Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің



жүктеу 86.88 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі86.88 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
8-қосымша


"Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 43 (қырық үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының конкурстық өтінімді тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) конкурсқа қатысуға ерікті нысандағы өтініш;

      2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар:

      су объектісін пайдаланудың мәлімделетін мақсаттарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базаның болуы;

      қаржыландыру көзі мен көлемдерін көрсете отырып үш және одан көп жылдарға жылдар бойынша даму жоспары (суды қорғау іс-шараларын, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар өткізуді қоса алғанда);

      конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген уақыттың алдындағы үш ай бойына созылған банктің немесе банк филиалының алдындағы мерзімі өткен қарыздың болмауы туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының мөрімен және қолымен конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күні алдындағы мерзімнен бір ай бұрын берілген анықтаманың түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банк клиенті болған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған соңғы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы (егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде өтсе, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін);

      үш айға дейіннен көп уақытқа салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектері жоқ екендігі туралы (егер төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайды қоспағанда), не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес уақыта берілген салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша бір теңгеден аспайтын берешегінің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

      3) мыналардың:

      жарғының;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;

      * ескертпе: "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді тіркеу есебі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

      жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмелері;

      4) инвестицияға қысқаша негіздемемен су объектісін пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының ниеті;

      5) мыналарға:

      жергілікті өкілетті органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалану құқықтарын сақтау жөніндегі;

      суды қорғау іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі;

      оқшауланған немесе бірлесіп суды пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің суды қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және басқа да қызметтердің белгіленген режимдерін сақтау жөніндегі.

      Конкурстық өтінім нөмірлерген беттерімен, тігілген түрде ұсынылады, соңғы беті қолмен және мөрмен (бар болғанда) куәландырылады.

      Құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамадарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті жергілікті атқарушы орган кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе жергілікті атқарушы орган кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелер туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтін нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.



      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> uploads -> gosuslugi -> selhoz
selhoz -> «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер
selhoz -> Ақмола облысы әкімдігінің 016 жылғы қыркүйектегі
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы
selhoz -> «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет