Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады



жүктеу 0.71 Mb.
бет4/4
Дата16.10.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4

2.4 Зиян
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын деленеді.

Азаматтық кодекстің 9-шы бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.

Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.

Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:


1) Құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);

2) Сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).

Мысалы: тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б.) жатады.

Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.

Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б. жатады.
2.5 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау ретінде мүліктік жауапкершілік ерекше орын алады.

Нарықтық экономикаға өтуімізе байланысты мүліктік жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы бұзылған тараптың мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру болып табылады.

Азаматтық -құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершіліктің бір түрі. Осыған байланысты оған юридистикалық жауапкершілік белгілері тән. Құқық бұзылған кездегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары ретінде жауапкершілік кеңінен таралған.

В.П. Грибановтың пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәжбүрлеу формасы.

Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы ретінде азаматтық –құқықтық жауапкершілікті қарастыра отырып оның қызметін анықтап алуымыз қажет. Әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жауапкершілік компенцациялық сипатта кеңінен таралған.

Нарықтық экономикасы таралған елдерде дайындаушының шығарған затының кемшілігі арқылы келтірген зияны үшін тікелей жауапкершілік шектелген. Англо-американдық құқықтар деффектілі өнімді шығарғаны үшін жауапкершілік прецедент ретінде қалыптасады.

Қызмет көрсетуі кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік жұмысшылар немесе ұйым мүшелерінің қызметінің нәтижесінде құқыққа қарсы іс-әрекетінде пайда болады. Ұйым тек қана оның қызметкерлерінің немесе жұмысшыларының ұйым тапсырмасын орындау кезінде ғана іс-әрекетіне жауап береді. Ұйым қызметкерлері мен мүшелері талапкерлер алдында еңбек құқығының нормалары негізінде жауап береді. Мүліктік залал келтірілген ұйымның кінәсі мен юридистикалық міндеттемені бұзу арқылы келтірілген зиян арасында себепті байланыс болуы қажет. Азаматтық заңдылыққа сәйкес келтірілген зиян үшін ұйымды жауапкершіліктен босату оның кінәсінің жоқ болуымен байланысты.

Азаматтық құқықта келтірілген зиян үшін жауапкершілік объективті болып табылады. Халықтың денсаулығы мен қауіпті тауарлар шығару және қызмет көрсету жауапкершіліктің ерекше түрін көрсетеді. Азаматтық –құқықтық жауапкершілікте халықтың денсаулығы мен өміріне қауіпті тауар шығару және қызмет көрсетуден пайда болған келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Басқа сөзбен айтқанда бұл жауапкершілік түрі абсолютті.

Тағы да маңызды сұрақ етінде тұтынушылардың құқығымен байланысты мүліктік жауапкершілікпен қатар моральдік зиян өтеу қолданылады. Ұзақ уақыт бойы советтік құқық ғылымында моральдік зиянды өтеу буржуазиялық құқықтың белгісі ретінде қалыптасып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ.
Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.

Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.

Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп алу артықшылығы туындайды.

Қылмыстық заңда көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке тартуға болмайды. Қашан соттың үкімі шықпағанынша ол кінәсіз деп танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың кінәсін бар-жоғына қарамастан келтірілген зиян үшін несие берушінің алдында жауап береді. Бұл да азаматтық құқықтық жауапкершіліктің артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады. Материалдық емес игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға болады. Ал несие берушінің жеке басына, денсаулығына зиян келсе, онда рухани залал орын алады. Онда екі залал да өтелуі тиіс.

Заматтық құқықтық жауапкершілік шартты және шарттан тыс жауапкершілікті белгілейді. Шарттан тыс жауапкершілік шартты жауапкершілік көзделмеген кезде туындайды.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылық алдын алу шарасы. Жауапкершілікке тартылатынын білген борышқор құқық бұзушылыққа жол бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кеңінен жол ашады. Бұл ретте Президент тарапынан бірнеше игі шаралар жасалды. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлік қызмет» туралы Президент Жарлығы. Көбіне кәсіпкерлік жүзеге асырғанда азаматтардың құқығына нұқсан келеді. Кәсіпкердің жаупкершілігі ол кәсіпкерлік қызметті орындауда тәуекелге ббуған кезде пайда болады.



Азамматтық құқықтық жауапкершілікке тарту үшін оның шарттарына сүйенеміз. Жауапкершілікке тарту үшін осы шарттардың бар болуы жеткілікті. Бұл шарттар туралы жоғарыда біз айтып өттік. Азамматтық құқықтық жауапкершілік мағынасы жылдан - жылға арта береді. Осы түсінік туралы пікірлер тәжірибеде және теорияда ғалымдардың жаңа түсініктерін қалыптастыруға бастау болады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.

  2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.

  3. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.

  4. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., и Овчиников И.Н.. 1998г.

  5. ражданское право. Под.ред. доктора профессор юридических наук. А.П.Сергеева. Санкт-Петербург 1996г.

  6. Основы гражданского право. М.Г.Маркова.

  7. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.

  8. Гражданское право. Е.А.Суханов.

  9. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997г.

  10. Гражданское право. Учебник/Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М., 1997г.

  11. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва, 1996г.

  12. Гражданское право, часть вторая в впросах и ответах. Москва юристь 2001г.

  13. Алексеев С.С. Проблемы теории права – М., 1972г.

  14. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997г.

  15. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995ж.

  16. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М.А. 1996г.

  17. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Грибанов В.П., Москва 1993г.

  18. Ответственность в коммерческом обороте. Комаров А.С. Москва, 1991г.

  19. О возмещение ущерба гражданам. А.Бризиский, 1992г.

  20. Вина как субъективное основание гражданско-праовой ответственности. Учебник.. В.А.Варул.1996г.

  21. Причинная связь как условие юридической ответственности. Егоров Н.Д., Москва 1991г.

  22. Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Малейн Н.С. Москва 1995г.

  23. Правовое экономика. Проблемы становления. Угинский Б.И., Сафиуллин Д.Н., 1991 г.

  24. Гражданско-правовая ответственность за вред, причинный преступлением против личности. А.Т.Ашеулов, Г.А.Жайлин. Алматы, Издательства Каз ГЮУ 2000г.

  25. ҚР азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, І том. Алматы 2001 ж.

  26. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім 1995 ж. 1 наурыз)

  27. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992ж.

  28. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы 1997ж., 17 сәуір.


Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және формалары.
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . .
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер..
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және формалары . .. .. .
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . .
2.3 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . .
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері.
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .38
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 42
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .48
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .49
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 51
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет