Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің



жүктеу 58.86 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі58.86 Kb.


№ __ дана
Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2017 жылғы «__» ____ № ________,

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс Министрінің

2017 жылғы «__» ____ № ________,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының

2017 жылғы «__» ____ № ________,

Қазақстан Республикасы

«Сырбар» Сыртқы барлауқызметі

директорының

2017 жылғы «__» ____ № ________,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі Төрағасының

2017 жылғы «__» ____ № ________,

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

2017 жылғы «__» ____ № ________

және

Қазақстан Республикасы



Ішкі істер Министрінің

2017 жылғы «__» ____ № ________



бірлескен бұйрығымен бекітілген

Жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың

көлік құралдарын пайдалану Ережесі

1. Жалпы ұғымдар


    1. Осы жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың (әрі қарай - ЖІҚ субъектілері) көлік құралдарын пайдалану Ережесі, Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі туралы» Заңының 16-1 бабына, сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының 8 бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ЖІҚ субъектілерінің көлік құралдарын пайдалану ерекшелігін айқындайды.

    2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

  1. пайдалану ерекшеліктері - тіркеуге қоюдан бастап жоюға дейінгі, жедел-іздестіру іс-шараларында пайдаланылатын, ЖІҚ субъектілері қызметі ерекшеліктеріне сәйкес көлік құралдарының (әрі қарай - автокөліктерді) қолданыстағы циклдық кезеңі;

  2. автопарк - сақтауға, тұраққа қоюға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және автокөлікті дайындыққа келтіруге жабдықталған ЖІҚ субъектісінің аумағы;

  3. моторесурс - автокөліктің, қозғалтқыштың атқарған жұмыс көлемі, техникалық себептерге сәйкес, әрі қарай пайдалануға жарамайтын жай-күйі;

  4. тиістілік табелі - автокөліктің түрі мен санын белгілеу үшін, заттай жабдықтау нормалары негізінде әзірленетін құжат;

  5. пайдалану нормасы - автокөліктің жылдық жүріс лимиті;

  6. есептен шығару нормасы - автокөлік және автокөлік мүлкінің пайдалану шегі, бекітілген қызмет мерзімі.



2. Автокөлік құралдарын пайдалану


    1. ЖІҚ субъектілерінің автокөлік паркін қалыптастыру бюджеттік қаражаттардың бөлінуіне қарай, қарастырылған заттай қамтамасыз ету нормасына сәйкес орталықтандырылған жүйеде іске асырылады.

    2. ЖІҚ субъектілерінде автокөлікті ұстау құқығы, автокөліктің түрлері мен санын нақтылайтын тиістілік табельге сай анықталады.

    3. ЖІҚ субъектісінің автокөлік тиістілік табельі ЖІҚ субъектісінің басшысымен немесе оның қаржы-шаруашылық қызметін жетекшілік ететін орынбасарымен бекітіледі.

    4. Автокөлік пен автокөлік мүлкіне қажеттілік моторесурстың атқарған жұмысы мен есептен шығару нормасына сәйкес анықталады.

    5. Автокөліктер Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес сатып алынады.

    6. ЖІҚ субъектілерінің автокөліктері рәсімдеуге қажетті қаражат бөлінгеннен соң теңгерімге түскен күннен бастап 10 тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде тіркелуі тиіс.

    7. Сақтау мен бақылауды қамтамасыз ету үшін автокөлік автопарк аумағына орналастырылады. Автопарк аумағы қоршалады, техникалық күзет құралдарымен, әкімшілік, қосымша және басқалай өндірістік ғимараттармен жабдықталып, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері қамтамасыз етіліп, көгалдандырылады және жарықтандырылады.

    8. ЖІҚ субъектісінің автопарк аумағынан автокөліктердің шығуы рұқсат етіледі:

  1. бөлімшелер бастықтарына және олардың орынбасарларына бекітілген: жұмыс күндері 7.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі күні 7.00-ден 15.00-ге дейін;

  2. бөлімшелерге бекітілген 7.30-дан 20.00-ге дейін.

    1. Автокөліктерді жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері бөлімшелердің өтініміне сәйкес рұқсат береді:

  1. орталық аппаратта (әрі қарай - ОА) - қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъекті басшысының орынбасары;

  2. аумақтық органдарда, ведомстволар мен өзге бөлімшелерде - бірінші басшысы.

    1. Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта Жол қозғалысы ережесін сақтау мен автокөлікті дұрыс пайдалану жауапкершілігі жүргізушіге жүктеледі.

    2. Линияға шығар алдында жүргізуші дәрігерлік қараудан өтеді.

    3. Жүргізушінің дәрігерлік қараудан өтуден бас тартуы оны жұмыстан шектетуге негіз болып табылады.

    4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын сақтау мақсатында демалыс, мереке күдері жұмыс уақытынан тыс кезде автокөлікті пайдалану кезінде ауысатын жүргізуші қарастырылады.

    5. Бөлімшелердің өтініміне сәйкес автокөлікті автопарк немесе ЖІҚ субъектілерінің аумағынан тыс жерге тұраққа қоюға рұқсат береді:

  1. ОА - қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъекті басшысының орынбасары;

  2. аумақтық органдарда, ведомстволар мен өзге бөлімшелерде - бірінші басшысы.

    1. ЖІҚ субъектісінің аумағынан тыс жерлерде автокөлікті тұраққа қою күзетілетін автотұрақта немесе паркингте рұқсат етіледі.

    2. ЖІҚ субъектісінің автокөлігінде қосымша мемлекеттік тіркеу белгілерін, дыбыстық-дауысзорайтқыш құрылғысын (әрі қарай - ДДҚ) және жүргізушімен «Барлық жерде жүруге рұқсат» арнайы талондарын пайдалануға рұқсат етіледі.

    3. Қосымша мемлекеттік тіркеу белгілерін, ДДҚ және «Барлық жерде жүруге рұқсат» арнайы талондарын сақтау мен пайдалану заңдылығы жүргізушімен қамтамасыз етіледі.

    4. Автокөлікті жүргізуге тек қана жолпарақта аты көрсетілген жүргізушінің құқығы бар.

    5. Жүргізушіге жолпарақсыз линияға шығуға және жолпарақта көрсетілмеген тұлғаларға автокөлікті басқаруды беруге тиым салынады.

    6. ЖІҚ субъектілерінің бекітілген жолпарақ формасын уақытылы және дәл толтыру жүргізушімен қамтамасыз етіледі.

    7. ЖІҚ субъектілері автокөлікті пайдалануда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ «Жол жүрісі туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережесін басшылыққа алады.

    8. Автокөлік құралдарына техникалық пайдалануды жоспарлау кезінде келесілер ескеріледі:

1) автокөліктің техникалық жай-күйі;

2) автокөліктің жылдық пайдалану нормасы;

3) автокөліктің жалпы моторесурсы.


    1. Автокөліктің техникалық жай-күйі, агрегаттарды, түйінді тораптар мен бөлшектерді диагностикалу арқылы анықталады.

    2. Автокөлік мүліктеріне қажеттілік, зауыт-өндірушімен белгіленген және/немесе пайдалану нұсқаулығына (сервистік кітапшаға) сәйкес, автокөліктің техникалық пайдалану операциялар тізімімен анықталады

    3. Жылдық пайдаланғану нормасы жыл сайын 5-ші қаңтарға дейін қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъектісінің басшысының орынбасарымен бекітіледі

    4. Жанар-жағармайға (әрі қарай - ЖЖМ) қажеттілік келесілер негізінде анықталады:

1) автокөліктің бекітілген жылдық пайдалану нормасы;

2) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес анықталған әрбір автокөліктің жанармай шығысына қатысты есептесу нормасы.



    1. Бөлімшелердің өтініміне сәйкес ЖІҚ субъектілерінде ЖЖМ лимиттан тыс бөлуге рұқсат береді:

  1. ОА - қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъекті басшысының орынбасары;

  2. аумақтық органдарда, ведомстволар мен өзге бөлімшелерде - бірінші басшысы.



3. Ерекше бөлім


    1. Ереже талаптарын орындаушыны нақтылау және анықтау жедел-іздестіру шаралары еркшеліктерін ескере, соның ішінде ЖІҚ субъектілерінің жасырын бөлімшелерінде және жасырын қызметкерлерімен пайдалану, ЖІҚ субъектісінің бірінші басшысының нормативтік құқықтық актісімен анықаталады.

    2. ЖІҚ субъектілерінің Қарулы Күштері мен әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғысының, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, сонымен бірге ведомствалық нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алады.


Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user documents -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user documents -> «болашақ» консалтингтік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «бекітемін» «Болашақ» кт» жшс-нің директоры
user documents -> Соглашение
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
user documents -> Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жїргізудіѕ аппараттыќ-баєдарламалыќ жјне техникалыќ ќўралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жїзеге асыратын органдардыѕ жјне ўйымдардыѕ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет