Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық



жүктеу 390.62 Kb.
бет2/2
Дата09.09.2017
өлшемі390.62 Kb.
1   2

Ақша-несие саясатыбұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:


  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясатынесие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету. /1, 79-80 б./


Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуi;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесi;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;

ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды скере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi: /4, 144 б./


  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;

  • Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;

  • мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;

  • банктерге және үкiметке несие беру;

  • валюталық нарықтағы басқыншылық;

  • кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;

  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.

Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.

Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды факторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.

Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.

Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.

Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.

Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын саөтап отыруға тиiстiлiгiн бiлдiредi.

Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:



  1. мiндеттi резервтеу;

  2. резервтеудiң баламалы тәртiбi.

Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi. /4, 145 б./

Несиенiң азаюы және ақшаның қымбатауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақаша ұсынысы төмендейдi. Әдетте тiркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бiрақ Орталық банктен несие алу белгiлi әкiмшiлiк қиындақтарға тiреледi.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметiнiң алдағы уақыттарда классикалық қызметiне жақындауына байланысты тиiстi шаралар қолданады. Қазiргi уақытта екiншi деңгейдегi банктердi несиелеу тек қана олардың өтiмдiлiгiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшiн Үкiметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктiң республикалық бюджеттi несиелеуден бас тарту мақсатында жүргiзiледi. Жеңiлдiкпен несие беру және кәсiпорындардың несие алу үшiн тiкелей өтiнiш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелердi орналастыруы аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негiзiнде жүзеге асырылады.

Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын бiлдiредi.

Бұл бiршама ақша жиынын, коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және несиелiк жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Оның негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын шектеудi бiлдiредi.

Ұлттық банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.

Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi.



Ақша-несие саясатының қазiргi кезеңдегi тиiмдiлiгi Орталық банктiң саясатына деген сенiмдiлiкпен тығыз байланысты.

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.



2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.

Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда. /8, 65 б./

Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.

Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.

Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.

Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді. /7, 2-4 б./

Қазақстанның экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алуы жақсы жаңалық болып табылады.

Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.

Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады.

1-ші кестеден көретініміздей соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының өсу қарқыны жоғары болғанымен инфляцияның жылдық деңгейі 2003 және 2004 жылдары 7% деңгейінде тұрақты қалпын сақтауда.

2002 жылы Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын анықтап, инфляцияны таргеттеу қағидасына, еуростандарттарға өте бастады. Таргеттеу ( ағыл. баға белгілеу, бағаның белгілі шамасы) монетарлық саясатта – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді орта мерзімде мақсатты түрде алдын-ала айқындау шаралары.

2003-2006 жылға арналған ақша-несие саясатынындағы инфляцияны таргеттеудің негізгі көрсеткіштерінің болжамы келесідей сипат алуда.



Кесте 1

2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеу көрсеткіштерінің белгіленуі



Көрсеткіштер

2003

2004

2005

2006

Базалық инфляция орташа, %

-

4-6

3-5

3-5

Инфляция (ТБИ) орташа, %

6,5

5-7

4-6

4-6

1-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6% және 2005-2006 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде биылғы жылдары және өткен 2004 жылдарда инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцтяның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.

Өткен 2004 жылы қорытындылары бойынша осы екі әдіс бойынша тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 6,7% және 5,9% құрады. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын көре аламыз.

Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2006-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2005 жылы 4,9%-6,5%, 2006 жылы 4,8%-6,2% және 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек; /8, 56-61 б./

Алайда Ұлттық банктік және Үкіметтің бірігуімен белгілеген инфляцияны таргеттеудегі инфляцияның 2005 жылғы 4,9%-6,5% көлемінде сақталады деген болжамдары биыл орындалмайтын болды. Өйткені биылғы жылы ұлттық экономикада жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 10 айдың ішінде – 7,8% және 7,9% деңгейінде болып келеді. Жалпы мамандардың айтуы бойынша 2005 жылы инфляция деңгейі 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Яғни 2005 жылы Ұлттық банктік белгілеген инфляция деңгейінің коридоры 4,9%-6,5% деңгейінен нақты инфляция деңгейі асып кетіп отыр.

Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «рефинансирование» пайыз қойылымын өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2005 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты.

Инфляцияны төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие саясаты болып табылады. Бұл шараны Ұлттық банк «экономикалық перегрев» кезінде қолданады. Бәрімізге белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-гі үлесі 27%-ға дейін жетті.

Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

Ұлттық банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. /7, 3-4 б./

Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда. Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақста нРеспубликасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.

Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі ТМД елдерінің жалғыз орталық банкі қызметін атқаруда.

Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.

Ұлттық банк негізгі мақсатын орындаудағы міндеттері мемлекеттік ақша-несие саясатымен ұштасып, елдің төлем балансының функционалды дамуын қамтамасыз ету, валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталып отыр. Осы саясат негізінде инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін және Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу бойынша Еуропалық кеңістіктің стандарттарына өту барысындағы шараларын айтып кетуге болады.

Қазіргі таңда ақша-несие саясатын жүзеге асыруда онымен бірге орын алып отырған мәселелер тобын айта кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға экономиканың перегреві, шетел капиталдарының жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің азаюы. Осыған байланысты инфляция тек қана Ұлттық банк бақылауында ғана анықталып қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларына тәуелді болып отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция арасындағы байланысты есеке отырып Ұлттық банк оларды реттеудегі трансмиссионды механизм – комплексті шараларға әсер ету әдістерін қолдануда. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк 2005 жылы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға: ақша-несие саясаттарын оптимизациялау, салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу, қысқа мерзімді ноталардың айналысқа шығуы, қайта қаржыландыру операциялары. Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру пайыздары арқылы кварталдар бойынша бақылап, оны реттеп отыруа ақша-несие саясатының белгіленген бағыттары бойынша қызмет етуге мүмкіндік береді. Еліміздегі жоғары экономикалық өсуге байланысты Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатын қолдануға мәжбүр болуы, ол 2005 жылы қайта қаржыландыру пайыздарының біртіндеп өсуімен байланысты: 2005 жылы 1 ақпанда 7%-дан 7,5%-ға және 1 шілдеде 8%-ға өсуімен байланысты. Алайда инфляциялық процестердің аяқталуына байланысты Ұлттық банктің алдағы уақыттарда ақша-несие саясаты бойынша басқа да пайыздардың өсуін қарастырады.

Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде.

Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.

  2. «Деньги, кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.

  3. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.

  4. Баян Көшенова, Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.

  5. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2004 г. 2-4 стр.

  6. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.

  7. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.

  8. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.

  9. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;

  10. «О международных резервах и денежной базе» // (Национальный Банк РК Пресс-релиз №33 от 17 октября 2005 года) Банки Казахстан, 2005 г. №10. 65стр

  11. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2005 г. №10. 89стр



Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет