Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қала әкімдігінде екі жаңа басқарма құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс 14-сессиясында екі жаңа басқарма құру ұсынылды. Бірі сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы бөлімі. Екіншісі, қоғамдық кеңістіктерді дамыту бөлімі.

  • Алматы әуежайының ескі терминалы тек ішкі рейстер үшін пайдаланылады: Жөндеуге 10 млн доллар жұмсалмақ
  • 18 млн теңге алады: Алматы әуежайының басшысы жалақысы туралы қауесетке пікір білдірді

Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың айтуынша, сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы бөлімінің негізгі міндеті сейсмикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды қарапайым дағдыларға үйрету, төтенше жағдайлар кезінде ТЖ және ТЖД жұмысын үйлестіру.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту департаменті басқармалар мен қала әкімдігінің жұмысын үйлестіріп, қоғамдық кеңістіктерді дамытудың жалпы принциптері мен әдістерін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бұл бөлім қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын дайындауға және қала үшін маңызы бар қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға жауапты болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының орталығы тағы жарықсыз қалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.