Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің



жүктеу 64.22 Kb.
Дата08.10.2017
өлшемі64.22 Kb.
түріСабақ


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27»сәуірдегі

№ 284бұйрығына

33–қосымша

«Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берукөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттартоптамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік30 (отыз) күн. Жеткiлiктi негіздемелер болған кездекөрсетілетін қызметті беруші өтінiштi қарау мерзімін 3 (үш) айға дейіұзартуға құқылы;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесікөрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресімделген авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы шешімін беру неосы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушініңжұмыс кестесі:Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00ден 14.30ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00ден 17.30ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берусағат 13.00ден 14.30ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00ден 17.30ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін өзге тұлға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) еркін нысанда толтырылатын және:

көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер;

зияткерлік меншіктің тиісті объектілері туралы, көрсетілетін қызметті алушыға оның құқығын қорғауда мемлекеттік кірістер органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электрондық нысандағы ақпарат, сондай–ақ Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңба деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарын анықтауға мүмкiндiк беретiн көрсетілетін қызметті алушының тауарлар туралы егжей-тегжейлі мәліметтері;

егер тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылмайтыны белгіленген жағдайларда, декларантқа және өзге адамдарға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ олар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылады деп болжанған зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін мемлекеттіккірістер органдарының шығындарын өтеу туралы көрсетілетін қызметті алушының міндеттемесі қамтылуға тиіс зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы жазбаша өтініш;

2) зияткерлік құқығының бар және тиесілі екенін растайтын (куәлік, және/немесе лицензиялық шарт) (түпнұсқалар не нотариат куәландырған көшірмелері) құжаттар;

3) құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты;

4) көрсетілетін қызметті алушының басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін азаматтық–құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты. Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс;

5) зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы;

6) зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық түрдегі бейнелері (мүмкiндiгiнше).

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, қолы бар өтініштің көшірмесіне қойылған белгі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауының растауы болып табылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9тармағында көрсетілген мәліметтерді толық емес немесе дұрыс емес ұсынуы;

2) зияткерлік меншік құқығын бұза отырып тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасын ұсынбауы негіздемелер болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) Министрлік басшысының не оны алмастыратын тұлғаның атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13тармағында көрсетілген мекенжай бойынша;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның–оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның–оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапалу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12. Мемлекеттік көрсетілгенқызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсетуерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.kgd.gov.kz,интернет–ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушінің сall–орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.



15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 88000807777.
Каталог: sites -> default -> files -> u1357
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
u1357 -> Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
u1357 -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілері
u1357 -> «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тауарларды кедендік тазарту»
u1357 -> О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года №163 Об утверждении регламентов государственных услуг


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет