны қуантады. Басқа қыз оны сол күні оны көшеден көріп, тоқтатып сөйлескен. Телефон нөмірін алып, өз парақшасы арқылы бір күнде 3,5 миллион теңгеден астам қаражат жинап берген", — деп бөлісті кәсіпкер.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.