Ќазаќстан білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 23.18 Kb.
Дата11.07.2018
өлшемі23.18 Kb.

2-межелік бақылаудың тест тапсырмаларына арналған тақырыптар тізімі және

олардың мазмұны


8-тақырып. Термиялық өңдеу теориясының негіздері. Болатты қыздыру кезінде болатын өзгерістер. Аустенит түйіршігінің өсуі. Түйіршік өлшемінің болаттың механикалық және технологиялық қасиеттеріне әсері. Асыра суыту және асыра күйдіру. Аустенит түйіршігінің өсуі. Асыра суытылған аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасы. Перлитті түрлену. Мартенсит, оның құрлысы мен қасиеті. Мартенситтік түрлену және оның ерекшеліктері. Аралық түрлену. Асыра суытылған аустениттің термокинетикалық өзгеру диаграммасы. Шынықтырылған болатты қыздыру кезіндегі болатын өзгерістер (болаттарды жұмсарту).

9-тақырып. Термиялық өңдеу технологиясы. Болаттарды термиялық өңдеудің жалпы сипаттамалары. Бірінші ретті жасыту. Екінші ретті жасыту. Болаттарды қалыпты күйге жасыту (нормализация). Болаттарды шынықтыру. Көміртекті және қосындылы болаттарды шынықтыру үшін қыздыру. Шынықтыру орталары және оларға қойылатын талаптар. Шынықтыру тәсілдері. Болаттардың шынықтырылғыштығы және оған әсер ететін факторлар. Болаттардың шынықтырылғыштық тереңдігі. Болаттарды жұмсарту. Болаттарды термомеханикалық өңдеу. Беттік шынықтыру, оның түрлері мен қолданылу аймағы.

10-тақырып. Болаттарды химия-термиялық және термомеханикалық өңдеу. Химия термиялық өңдеудің физикалық негіздері. Цементациялаудың тағайындалуы мен түрлері. Қатты карбюризаторда цементациялау. Газбен цементациялау. Цементациялаудан кейінгі термиялық өңдеу. Болаттарды нитроцементациялау. Болаттарды азоттау және циандау. Диффузиялық металдау. Қатты және тозу мен коррозияға төзімді карбиттік және нитриттік қаптамалар алу әдістері. Беттік пластикалық деформациялау.

11-тақырып. Конструкциялық болаттар мен қорытпалар. Болаттардың жалпы классификациясы және маркалау. Конструкциялық болаттар. Көміртегілі конструкциялық болаттар. Төмен легірленген құрлыс болаттары. Суықтай штамптауға арналған болаттар. Цементтелетін конструкциялық легірленген болаттар. Жақсартылатын конструкциялық легірленген болаттар. Автоматтық болаттар. Мартенситті-ескіруші беріктігі жоғары болаттар. Беріктігі жоғары созымтал болаттар (ТРИП немесе ПНП болаттар). Жалпы мақсаттағы рессор-серіппелік болаттар. Шарикоподшипниктік болаттар. Тозуға төзімді болаттар. Коррозияға төзімді және ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалар. Криогенді болаттар. Ыстыққа берік болаттар мен қорытпалар.

12-тақырып. Аспаптық болаттар мен қатты қорытпалар. Аспаптық болаттар. Қасиеттері, маркалануы және қолданылуы. Кесу аспаптарына арналған болаттар. Өлшеу аспаптарына арналған болаттар. Олардың қасиеттері мен маркалануы. Суық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар.

Қатты қорытпалар. Қасиеттері, маркалануы, қолданылуы.



13-тақырып. Түсті металдар мен олардың қорытпалары. Түсті металдар мен қорытпаларды маркалау. Алюминий және оның қорытпалары. Мыс және оның қорытпалары. Магний және оның қорытпалары. Титан және оның қорытпалары.

14-тақырып. Металл емес материалдар. Метал емес материалдар туралы жалпы мәліметтер Пластикалық массалар. Метал емес матрицалы композициялық материалдар. Резиналар. Желімдер мен герметиктер. Неорганикалық материалдар. Керамика.

Каталог: ebook
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
ebook -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
ebook -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
ebook -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
ebook -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
ebook -> Тест сұРАҚтары мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорларының ең басты- сы?
ebook -> Ќазаќстан республикасы
ebook -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет