Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары



жүктеу 39.06 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі39.06 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы «4» наурыздағы

№ 182 бұйрығымен

бекітілді

Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру

және пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 70-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану тәртібін белгілейді.

2. Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

3. Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын қорғау, әскери қақтығыстар туындаған кездегі залал мен шығынды азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс мүлкiн құру, жинақтау және уақтылы жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

4. Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.



2. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру

және пайдалану


5. Орталық атқарушы органдарда азаматтық қорғаныс мүлкін құру, сатып алу, пайдалану және уақтылы жаңарту іс-шараларын олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету орталық атқарушы органдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөліністерге жүктеледі.

6. Жергілікті атқарушы органдарда азаматтық қорғаныс мүлкін құру, сатып алу, пайдалану және уақтылы жаңарту іс-шараларын олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету орталық атқарушы органдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөліністерге және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөліністеріне жүктеледі.

7. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар азаматтық қорғаныс мүлкін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алады.

8. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілмеген, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар азаматтық қорғаныс мүлкін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алады.

9. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запасын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және қолдануға әзірлікте ұсталуын бақылауды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған запастардың номенклатурасы мен көлемі осы ұйымдардың азаматтық қорғанысының бастықтары әзірлейтін және бекітетін азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес жарақтау нормалары мен олардың іс-қимылдарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы әзірлейтін әдістемелік ұсынымдарды ескере отырып айқындалады.

10. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары халық үшін азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемін айқындайды, запасын құрады және ұстайды, олардың құрылуын, сақталуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы органдардың запастарынан азаматтық қорғаныс мүлкінің саны, оны бөлу және пайдалану туралы ақпаратты жыл сайын жасайды және оны азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына жібереді.

11. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар запастарын құрады әрі ұжымдық және жеке қорғану құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды. Запастар көлемін оларды құратын осы ұйымдардың азаматтық қорғаныс бастықтары әзірлейтін және бекітетін азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес жарақтандыру нормалары мен олардың іс-қимылдарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай айқындалады.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған ұйымдарда ұжымдық және жеке қорғану құралдарының запастарын құру және оларды тұрақты әзірлікте ұстау іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету тікелей бірінші басшыға бағынатын азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөліністерге немесе жекелеген қызметкерлерге жүктеледі

12. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін беру құралдардың жинақталу көлемінің өзгеруі туралы одан әрі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөліністеріне хабарлай отырып, осы органдар басшыларының шешімімен жүзеге асырылады.

13. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар запастарынан азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт және соғыс уақытында өз қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз ету үшін запастардағы азаматтық қорғаныс мүлкінің жинақталу көлемінің өзгеруі туралы одан әрі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлай отырып, осы ұйымдардың басшыларының шешіміммен беріледі.

14. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүлкі тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылады.

15. Бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін берілген запастардағы азаматтық қорғаныс мүлкін сақтаудың және пайдаланудың шекті мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық шарттарда белгіленген нормативтік көрсеткіштерден ауытқуы анықталған кезде жаңартылуға жатады.



__________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет