Азаматтық іс жүргізу сатыларының ТҮсінігі, ТҮрері және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатысының ТӘжірибелік мәні және маңызы жунисалиев А. Т



жүктеу 79.26 Kb.
Дата26.04.2019
өлшемі79.26 Kb.

ӘОЖ 347.122 (574)
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАУ САТЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
Жунисалиев А.Т.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Адам құқықтарын қорғау - мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2- тармақта былайша көрініс тапқан: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді.

Әрбір азамат өз құқығы мен заңды мүддесін, бостандықтарын қорғауға құқылы. Соған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру біріншіден, конституциямен екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңдарымен қорғалуға жатады. Соның ішінде азматтық іс жүргізуде талап өндірісінің маңызы өте зор.

Азаматтық іс жүргізу кез келген іс бойынша рет-ретімен бірнеше кезеңдерден өтеді. Бұл азаматтық іс жүргізу сатылары деп аталады. Ол өзінің тиісті іс жүргізу мақсаттарын біріктіреді.

Азаматтық іс жүргізу сатылары - өзінің мақсатына жетуге бағытталған белгілі бір процессуалдық әрекеттер шеңберін біріктіретін азаматтық іс жүргізу кезеңінің бір бөлігі болып табылады [1].

Іс жүргізудің сатысы дегеніміз - кез келген іс бойынша азаматтық іс жүргізуде өтетін сот өндірісінің бір бөлігі болып табылады. Сот өндірісі белгілі рет бойынша жүзеге асырылады. Азаматтық істің каралуы және шешілуі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен қатаң регламенттелген тәртіп бойынша жүргізіледі. Сотпен, тараптармен және басқа да процеске қатысушылардың барлық процессуалдық әрекеттері белгілі бір рет бойынша жүзеге асырылады [2].

Азаматтық іс жүргізу құқығында қалыптасқан азаматтық іс жүргізудің келесідей сатылары бар:

1. Азаматтық істі қозғау. «Талап қою» термині бұл жерде сәйкес келмейді, өйткені іс арыз немесе шағым беру арқылы қозғалу мүмкін. Істің қозғалу кезі мүдделі адамның еркімен (талапкердің, шағым берушінің, арыз берушінің), сондай-ақ судьяның еркімен белгіленеді. Судья іс қозғаудан және арыз қабылдаудан бас тартуға құқылы.

2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу. Оның судьяның және барлық мүдделі тұлғалардың қатысуы жүргізеді. Іс жүргізудің дербес сатысы бола отырып, оның белгілі міндеттері заңмен белгіленген. Батыс мемлекеттердің көбінде азаматтық істі сотта қарауға әзірлеуге судьядан басқа оның штат көмекшілері және штатсыз қызметкерлер қатысады. (Мысалы, Германияда студенттер - референдариилер). Ал, Ресейде судьяға көмекшінің қызметін енгізу туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ.

3. Істі сотта қарау. Бұл іс жүргізудің маңызды сатысы болып табылады. Өйткені бұл саты істің шешілуімен аяқталады. Әділеттілік осы сатыда ғана жүзеге асырылады. Істі мәні бойынша қарау қағидалық мағынаға ие, сондықтан заң осы сатының қағидаларына арнайы көңіл бөледі. Оларға сотта іс қараудыңтікелей және ауызша жүргізілуі, сот отырысына қоғамның қатысуы туралы мәселесі қаралып жатыр.

4. Апелляциялық сатыда іс жүргізу. Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау және апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығын жүзеге асыру нәтижесінде істі жоғары тұрған сатыдағы соттың қайта қарауы болып табылады.

5. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды қадағалау тәртібімен қайта қарау. Іс жүргізудің бұл сатысы ерекше сипатқа ие. Өйткені бұл сатының басталуы тек жоғары тұрған соттың немесе прокуратураның лауазымды адамдарының наразылық келтіруіне байланысты болады. Наразылық келтіру мерзімі шексіз. Қадағалау тәртібімен наразылықты осы үшін арнайы құрылған органдар қарайды.

6. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән - жайлар бойынша қайта қарау. Іс жүргізудің бұл сатысы заңмен белгіленген ерекше жағдайларда істі қарау кезіңде арыз беруші белгісіз, іске елеулі қатысы бар мән жайлар анықталуына байланысты басталуы мүмкін.

7. Атқарушылық іс жүргізу. Ол сот шешімін немесе басқа да құжатты орындауға міндетті тұлға оны орындамаса, онда оны мәжбүрлеп орындату қажеттілігі пайда болған кезде атқарушылық іс жүргізу сатысы пайда болады.

Жоғарыда аталған іс жүргізудің барлық сатылары рет ретімен жүргізіледі. Бірақ кейбір жағдайларда істің жүргізілуі кейбір сатыларын аттап кету мүмкін. Мысалы, сотта іс қозғалып, сотта қарауға әзірленіп, сотта қарап болғаннан кейін апелляциялық сатыда қаралу міндетті емес. Іс бойынша шешім апелляциялық шағымданбай-ақ та заңды күшіне ену мүмкін. Атқарушылық іс жүргізу атқару құжаты сотта қаралмай-ақ пайда болу мүмкін. Іс жүргізудің әр бір сатысы белгілі бір бағытқа және де нақты бір мақсатқа жетумен сипатталады. Мысалы, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің мақсаты - заңды маңызы бар фактілерді анықтау немесе құқық туралы дауды шешу болып табылады. Ал, апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мақсаты - бірінші сатыдағы сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексеру, істі мәні бойынша дауды қайта қарап шешім шығару боп табылады. Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде - бірінші және екінші сатыдағы соттың шешімдеріне, ұйғарымдарына лауазымды адамның наразылығын қарау. Атқарушылық іс жүргізудің - соттың шешімі немесе ұйғарымын орындау болып табылады [3].

Іс жүргізу оны кез келген сатысында аяқталу мүмкін және бұл белгі азаматтық іс жүргізу сатысын бөлуде айқындалушы мағынаға ие болады.

Қорыта айтқанда, азаматтық іс жүргізу сатылары - өзінің мақсатына жетуге бағытталған белгілі бір процессуалдық әрекеттер шеңберін біріктіретін азаматтық іс жүргізу кезеңінің бір бөлігі болып табылады. Іс жүргізудің сатысы дегеніміз - кез келген іс бойынша азаматтық іс жүргізуде өтетін сот өндірісінің бір бөлігі болып табылады [4]. Сот өндірісі белгілі рет бойынша жүзеге асырылады. Азаматтық істің қаралуы және шешілуі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен қатаң регламенттелген тәртіп бойынша жүргізіледі. Сотпен, тараптармен және басқа да процеске қатысушылардың барлық процессуалдық әрекеттері белгілі бір рет бойынша жүзеге асырылады.Енді Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатысына кысқаша тоқталып өтелік.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатысының тәжірибелік мәні және маңызы.

Жоғарыда аталғандай, қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау, апелляциялық тәртіппен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау - азаматтық іс жүргізудің жеке-жеке сатысы ретінде қарастырылады.Қадағалау тәртібімен істерді қайта қарау мен жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша істерді қайта қараудың ұқсастығы сол екі институтта да қайта қараудың объектісі заңды күшіне сот актісі болуында.Солай бола тұрғанда аталған институттар арасында мынандай ерекшеліктер бар:

Апеляциялық сот сатысында істі қайта қараудың пәні заңды күшіне енбеген сот актілері болса, қадағалау сот сатысында істі қараудың пәні заңды енген сот шешімдері мен қаулылары болады.

Апелляциялық шағымданудыц сатыларының тағы бір айырмашылықтары істі қозғауға құқығы бар субъектілеріне байланысты. Егер апелляциялық инстанциясында іске қатысушы тараптар мен заңда көзделген тұлғалардың еркімен немесе прокурордың наразылығы бойынша қозғалса, ал қадағалау өндірісінде іс қозғауға арнайы өкілеттілігі бар тұлғалардың ғана мүмкіндігі бар. Сондай-ақ олардың мерзіміне байланысты, яғни апелляциялық инстанцияға шағымдану мерзімі АІЖК-ң 394-бабының, 3-тармағына сәйкес 15 күн, ал қадағалау сатысына шағымдану мерзімі АІЖК-ң 3 88-бабының 1-тармағына сәйкес сот актісі шығарылған күннен бастап 1 жыл.

Қадағалау өндірісінде істерді қайта қарау мен жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша істерді қайта қараудың арасындағы айырмашылықтарды қарастыратын болсақ, аталған екі өндірісте төменгі тұрған соттардың жіберген қателіктерін түзеу үшін қозғалатыны белгілі. Дегенмен қадағалау сатысында істер материалдық және процессуалдық іс жүргізу нормаларының дұрыс қолдануы нәтижесінде қайта қаралатын болса, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау АІЖК-ң 404-баб. көзделген негіздер бойынша яғни, істі алғаш рет қарағанда арызданушыға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған мән-жайлар кейіннен белгілі болуына байланысты қозғалады. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді АІЖК-ң 405-ші бабына сәйкес сол шешімді шығарған сот қарайды, ал қадағалау тәртібімен істерді пәні тек бірінші инстанциядағы сот шешімдерімен ұйғарымдары болса, қадағалау инстанциясында қайта қараудың пәні бірінші инстанциясындағы шығарылған сот актілерімен бірге апелляциялық соттардың қаулылары және қадағалау инстанциясының соттары шығарған ұйғарымы мен қаулылары бола алады. Аталған сот жоғарғы тұрған сот қарауы тиіс.

Қадағалау тәртібімен істерді қайта қарауды қозғау жоғарыда айтылғандай тек заңда көзделген соттың лауазымды тұлғалары мен прокурорлар арқылы жүзеге асырылса, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қозғау іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша және прокурордың өтініші бойынша қозғалады.

Қаралып отырған сот өндірісінің екі түрінде соттардың өкілеттігі әртүрлі. Істі қадағалау тәртібі мен қараудың нәтижесінде соттардың мынандай әрекеттерді жасауға құқығы бар:


  • Бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастауға;

  • бірінші, апелляциялық сатыдағы шешімнің толық, не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жіберуге;

  • Талап арызды қарамай тастауға не іс бойынша істі қысқартуға;

  • Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдыруға немесе шешімнің күшін жойып жаңа шешім шығаруға;

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарайтын соттар қайта қарау туралы арызды қарай келіп, не арызды қанағаттандырады және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жояды, не қайта қараудан бас тартады [4].

Шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда сот істі заңда белгіленген ережелер бойынша қарайды. Қадағалау тәртібімен істерді қайта қарату үшін іс қозғау төменгі сатыларда шешім, ұйғарым, қаулы шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде қозғалуға заңмен рұқсат етілген, ал жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау, қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар белгілі болғаннан бастап үш ай ішінде беруге болады.

АІЖК-ң 404-бабы бойынша шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:

1. Арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;

2. Заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығыруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған құжаттары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;

3. Заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;

Белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады. Жоғарыда аталған мән- жайлар істі қайта қарату үшін түпкілікті негіздер болып табылады.



Қадағалау сатысында сот актілерін қайта қарату үшін ондай түпкілікті негіздер атап көрсетілмеген. АІЖК-ң 387-бабының 3-тармағына сәйкес материалдың нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады делінген.
Әдебиет


  1. Арсеньтев О.В. Гражданское процессуальное право (курс лекций): Учебное пособие. Челябинск, 2000 г.

  2. Воронков Г.В. Определение суда первой инстанций в советском гражданском процессе. Саратов, 1967. 13 бет.

  3. Зейдер Н.Б. Судебное решение по гражданскому делу. М., 1966. 5-6 бет.

  4. Полумордвинов Д.И. Законная сила судебного решения. Тбилиси, 1964., 19 бет.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 II-tom
Dulaty2012 II-tom -> Қасенова А.Қ., Елеусіз А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 39 кремний қос тотығындағы триттийдің (Н ) радиациялық диффузиясы
Dulaty2012 II-tom -> Тәуелсіз Қазақстан ономастикасы: кеше және бүгін Құламанова З. А., Бердібаева Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 547. 913 Elaeagnus angustifolia гүлінің компонентті қҰрамын зерттеу
Dulaty2012 II-tom -> Коммерциялық банктің несие портфелінің сапасын арттыру мәселелері (Қр екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде) Әуелбаев С. Ш., Абубакирова Г. М
Dulaty2012 II-tom -> Оронимдердің лексика-семантикалық сипаты Құламанова З. А., Каримова А. Ш. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> «информатика» курсын оқу кезінде интерактивті тақтаны қолдану құрмашова Г. С., Құсмұхамбетов Е. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 657 471 бюджеттендіру шығындарды басқарудың тиімді тәсілі
Dulaty2012 II-tom -> Инновациялық даму жағдайында ара қашықТЫҚтан оқыту моделдерін жетілдіру ақынбекова А. Т., Үсіпбаева М. Е


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет