Қазақша тәрбие сағаттар жинағы: Құрбылар сайысы тәрбие сағаты



жүктеу 19.79 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі19.79 Kb.

Ана – бақыт, ана- жыр

Сыныбы:3
Мақсатты:
8 наурыз-аналар мен қыздар мерекесін атап өту.Отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың өмірі,өмір гүлі-аналарды,нәзік жанды ару-қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
Қыз балаларды өнерлі, инабатты,ақылды да парасатты болуға баулу.
Ер балаларды қыз балаларға қамқор,жанашыр болуға, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, гүлдер,шарлар.
Өту барысы:
-Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы.Олай болса,аналарға арнаймыз…
1.Ана-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
2.Ана деген-асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.
3.Ана деген-ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!
4.Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
5.Мамам менің,ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
6.Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
7.Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын мамашым!
8.Ана-біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
9.Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ала келді.
Қуанышты күнменен
Құттықтаймыз сіздерді!
10.Келбетіңде ұлылық,
Далададан кең пейілі.
Ана деген-жылылық,
Ана деген-мейірім.
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық,расында.
Күн алыста,ал анам,
Ылғи менің қасымда.
ӘН: «Анашым»

-Қазақ жұрты киелі,


Өнерліні сүйеді.
Қыздар шығып ортаға
Би де билеп,ән де салып береді.

«Аққу» биі

«Жүрекке жылы сөздер»(ұлдар анам қандай? деген сұраққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады)-мейірімді,ақылды,сабырлы,әйбат,т.б.

ӘН: «Домбырасыз сән қайда?.»

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Көрініс «Ананы сыйлау»

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

Хор «Анама»



Жастар биі
-Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де,гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық!
Құрметті АНАлар,мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!Білімді де сүйкімді,өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай,ұзақ өмір сүріңіздер!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет