Ќазаќстан 14 облысты біріктіреді



жүктеу 224.03 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі224.03 Kb.



ӘОЖ 574: 332.3 (574)

Талжанов С.А., Аманжолов А.И

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНДАҒЫ ТАБИҒИ

ЖАЙЫЛЫМНЫҢ ҮЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИГЕРІЛУІН КЕШЕНДІ

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ, ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

В статье расматривается взаймодействия антропогенного ландшафта в виде животоноводства с окружающей природной среды в виде естественных пастбищных угодии Казахстана. Животноводство оказывает негативное влияние на состаяние природных экосистем. В данном случае основным фактором воздействия является перевыпас скота, а его пространственная выраженность зависит от выпасаемого поголовья животных и системы использования пастбищ. Наиболе уязвимыми компонентами экосистем при этом являются растительность и почва.

In clause examine interaction of an anthropogenous landscape as animal industries with environmental natural environment as natural pasturable for the benefit of somebody of Kazakhstan. The animal industries renders negative to influence on a condition natural ecosystem. In this case major factor of influence is of cattle, and its spatial expression depends from falling of animals and system of use of pastures. The most vulnerable components ecosystem thus are vegetation and ground.

Қазіргі уақытта әлемдік жаһандану үрдісі жүріп жатқан кезде, әлем елдері дүние жүзінде өзінің беделін көтеруде алдыңғы орынға экономикалық дамуды қойып, қоршаған ортаға адамның шаруашылық іс-әрекетті ескерілмей қалып қойып отыр. Ал бұл экологиялық зардаптарға, геосфераның тозып, ластануына әкеп соғады. Егер қоршаған ортаның ластануын тоқтатпаса, экономиканың өзінің дамуы мүмкін болмай қалады. Сондықтанда экологиялық мәселе, қазіргі уақытта адамзаттық проблемаға айналып отыр. Соның бірі қазіргі кездегі өткір мәселенің бірі литосферадағы топырақ қабатының тозуы эрозияға ұшырауы болып отыр. Топырақ қабатының эрозияға ұшырауы ең біріншіден антропогендік фактор әсерінен болатынын айту керек. Бұны сонымен қатар табиғи агенттер ұштап күшейтетінін ескеру керек. Біздің отанымыз өзінің климатының құрғақ қатаң климатымен ерекшеленеді. Жердің тозуы жайлымдық жерлердің үлесін азайтады.

Кең байтақ Қазақстан территориясы жер бетінің құрылымының әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұнда ұшы қиырсыз ойпаттар, кең байтақ жалпақ ойпаңдар, айтарлықтай бөлігін үстітіртермен аласа тау массивтері, қар жамылған биік таулы аудандармен көрінеді. Қазақстаның ең төмен бөлігі Қарақия ойысынан (132 м теңіз деңгейінен төмен) шығысы мен оңтүстік- шығысындағы биік таулы аудандар 5000 м дейін көтеріліп, биіктікте үлкен айырма туғызады.[1] Республиканың осындай жер бетінің күрделі құрылымы жергілікті жердің климатының күрт ерекшеленуін және де табиғат ландшафтыларының үлкен айырмашылығын туғызады.

Жаз айларында Орта Азия мен Қазақстан шөлдерінің қатты қызуынан ауданда төмен атмосфералық қысым қалыптасып, континенттік тропикалық (Тұрандық) ауа қалыптасады. Осы жеңіл ауа 3 км биіктікте аса зор Тұрандық ауа массасы батыстан шығысқа жылжып жаздың жалпы атмосфера церкуляциясын туғызады. Бұлтсыз құрғақ ауа райы орнайды. Жел күшейіп, ауа шаңға қанығады, сынап бағанасы көлеңкеде осы кезде Орталық Қазақстанда 30-350С, ал оңтүстік аудандарда 40-450С көтеріледі. Ауа температурасының тәуліктік амплитудасы 20-220С ге дейін жетеді. Атмосфераның бұл күйін жаз айларында солтүстік – батыс пен солтүстіктен келетін суық (полярлық және арктикалық) ауа массасы әсер етеді. Бұл ауа жазықтық бөліктерде жылдам жылынып аса қатты әсер ете қоймайды. Бірақ биік таулы аудандар Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауына жеткенде температураның айтарлықтай төмендеуін туғызады. Кей кездерде маусым айында орта биіктік қойнауларында үсік туғызады.[1] Осындай жазғы күрт ауытқымалы, құрғақ климаттық жағдай мал шаруашылығың Қазақстанға тән түрін дамытуды негіздейді.

Қыстың ауа райы процессі де ауа массаларының әсеріне тәуелді. Бұнда арктикалық, полярлық ауаның әсері зор. Суық арктикалық ауа массасы. Батыс Сібір мен Орыс жазығы арқылы өтіп күрт суық әкеліп қысқы ауа райы режимін туғызады. Тау алдындағы жазықтардың ауа температурасы негізінде -50С ден -150С дейін болса, ал полярлық континенталды ауа массасы Орыс жазығынан келетін полярлық континенталды ауа массасы немесе Атлант мұхитынан келетін ылғалды теңіздік ауа массасы температураның жоғарылауына желдің күшеюін, бұлтылықпен жауын-шашын әкеледі. Қазақстанға келетін ылғалдың негізгі бөлігі солтүстік-батыс пен солтүстіктен келеді. Бұл жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануда ескерілетін маңызды жағдай.

Қазақстан мен Орта Азияға полярлық және арктикалық ауа массаларының әсері біріңғай әсер ете бермейді. Осы ауа массасы әсерінен соң орталық және оңтүстік-шығыс (таулы) аудандарды Сібір антициклон орнап, ашық аязды ауа райы орнайды.[2]

Казакстан климатының қалыптасуына географиялық орны, атмосфералық циркуляциясының маусымдық ерекшеліктерімен бірге жер бедері маңызды рөл ойнайды. Таулар мен жазықтардың атмосфералық процесстері әртүрлі болып келеді. Тауларда белгілі биіктікте өзінің ауа-райы режимі және өз климаты орнайды. Климаттың қалыптасуында жер бедері дифференциясы ылғалдану режиміне әсер етеді. Жауын-шашын тау бөктерінің желді бөліктерінде ғана биіктеген сайын жоғарылайды. Ылғалды желге параллель жатқан тау жоталарында ылғалдану биіктіке байланысты аз өзгереді. Ішкі тұйық таулы котловиналарда ылғал аз түседі. Себебі ауа массасы ылғалды таудың желді жағында ылғалды жоғалтады да, ылғал жетіспейді. Ылғи қатты жел соғатын сырттарда және суайрықтарда да жауын-шашын аз жауады. Қазақстан тауларының шығыспен оңтүстік-шығыста орналасуы тропиктік ыстық ауаның еркін өтуіне бөгет жасайтын табиғи шеп туғызады. Ал солтүстіктің ойпанды жазық болуы суық арктикалық ауа массасының өтуіне жол ашады. Бұл Қазақстан климатының ерекшелігін туғызады. Егерде биік таулы аудандар солтүстікте болғанда қазақ жерінің климаты әлде қайда қазіргіденде құрғақ, ыстық болар еді ме? Бұл жайылымның қалыптасуында жер бедерінің ерекшелігін көрсетеді.

Биіктіктің өсуімен күн радиатциясының өсуіне қарамастан жаз айларында температура 100 м сайын 0,6 0С ге төмендейді. Орта есеппен 100м сайын көктем 2-3 күнге кешігіп келеді, ал күз 2-3 күн ерте келеді.[1] Бұл жерлердегі жайылымды жаздың құрғақ, ыстық аптаптарында таудың салқын шыбын-шіркейсіз ылғалды бөктерлеріндегі жайылымдарды маусымдық пайдаланудың маңызы зор.

Қазақстаның көптеген таулы аудандарына мамыр айында жалпы жауын-шашын мөлшерінің 30% жауады. Аз жауын-шашын жауатын ай болып барлық жерде тамызбен қыркүйек айы саналады.

Ылғалдың Қазақстан бойынша жетіспеушілігімен қатар (солтүстікте 350 мм ден, оңтүстікте 100 мм дейін) жылдық ылғалданудың жоғарылығы (550 ден 1700 мм дейін) құрғақшылықтың болуының табиғи агенті болады. Республиканың барлық жалпы жазықтық бөліктеріндегі ылғалдың жетіспеушілігі байқалады, әсіресе шөлейт пен шөл зоналарындағы. Жалпы Қазақстан климаты материктік температура режимінде. Жазықтық жерлердегі ауа температурасының орташа жылдық температурасы оңды Астанада 1,4 0С, Қостанайда 1,6 0С, Оралда 4,7 0С, Атырауда 7,8 0С, Қызылордада 8,9 0С, Шымкентте 11,8 0С құрайды. 2500-3000 метр абсолюттік биіктіктегі жылдық орташа температура кері -2,70С шамасында.

Шілденің орташа температурасы Қазақстаның солтүстік аудандарында 19-200С қиыр оңтүстікте 25-270С. Ауа температурасының абсолюті максимумы аса жоғары, солтүстікте 38-400С оңтүстікте 45-470С құрайды. Республика табиғи жағынан төрт аймаққа бөлінеді: солтүстік жағы орманды- дала және ашық дала, қара топырақты, бірқатар жерлері каштанды, одан оңтүстікке қарай шөлейт, шөл далалық, топырағы қоңыр, сұрқоңыр болып келеді. Тау бөліктеріндегі аймақтары сұр топырақты. Мұхиттар мен теңіздерден алыс болғандықтан ауа райы өте континенталды. Жаз бен қыстың, күн мен түннің температурасы әр түрлі. Ылғал барлық жерде бірдей түспейді. Республиканың солтүстік бөлігіндегі жазықтарға жылына 300- 330 мм, шөлейт және шөл аймақтарға 130- 200 мм, тау бөктерлеріндегі аймақтарға 300-ден 500 мм дейін ылғал түседі. Республиканы тұтас алғанда қуаңшылық жиі кездеседі, сондықтан да мұнда жерді суландыру – ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендірудің кезек күттірмейтін шарты болып табылады.

Қазақстан еліміздің аса ірі астық және мал шаруашылығы базасы. Республика ауыл шаруашылығының жалпы бағыты мал және астық шаруашылығы. Атап айтқанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің 52 проценті мал шаруашылығының, 48 проценті астық шаруашылығының үлесіне тиеді.

Қазақстанда мал шаруашылығын өркендетуге табиғи жемшөптік жерлердің аса кеңдігі (182,1 млн. гектар немесе республиканың жалпы ауыл шаруашылық жерінің 84% алып жатқаны) қолайлы жағдай туғызуда. Малдың 1 басына шаққанда жемшөптік жер 15гектардан келеді. Бұл бүкіл еліміздегі ең жоғары көрсеткіші.

Қазақстаның 182,1 млн. гектар табиғи жемшөптік жерінің 125,5 млн. гектары шөл және шөлейт аймақтарда. Бұл жердің өнімділігінің нашарлығына қарамастан бұл аймақтарда мал шаруашылығының жемшөп жөніндегі қажетінің 75 % дейіні табиғи жайылымдар есебінен қамтамасыз етіліп келеді. [3]

Республика аймақтары бойынша табиғи пішендік жерлер мен жайылымдарды класқа бөлу. Маңызды ерекшеліктері негізінде бір- біріне ұқсас фитоценоз түрлерін біріктіріп, оларды танып- білудің бір жолы - өсімдіктерді классификациялау. Классификация – бірлестіктердің құрылым ерекшеліктеріне қарай – морфологиялық, қоршаған ортада басым болатын өсімдіктерге қарай – морфологиялық, қоршаған ортада басым болатын өсімдіктерге қарай – экологиялық, биологиялық және экологиялық басым өсімдіктерге қарай – биоэкологиялық, флора құрамына қарай – флоралық, өздеріне тән түрлері болуымен бөлінеді.

Т1. Тундра және орманды тундра аймақтары. Минералды және шым тезекті топырақты тундралық (арктикалық және ылғалды арктикалық) және орманды тундралық жазықтықтар.

О1. Орманды аймақ. Шымды- күлгін және басқа топырақты сай- салалық- шалғындық жазықтар.

Д1. Орманды- далалық және далалық аймақтар. Орманды- далалық аймақтың күлгінденген сазды және саздақ, тұзы шайылған нағыз қара топырақты, орманның сұр және сортаң топырақты шалғынды далалық жазықтары.

Д2. Далалық аймақтың сазды және саздақ кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт- қоңыр, қоңыр және сортаң топырақты далалық және құрғақ далалық жазықтары.

Д3. Далалық және орманды далалық аймақтардың құмды және құмдақ түр ерекшеліктеріндегі сұр, қара, күңгірт-қоңыр және қоңыр топырақты далалық және шалғынды далалық жазықтықтары.

Ш1. Шөлейт және шөлді аймақтар. Сазды, саздақ және ақшыл- қоңыр тастылау, қоңыр және сортаң топырақты шөлейтті жазықтық жерлер (шөл-далалық).

Ш2. Сазды, саздақ, сұр-құба тасты және тақыр тәрізді сұр топырақты жазықтық шөлді жерлер.

Ш3. Ақшыл-қоңыр мен құба құмдық және құмды топырақты жазықтық шөлейтті (шөлді-далалық) жерлер.

Ш4. Құм топырақты (ортаазиялық шөлейттерге ұқсас) жазықтық шөлді жерлер деп бөлген.[4]

2005 жылы ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететіндердің саны 3225,7 мың адам болды. Ауылдық жерлердегі әлеуметік- экономикалық көрсеткіш 2005 жылы ішкі жалпы өнімнің 583198,8 млн теңге құрады. Өсімдік шаруашылығы бойынша 328863,9 млн болса, мал шаруашылығы- 254334,9 млн теңгені құрады. Республика жайылымдарында 5,9 млн бас ірі қара, 16,3 млн бас қой мен ешкі, 1,2млн бас жылқы, 135мың бас түйе тіркелді. Барлық мал басы санының көбеюі байқалады. Бірақ малдардың өнімділігі төмен деңгейде қалып қойып отыр. Мысалы, 01.10.2005 жылғы көрсеткіш бойынша бір бас малдың орташа массасы ірі қарада – 294 кг және қойларда 38 кг құрады. Бұл оның жайылымның үлкен потенциялы жағдайында жем- шөптің жеткіліксіздігінен болып отыр. Ауыл шаруашылық малдарының 20 – 25% тірі массасы жетіспеушілігінен тауар өндірушілердің экономикалық жағдайынан көрініп отыр.

Бұл жерде жер ресурстарын рациональды емес қолданудан екенін айтамыз. Оның дәлелі 26,5 млн га жайылымның (деграциялық) алынып қалуы болып отыр.

Жайылымдық проблеманың жер ресурстарымен тұрақты басқару шараларын жасауда бірнеше себептер туады.

Біріншіден, республиканың үлкен бөлігін ауыл шаруашылық жерлерінің 84% құрайтын жайылымдық жерлер (67%) алып жатыр. Онымен қоса 125 млн га жайылымдар шөл мен шөлейт зоналарында орналасқан. Сондықтанда олар антропогендік дұрыс емес қолданудан нәзік, тез бұзылғыш болуы, әсіресе – ауыл шаруашылық малдарын шамадан тыс жаюдан.

Екіншіден – жайылымдық жерлерді дұрыс қолданбастан, мал басы санының өсуі – глобальдық масштабтағы деградацияға әкелуі мүмкін.

Үшіншіден - жайылымдық жерлерді дұрыс қолдану дәстүрлі жайылымдық мал шаруашылығының бірі қалыпты дамуына әкеледі.

1 - кесте

Қазақстан Республикасының жайылымдық жер қоры [5, 6]





Жылдар

2005

2006

2007

2008

Қазақстан Республикасы

Ақмола


Ақтөбе

Алматы


Атырау

Батыс Қазақстан

Жамбыл

Қарағанды



Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Оңтүстік Қазақстан

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы


182358,1

6890,0


24730,2

14709,4


9018,0

10185,7


8286,0

31111,9


12087,9

11836,6


12696,7

9096,0


8195,8

3524,0


19966,5

22,6


0,8

182300,4

6898,9


24677,1

14699,7


9014,3

10186,9


8286,0

31123,0


12084,1

11834,9


12696,7

9114,4


8189,6

3521,3


19950,9

21,8


0,8

182225,3

6885,3


24660,3

14698,8


9111,0

10192,1


8286,0

31124,6


12045,8

11834,6


12694,0

9107,2


8155,3

3563,0


19949,4

17,0


0,8

182100,4

6880,7


24652,9

14698,0


9007,6

10008,8


8285,9

31104,1


12072,2

11832,1


12690,7

9107,2


8157,8

3531,9


19948,7

21,0


0,8

Қазақстаның аридті климат жағдайында жайылымдарды мобилді қолдану табиғаттың өзімен негізделген.

Өткен ғасырдың басындағы ғалымдардың айтқанындай: «Қазақ – малшы және көшпенді, себебі, осындай қоршаған орта жағдайында ол басқаша бола алмайды, одан оны қоршаған ортаның өзі талап етеді. Сирек сулы көздері бар, құрғақ жерлерде, адам тек қана мал шаруашылығымен ғана айналыса алады. Оның ішінде көшпенді мал шаруашылығымен. Бұндай жерде өсімдік жамылғысы кедей, бұл оның малды қысқа уақытқа ғана жаюды және малдың бір орынан екінші орынға жыл бойында ауысып көшіп отыруын талап етеді. Осы периодтық малдың дала бойынша қозғалысын алып тастаса – қазақтарға бұл жерде орын болмайды. Өзге шаруашылық бұл жерде мүмкін емес. Қазақты асырап отырған дала – тақыр шөлге айналады» деген.

Жайылымды мобилді қолдану 1930 шы жылға ұжымдастыруға дейін жалғасты. Малдарды ұсақ колхоздарға ұйымдастыру, жайылымдарды маусымдық қолдануын шектейді де, бұл оның мал санының күрт төмендеуіне әкеледі. 1941 жылдан жайлаулық жайылымды қолдану басталып, ол көшпенді мал шаруашылығы базасында болып, жайылымды маусымдық қолдану жүргізілді. Бұл оның 80-ші жылдардың ортасында қой санының 34-36 млн басқа өсуіне әкелді. Онымен бірге жайылымдарды кеңейту де жүрді: 1950 жылы – 46 млн га.; 1959 жылы – 73 млн.; 1981 жылы – 136 млн га. және 1990 жылы – 147 млн га.. Жайылымды кеңейту мал шаруашылығын бір қалыпты территорияда таралуын қамтамасыз етеді де бір уақытқа жер деградациясын азайты. Бірақ керсінше осы уақытан бастап жер деградациясына жол ашылды. Бұл оның жайылымның мал саны өсуімен сәйкесіздігінен болды.

Профессор Виноградова И.Г. мәліметі бойынша Қазақстан жайылымдарының деградациясы 80-ші жылдары шамадан тыс жаюдан 47 млн га құрады. Ал деградацияны техногендік факторларды қоса есептегенде шөлдену ауданы жайылымның 63 млн га деңгейінде болды.

90- шы жылдары жайылымдық шаруашылықта тағы бір өзгеріс болды. Ауыл шаруашылығы малдарын жекешелендіру. Жаңа иелерінің халық орналасқан пунктер маңындағы жайылымның деградациясына әкеледі. Сонымен бірге бұрынғы су қойма, су көздерінің жұмысы тоқтауынан табиғи су көздері орналасқан (өзен, жылға, бұлақ, көл) жерлердің жайылымдарының деградациясына әкелді.

Жайлаулық- көшпенді жайылымды қолдану жүйесі орнына: үй - жайылым - үй жүйесіне ауысты. Бұл жүйе бұрында болды, бірақ бұл сауынды малда ғана кездесіп ауыл маңында ұстап, негізгі мемлекеттік малдар отармен далада жайылды. Бір жерді көп жылдық қолдану 2001 жылдың өзінде 26,5 млн га. жайылымның деградациясына әкелді.

Деградацияның басты себебі болып жайылымдағы мал жаюдың күшеюі және өнімділік массасының коэффицентінің төмендеуі болды. [7]

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы жайылымдарға көбінесе тұрақсыз жусанды шөптер өседі. Яғни өсімдік құрамының көпшілігі жусан, жері боз топырақты, бұрқылдақ сар топырақты келеді, ал әртүрлі шөпті жерлерде тырбық ебелек, жел үрлегенде домалай жөнелетін қаңбақтар өседі. Барлық жерде Түркістан ебелегі кездеседі. Ал өзен- жылғалар арасында теріскен, одан ылди жерлерде сораң және қара жусан өседі.

Сортаң топырақты далаларда көбінесе қара жусан мен боз жусан, сортаңдау батпақ топырақты жерлерде – ұсақ жапырақты дәнді, еркекшөп, ақселеу, бетеге, ал құмайт жерлерде тарақ масақты еркекшөп өседі.

Қазақстанда мал шаруашылығының жетекші саласы – қой шаруашылығы. Елімізді тұтас алғанда Қазақстанда ғана ең арзан қой еті мен жүн өндіріледі. Көптеген облыстардың шөл және шөлейт аймақтарында қой өсіру мал шаруашылығының ең тиімді саласы. Тың игерген және тау бөктеріндегі аудандарында сүт-ет малы, қалаға жақын шаруашылықтарда – сүт малы, шөл мен шөлейт аймақтарда – ет малы өсіріледі. Республикада ежелден жылқы және түйе өсіріледі. Бұл түліктерді көлік ретінде және ет, сүт, жүн өндіру үшін пайдаланады.

Қазақстан малшыларының алдында зор міндеттер тұр – олар ет-сүт малын, қой шаруашылығын өнеркәсіптік негізде тездетілген қарқынмен өркендетуге тиіс. Бұл үшін табиғи жайылымдардың өнімін жақсарту, оларды тиімді пайдалану, жемшөптік дақылдардың түсімін арттыру және жоғар өнімді шабындық, жайылымдық шаруашылықтарын ұйымдастыру арқылы жемшөп базасын нығайту керек. Жайылымдарды экстенсивті, дәлірек айтқанда реттемей сапасыз пайдаланып келген, ескіден қалыптасқан жағдай қазіргі кезде де қой және ірі қара шаруашылықтарын интенсивті дамытуға тежеу болып келеді. Республиканың ғылыми мекемелері, озат шаруашылықтардың іс жүзіндегі тәжірибесі табиғи жемшөптік жерлерді ірі қашалар ұйымдастыру арқылы пайдаланудың артықшылығын анықтап беру, мұндай әдістер жердің шөп өнімін молайту, сумен жабдықтау, зоотехникалық- малдәрігерлік шараларын белгілі мақсатпен комплексті жүргізу негізінде іске асырылу мұның нәтижесінде малдың өнімділігін артыру.

Алдында айтылғандай республиканың бүгінгі аумағы түгелдей бұдан 100 жыл бұрын да, көпғасырлық пайдалану тарихы бар, табиғи жайылымдар болған. Сондай көшпелі және жартылай көшпелі әдіспен пайдаланылған жайылымдардың Қазақстан жерінде 3000 жылдық тарихы бар. Мұндай көп ғасырлық көшпелі және жартылай көшпелі әдіспен жайылымдарды пайдаланудың сақталу құпиясы, біздің көзқарасымызша, біріншіден Қазақстанның табиғи жағдайларының ерекшеліктерінде, екіншіден, көшпелілердің табиғаттың ерекше себептерін білуінде және қоршаған орта ерекшеліктерін есепке ала отырып жергілікті өндірісті құруларында.

Ертеде көшпелі ауылдың тұрақты орны болған жоқ. Жем-шөп үшін жыл бойына 600-ден 2000 шақырым жерге дейін көшіп жүрді. Көшіп- қону жолдарының ұзақтығы, тұратын жерлерді жиі алмастыруы, қатаң қажеттілікпен қатар, малдарды қажетті жемшөп мөлшерімен қоректендіру жолындағы жалғыз мүмкіндік болды.

Сөйтіп, көшіп- қону әдісі жайылымды тиімді пайдаланудың негізгі заңын сақтауды белгіледі- малдың алғашқы жегенінен кейін шыққан өркендері немесе сабақтары екінші рет желінбес үшін малдың белгілі бір орында аз ғана уақыт болуы көзделді. Сондықтан көктемде және жаздың басында, өсімдіктердің тіршілік кезеңі уақытында көшіп- қону өте жиі, ал орнығу қысқа мерзімді болады.

Кеңес үкіметінің жоспарлы экономикасындағы алғашқы жылдары құрылған шаруашылықтың қоршаған ортаға сапалық (экологиялық) жағдайына қарсы кері әрекеттері білінбеді. Мал басы мен олардың өнімі өсті. Біраз жылдардан соң шөлейт жайылымдарда тұрақты мал жаю, желінетін шөп түрінің азаюына, шөп жамылғысының жойылуына, желінбейтін шөп түрінің көбеюіне, топырақ эрозиясына әкелді. Жайылымдарда табиғи өнімнің төмендеуі мал өнімдерінің азаюын туғызды.

Көшіп- қонудың төмендеуі қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеуі керек. Кейбір жағдайда көшіп- қонудың төмендеуі қоныстар мен су көздері айналасындағы негізгі тұрақты жерлердің, жақын орналасқан жайылымдардың тозуына әсер етеді. Сол уақыттағы (1950 – 1990 ж.ж.) жайылымдардың тозуының негізгі себебі – отырықшылыққа көшумен қоса мал басы санының өсуі болды .

Табиғи жайылымдар республикадағы құрғақ дала, шөл және шөлейт аймақтарында кеңінен пайдаланылып келеді. Шөл мен шөлейт аймақтарда малдың негізгі азығы жайылым шөбі екендігі белгілі, бірақ көптеген шаруашылықтар (кейінгі жылдары) бірнеше жыл қатарынан жайылымды жақсартуға және құнарлығын көтеруге көңіл бөлмей келеді. Мұның өзі жайылым шөбінің шығымдылығын күрт төмендетумен бірге, кейбір құнды өсімдіктердің шықпай қалуы сияқты қолайсыз жайға әкеліп отыр.

Табиғи жайылымды ретсіз пайдалану және жайылымдардың тозуы туралы қазақстандық ғалымдар В.И.Матвеевтің, А.Н.Байрашевтің, А.В.Комариннің еңбектерінде көрсетілген. Мысалы, А.Н.Байрашевтің деректеріне қарағанда, 1980 жылдар аяғында республикамызды тұтас алғанда жарамсыз табиғи жайылымның көлемі 25,6 млн. гектар болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының табиғи жайылымдарының (180 млн. га) 24,4 млн. гектары шөлдену мен әртүрлі тозу жағдайына келген. Осының әсерінен жылына 11,5 млн. тонна табиғи жем- шөп қоры жойылады. Мұны төмендегі кестеден көруге болады. [8]

2 - кесте



Қазақстан Республикасының табиғи жайылымдарының

шөлдену мен әртүрлі тозу жағдайы көрсеткіштері [8]

жазықтық

Зона ішілік

варианттар



Аудан

Тапталған(тозған)

жайылымдар,

млн.га


%

жайылымдар,

млн.га


%

орманды далалық және далалық

34,6

18,6

3,9

11,2

шөлейттік

21,8

11,8

2,5

11,5

шөлдік

73,7

39,8

13,1

17,8

таулық

ұсақшоқы

29,5

15,9

0,6

2,0

тау алды

16,3

8,8

3,3

20,2

таулық

8,3

4,5

0,8

9,6

биік таулық

1,1

0,6

0,2

18,0




185,3




24,4

13,2

Табиғи жайылымдардың тозуының негігі себептері, біріншіден, жайылымның ретсіз қолданылуы. Көптеген жағдайда жайылымды жаңартып отыру, күнделікті графикпен пайдалану ескеріле бермейді. Үнемі бір бағытта жайылымын өзгертпей пайдалана беру жерді таптап, тақырлап, бұдан былай пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. [9]

Жайылымның тозу мәселелері табиғи (факторлармен), сонымен қоса, экологиялық жағдаймен байланысты. Антропогендік кері іс- әрекетке байланысты шөлдену мен жайылымның тозуының кеңею процестері табиғи және антропогендік әсер негізі себепті жүреді. Табиғи факторлар облыстың табиғи жайылымдары аридті зонада орналасуымен, ылғалдың аз түсуімен, булану мөлшерінің жоғарылығы және жер бедерінің ерекшеліктері бойынша бағаланады. Шөлденудің негізгі катализаторы климаттың қуаңшылығы және құрғақшылығы болып табылады. Құмдардың (30 млн.га-ға дейiн) және сортаңданған жерлердiң (127 млн. га) кең таралуына алып келетiн климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң бiркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық жағдайы болып табылады. Жерлердің жұтау процестерiн дамыту үшiн жағдай, құрғақшылықтың әсерi кезiнде топырақ құраудың маусымдық ерекшелiктерiн бұзу кезiнде жасалады. Сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының әлсiз жинақылығы және оның серпiндiлiгi шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қазақстанның бұл табиғи ерекшелiктерi антропогендiк әсер етулерге табиғи ортаның әлсiз тұрақтылығымен белгілi (қолда бар деректер бойынша елдiң шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатерiне ұшыраған).[7] Мұндай құбылыс, әсіресе, облыстың аридтік зонасы үшін тіпті жоғары. Бірақ антропогендік факторлар осы процестерді өткірлей түседі. Антропогендік шөлдену және жайылымның тозу факторлары адамның көптүрлі әрекетімен байланыстырылады. Негізгі факторлары мал жайылымы, егін шаруашылығы, жер қойнауын әзiрлеу, өнеркәсiптiк, әскери және азаматтық объектiлердi, суландыру және желiлiк құрылғыларды салу және пайдалануға беру. Шөлейттену сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудiң, мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерiнiң, жүйесiз рекреацияның, елдi мекендер аумағында қоқыстарды ұйымдастырудың, топырақтардың және улы заттармен жер асты суларының ластануының, көлiктiң әсер етуiнiң нәтижесi болып табылады. Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияда қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудiң басты тұрпаты мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы; топырақтың сулы және желдi эррозиясы; топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi; топырақтың, грунт және жерасты суларының химиялық ластануы; жердiң және гидрологиялық режимнiң техногендiк бұзылуы.[7]

Малды шектен тыс жаю өсімдік қоры – жем шөптің тікелей азаюына, сонымен қатар, әсіресе, шөл мен шөлейт жағдайында түрлік құрамының, жайылымның экологиялық жүйелерінің елеулі қайта құрылуына әкеліп соқтырды. Құрылысы бұзылған жайылым шаруашылығы жағдайында экология теңдігін және жайылым экологиялық жүйелерінің өнімділігін қалпына келтіруді сақтау ғылыми- техникалық маңызды мәселе болып табылады. Бұл жайылымды жақсарту мен ұтымды пайдалану экологиясын жасаудың жүйелі және қатаң жүргізуіне мәжбүр етеді.

Көптеген ғылыми ізденістер мен тексерістер жайылымның тұрақты түрде тұқыммен және азықтық қорларын қажетті деңгейде өзінен жаңарту мен ұдайы өндіру қабілеттілігін сақтау үшін оларды экологиялық жағынан мүмкін тәртіппен пайдалану қажеттілігі көрсетеді. Жайылымдарды ұтымды пайдаланудағы экологияның бірінші негізгі табиғи сыйымдылық пен айналатын мал сандары араларындағы олардың қатынастары болып табылады.

Жайылымды шектен тыс мал жаюды экологиялық және экономикалық зардабы жақсы зерттелгенмен, жайылым деңгейіне тән шектеу және жылдың маусымы бойынша ұтымды пайдалану жөніндегі деректер әлі жеткіліксіз, әсіресе, мұндай ғылыми зертеулер қазіргі шару қожалықтарына өте қажет. Жайылымды ұтымды пайдаланудағы экологиялық негізнгі әсерлер төмендегі жайлармен түсіндіріледі жылдың құрғақ мезгілдерінде топырақ бетінің қабатын қопасыту, өсімдіктер төсеніштерін жасау және шөптік қосындыларда қара шіріктер пайда болуын тездету, торпырақты қоректік заттармен байыту, бұталар мен жартылай бұталардың жапырақ арқылы ауа жұту алаңдарын сүйемелдеу, тұқымдарды сіңіру, өсімдіктердің қайта қалпына келуіне мүмкіндік туғызатын өсімдіктерді мал сілекейімен көз сабақтау, өрт қауіптерін төмендету, құрт-құмырсқа мен кемірушілер санын азайту.[10] Ұтымды және бақылаумен мал жаюда көзге көрінетін жоғарыда аталып өткен қолайлы себептер біріктірілгенде жайылым өнімділігін артыруға өсімдіктердің өздігінен жаңару қабілеттері мен өсімдіктер қорының өзінен ұдайы өсуін сақтауға мүмкіндігін береді.

Жайылымның жоғар өнімділік жағдайын қамтамасыз ету үшін міндетті элементі жайылымдылық мониторинг – жайылымдылық қорларды басқару жүйесін құру керек. Салыстырмалы мониторингтің мына желісі тиімді болып табыладын: қорықтық, табиғи жайылымдар, шаруашылықта қолданылатын, экологиясы картаға түсірілген жақсартылған жайылымдар. Жайылымдарды басқару тәсілдерін жасағанда ірі өлшемді карталарда экология жүйелерінің бұзылу мезгілін белгілеу, әлсін-әлсін картаға түсіріп отыруды жүргізу, алыстан бақылау тәсілдері және өсімдіктер мен топырақтардың өзгерістерін шапшаң әуе сурет картасына түсіруді әбден жетілдіру қажеттігін ескерген дұрыс. Әрі ауыл шаруашылық жерлерін сапалық бағалау картасын жасау керек. Мысалы, әр бір шару қожалығында өзінің ауыл шаруашылық жерінің географиялық және экономикалық сапалық бағалауын көрсететін мәліметтері.(жазбаша немесе картографиялық) болуы шарт.[11]

Жайылымдық экологиялық жүйелерін ұтымды пайдалану жайылымдарды басқару жүйесін жетілдіру ретінде қарастырылады: а) жайылымдарды пайдалануда көп себептік мүмкіндік мөлшерлер есебімен жер қорының экологиясы бойынша біріңғайландыру мен олардың көлемін белгілеу; ә) өріс жүйелерін (олардың біркелкілігі мен мөлшерлілігі) анықтау; б) мониторинг және қорғау шаралары. Жайылымды экологиямен байланыстыра отырып реттеп пайдалану толық желінетін азықпен қамтамасыз ететін, өсімдіктердің өсуі мен көбеюін, сонымен қатар ұзақ жылдық өнімділігін сақтауды қамтамасыз ететін өріс деңгейін қарастырады.

Ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдаланудың маңыздылығы ерекше. Сондықтан, жерді пайдалануға алған кәсіпкерлер жерді дұрыс пайдаланбай, оны аздырып- тоздырып жіберсе немесе жер текке бос жатса, онда олардан жерді алып, басқаларға беру керек. Қазақстан Республикасының жер туралы заңындағы 93-ші бапқа сәйкес жер иеленуші ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығының төмендеуіне не экологиялық жағдайының едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, жерді қалпына келтіру немесе жерді қалпына келтіруге кететін шығынды өтеу қарастырылған. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер телімі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.



Сондықтанда әрбір аудан орталығынан техникалық орталықтар немесе инфроқұрылым жүйесін құру қажет. Олар аудандағы барлық шаруашылықтарға, шару қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге техникалық көмек көрсететін болады және агрозоотехникалық қызмет көрсетеді. Сонда ғана қоршаған ортаның ластануына жол бермей, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, қалдықсыз технологияны кеңінен енгізіп, келер ұрпаққа табиғатты таза күйінде жеткізуге болады.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Джаналиева Г.М, Будникова Т.И. др. Физическая география Республики Казахстана. – Алматы, 1998.- С.39-75.

  2. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. – Алма-Ата. «Мектеп», 1968.

  3. Андреев Н.Г. және т.б., Мал шаруашылығы комплекстерінің шабындық және жайылымдық жерлері. – Алматы: Қайнар, 1983. – 240 бет.

  4. Асанов Қ.Ә., Елешев Р.Е., Алимаев И.И. Жайылым және экология. – Алматы. «Ғылым», 2001. – 468 б.

  5. Статистический ежегодник Казахстана / Statistical of Kasakhcstan: Статистический сборник / Под. ред. К.С.Абдиева-Алматы: 2003.-616с.

  6. Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. Под. ред. А.Е.Мешимбаевой / Агенство Республики Казахстана по статистике- Астана, 2007. 516с на русском и англиском языках.

  7. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама. Астана, 2005.

  8. Огарь Н.П. Взаймодействие животноводства и окружающей природной среды в Казахстане. – Google.kz.

  9. Талжанов С.А. Жайылымдарды тиімді пайдаланудың тарихи географиялық ерекшеліктері (Орталық Қазақстан бойынша) // ҚарМУ хабаршысы. Жас ғалымдар трибунасы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы // 4(16) шығарылым Қазан-қараша-желтоқсан. 85-92-б.

  10. Оспанов А.А. Агроөнеркәсіптік интеграциялау және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру.- Алматы, 1986.-43б.

  11. Талжанов С.А. Ауыл шаруашылық жер ресурстарында болатын табиғи- экологиялық өзгерістерді болжау // ҚарМУ хабаршысы. Биологяи- география- медицина сериясы. 003. №3 (2). 52-54-б.





Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет