Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының



жүктеу 71.23 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі71.23 Kb.
түріКонкурс







Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

     


Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

С-О-5

min

max

83282

112431

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы, 110000 Қостанай облысы Қостанай қаласы, Набережная көшесі, 43, анықтама үшін телефондар: 8(714-2-532-150, электрондық мекен-жайы e-mail: g.naurzbaeva@msh.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органндардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:



1. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман – заңгері, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Құрылтайшы құжаттарын әзірлейді және оларға өзгерістер енгізеді. Ұйым қызметкерлерін ұйым қызметін атқару үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша бағдарламаны жүргізу үшін қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырады. Ұйым басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқамалар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Келісім шарттық қатынастардың нысанын анықтайды, келісім шарттардың жобасын әзірлейді, келісім шарт жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Келіп түскен ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Талап арыздарды дайындап және материалдарды жинап оларды сотқа жолдайды. Сотта ұйымның мүдделерін ұсынады. Ұйымның мүлкін сақталуын қамтитын сұрақтарға қатысты құжаттарды әзірленуіне қатысады, жұмыскерлердің материалдық жауапкершілігі туралы келісімдерін тексеріп оларға визасын қояды. Жұмыскерлерді аудару, жұмыстан босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тартуының заңдылығын тексереді. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерістерде ұйымның мүдделерін ұсынады. Түрлі құқықтық сұрақтар бойынша ұйымның қызметкерлеріне кеңес береді, заңгерлік құжаттар құрастырылу кезінде құқықтық көмек көрсетеді. Есептілікті құрастырып оларды уәкілетті органдарға тапсырады. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. Құқық (юриспруденция).

2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман – бухгалтер, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Мүлікті бухгалтерлік есепке алу, (негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, көрсетілген қызметтерге жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есептесу және басқа да) шаруашылық операциялар бойынша жұмыс атқарады, қаржы тәртібін және ресурстардың үнемді пайдалануын сақтайды, тиісті бухгалерлік есеп саласы бойынша бастапқы құжаттамаларды қабылдай отыра оларға бақылау жүргізеді және оларды есеп өңдеуіне дайындайды, негізгі құралдар, тауар-материалдық құндылықтар және қаражат қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алу шотында көрсетеді, салықтық және басқа да міндетті төлемдерді, заңнамаға сәйкес зейнет ақы және басқа да төлемдерді бюджет табысына аударады, жұмыскерлерге еңбек ақы аударады, есептердің (саласы) тиісті бағыттары бойынша аудиторлар басшыларын және басқа есеп беру пайдаланушыларын салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз етеді, ұйымның қаржы-шаруашылық жұмысына экономикалық талдау жүргізуіне қатысады, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылайды, оларды белгіленген тәртіпке сәйкес мұражайға тапсыруды рәсімдейді. Тауар, жұмыс, қызмет көрсетушілермен олар ҚР «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының нормалары қолданылмай жүзеге асырылатын болғанда олармен келісім шарт жасайды, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспардың әзірленуіне қатысады, бөлімінде құжат айналымы бойынша жұмыс жүргізеді, келісім шарттарды ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде тіркеу үшін өтінімдер құрастырады. Іс номенклатурасын, бөлімнің жұмыс жоспарын құрастырады, бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Әңгімелесу өткiзудiң орны: Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Қостанай қаласы, Набережная көшесі, 43, 1 қабат, мәжіліс залында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне бес жұмыс күннен кешіктірмей шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

28.03.2019 ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау

Комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы

(мемлекеттік орган)



Өтініш

Мені_______________________________________________________________________


_________________________________________________________________________________
_________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:


______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефондары: _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

__________                       ____________________________ (қолы)                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда)



«____»_______________ 20__ ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет