Азапты жылдар шежіресі



жүктеу 20.76 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі20.76 Kb.

Азапты жылдар шежіресі

Осыдан біраз бұрын Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Алматы қаласының әкімшілігі, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ұстаздары және студент қауымының қатысуымен «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өткізген болатын.

Жалпы, жиылысқа еліміздің 15 жоғары оқу орны қатысты. Олардың ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы энергетика және байланыс уни­верситеті, Алматы технологиялық уни­верситеті, Еуразия нарық институты, Азаматтық авиация академиясы сияқты тағы басқа жоғары оқу орындарының белгілі профессорлары мен академиктері болды.

Осы конференцияда қазақ жерінде болған көтерілістерді, оның мақсаты мен нәтижесін зерттеп, білікті ғалымдар сөз сөйлеп, өздерінің ойларын ортаға салды. Конференцияда талқыланған мәселе­лердің желісі бойынша «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты үлкен жинақ әзірленіп, басылып шықты. Аталмыш ба­сы­лымда қазақ халқы тарихи баламаның екі жолын бастан кешкені туралы айтылады. ХV ғасырдың екінші жартысында дербес мемлекетін құрған бабаларымыз күндіз отырмастан, түнде ұйықтамастан елдің аумағын кеңейтті, шекарасын бекемдеді, аз халықтың көп болуына қол жеткізді. Үш ғасырға жуық күш-қуатын еселеумен дұшпанын басындырмаған олар ХVІІІ ғасырдың басында кенеттен «ақтабан шұбы­рынды, алқакөл сұламаға» ұшырап, Ш.Уә­­­лиханов жазғандай, «осы сұмдық және қанқұйлы уақытта» амалсыздан Ре­сей бодандығын қабылдады. Ресей өкі­метінің әртүрлі әкімшілік-саяси шара­лары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құры­лымын бұзды. Ғасырлар бойы қалыптасқан бас­қару жүйесін әкімшілік-билік иерархия­сымен ауыстыру толқу­лардың басты себебіне айналды. Қызыл империя күн­нен-күнге қазақ даласында өз үстемдігін арттыра түсті. Ғасырлар бойы қалыптасқан хандық билік жойылып, шекаралық аймақтарда бекіністер салын­ды. Қазақ жерлерін күштеп тартып алу жал­ғаса түсті. Осының салдарынан үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік бас қосып бірігіп, отар елге қарсы шықты. Бүкілхалықтық сипат алған Кенесары бастаған көтеріліс қазақ тарихында ерекше орын алады.



«Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты жинақ қазақ көтерілістерінің құбылысы мен жұмбағын, тағылымы мен қорытындыларын, қозғаушы күштері мен басшыларын ғылыми, теориялық-мето­дологиялық тұрғыдан зерттейді. Жинаққа кірген мақала авторлары, негізінен, жо­ғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында еңбек етеді әрі осы мәселені көптен бері ой елегінен өткізіп жүрген мамандар. Жинақта XVIII-ХХ ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістердің қайнар көзі, дәуірлері, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі азаттық идеясымен үндестігі дәйектелген. Бұрын-соңды бей­мәлім болып келген деректер мен құжаттар ғылыми айналымға түскенін айрықша атап өткен абзал. Айтылған ойлар, ортаға салған дерек пен дәйек ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға қызмет етсе, тарихи сананы оң қалыптастыруға септігін тигізсе, оқу-тәрбие үдерістерінде қол­даным тапса, ұлттық тарих ғылымының бүгінгі жаһандану мен бәсеке үдесінен шыққаны.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет