Алматыда жүргізуші отыратын орын арнайы қоршалатын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: fotobus.msk.ru

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, алдағы уақытта дабыл түймесін орнату да қарастырылып жатыр. 

"Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз", — деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Басқарма басшысы бұл мәселелер 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қарастырыла бастағанын айтты.

  • Алматыдағы автобус апаты: Қоғамдық көліктерге SOS батырмасы орнатылады
  • "Аузына ие болғанда ондай жағдай болмайтын еді": Алматыда автобус апатынан қаза болғандардың туыстары оқиғаға жүргізуші әйелді кінәлады

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, үш адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Ал, қайтыс болғандардың жақындары автобус паркінен өтемақы талап етіп жатыр. Соққыға жығылған жүргізуші әйелдің сұхбаты әлеуметтік желіде тарады. Сұхбатта жүргізуші өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.