Қазан Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе



жүктеу 362.38 Kb.
Дата07.11.2018
өлшемі362.38 Kb.


Ж

амбыл облысы әкімі аппараты жұмысының және облыстық


іс-шаралардың 2011 жылдың І
V тоқсанына арналған
жоспарының орындалуы

Қазан
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Жамбыл облысының 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Өнеркәсіп саласында 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 121,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 132,9%-ды құрады. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде – 9,1 млрд. теңге (126,9%), өңдеу өнеркәсібінде – 93,7 млрд. теңгеге (138,2%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 17,8 млрд. теңгеге (113,6%), сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде – 1,1 млрд. теңгеге (113,9%) өнім өндірілді.

Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласында оң үрдістер 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі деңгейге қарағанда көмір өндіру көлемдерінің 1,7 есеге, әк және гипс өндіру – 1,9 есеге, табиғи құмды – 2,6 есеге, фосфат шикізатын – 1,5 есеге, барит рудасы мен қойыртпалары – 1,3 есеге өсуі есебінен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты табиғи газды, газ қойыртпаларын өндіру қысқарған.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары: тамақ өнімдерін өндіруде өндіріс көлемдерінің 0,4%-ға, химия өнеркәсібінде – 1,6 есеге, мұнай өнімдерін – 2,1 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын – 3,4 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерін – 2,4 есеге, негізгі бағалы және түсті металлдар – 2 есеге, металлургия өнеркәсібінде – 2,5 есеге, дайын металл бұйымдарын – 1,4 есеге, машина жасау өнімдерін – 1,2 есеге, былғары және былғарыға жататын бұйымдарын – 1,5 есеге, жиһаздар – 1,8 есеге, қағаз өндіруде – 1,6 есеге өсуіне қол жеткізілген.

2011 жылдың қаңтар-маусымында өңдеу өнеркәсібінің жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі 16,6% құрады (2010 жылы – 15,1%).

2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 40,1 мың АҚШ доллар/адам құрады, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңінен 1,2 есеге артық.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда электр қуатын өндіру, беру және бөлу 19,5%-ға, газ тәрізді отын 21,7%-ға артқан.

Жуалы (84,3%) және Меркі (74%) аудандарынан басқа барлық аудандар мен Тараз қаласының кәсіпорындары өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етті.

Жуалы ауданында өнеркәсіп өндірісі көлемінің 15,7%-ға қысқаруы «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС-де жетілдіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты, мұнда құны 191,4 млн.теңгені құрайтын, қуаты жылына 1,7 млн. литр ультрапастерленген сүт өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда, жаңа 19 жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Шет елден қант-шикізатын тұрақсыз жеткізудің салдарынан «Меркі қант зауыты» ЖШС-де өндірістің тоқтауы Меркі ауданында өнеркәсіптің 26%-ға төмендеуінің негізгі себебі болып отыр.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында елді индустриаландыру картасының шеңберінде 10,7 млрд.теңге сомасына 3 жоба іске асырылып, («Алтыналмас АК» АҚ - І-кезек, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, «Энерджи Тараз» ЖШС), 520 жұмыс орындары ашылды.

Көлік саласында автомобиль көліктерімен жүк тасымалдау 25,5%-ға өсіп, 46,4 млн. тоннаны құрады. Жолаушыларды тасымалдау 29,8%-ға (513,9 млн. адам) өсті.

Ағымдағы жылы жолдарды жөндеуге 7 млрд.теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 5,8 млрд.теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары 122 нысанда немесе 737 км жолдарда жүргізілуде. 2011 жылдың 1 қазанына 6,1 млрд. теңге игерілген, оның ішінде 4,9 млрд. теңге жергілікті бюджет қаражаты. 2011 жылдың 20 қазанына құрылыс-монтаждық жұмыстар 103 нысанда (690 шақырымға жуық) аяқталып, 86 нысанда қабылдау комиссиясы өткен.

Өнеркәсіптің экспортқа бағытталған секторларында өндіріс өсімі сыртқы сауда айналымының ұлғаюына ықпал етті, ол 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 18,5%-ға өсіп, 1715,6 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 1310,7 млн. АҚШ долларын (124,1%), импорт – 404,9 млн. АҚШ долларын (103,5%) құрады. Облыстың сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты – 905,8 млн. АҚШ доллары.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 60,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты.

Қазақстандық үлес. 2011 жылдың қаңтар-тамызында облыстың мемлекеттік мекемелерімен және кәсіпорындарымен жалпы 37,2 млрд. теңге сомасына 10252 тауарларды (жұмысты және қызмет көрсетуді) мемлекеттік сатып алу өткізілді, онда қазақстандық үлес – 80,5%-ды, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 70,4%, жұмыс пен қызмет көрсетуде – 89%-ды құрады.

Облыста шығарылатын өнім, көрсетілетін жұмыстар, қызмет сапасын халықаралық сапа стандарттарына жеткізу бойынша жұмыстар жалғасуда (ISO-9000, ISO-14000 және т.б.). Қазіргі таңда ИСО жүйесі облыстың 319 шаруашылық субъектілерінде енгізілген.



Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 67,3 млрд. теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне 105,1%-ды құрады. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігі ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1,0 мың АҚШ доллар/адам құрап, бұл 2010 жылдың тиісті деңгейінен 1,3 есеге артық.

Өсімдік шаруашылығында масақты дәнді дақылдарды жинау және жемдік дақылдарды дайындау аяқталды. Масақты дәнді дақылдардың жалпы жиынтығы 376,7 мың тоннаны құрады. Облыс бойынша дәнді дақылдардың орташа түсімділігі 2010 жылдың тиісті кезеңіндегі 14,9 ц/га-ға қарағанда 16,4 ц/га-ды құрайды. 801,0 мың тонна пішен, 18,2 мың тонна пішендеме дайындалып, жоспар 100,0%-ға орындалды.

2012 жылға 136,2 мың га алқапқа күздік дәнді дақылдар егу жоспарлануда. 2011 жылдың 17 қазанына күздік дәнді дақылдар 83,1 мың га алқапқа егілген, бұл жоспардың 60,9%-н құрайды. Сүдігер 51,4 мың га алқапта көтерілген. Күздік егу Талас ауданында аяқталып, егудің жоғары қарқыны Қордай (72,5%), Меркі (69,5%) аудандарында байқалады.

Ауыл шаруашылық өнімдеріне ішкі сұранысты жыл бойы қамтамасыз ету үшін облыста 21,2 га алаңда 304 жылыжай жұмыс істеуде.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 64,3 мың тонна ет өндірілді, бұл 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 2%-ға артық, сүт – 222,2 мың тонна (1,3%-ға), жұмыртқа – 92,3 млн. дана (100%), қырқылған жүн – 5,6 мың тонна (3,3%-ға). Аудандар бойынша «Жамбыл құс» АҚ-да өндіріс көлемдерінің қысқаруына байланысты жұмыртқа өндіру Байзақ ауданында 1,7%-ға төмендеген.

Қой мен ешкі саны 1,7%-ға (2593,1 мың бас), жылқы – 1,3%-ға (90,2 мың бас), түйе – 0,8%-ға (5,5 мың бас), шошқа – 3,4%-ға (50,6 мың бас) өсті. Мал басын сәйкестендіруге байланысты МІҚ саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға (327,6 мың бас), құс – 13%-ға (1513,4 мың бас) қысқарды.

Облыста 170 жасанды ұрықтандыру пункттері және 158 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс істейді. Жыл сайын асыл тұқымды мал жәрменке-аукциондары өткізілуде. Асыл тұқымды малды мемлекеттік қолдау жүзеге асырылуда, оның шеңберінде үстіміздегі жылы облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарына республикалық бюджеттен 461,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 23,6 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде тиісінше, 210,3 млн. теңге және 20,2 млн. теңге игерілген. Нәтижесінде асыл тұқымды МІҚ мал басы 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға өскен (6,6 мың бас), қой – 4,6%-ға (274,4 мың бас), жылқы – 33,8%-ға (10,3 мың бас), шошқа – 31% -ға (11,0 мың бас) өскен.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2011 жылы 2162,9 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 876,6 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1286,2 млн. теңге субсидия бөлінген. 2011 жылдың 1 қазанына 1731,2 млн.теңге немесе жоспарға 80%-ы игерілген, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты – 500,5 млн. теңге (57,1%), облыстық – 1230,6 млн.теңге (95,7%).

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында шығарылған өнім көлемі 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7% артты және 124,5 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, 2011 жылдың 1 қазанына белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 11,2% қысқарып, 33137 бірлікті құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 141,3 мың адам (99,7%)

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының іске асыру шеңберінде 2011 жылы республикалық бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлініп, 2011 жылдың 1 қазанына 341,6 млн. теңге немесе есепті кезеңдегі жоспардың 42,8% игерілді.

Бүгінгі күнге бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (пайыздық ставканы субсидиялау) сомасы 2,6 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

«Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» тетігі бойынша құны 370,6 млн. теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданды.

«Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасы экономикасын модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссия жанындағы Жұмысшы тобының шешімімен құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба мақұлданды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» механизмі бойынша құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-нің жобасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде 600 маманды даярлау жүргізілуде, 657 маман қайта даярлау курстарын өтті, 25 кадр мамандығын арттыру бойынша оқыды, «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша 880 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

Қытайға магистралдық газ құбыры құрылысының аяқталуына байланысты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,0%-ға қысқарып, 66,6 млрд. теңгені құрады. Өз қаражат есебінен салымдар көлемі 47%-ға, шетел салымдары – 63%-ға азайған.

Сонымен қатар, негізінен облыстың әлеуметтік сала және инженерлік-көлік инфрақұрылым объектілерін дамытуға жұмсалған бюджеттік салымдар көлемі 22,4%-ға, қарызға алынған қаражат – 45,4%-ға ұлғайған.

Мойынқұм (122,0%), Талас (114,4%) және Қордай (108,8%) аудандарында инвестициялық әлеуеттің өсуі байқалады.

Шетел салымдары көлемінің қысқаруы нәтижесінде Шу (34,4%), Жуалы (40,4%), Жамбыл (51,9%), Меркі (56,1%), Т. Рысқұлов (63,0%) және Байзақ (73,3%) аудандарында шаруашылық субъектілерінің өз қаражаты есебінен салымдардың азаюы салдарынан Сарысу ауданында (62,8%) және Тараз қаласында (98,2%) инвестициялық белсенділік төмендеген.

2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 42,2 млрд. теңгені құрады, немесе 2010 жылдың тиісті кезеңінен 23,2% артық.

2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемі Меркі ауданында 4,8 есеге, Байзақ ауданында – 2,9 есеге, Жамбыл ауданында – 2,3 есеге, Қордай ауданында – 2,3 есеге және Жуалы ауданында – 43,1%-ға («Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы құрылысы есебінен), Сарысу ауданында – 35,1 есеге, Талас ауданында – 9,8 есеге және Тараз қаласында – 24,8%-ға өскен.

«100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде іске асырылатын 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 2011 жылы республикалық бюджеттен 4038 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 384,9 млн. теңге қарастырылған. Есепті кезеңде 3105,2 млн. теңге немесе жоспардың 84,1%-ы игерілген.

9 медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар, облыстық туберкулез диспансерінің бакзертханасы, облыстық балалар сүйек-туберкулез санаторийі құрылысына, денсаулық сақтау нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуі және жерге байланыстыруына облыстық бюджеттен 850,8 млн. теңге қарастырылған. Ү.ж. қаңтар-қыркүйегінде 635,9 млн. теңге немесе жоспардың 85,4%-ы игерілді.

Облыстық балалар сүйек-туберкулез санаторийіне қосымша ғимараттар және бір аусымда 65 келуші қабылдайтын 4 ауылдық медициналық пункттер құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Білім беру нысандарын дамытуға 2011 жылы 5,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,3 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 2,1 млрд. теңге қарастырылған. 2011 жылдың 1 қазанына 3,4 млрд. теңге, немесе бөлінген қаражаттардың 75,2% игерілген, оның ішінде 1,4 млрд. теңге (75,4%) – облыстық бюджет қаражаты.

Тараз қаласы «Астана» шағын ауданында 280 орындық балабақша және Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында Қазақстанның 40-жылдығы атындағы орта мектепке 120 оқушыға арналған оқу корпусы мен Қордай ауданы Қаракемер ауылында №14 мектепке 10 сынып бөлмелері салынып, пайдалануға енгізілді.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 149 мың шаршы метрді құрады және 2010 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 18,4%-ға, оның ішінде жеке құрылысшылар енгізген тұрғын үйлер – 15,4%-ға өсті. Ағымдағы жылдың тамыз айында Тараз қаласында 4,8 мың шаршы метр ипотекалық тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі жеке тұрғын үй құрылысының қысқаруына байланысты Талас (53,0%), Т. Рысқұлов (65,3%), Шу (95,7%) және Мойынқұм (97,8%) аудандарында төмендеген.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы 326,2 млн. теңге республиқалық бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласында 10 тұрғын үйді күрделі және 22 тұрғын үйді ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. 2011 жылдың 17 қазанына «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС-і 110,0 млн.теңгеге (52,3%) 7 көппәтерлі үйді жөндеуді аяқтады.

Ағымды жылы облыстағы 3 ауданның (Байзақ, Талас және Жамбыл аудандары) 25 елді мекенінде 1,6 млрд. теңге сомасына орта қысымды құбырлы газбен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Қалалық мекендердің су және кәріз жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 1174,1 млн.теңге бөлініп, 38,1 км су және кәріз желілері ауыстырылған, 975,4 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттың 83,1%-ы игерілді.

Облыс бюджеті. 2011 жылдың 1 қазанына облыс бюджеті кірістер бойынша 103,2 млрд. теңгеге немесе жоспарға 101,3%-ға орындалды, оның ішінде өзіндік кірістер бойынша – 18,1 млрд.теңгеге (110,4%), трансферттер түсімі бойынша – 85,1 млрд. теңгеге (99,5%) орындалды.

Барлық аудандар өзіндік кірістер бойынша жоспарды орындаған.

Облыстық бюджет шығындары 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 95,5 млрд.теңгені (жоспарға 93,9%) құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға өсті, оның ішінде білім беру саласына шығындар – 32,0%-ға, денсаулық сақтау саласына – 17,3%-ға, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 44,1%-ға, ауыл шаруашылығы саласына – 2,5 есеге артты.

Салықтар. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 30228,9 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, немесе болжамға 112,3%. Республикалық бюджетке түсімдер 12100 млн. теңгені (114,8%), жергілікті бюджетке – 18128,9 млн. теңгені (110,6%) құрады.

Азиялық газ құбырының іске қосылуына байланысты заңды тұлғалардан түсетін мүлік салығының және ү.ж. 1 шілдесінен бюджеттік мекемелер жалақылары 30 пайызға өсіп, жеке табыс және әлеуметтік салықтардың артық түсуіне байланысты 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімдер 12,6 пайызға өсті.

Жергілікті бюджетке түсімдер бойынша болжамды барлық аудандар орындады.

Инфляция деңгейі 2011 жылдың қыркүйек айында 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 108%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 8%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 4,5%-ға, ақылы қызметтер - 11,7%-ға қымбаттады.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 1,8%-ға жоғары (ҚР – 106,2 %).

Облыста тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Ұн мен нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан 60,8 мың тонна бидай сатып алынды. Облыс наубайханаларына бағасы килограммына 46 теңгеден 16,3 мың тонна ұн таратылды.

Тараз қаласы әкімі мен 5 ірі супермаркет басшылары арасында тауарларға үстеме баға 5-10 пайыздан аспауы туралы, ал 25 сауда нүктелерімен – азық-түлік бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде меморандумдар жасалынды. «Арзан» ірі сауда орталығы тауар өндірушілермен жасаған келісім-шартына сәйкес халыққа әлеуметтік маңызды тауарлардың 9 түрін үстемесіз бағамен сатуда. «Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС-і Тараз қаласындағы 10 сауда нүктесінің коммуналдық қатарларында делдалсыз ет және көкөніс өнімдерін сатуды ұйымдастырды.

Жыл басынан бері облыста 48 жәрмеңкелер өткізілді.



Еңбек нарығы. 2011 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға өсіп, 589,6 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 557,4 мың адам (1,3%-ға). Үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесі бойынша жұмыссыздар саны 32,2 мың адам құрап, 1,3 мың адамға қысқарды, осыған сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға дейін төмендеді (2010 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша – 5,7%).

Жыл басынан бері облыстың жұмыспен қамту органдарына 14,3 мың азамат жүгініп, оның ішінде 8,2 мың адам жұмысқа орналасқан (жұмыспен қамту деңгейі – 57,5%). Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында және Тараз қаласында жұмыссыздар санының өсімі тіркелген. Жұмыспен қамтудың ең төмен деңгейі Тараз қаласында байқалған (29,5%).

Мақсатты топтардағы жұмыссыздар үшін 1034 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3088 жұмыссыздар тартылған. Сонымен қатар, Сарысу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға қаржы қаралмаған.

Жұмыспен қамту органдарының жолдамалары бойынша «Жастар тәжірибесімен» білім беру мекемелерінің 1701 түлектері, оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша – 1070 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 631 адам жұмыспен қамтылған.

Облыста 2011 жылдың 1 қазанына тұрақты жұмыс орындарына 3429 адам, маусымдық жұмыстарға – 15 245 адам тартылды. Есепті кезеңде барлығы 24503 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Нәтижесінде 2011 жылдың 1 қазанына ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,6% құрады (2010 жылдың 1 қазанына – 0,3%).

Үстіміздегі жылдың 9 айында кәсіби даярлыққа 468 адам, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен – 354 адам, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 88 адам жіберілген.

Әлеуметтік сала. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 144,9 мың тұрғынға 1241,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 153,6 млн. теңгеге – атаулы әлеуметтік көмек, 241,7 млн. теңгеге – тұрғын үй жәрдемақысы, 806,1 млн. теңгеге – 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 40,3 млн. теңгеге – үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.

Әр түрлі ұйымдардың қайырымдылық қорлары арқылы, заңды және жеке тұлғалардан, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 124,7 млн. теңгеге 12,7 мың азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық санының қысқаруы байқалуда, олардың саны 2011 жылдың 1 қазанына 18302 адамды құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға қысқарды. Кедейшілік деңгейі 1,7% құрады (2010 жылдың қыркүйегінде – 1,8%). Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Жуалы ауданында (2,6%) және Қаратау қаласында (2,4%) тіркелген.

2011 жылдың тамызында халықтың номиналды ақшалай табысы 31545 теңгені құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өскен, нақты – 5,6%-ға қысқарған.

Бір қызметкердің орташа жалақысы 2011 жылдың қаңтар-тамызында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 57549 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2010 жылдың тиісті кезеңінен 16,2%-ға және нақты – 7,0%-ға артық.

2011 жылдың ІІІ-тоқсаныңда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 14820 теңгені құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,9%-ға өскен.



Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2011 жылы түзетілген бюджетпен 23,9 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2010 жылдың деңгейінен 11,7%-ға артық, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 16,2 млрд. теңге бөлінген.

2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 17,6 млрд. теңге (есепті кезеңге жоспардың 91,6%-ы), оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі бойынша 12,4 млрд. теңге (есепті кезеңге жоспардың 98,7%-ы) игерілді.

Жергілікті бюджет есебінен 33 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге 321,8 млн. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 441,6 млн. теңге қарастырылған. 2011 жылдың 1 қазанына денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуде 223,8 млн. теңге игерілген (жылдық жоспардың 69,5%-ы), 12 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған, материалдық-техникалық базаны нығайтуда – 328,5 млн. теңге игерілген (жылдық жоспардың 74,4%-ы). Компьютерлік томограф және ангеограф сатып алынған.

Облыстық балалар ауруханасы қасында медициналық қызметкерлерге балалар жасындағы ауруларды интегралды емдеуді оқыту бойынша өңірлік орталық ашылған.

Тараз қаласында уақытша бейімделу және детоксикация орталығы ашылды. Күндізгі стационарлар желісі 281 бірлікке, үйдегі стационарлар – 12 бірлікке кеңейген.

Жыл басынан бері 16 емдеу-алдын алу мекемелері шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындарға ауыстырылды.



Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2011 жылы 53 млрд. теңге қарастырылған немесе 2010 жылдың деңгейінен 31,2%-ға артық. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде 38,4 млрд. теңге игерілді (есепті кезеңге жоспардың 96,1%-ы).

43 білім беру нысандарын күрделі жөндеуге 1,7 млрд. теңге жергілікті бюджет қаражаты қарастырылып, 2011 жылдың 1 қазанына 1,5 млрд. теңге игерілді.

30 физика, химия және биология кабинеттеріне жабдықтар сатып алуға 122,9 млн. теңге, 27 лингофондық кабинеттерге – 149,6 млн. теңге қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 15 оқушыдан құрайды, ауылдык жерде – 14. Жалпы облыста 461 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 442 мектеп немесе 95,9%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне облыстың 213 мектебі немесе 46,2% қосылған.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1135 орындық 10 балабақша, 200 орындық 8 шағын орталықтар ашылған. Нәтижесінде облыста 28,9 мың бала қамтитын 299 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді (159 мемлекеттік, 4 жеке меншік балабақшалар, 136 шағын орталықтар). Мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамтамасыз ету 40,6% құрайды, бұл мектепке дейінгі балалардын санының өсуіне байланысты 2011 жылдың басына қарағанда 3,8 пайыздық тармаққа төмендеген.

Сонымен қатар, Меркі (17,1%), Қордай (23,1%), Шу (26%), Жуалы (29,5%), Мойынкұм (36,5%), Сарысу (37,6%) аудандарында мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамтамасыз ету деңгейі орташа облыстық деңгейінен төмен болып отыр.



Мәдениет саласында жыл басынан бері облыста 3 ауылдық клуб және 1 ауылдық кітапхана ашылған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Жамбыл облысы суретшілерінің каталогы шығарылды. «АртМикс» өнер семинары және суретшілер симпозиумі өткізілді.

Облыстық ұлттық халық аспаптар оркестірі құрылды. Кітапханалардың кітап қоры 53,4 мың данаға толықтырылып, оның ішінде 45,9 мың данасы (86,9%) – мемлекеттік тілде. Облыста 68 кітапхана компьютерленген, 34-і – Интернет желісіне қосылған.

Облыстың үш мәдени және тарихи ескерткіштері (ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Төрткүл ортағасырлық керуен сарайында, Тамды және Бектөбе орта ғасырлық қалаларда) археологиялық жұмыстар аяқталды. Бұл ескеркіштерді Ұлы Жібек жолының туристік нысандары тізіміне қосу жоспарлануда. Ежелгі Тараз қаласының қазбалары басталуда.

Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында орналасқан 2 тарихи және мәдени жиынтықтар құру жұмыстары және облыстық мұражайда реэкспозициялық жұмыстар аяқталуда. Есепті кезеңде мұражай қоры 1567 экспонатқа толықтырылды.

Облыста қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 5210 қылмыс тіркелген, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,9 пайызға жоғары.

Есепті кезеңде қылмыстардың ашылу деңгейі 2010 жылдың тиісті кезеңінен 5,3%-ға артық.

Облыста саяси ахуал тұрақты.
Облыстық іс-шаралар
Мұғалім күніне арналған шаралар
2011 жылдың 28 қыркүйек күні «Баласағұн» орталық концерт залында өткізілген мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз ұлттың тірегі» атты мерекелік іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 930 мұғалім қатысты. Салтанатты жиын барысында 5 ардагер ұстаздар, 15 үздік педагог қызметкерлер мен 5 білім мекемесі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бағалы сыйлықтарға 5 қысқа толқынды пеш, 15 ноутбук, 5 плазмалық теледидарлар берілді. Мерекелік іс-шара барысында облыстың білім қызметкерлеріне арналған «Ұстаз ұлттың тірегі» тақырыбында концерттік бағдарлама қойылды.
Рухани келісім күніне арналған шаралар
2011 жылдың 14 қазанында Тараз қаласы «Достық үйінде» облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім - өркендеудің ұйытқысы» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Аталған шараға діни конфессиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының проректорлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері, жастар, этномәдени орталықтардың мүшелері, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында басқарма бастығы кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкіл имамы, облыстық «hибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.А.Жұмабаев «Ислам бейбітшілік пен рухани құндылыққа шақырады», «Құдай ананың Успениесі» шіркеуінің қызметкері дьякон Вадим «Діндердің барлығы рухани құндылыққа тәрбиелейді», облыстық қазақ драма театрының директоры А.Сейілхан «Рухани келісімнің биік шыны – мәдениет», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер кафедрасының доценті, мәдениет қайраткері Е.Беймұрзаев «Тәуелсіздік жылдарындағы рухани келісім мен мәдениет», М.Қашғари атындағы облыстық ұйғыр этномәдени орталығының төрайымы М..Турдыева «Қазақстан рухани келісімнің Отаны» тақырыптарында баяндамалар оқып, қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, 2011 жылдың 30 қарашасында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» аясында «Келісім» күніне орай облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қ.Бозымбаев этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Жүздесуде облыс әкімі еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген толайым табыстары Елбасының жүргізген сындарлы саясатының жемісі, Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ынтымағының арқасы екендігін атап көрсетті. Жиын барысында облыс әкімі этномәдени бірлестік жетекшілеріне үстіміздегі жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы негізінде арнайы гранттар тапсырды.

18 қазан – Рухани келісім күніне орай облыс Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Тараз қаласындағы №1 қарттар мен мүгедектер үйіндегі қарияларды құттықтап, естелікке музыкалық орталық тапсырды. Сондай-ақ Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен «Бірлік пен келісім - Тәуелсіз Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі» атты «дөңгелек үстел» басында кездесті. Осы мереке шеңберінде облыс ассамблеясы «Алыс және жақын шетелдердің мүгедектер халықаралық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Үміт» балалар үйінде тәрбиелушілерге қайырымдылық көмек көрсетті.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткізілген «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»

атты жастар слеты
2011 жылдың 20 қазан күні Тараз қаласының мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігі «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетасының салтанатты жабылу рәсіміне арналған жастар слетін өткізді. Жабылу салтанатына марафон-эстафета аясында аудандар мен Тараз қаласында жұмыс атқарған еңбек отрядтары, студенттік құрылыс отрядтары, «жасотандықтар» үкіметтік емес ұйымдар барлығы 700-ден астам адам қатысып, соңында марафон-эстафетаға қатысқан жастар, журналистер мен жұмыс берушілер арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Марафон-эстафетаны өткізуге жалпы облыстық бюджеттен 50 млн.теңге бөлінді. Аталған қаражат еңбек жасақтарының мүшелеріне еңбекақы төлеуге, экипировка, көлік қызметі мен тамақтануға жұмсалынды.

Жамбыл облысы бойынша марафон-эстафетаға мектеп, колледж, кәсіптік-техникалық лицейлердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қамтылды, олардың жалпы саны 3470 адам.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан – кеше, бүгін және оның жарқын болашағы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция
Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тәуелсіз Қазақстан – кеше, бүгін және оның жарқын болашағы!» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, студент жастар, барлығы 1000-ға жуық адам қатысты. Конференция жұмысын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің ректоры, Ассамблея мүшесі Ә.Ахметов ашып, бірлік пен татулық орныққан тәуелсіз еліміздегі ұлттар достастығы мен бірлігін паш ететін жиынның жұмысына табыс тіледі.
«Ең үздік ауылдық клуб, мәдениет үйі, кітапхана» облыстық байқауы
Ағымдағы жылдың қазан айында ауылдық мәдениет үйлер мен клубтардың, сондай-ақ, кітапханалардың материалдық-техникалық базаларын нығайту, мәдениет қызметкерлерінің талапқа сай ұйымдастырушылық кәсіби деңгейін анықтау, олардың озық үлгідегі іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында дәстүрлі «Ең үздік клуб, мәдениет үйі, кітапхана» атты облыстық байқауы өтті. Байқауға барлығы 10 ауылдық мәдениет үйлері мен клуб, кітапханалар қатысып, жеңімпаз клубтар мен мәдениет үйлеріне ұйымдастыру комитеті тарапынан арнайы дыбыс күшейткіш музыкалық аппаратуралар, кітапханаларға жиһаздар, компьютерлер және дипломдар табыс етілді.
«Жаңа есімдер» атты эстрада әндері конкурсы
20 қазан күні Шу аудандық мәдениет үйінде «Жаңа есімдер» атты облыстық жас эстрада әншілер конкурсы өтті. Оған облысымыздың барлық аудандарымен Тараз қаласынан барлығы 19 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдені Маманов Ербол (Байзақ ауданы), бірінші орынды Қоянбаева Сағыныш (Меркі ауданы), екінші орынды Бауыржан Үйсінбаев ( Шу ауданы), үшінші орынды Әлібай Олжас (Тараз қаласы) иеленіп, арнайы жүлделермен марапатталды.


«Театр KZ» облыстық фестивалі
27-28 қазан күндері Меркі аудандық мәдениет үйінде «Театр KZ» облыстық фестивалі өтті. Облыс аудандарынан 2 драмалық және 6 халықтық театр ұжымы қатысты. Фестивальдің мақсаты облыстағы театрларлардың, драма ұжымдарына қатысушылардың орындаушылық шеберліктерін арттыру, олардың шығармашылық дамуына және шығармашыл жастар мен тұрғындардың халық театрларына көптеп қатысуына ықпал ету, бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы біліктіліктерін жетілдіру болып табылады.

Фестивальде М.Байжиевтің «Құдалар» атты 3 көріністі трагикомедиясын қойған Байзақ ауданының «ШАХАН» халық театры Бас жүлдені жеңіп алды. Меркі ауданының драмалық ұжымы Семей полигонының жабылғанына 20 жылдығына орай Баққожа Мұқайдың «Замана ақыр» атты екі бөлімді трагедиясын ұсынып І орынға ие болса, ІІ-ші орын Талас, Мойынқұм ауданының, ІІІ орын Жамбыл, Сарысу аудандарының халық театрларына берілді.


Қарттар күніне арналған шаралар
Облыс бойынша 1 қазан – Қарттар күнін атап өтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Барлық аудандар мен Тараз қаласында салтанатты жиналыстар мен мерекелік концерттік бағдарламалар, театрландырылған көріністер, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, аудандық, қалалық бұқаралық ақпараттар арқылы Қарттар күніне орай «Адамға қамқорлық – адами қасиет» атты мақала жарияланды.

«Жақсылық жасауға асығыңыз», «Қарттарым – асыл қазынам», «Атадан аманат – жастарға ұлағат», «Қамқорлық – даналық өнегесі», «Біздің алтын қорымыз қарттар» атты тақырыптарда мерекелік іс-шаралар көлемінде аталып өткізілді. Мекеме, бөлім, кәсіпорын басшылары өздерінде жұмыс атқарып, зейнеткерлікке шыққан қарттар мен кездесулер ұйымдастырып, сыйлықтар мен құттықтаулар жолдады.

Сонымен қатар облыстық мекемелер тарапынан «Қамқорлық – даналық өнегесі», «Ардагерлерімізді қолдау – ізгі парызымыз», «Даналық өнегесі», «Ақылды қария – ағынды дария» атты тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілді. Іс-шаралар барысында мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының білімгерлері қатысты. Аталған іс-шараларда зейнеткерлердің төлемақылары, денсаулықтарын сауықтыру және жастардың рухани тәрбиесі мен қарттардың қоғамдағы рөлі туралы мәселелер талқыланды. Кездесулер барысында соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге алғыс сөздер айтылып, мерекелік дастархандар жайылып, назарларына концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің «Жастар орталығы» мемлекеттік мекемесі, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Біз сіздермен біргеміз», «Мирас», «Қарттарымызды аялайық», «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциялар өткізілді. Акциялар барысында белсенді жастар жалғызілікті, мүмкіндігі шектеулі қарттардың үйіне барып, ауласын күл-қоқыстан тазартып, талдарды ретке келтіріп және қысқы мерзімге дайындық жасауға көмектер көрсетті.

Қарттар күніне орай тұрмысы төмен отбасыларына 3 382,7 мың теңге көлемінде қаржылай көмек және қысқы жылы киімдер, азық-түлік пакеттері тапсырылды.

Мұражайлар мен кітапханаларда, барлық оқу орындарында «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай көрмелер мен экспозициялар ұйымдастырылса, аймақтағы жергілікті жердегі аурухана, емхана, медициналық пункттер, ауылдық амбулаториялар тарапынан жүруге жарамсыз қарттардың үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетілді.

«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы, «Жас Отан», Жастар қанаты тарапынан барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жалғыз басты қарттар, еңбек ардагерлері, қарттар мен мүгедектер үйлерінде сенбіліктер өткізілді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде де бұл іс-шаралар өз жалғасын тапты.

Тараз қаласында орналасқан №1 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің құрылғанына 40 жыл толуына байланысты осы мерекемен бірге ұштастырып салтанатты жиналыс, мемлекет қамқорлығындағы азаматтарды марапаттау рәсімі, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мемлекет қамқорлығындағы азаматтардың қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі және мәдени іс-шаралар, дойбы, шахмат, спорт ойындары ұйымдастырылды.

Интернат тұрғындарына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің концерттік бағдарламасы, православ шіркеуінің қатысуымен «Маловерная Марфа» спектаклі көрсетілді, «Армансыз адам бола ма» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі
2011 жылдың 1 желтоқсанында облыс орталығындағы «Баласағұн» концерттік залында агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық форумы өткізілді. Форумға 700-ге жуық делегаттар қатысты. Форум аясында қатысушыларға ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі және аграрлық саланың соңғы 20 жылдағы жетістіктері мен алда тұрған міндеттеріне арналған стендтер, бейнероликтер, баяндамалар түріндегі ақпараттар ұсынылды.

Облыстың үздік шаруашылықтарына МТЗ тракторы, «Нива» автокөлігі, бағалай және ақшалай сыйлықтармен қатар облыс әкімінің Құрмет грамоталары тапсырылды. Қатысушылар назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.



Қараша
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Облыста құқық бұзушылықтардың алдын алуда және құқықтық

тәртіпті қамтамасыз етуде 2011 жылдың 9 айында

атқарылған жұмыстар туралы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімдігі  аймақта қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Осы нормаға сәйкес, облыстық ішкі істер департаментін жергілікті бюджеттен қаржыландыру жылдан жылға ұлғаюда:

2011 жылы 4 млрд. 221 млн. теңге бөлінген (2010 жылы 2,9 млрд.теңге), оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 466 458,0 млн. теңге (2010 жылы - 120,7 млн. теңге).

Ағымдағы жылы материалдық-техникалық жабдықтауға бөлінген қаржының 200 млн. теңгесіне 50 бейнекамера алу көзделген, оларды қоғамдық орындарда, оқу орындары маңында және облыс орталығының тұрғын үй массивтеріне орналастыру жоспарланған.

Бөлінген қаражат ішкі істер органдарының техникалық базасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жалпы 2009-2011 жылдары ІІД-не 96 бірлік автомашиналар сатып алынды, әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуге 278 234,0 мың теңге қаржы бөлінді және басқада қажетті арнайы құрал-жабдықтар алынды.

2008 жылы бір тікұшақ және жедел басқару орталығының ғимараты пайдалануға берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2001 жылғы (6 наурыздағы № 748) және 2005 жылғы (24 сәуірдегі № 127) қаулыларымен ІІД-нің құрылымына «мектеп» инспекторларының 118 штаттық бірліктері енгізілді.

2009 жылы облыстық бюджетті құраған кезде, облыстық ішкі істер департаментіне 193 штаттық бірлік қосымша енгізу үшін 165 397,0 мың теңге бөлінді.

Бұл шара 60 учаскелік полиция инспекторларын және 62 учаскелік полиция инспекторларының көмекшілерін, ІІД-нің жедел басқару орталығына 71 штаттық бірліктерін қосуға мүмкіндік туғызды.

Дегенімен қолданылған шаралар оң нәтижелерге қол жеткізбеді.

2011 жылдың 23 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында 2010 жылы Жамбыл облысында атқарылған жұмыстары туралы мәселе қаралған болатын.

Нәтижесінде облыс әкімдігінің №41 қаулысымен ішкі істер департаментіне құқық бұзушылықтарға және қылмысқа қарсы күресте қалыптасқан жағдайды түзеу үшін профилактикалық шараларды қайта қарастырып, басқарудағы күштер мен арнайы техниканы тиімді пайдалану тәсілін қолдану ұсынылған.

Алайда, облыста криминалдық жағдайдың түпкілікті өзгергені байқалмады.

Статистикалық мәліметке сәйкес ішкі істер департаменті бойынша 2011 жылдың 9 айында облыста тіркелген қылмыс саны 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 есеге өскен (2011ж – 4660, 2010ж - 3713).

Сонымен бірге, жалпы қылмыстық қылмыстар мен ауыр қылмыстар саны өсіп 37 пайызды құрады, аса ауыр қылмыстар 20,4 пайызға өскен.

Өңірлер бойынша қылмыстар санының едәуір өсуі Тараз қаласында (38,1%) және Қордай ауданында (53,0 %) байқалады.

Тұтастай өңірде тіркелген адам өлтіру, қарақшылық, зорлау, қорқытып алушылық және бұзақылық қылмыстары шамалы ғана төмендеген.

Осы орайды, бірқатар қылмыстардың өсу фактісі байқалады: қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру (35,3%), тонау (58,2%), алаяқтық және бөтен мүлікті ұрлау (59,1 %), онымен бірге мал ұрлығы және пәтердегі ұрлық.

Аса назар аударатын мәселенің бірі 2011 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының 43,7 пайызға өсуі (135-тен 194-ке дейін).

Облыс аумағында келесі қылмыстардың өсуі алаңдатушылық туғызады:

- Қоғамдық орындарда жасалынған қылмыстардың 90 пайызға дейін өсуі (87,5 пайыз, 601-ден 1125-ке дейін),

- Көшелерде жасалынған қылмыстардың екі есеге өсуі (94,0 пайыз, 468-ден 908-ге дейін),

- Мас күйінде жасалынған қылмыстардың 43,2 пайызға өсуі (257-ден 368-ге дейін).

Көшелерде жасалынған қылмыстардың едәуір саны Орталық базарда орын алған (Толе би көшесі).

Бұл объектінің аумағында 2010 жылы 3 қарақшылық, 22 тонау, 34 ұрлық, 4 бұзақылық және т.б. қылмыстар жасалынған.

2011 жылдың 9 айында ғана жасалынған қылмыстар бүкіл 2010 жыл бойы жасалған қылмыстардың көрсеткішіне жеткен. (23 тонау, 25 ұрлық, 2 бұзақылық, 1 қарақшылық және 2 алаяқтық).

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы қылмыстардың өсуінің бірден-бір себебі ол есеп тіркеу тәртібінің қатаңдатылғаны және полиция қызметкерлерімен қылмыстарды жасыру фактілерінің жойылғаны деп түсіндіруде.

Алайда, 2011 жылдың 9 айында прокуратура органдары тарапынан есептен жасырылған 200 қылмыс есепке қойылған, оның ішінде 195 ішкі істер органдарымен, 5 қаржы полициясымен жасырылған. Есепке қойылған қылмыстардың 2 қарақшылық жасау, 39 тонау, 81 ұрлық, 7 бұзақылық және басқалар.

Есептен жасырылған қылмыстар саны жалпы тіркелген қылмыстардың 4,2 пайызын құраған.

Негізі қылмыстарды есептен жасыру азаматтармен заңды тұлғалардың арыз шағымдарын есеп кітабына тіркемеу және негізсіз қылмыстық іс қозғаудан бас тарту арқылы жасалған.

08.02.2011 жылы қылмысты есептен жасырғаны үшін Тараз қалалық прокуратурасымен Тараз қаласы ІІБ-ның тергеушісі Ж.Қойайдаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Тараз қалалық №1 сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып сотталған.

2011 жылдың 9 айында облыста жалпы қылмыстық қылмыстардың ашылуы 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға төмендеген (69,4 пайыздан 57,7 пайызға), Тараз қаласы бойынша бұл көрсеткіш 50 пайызға да жетпейді (59,4-тен 49,5-ке дейін).

Сонымен бірге, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлығы және пәтердегі ұрлық қылмыстарының ашылуы біршама төмендеген.

Қалыптасқан жағдайдың орын алуы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізілмегендігі бірден-бір себеп болып отыр.

Қалыптасқан жағдайды түзеу үшін ішкі істер департаментіне профилактикалық шараларды қайта қарастырып, кадр мәселесіне аса назар бөліп, қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарлату мақсатында тиісті шаралар қолдану қажет.
Облыстық іс-шаралар
Жастар арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты

облыстық байқауы
2011жылғы 10 қарашада облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында қазақ тілін жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің облыстық «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты байқауын өткізді. Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштікті қалыптастыру, орыс жастарының мемлекеттік тілге деген ынта-ықыласын арттыру және сауаттылығы мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы төртінші рет ұйымдастырылды.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Жуалы ауданынан қатысқан үміткер, №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Екатерина Костина, екінші орынды Тараз қаласындағы №1 гимназияның 11-сынып оқушысы Ольга Портнова иеленсе, екі үшінші орындарды Қордай ауданы, №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Елена Филина мен Меркі ауданы, №39 гимназияның 8-сынып оқушысы Александр Ходус бөлісті.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Облыстық байқаудың жеңімпазы Костина Екатерина Николаевна ағымдағы жылдың 25 қарашасында Алматы қаласында өткен республикалық «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты байқауына қатысты.


«Жастардың күші бірлікте!» атты жастар акциясы
2011 жылы 7-14 қараша аралығында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жоғарғы оқу орындарында «Жастардың күші бірлікте!» атты жастар акциясын өткізді.

Акция шеңберінде «Баласағұн» ОКЗ-да өткен «Тәуелсіздік тізгіні – берік қолда!» атты облыстық жастар форумына 1000-ға жуық жастар қатысып, онда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, Елбасы Н.Назарбаевтың жастарды қолдаудағы игі бастамалары, жастардың белсенділігін арттыру мәселелері сөз болды. Форум барысында 50 белсенді жастар ұйымдарының өкілдері марапатталып, ең үздік 5 ҮЕҰ-ға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, акция аясында түрлі кездесулер, КТК ойындары, «дөңгелек үстел» отырыстары, жас өнерпаздардың концерттік бағдарламалары ұйымдастырылып, оларға 10 000-нан аса жастар қамтылды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің Мұқағали Мақатаев атындағы

облыстық байқауы
Ағымдағы жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Тараз қаласындағы №14 М.Мақатаев атындағы орта мектепте «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мен облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай, өскелең ұрпаққа ақынның көркем шығармаларын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу мақсатында «Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» облыстық байқауын ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы бойынша тараздық Ерлан Асанов - І орын, таластық Ерімбет Досалиев - ІІ орын, ал байзақтық Ләззат Тілепалдиева мен Т.Рысқұлов ауданынан келген Еркін Мәжіковтер - ІІІ орынды иеленді.



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған

«Асқақтай бер, тәуелсіз қазақ елі!» атты облыстық ақындар айтысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына орай 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Сарысу ауданында «Асқақтай бер, тәуелсіз қазақ елі!» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Айтысқа барлығы 16 ақын қатысты. Айтыстың қорытындысы бойынша арнайы сыйлықпен Бас жүлде ақын Е.Досалыға, І орын А.Қылышбекке, ІІ орын К. Сәрсенбаеваға, ІІІ орын Е. Қамбатыровқа берілді.


Желтоқсан
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
2003-2010 жылдарға арналган «Ауыз су» және 2011 – 2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламаларының орындалуы
Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыста 598 мың тұрғыны бар 381 ауылдық елді мекеннің қәзіргі кезеңге жағдайы төмендегідей:

- орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілгені - 169 елді мекен (44,3 %), (тұрғындар саны 374,8 мың адам (62,8 %);



  • орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз етілмегені - 202 елді мекен (53,0 %), (тұрғындар саны 215,7 мың адам (35,9 %);

  • тасымалдап ішетін ауыз сумен 10 елді мекен (2,7%), (тұрғындар саны 7,5 мың адам (1,3%)).

«Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, 2003 жылдан бері 60 елді мекенде (тұрғындар саны 156,2 мың 26,1%) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, барлық қаржы көздерінен 10млрд. 823 млн теңге игерілді.

2011 жылдың жоспары бойынша 25 ауыз су нысандарының құрылысы және 10 нысанның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2,8 млрд. теңге бөлінді, 11 айдың қорытындысы бойынша игерілгені 85 %, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен 20 нысанға – 2,0 млрд. теңге, игерілгені 87,5%;

- облыстық бюджеттен 5 нысанға 814,3 млн. теңге, игерілгені 83 %.

Осы аталған нысандардан 3 нысан пайдалануға тапсырылды.

(Сарысу ауданы Сыздықбай, Шу ауданы Жаңажол және Қордай ауданы Отар ауылдарын сумен қамтамасыз ету).

Бұдан бөлек, 2010 жылдан бері тапсырылмай келе жатқан 4 нысанның үшеуі, яғни Жуалы ауданындағы Б. Момышұлы, Қызыларық ауылдарын сумен қамтамасыз ету және Шу ауданындағы Белбасар ауылын сумен қамтамасыз ету нысандары пайдалануға тапсырылды. Бір нысан, Шу ауданындағы Төле би (2-кезең) ауылын сумен қамтамасыз ету, (мердігер «Самғау» ЖШС-гі өзіне алған міндеттемелерін орындамау арқасында) нысаны пайдалануға бүгінгі таңға тапсырылған жоқ.

2011 жылы пайдалануға тапсырылуы жоспарланып, қаржысы толығымен қарастырылған Талас ауданындағы 2 нысанның құрылысы, атап айтқанда Ақкөл және Көктал ауылдары (мердігері «Ақбарс строй ЛТД» ЖШС-гі) құрылысқа қолайлы жыл мезгілдерін өткізіп алғандықтан, кәзіргі таңда ауарайының күрт суытуына байланысты құрылыс – монтаж жұмыстарын аяқтау қиындықтарға соқтырып отыр. Қазіргі таңда бұл нысандарда жұмыс комиссиялары жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, 2009 жылдан бері қаржы толық көлемінде бөлінбегендіктен 15 нысанның құрылыстары биыл да жалғасын тапты. Бұл нысандардың жобалау-сметалық құжаттамалары оңтайландырылып және 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінен бұрынғы бекітілген жер асты су қорларының негізінде құрылысын жалғастыруға рұқсат алынып, алдағы жылдан қаржыландырылады.

Оңтайландыру нәтижесінде 15 жоба 1,9 млрд. теңгеге қымбаттады, осы айырмасын қаржыландыруға барлық құжаттамалар Су ресурстар комитетіне тапсырылды.

2012 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасының әкімшісі болып Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі белгіленді.

Осыған орай, қаржыландыру мәселесін аталған Агенттік Су ресурсар комитетімен бірлесе қарастыруда.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің келісілген тізімі бойынша 2011 жылы облысымыздың 33 ауылдық елді мекендерінің жерасты су қорларын іздестіру–барлау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 487,0 млн. теңге және Қаратау, Жаңатас қалаларына 43,0 млн. теңге қарастырылған болатын, алайда осы жерасты су қорларын іздестіру-барлау жұмыстары мемлекеттік сатып алу процедурасы өтпегендіктен биылғы жылы жүргізілген жоқ.

Ал, ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын тоқтатпау мақсатында бйылғы жылы облыс Әкімі Қ.А. Бозымбаевтың тапсырмасымен 6 елді мекенде іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді, соның нәтижесінде алдағы жылы облыстық бюджетттен 3 елді мекеннің ауыз су құрылысына қаржы бөлінді (Жуалы ауданы Нұрлыкент, Мойынқұм ауданы Құшаман, Шу ауданы Тасаткөл ауылдарына). Қалған 3 елді мекеннің ауыз су нысандары республикалық бюджеттен қаржыландырылуға ұсынылады.

Бұдан бөлек, жер асты су қорларын бекітуді талап етпейтін жалпы құны 1 млрд. 039 мың теңгені құрайтын 5 нысанның, атап айтқанда су қорлары Балқаш көлінен қамтамасыз етілетін Мойынқұм ауданы Мыңарал кенті және Мыңарал станциясы, Байзақ ауданындағы 2008 жылы іске қосылған «Ынтымақ» топтық су құбырына қосылатын Жақаш, Көкөзек, Қарасу ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту нысандарының құжаттамалары 2012 жылға республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға ұсынылды.

Ауыз су құбырларын соғуда және пайдалануда бір қатар ұсыныстар енгізуді қажет:

- Жергілікті атқарушы органдар басымдылығына қарай ауылдық елді мекендерді жер асты су қорларын іздестіру – барлау жұмыстарына жергілікті бюджеттен жүйелі түрде қаржы қарастыруды;

- Жалпы инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысын жоспарлауда кезегін сақтауды, себебі жол жөндегеннен кейін қайта бұзып су немесе кәріз құбырларын салу;

- Тапсырыс берушілер жобалық – сметалық құжаттамаларды дайындауда басынан аяғына дейін қадағалап, барлық жұмыстардың қамтылуын және кәзіргі заманауи технолгиялардың қолданылуын қамтамасыз етуді, сонымен қатар, пайдалануға тапсырылғаннан кейін қажетті жабдықтармен механизімдерді жобада қарастыруын қамтамасыз етуді;

- Құрылыс – монтаж жұмыстарында күрделі жұмыстарын ауа райының қолайлы кезінде орындауды мердігерден талап етуді және құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстауды;

- Әрбір ауданда арнайы коммуналдық кәсіпорындардың болуы және олардың техникалық жабдықталуын шешу жолдарын жүйелі түрде қарастыру.


Облыстық іс-шаралар
Шығармашыл жастардың «Тараз - керуен» астокеруені
«Бірлігіміз жарасқан!». 20 жыл - тек қана алға!» ұранымен Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығын жастар арасында кең көлемде насихаттау мен түсіндіру мақсатында облыс жастарынан құралған «Тараз - керуен» атты жастардың насихат автокеруені үстіміздегі жылдың желтоқсан айында барлық аудандарда болды. Құрамында облыс жастарының белсенділері, «жасотандықтар», қоғамдық бірлестіктер төрағалары және өнерпаз жастар бар автокеруен ауыл жастарымен кездесіп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің біртұтас рәміздері бейнеленген 5500-ден аса стикерлер мен жалаушалар таратты.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының

кезекті XIV сессиясы
2011 жылдың 7 желтоқсанында қалалық киноконцерт залында облыс ҚХА XIV сессиясы өткізілді. Сессия барысында облыс ассамблеясының жаңа құрамын бекіту, ҚХА мүшелігіне кандидатуралар ұсыну туралы шешімдер қабылданып, облыс ҚХА-ның алдағы кезеңге арналған міндеттері белгіленді. Сессияға қатысушылар облыс тұрғындарына үндеу қабылдады.

Сондай-ақ осында облыс ассамблеясының ардагерлеріне, әртүрлі мамандық иелеріне Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыс ассамблеясы бекіткен «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» естелік белгісі, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары тапсырылды. Сессияға қатысушыларға Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанынан құрылған «Шаңырақ» студенттер ассамблеясының жастары өнер көрсетті.




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Үздік көрнекі ақпарат - 2011» облыстық конкурсы
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салтанатты жиындар мен қабылдаулар, марапаттау рәсімдері, мерекелік концерттер басқа да мерекелік шаралар өткізілді.

Мәселен, үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында облыс орталығындағы «Баласағұн» ОКЗ – да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Оған облыс жұртшылығы, аудандар мен Тараз қаласынан құрамында ардагерлер, зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері бар делегациялар, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, барлығы 1000 адам қатысты.

Салтанатты жиында облыс әкімі Қ.Бозымбаев аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, жетістіктері туралы баяндама жасап, облыс жұртшылығын Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбек жетiстiктерi, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан үшін облыс бойынша 2000-ға жуық адам түрлі наградалармен марапатталды. Олардың ішінде 1150 адам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарымен, 33 адам мемлекеттік орден мен медальдармен, 101 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 66 адам облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиналыстар барлық аудандар мен Тараз қаласында да өтіп, оларға 6000-нан аса адам қатысты.

2011 жылғы 5 желтоқсанда облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлесіп Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы №319 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн шеңберінде «Үздік көрнекі ақпарат-2011» облыстық конкурсын өткізді. Конкурсты өткізудегі басты мақсат «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі бағыттарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Сонымен қатар, облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласындағы көрнекі ақпарттардың тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру және грамматикалық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Бас жүлде» - Жуалы ауданына - 1, 2, 3 орындар – Жамбыл, Меркі және Қордай аудандарына берілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл» атты облыстық

ғылыми-практикалық конференция
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту

басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында 14 желтоқсан – «Мемлекеттік тіл» күніне орай облыстық «Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүктеп отырған міндеттері талқыланып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатындағы ортақ ойлар мен құнды пікірлер айтылған облыстық «Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл» атты ғылыми-практикалық конференцияға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері мен облыс әкімдігінің басқарма басшылары, аумақтық департаменттегі тілге жауапты мамандар, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, ғылым докторлары мен кандидаттары, белгілі тіл жанашырлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, Тараз қаласындағы мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен студент өкілдері қатысты.

Конференция барысында жергілікті ғалымдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен тіл жанашырлары баяндамалар жасады.



Конференция жұмысын облыс әкімінің орынбасары М.Төлепберген қорытындылады.

Жалпы аудандар мен Тараз қаласында «Жұлдызды жиырма күн» шеңберінде өткізілген «Мемлекеттік тіл» күніне арналған шаралар өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға оң ықпал ете білді.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 20 жылдығын

мерекелеуге арналған салтанатты шаралар
Желтоқсан айында басқармаға қарасты мәдениет және өнер мекемелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған біршама іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, «Баласағұн» орталық концерт залының фойесінде «Мәдени мұра» тақырыбында ғалымдардың, зиялы қауымдардың қатысуымен пресс-конференция, 2011 жылы ұйымдастырылған облыстық, республикалық байқаулардың (Н.Тілендиев атындағы «Кел еркем Алатауыңа», К.Әзірбаев «Шырқа даусым!», «Жаңа есімдер», «Би әлемі», жеңімпаздарынан гала концерт, «Тәуелсіздік таңдары» атты қазақстандық кинофильмдердің мерекелік онкүндігінің ашылуы, сондай-ақ, «Желтоқсан Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік кеш және «Ұлт мәдениетіндегі алтын тамырлар» тақырыбында көрме, «Тәуелсіздік – еркіндігім елдігім» тарихи танымдық кеш, кітап көрмесі Облыстық «Магнолия» және облыстық көрме залының ұйымдастыруымен «Цвети, мой Казахстан!» атты қалалық балалар шығармашылық байқауы мен «Тәуелсіздік-ел тірегі», «Независимости-20 лет» баяндамалар, жылжымалы көрмелер ұйымдастырылды.


Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы
2011 жылдың 28 желтоқсан күні облыстық «Баласағұн» концерт залында

«Тәуелсіздік- алтын бесігім!» тақырыбындағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 16 қараша күнгі № 473 бұйрығы бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңажылдық шыршасы өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық шыршасына барлық аудандардан және Тараз қаласынан барлығы 200 бала қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өтетін жаңажылдық шыршаға жергілікті бюджет есебінен 13 млн. 362 мың 200 теңге бөлінді.

Шыршаға қатысушылардың әрқайсысына Президенттің атынан 60 мың 300 теңгенің көлемінде жаңажылдық сыйлықтар жасалған. Оның құрамында дубленка, спорттық киім, бас киім (спорттық шапка),спорттық аяқ киім (кроссовка), мектеп құралдары салынған рюкзак, тәтті сыйлық, жұмсақ ойыншықтар бар.
Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы
Облыс Әкімінің жаңажылдық шыршасы 2011 жылдың 29 желтоқсан күні облыстық «Баласағұн» концерт залында өтті.

Облыс Әкімінің жаңажылдық шыршасына барлық аудандардан және Тараз қаласынан 100 бала шақырылған.

Облыс Әкімінің атынан өтетін жаңажылдық шыршаға жергілікті бюджет есебінен 2 млн 400 мың теңге бөлінді. Оған қатысушы балалардың әрқайсысына 24 мың теңге көлемінде сыйлықтар жасалды. Оның ішінде сырт киім (пуховик), тәтті сыйлық, жұмсақ ойыншықтар бар.

Сонымен қатар, облыс Әкімінің шыршасына қатысатын балалар үшін 28 желтоқсан күні арнайы мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.



Орындалмаған шаралар
Қараша
«ZHAMBYL INVEST-2011» халықаралық инвестициялық форумы ауа-райының қолайсыздығына байланысты өткізілген жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет