Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс



жүктеу 87.31 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі87.31 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-4 санаты үшін: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі.

Келесідей біліктілігі болу керек: бастамашылық, бейімділік, талдағыштық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаны бағдарлау, тұтынушыны бағдарлау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар болғанда, еңбек тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99 105


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы д. 2, анықтама үшін телефон: 8(727)279-33-34, факс 8(727)279-42-24, e-mail: nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz және a.sagindikova@kgd.gov.kz

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:


  1. Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.

Санаты С-R-4 (1 бірлік), (№10-1-1)
Қызметтік міндеттері: Салық төлеушілердің бюджет алдындағы қарызы туралы талдау жасау:

Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану туралы хабарлама дайындау және тапсыру; банк шоттарындағы ақшаның есебінен, дебитордың шотынан, билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен, акцияллардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығару арқылы жүргізіледі.

салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

Салық берешегі бар салық төлеушілердің – мүлкіне билік етуін шектеу:

Салық берешегін бар салық төлеушілердің шоттарына инкассалық өкім қою:

Дебиторлардың шоттарына инкассалық өкім қою: тақырыптық салық тексеруін жүргізу;

тематикалық салықтық тексерулер жүргізу;

Билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау, актіні бекіту, билік ету шектелген мүліктің бағасын бекітуге Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне материалдар жөнелту, билік ету шектелген мүліктің сақталуын тексеру, билік ету шектелген мүлікті өткізуге арналған арнайы аукцонға қатысу, билік ету шектелген мүліктің сатылу қорытындысы туралы арыз беру және аталмыш арыздарды қарастыру бойынша сот отырыстарына қатысу, билік ету шектелген мүліктің аукционға қойылғаны туралы хабарлама беру

Банкрот деп тануға сотқа материалдар дайындау: талап хатпен жұмыс, материалдары сотқа жіберілетін қарыз кәсіпорындардың құрылтайшыларын, мекеме басшылары мен бас есепшілерін іздестіру, банкрот деп танылатын кәсіпорындардың ісі бойынша, сот органдарында Мемлекеттік кіріс департаментінің мүдделерін қорғау, сот шешімдерін жоғары тұрған сот органдарында қайта қарастыруға шағымдану және қалалық прокуратураға шағым жолдау, банкрот мекемелердің конкурстық өндірісіне қатысу;

Жеке және заңды тұлғалардың тұрғылықты жерін растау актісін толтыру және осы салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер алу үшін арнайы мекемелерге сұрау жолдау;

Билік ету шектелген мүліктің сатылу, жоғалу немесе бұзылуы кезінде материалдарды ҚПД-іне дайындау;

Салық берешегін банктегі кепілдік мүліктен өндіру;

2-Н нысанындағы есепті дайындауға қатысу;

Жоғарғы органдарға есептер мен ақпараттарды дайындау;

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне, Әкімшілікке, басқа да жоғары органдарға баяндама материалдар, анықтамалар дайындау;

Өзіне жүктелген міндеттемелердің орындалуына салық заңнамасына сәйкес және салық заңнамасы шеңберінде жауап береді;

Салықтар бойынша (мүліктік табыс, тексеру актісі бойынша есептелген) қарызы бар жеке тұлғалар бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды дайындап, сот органдарына жолдау; Бекітілген салық түрлері бойынша талдау жасау.

Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.




  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

Санаты С-R-4 (1 бірлік), (№8-1-11)

Қызметтік міндеттері: Жүргізілген тақырыптық тексерулер шеңберінде, сондай-ақ аймақтық салық органдарынан, оның ішінде шетел мемлекеттерінен алынған сұратулар бойынша қарсы салық тексерулерін жүргізеді;

Жекелеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер жүргізеді;

ҚҚС және акцизді әкімшіліктендіру.

Бөлім құзыры шегінде жүгінулерге жауап қайтарады, салық төлеушілердің салық салу мәселелері бойынша сұрақтарына Салық кодексіне сәйкес түсініктеме береді;

Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген ҚҚС қайтару мәселелері бойынша тексеру жүргізеді;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару мәселелері бойынша тексеру жүргізеді;

Бекітілген ақпараттарды, алынған тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді, бекітілген тақырып бойынша техникалық оқулар өткізеді;

Акциздік бекеттерде кезекшілік атқару, жеке мұнай тауарларының жолдамаларын дер кезінде өткізілуін бақылау, ИС акцизге, журналға енгізу, есеп жүргізу.

Жанама салықтардың бюджетке түсуіне, дебеттік сальдоның өсуіне талдау жасайды, заңнамаға сәйкес әкімшілендіру шараларын қолданады

Әкімшілік іс жүргізуге қатысады;

Салық кодексінде және бөлімнің ережесінде қарастырылған міндеттер бойынша бөлім қызметіне тікелей қатысты басқа да жұмыстарды орындайды;

Салық кодексінде белгіленген шаралар бойынша хабарлама жолдайды;

Қосымша резерв, салық салу базаларын және салық төлеушілер санын анықтауға байланысты мәселелерді әкімшілендіреді;

Басқа АСО-да тұратын салық төлеушілерге байланысты алшақтық анықталған жағдайда, оларға сұрату хаттарын жолдайды;

Салықтың дұрыс есептелуіне қорытынды жасайды;

Хронометражды зерттеулер жүргізеді;Айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз етеді;

салықтық міндеттерін орындамаған лауазымды тұлғаларға іздестіру шараларын жүргізеді.Алкагольді өнімдерінің айналымы заңдылықтарының сақталуы жөнінде салықтық зерттеулер жүргізеді.

Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы.



Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың ----------- қоса есептегенде Алматы қаласы Абылай хан даңғылы 2 үй 101 бөлмеде қабылданады.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

___________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш

Мені ___________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.



Әңгімелесуді өткізу тілі ________________________
байланыс телефоны ___________________________
Каталог: sites -> default -> files -> u1353
u1353 -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін
u1353 -> Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша жеңімпаздары
u1353 -> Борышкердің мүліктерін (активтерін) бағалау бойынша қызметті сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама «Атамекенрыбпром»
u1353 -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
u1353 -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
u1353 -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін
u1353 -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет