Ќазаќстан Республикасы Ќаржы



жүктеу 108.25 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі108.25 Kb.

2016 жылғы 4 наурыздағы №101





«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 367 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің құрамына:



Кәукетаев

Алмас Кескірұлы



-

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті директорының орынбасары

енгізілсін.

көрсетілген құрамнан: Берекетов Талғат Берекетұлы шығарылсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2016 жылғы « » №

бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің



2015 жылғы «19» маусымдағы № 367 бұйрығына

1-қосымша




Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесін (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібін анықтайды.

2. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – сараптамалық кеңес):

кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;

кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;

кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік, өкілді және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган.

3. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;

көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;

жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.



2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
4. Сараптамалық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – Ұлттық палата), заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттiк органдар жанындағы сараптамалық кеңестердiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

5. Сараптамалық кеңестің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан, хатшысынан және кеңестің мүшелерінен тұрады.

Сараптамалық кеңестің құрамы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

Сараптамалық кеңестің төрайымы жауапты хатшы болып табылады.

Қажет болған жағдайда Сараптамалық кеңестің отырысын төрайымның орынбасары өткізуі мүмкін.



3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі
6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:

1) сараптамалық кеңестің материалдарына жеткiзе алады;

2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысады;

3) мыналарға:

қаралатын нормативтiк құқықтық актілердің жобалары бойынша Сараптамалық кеңестiң отырысын өткiзуге;

тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге бастама жасауға;

4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу бойынша ұсынымдаларды енгізеді;

5) Сараптамалық кеңестің көзбе-көз отырысын өткізуді талап етеді.

7. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:

сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;

жобаларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға, коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына орналастырады;

сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.

8. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылықты жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.

Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.

9. Сараптамалық кеңестің шешімдері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша төраға және хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Хатшы сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылмайды және сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.

Бұл хаттама сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.

10. Сараптамалық кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

11. Жобаларды қарауды сараптамалық кеңес осы Ереженің 14-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асыруы мүмкін.

12. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

13. Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және жоба қабылданғанға дейін оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.

Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

14. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата жоба бойынша ескертулері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңес мүшесі сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.

Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілу мүмкін.

15. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда, жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.

16. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама қорытындыларын ұсыну үшін орталық мемлекеттік және жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың белгілейтін мерзімі ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келіп түскен сәтінен бастап он жұмыс күнінен аз болуы мүмкін емес.

17. Нормативтік құқықтық актілердің жобасына сараптамалық қорытынды осы Ереженің 65-бабына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актілердің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері

жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ережеге қосымша


Нысан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері

жөніндегі сараптамалық кеңестің

ХАТТАМАСЫ
№ ______                                   20_ жылғы «__»________
Күн тәртібі

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,


сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктерінің ___________________________________________________________________

(нормативтік құқықтық акті жобасының немесе қаралып отырған мәселенің атауы)

қарауы туралы

1. Сараптамалық қорытынды ескертулерсіз және ұсыныстарсыз ұсынғандар:

___________________________________________________________________

(ұйымның атауы)


2. Сараптамалық қорытындылар ескертулер мен ұсыныстармен ұсынды:

___________________________________________________________________

(ұйымның атауы, жалпы саны

___________________________________________________________________


            оның ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)

3. Сараптамалық қорытындылар ұсынылған жоқ:

______________________________________________________________

(ұйымның атауы)

4. __________________________________________________________

(ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)

      Сарапталық кеңестің төрағасы

     Сарапталық кеңестің хатшысы
Ескертпе:

Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)


Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі
көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «___» ______ № __

бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің

құрамы



Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

- Қаржы министрі;

Коржова Наталья Артемовна

- жауапты хатшы;

Сараптамалық кеңестің хатшысы

- Заң қызметі департаментінің қызметкері;

Әділханов Мурат Бұхарбайұлы

Досмұратова Нұргүл Ғинаятоллаұлы

Кәукетаев Алмас Кескірұлы
Ысқақов Қожахмет Бертайұлы


- Заң қызметі департаментінің директоры;
- Стратегиялық даму департаментінің директоры;

- Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті директорының орынбасары;



- Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқарма басшысының орынбасары;


өкіл:

- «Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтар кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «ІТ-компанияларының Қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Бажсыз сауда дүкендерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Лотерея және букмерлік бизнес өкілдерінің қауымдастығы»;




- «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі;




- «ҚазАлко» Қазақстанның спирт және алкоголь өнімдерін өндірушілердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Қазақстандық азық-түлік одағы 2030» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Жетісу» банкроттық процедуралардағы кәсіби меңгерушілер одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігі;




- «Қазақстандық азық-түлік одағы 2030» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «First» кәсіби бухгалтерлердің ұйымы;




- «Еуразиялық сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың одағы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Қазақстан Жанармай Қауымдастығы 1» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі;




- «KazЕnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- Қазақстан Республикасы шарап жасаушыларының қауымдастығы;




- «Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- «Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін адал импортерлер қауымдастығы «АлкоИмпорт»;




- «Салық төлеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;




- Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет