Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру



жүктеу 116.71 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі116.71 Kb.
түріРегламент

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/537 қаулысымен
бекітілген


"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

     

 Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 21.04.2016 № А-5/189 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тиісті бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.


      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті беруші; 
      кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 26.12.2016 № А-1/608 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.


      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 26.12.2016 № А-1/608 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:
      1) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды,оларды тіркеуді жүзеге асырады және басшыға жолдайды – 20 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат; 
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, актілік жазбаны қалпына келтіру немесе одан бас тарту туралы екі данада қорытындыны жасайды, ағымдағы тіркеу кітапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актісін қалпына келтіру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтірілген актілерді тіркеу кітапшасында туу туралы қалпына келтірілген жазбаны тіркеуді жасайды, мәліметтерді "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді, актілік жазбаны екі данада шығарады және тиісті куәлікті қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды–14 күнтізбелік күн, басқа мемлекеттік органдарға сұраныстың қажеттілігі және қосымша зерттеуді немесе тексерісті өткізу кезінде қарау мерзімі 29 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімін ұзартқан сәттен бастап 3 күнтізбелік күні ішінде хабар беріледі;
      4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды– 1 сағат;
      5) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді - 20 минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі ауылдық округтің әкімінеөтініш білдірген кезде:
      1) ауылдық округтің әкімі көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
      2) ауылдық округтің әкімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды – 1 күнтізбелік күн;
      3) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және басшыға жолдайды – 20 минут;
      4) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
      5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, актілік жазбаны қалпына келтіру немесе одан бас тарту туралы екі данада қорытындыны жасайды, ағымдағы тіркеу кітапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актісін қалпына келтіру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтірілген актілерді тіркеу кітапшасында туу туралы қалпына келтірілген жазбаны тіркеуді жасайды, мәліметтерді "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді, актілік жазбаны екі данада шығарады және тиісті куәлікті қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды – 13 күнтізбелік күн, басқа мемлекеттік органдарға сұраныстың қажеттілігі және қосымша зерттеуді немесе тексерісті өткізу кезінде қарау мерзімі 29 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімін ұзартқан сәттен бастап 3 күнтізбелік күні ішінде хабар беріледі;
      6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды – 1 сағат;
      7) кеңсенің қызметкері ауылдық округтің әкіміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды – 1 күнтізбелік күн; 
      8) ауылдық округтің әкімі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді - 20 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау, тіркеу туралы белгі қою;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін даярлау;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;
      5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      1) кеңсенің қызметкері;
      2) басшы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) ауылдық округтің әкімі.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:
      1) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және басшыға жолдайды – 20 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат; 
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, актілік жазбаны қалпына келтіру немесе одан бас тарту туралы екі данада қорытындыны жасайды, ағымдағы тіркеу кітапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актісін қалпына келтіру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтірілген актілерді тіркеу кітапшасында туу туралы қалпына келтірілген жазбаны тіркеуді жасайды, мәліметтерді "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді, актілік жазбаны екі данада шығарады және тиісті куәлікті қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды – 14 күнтізбелік күн, басқа мемлекеттік органдарға сұраныстың қажеттілігі және қосымша зерттеуді немесе тексерісті өткізу кезінде қарау мерзімі неғұрлым 29 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімін ұзартқан сәттен бастап 3 күнтізбелік күні ішінде хабар беріледі;
      4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды– 1 сағат;
      5) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді - 20 минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі ауылдық округтің әкімінеөтініш білдірген кезде:
      1) ауылдық округтің әкімі көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
      2) ауылдық округтің әкімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды – 1 күнтізбелік күн;
      3) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және басшыға жолдайды – 20 минут;
      4) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
      5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, актілік жазбаны қалпына келтіру немесе одан бас тарту туралы екі данада қорытындыны жасайды, ағымдағы тіркеу кітапшасында азаматтық хал (туудан басқа) актісін қалпына келтіру туралы жазбаны немесе туу туралы қалпына келтірілген актілерді тіркеу кітапшасында туу туралы қалпына келтірілген жазбаны тіркеуді жасайды, мәліметтерді "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесіне енгізеді, актілік жазбаны екі данада шығарады және тиісті куәлікті қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды – 13 күнтізбелік күн, басқа мемлекеттік органдарға сұраныстың қажеттілігі және қосымша зерттеуді немесе тексерісті өткізу кезінде қарау мерзімі 29 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, осы туралы көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімін ұзартқан сәттен бастап 3 күнтізбелік күні ішінде хабар беріледі;
      6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды – 1 сағат;
      7) кеңсенің қызметкері ауылдық округтің әкіміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды – 1 күнтізбелік күн; 
      8) ауылдық округтің әкімі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді - 20 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің ситапсамасы



      9. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеудің ұзақтығы: 
      1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күн, (уақыт) және орны, өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдауға бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді;
      2-процесс – осы Регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
      3-процесс –Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін береді.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетінқызметтің мерзіміне кірмейді.
      Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі жүгінген кезде азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы;
      4) көрсетілетін қызметті алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян;
       5) еңбек кітапшасының көшірмесі не Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса – оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса);
      6) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);
      7) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті;
      8) мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
      Қосымша мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген азаматтық хал актілері жазбаларын мемлекеттік тіркеу жағдайларынан басқа):
      9) егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;
      10) балалары бар болса, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
      11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      12) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
      13) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
      14) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
      Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
      Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішхаттары туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады.
      Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорация қызметкеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (іс-қимылының), өзара іс-қимылының реттілігін толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылының тәртібін сипаттау осы Регламенттің қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 



 

"Азаматтық хал актілерінің
жазбаларын қалпына келтіру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттіккөрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетінқызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы






Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> uploads -> gosuslugi
gosuslugi -> Ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары
gosuslugi -> «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер
gosuslugi -> "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gosuslugi -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
gosuslugi -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 016 жылғы қыркүйектегі
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы
gosuslugi -> «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет